ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22 %)
1.Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Х. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
6. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
1900-1920 жж.Ресейдің қоғамдық саяси өмірінің Қазақстанға әсері.Ақпан революциясы және Қазақстандағы саяси өмір.Қазан төңкерісі.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997
Реферат,өзіндік жұмыстар жасау.
17
І. Сабақтың тақырыбы: 1916 ж. Ұлт-азаттық революциясының себептері,сипаты,қозғаушы күші. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері.
ІІ. Сағат саны -4 90 мин (100% )
ІІІ. Сабақ түрі: теория
ІV.Сабақтың мақсаты:
-Білім беру 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ерекшеліктері, сипаты мен себептері,тарихи маңызы туралы, саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері туралы кең көлемде мәлімет беру.
- Дамыту: Тақырып бойынша танымдық қызығушылығын арттыру;
- Тәрбиелік: Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
V. Материалдық техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, т.б.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
VІ. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиет
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997.
VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті
VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Үй тапсырмасы: 1900-1920 жж.Ресейдің қоғамдық саяси өмірінің Қазақстанға әсері.Ақпан революциясы және Қазақстандағы саяси өмір.Қазан төңкерісі.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс .
Бірінші Ресейлік революция жеңілгеннен кейін елде реакция кезеңі басталды. Ереуілге шығуға, жиналыстар өткізуге тиымдар салынды. II - Мемлекеттік Дума таратылып, сайлаудың жаңа жүйесі енгізілді. Жаңа заң бойынша қазақтар сайлау құқығынан айырылды. Төңкерістік қозғалыстарға қатысқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді.
Реакция жылдары патша өкіметі тек қатаң қудалау жасаумен шектелмей , ауыл шаруашылығанда кулактардан берік тірек жасауды көздеді . 1906 ж. 9 - қарашада Министрлер Кеңесінің төрағасы П. А. Столыпин шаруаларды кауымнан хуторға бөлу туралы жаңа жер иелену заңын шығарды. Столыпиннің аграрлық саясатының құрамдас бөлігі - Сібір Қазақстанға жаппай қоныс аудару болды. 1906 және 1912 жж. аралығында қазақтардан Ресейден қоныс аударғандар үшін 17 млн. астам жер тартылып алынды. 1917 ж. қазан революциясының қарсаңында жалпы Қазақстанда жергілікті халықтан тартып алынған жер көлемі 45 млн. десятинаға, ал қоныс аударып келгендердің саны 1,5 млн. жетті.
Ұлттық - отарлық езгінің күшеюі, қоныс аудару саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуіне алып келді. Қазақ қоғамындағы әр түрлі идеялық - саяси ағымдар « Айқап » журналы (1911-1915жж.) мен « Қазақ » газетінің ( 1913-1918жж.) бетінде жарық көрді. Олардың беттерінде жер қатынастарының, ағарту мен білім беру ісінің, қазақ ауылдарында тауар-ақша қатынастарын дамыту мәселелері жазылып, патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді.
1914 ж. Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бірінші дүние жүзілік соғыс барлық халықтарға, оның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Соғыс қажетіне 1914-1916 жж. Түркістан өлкесінен 2089 мың тонна мақта, 300 мын пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 14 мыңға жуық киіз үй алынды. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу облысынан майдан қажетіне жіберілген мал мен оның өнімдерінің құны 34 млн. сомға жетті . Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді.
Соғыс елдегі жалпы-ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуін тездетті. Оның айқын көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын камтыған 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 - маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі «бұратаналық» еркектерді шақыру жөніндегі жарлығы тікелей себеп болды. Көтерілісті Торғай даласында Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордаларында Сейтқали Меңдешев , Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда Жалау Мыңбаев , Ақтөбе даласында Әділбек Майкөтов, Жетісуда Тоқаш Бокин , Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов және т.б. басқарды.
1916 ж. шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын камтып, бірте - бірте ұйымдасқан сипат ала бастады. Оны басу үшін патша өкіметі құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері мен қазақ - орыс отрядтары бар жазалаушы экспедициялар жіберді. Жетісудағы көтеріліс аяусыз басып-жаншылды.Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1-ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына , 168 адам каторгалық жұмыстарға , 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Соның салдарынан 300 мың қазақтар мен қырғыздар Қытайға қашуға мәжбүр болды. Ал Торғайдағы көтеріліс 1917 ж. ақпан төңкерісіне дейін жалғасты.
1916 ж. көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Ол кезінде Кенесары Қасымов бастаған ұл-азаттық қозғалыстан кейін Қазақстанның бүкіл аймақтарын қамтып, бүкіл қазақтық сипат алды.
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша шенеуниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3—4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашыпығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазиямен феодалдардың зорлық-зомбылығы 1916 ж. 25 маусымда патша үкіметінін. "Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже" қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық-түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті.Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақтардың туу туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын "қара тізімге қосты", ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасал бақтыМайдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашуыза әрекеттері кең орын алды.Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандар- да ұлт-азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалысты еңбекші халыктың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жасақтарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейтқали Мендешев, Абдрахман Әйтиев, Маңғыстауда — Жалау Мынбаев, Ақтөбе даласында — Әділбек Майкөтов, Жетісуде — Тоқаш Бокин, Бөкболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.
1916 жылы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы экспедициялар жіберді. Мәселен, Жетісудағы көтерілісті басуға 16 зеңбірек, 24 пулеметпен қаруланған 8750 солдаты бар 95 рота, 3900 атты әскерден тұратын 24 жүздік жіберілді. Ақмола, Семей облыстарындағы көтеріліс шілерге қарсы генерал Ягодкин басқарған 2 атты жүздік, күшейтілген 11 жаяу әскер ротасы жіберілді. Көтерілістің мейлінше күшті болған жері Торғай облысына құрамында 17 жаяу әскер роталары, 19 казак жүздіктері мен эскадрондары бар зеңбірек пулеметпен қаруланған генерал Лаврентьев басқарған экспедиция жіберілді. 1916 жылғы қарашаның орта шенінде көтерілісшілер күш ала бастаған кезде бұл экспедицияға көмекке Қазан, Пермь, Орынбор қалаларынан қосымша әскерлер жеткізілді. Көтерілісшілер патша әскерлеріне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізді.Осы шайқастарды жүздеген қазақ жігіттері өздерінің батыр бабаларының ерлік дәстүрін жалғастырып, есімдерін өшпес даңққа бөледі. Торғай өңірінде Кенесарының қолбасшыларының бірі Иман батырдың немересі Амангелді, оның жауынгер серігі Кейкі батыр дың аттары аңызға айналды. Үлкен қолбасшылық дарынымен бүкіл қазақ халқына танымал болған Амангелді бастаған Торғайдағы көтеріліс 1917 жылғы ақпан революциясына дейін жалғасты.
Сипаты жағынан қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы болған 1916 жылғы көтерілістің барысында патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізу барысында жойылып кеткен дәстүрлі саяси құрылымды қалпына келтіруге бағыт алған шаралар іске асырылды.Сөйтіп,Торғай өңіріндегі көтерілісшілер Әбдіғаппар Жамбосы ұлын хан көтеріп,Иран, Ауғанстан сияқты елдер мен елшілік және басқа қарым-қатынас жасауға талаптанған жайлар болды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс шаруалар соғысы еді, ол жалпы Ресейдегі революциялық процестің құрамды бөлігі болды.
Баспа ісі.Сонымен XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басына дейінгі кезеңде капиталистік құрылыс пен онымен бірге дамыған әлеуметтік мәдени өзгерістер казақ мәдениетіңдегі бағыт — реовлюцияшыл-демократиялық бағыт анықталды. Демократиялық интеллигенция халықты отырықшылыққа, білімге, ескірген әлеуметтік институттар мен әдет-ғүрыптарды өзгертуге шақырды. Зиялыларға арналған бастауыш мектептер саны көбейіп, қазақ тілінде газеттер мен журнаддар ("Айқап", т.б.) шығарыла бастады. С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, М.Сералиннің поэма, өлең, публицистикаларын халық жоғары бағалады. А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой, АП. Чеховтың біраз шығармалары қазақ тіліне аударыдды. Орыстың ғалым-геологтары (В.А. 0бручев, т.б.) мен тарихшы, этнографтары И.Ф. Катанов, В.В. Бартольд өлкені одан өрі зерттеді. Жамбыл Жабаевтың, Нүрпейіс Байғаниннің, Кенен Әзірбаевтың, т.б. халық ақындарының творчествосында азаматтық сарын, халық-азаттық күрес басты тақырыпқа айналды. Қазақ баспасөзі мен әдебиеті және музыкасы. 1870-1882 жылдарда Ташкентте «Түркістан уөлаяты газеті», 1888-1902 жылдары Омбыда «Дала уәлаятының газеті» шығып тұрды. Біріншісі Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Дала губернаторлығы шығарды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктердің өкімі бойынша бұл басылымдар Орта Азия мен Қазақстан жерінде отарлық басып алуды, бұл аймақтардағы халықтарды рухани жағынан бағындыру саясатын насихаттады. Осы мақсатпен газет беттерінде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі материалдар жарияланды, ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат аударылып басылды, өлкені шаруашылық жағынан игеру тәжірибесі қорытылды. Жергілікті халықтар арасында бұл газеттердің танымал болуына шығыс әдебиеті классиктері шығармаларын - «Шахнаме», «Фархат-Шырын», «Мың бір түн» және т. б. жариялау үлкен әсерін тигізді. «Түркістан уәлаяты газетінде» 1870 жылы бірінші рет қазақ тілінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі жөне баска да оқиғалар жөніндегі материалдар басылды. Орыс оқырмандары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың орыс тіліне аударылып берілген шығармаларымен танысты. Дегенмен, бұл ресми басылымдар негізінен Ресей империясының отаршылық саясатын жүргізушілер болды. Оған дәлел ретінде «Түркістан уәлаяты газетінің» 323 нөмірінде жарияланған 633 мақаланың үштен бір бөлігі Ресейдің көрші мемлекеттермен катынастарына, империялық сыртқы саясатын негіздеуге арналғанын айтса да жеткілікті.
XX ғасырдың басына қарай Қазақстанда ұлттық қазақ зиялыларының қалыптасу үрдісі жүріп жатты, олардың бір бөлігі еуропалық білім алғандар еді. 1905–1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың, соның ішінде түрік халықтарының қозғалысы жаңа қарқын алды. Мерзімді баспасөздің пайда болуы мен дамуына капитализмнің, тауар-ақша қатынастарының, көлік пен байланыстың дамуы да, өлкені одан әрі отарлау да себепші болды. Туып келе жатқан ұлттық буржуазияның үстемдік етуші орыс буржуазиясымен бәсекесі, шетел капиталының енуі білім беру, баспасөз және байланыс жүйесі реформасының қажеттігін туғызды.
Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы басылымдары «Түркістан уәлаятының газетін» (1870–1882), «Дала уәлаятының газетін» (1888–1902) және Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Омбыда Дала генерал-губернаторлығы шығарды (1902 жылдан кейін олар Ақмола және Жетісу облыстарының «Ведомостарына» қосымша ретінде шығарылды. Сондай-ақ бұл басылымдар ақпараттық-анықтамалық сипатта болды. Сонымен қатар газет ұйымдарына империяның қамқорлығындағы отарлық өлкенің тұрмыс салтын насихаттау миссиясы жүктелді. Осы мақсатпен ресми емес бөлімде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі материалдар жарияланды.
Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы. Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905–1907 жылдардағы революциның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден Қосшығұловтың бастамасымен «Улфат» газетіне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3–4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған. 1907 жылғы наурызда Троицкіде «Қазақ» газетінің бірінші (әрі соңғы) нөмірі шықты.
Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді «Қазақстан» газеті шықты. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда «Ешім даласы» газеті шығып тұрды.
Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап-тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпыұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттық проблема болып қала берді.
«Айқап» журналы.1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872–1929) бұрын педагогтік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған
«Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті. «Айқап» журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды.
М. Сералин «Айқап» беттерінде мұсылмандардың қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті нысанда баяндауға тырысқын авторлардың мақалаларын жариялап отырды. «Айқап» журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзілік классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы жағдайында едәуір шиеленіскен зор қаржы қиындықтары, зиялылардың бір бөлігінің сол кезге қарай өзінің көркемдік толысқандығымен, қазақ әдеби тілін түлетуімен, стилінің сындарлылығымен және ең бастысы толғағы жеткен жалпыұлттық проблемаларды қоюымен әйгілі болған «Қазақ» газеті жағына шығуы 1915 жылдың тамызында «Айқап» журналы шығуының тоқтатылуына себеп болды.
«Қазақ» газеті. «Қазақ» газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондай-ақ Түркия мен Қытайдағы оқырмандар алып тұрды.
«Қазақ» газетінің редакторы Орынборда айдауда жүрген кезінде сол кезге қарай ағартушылық қозғалыстың танымал көшбасшысы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы, ой-өрісі кең және ұлт дамуының жолдарын көре білген жалынды қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. 1914 жылғы 19 мамырда Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың кеңсесі М. Дулатовқа «Қазақ» газетінің екінші жауапты редакторы міндетін атқаруға рұқсат етті. «Қазақ» газеті 1918 жылы (№№261 – 265) Жанұзақ Жәнібековтың редакциялауымен шықты.
XX ғасырдың басындағы демократияшыл қазақ зиялыларының бүкіл азаттық қозғалысы сияқты, бұл газеттің де жетекші бағытын белгілеуде қазақ халқының бостандығы жолындағы аса көрнекті күрескер, саясатшы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, статистик-социолог, көсемсөзші, энциклопедиялық тұрғыдағы ғұлама Ә. Бөкейханов зор рөл атқарды.
Біртұтас болып біріккен үштік – А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасырдың ұлттық газетін құра білді.
Газетті оның негізін қалаушылар «Қазақ» деп атады. Халықтың өз атын қалпына келтіріп, олар сол арқылы отаршылар тарапынан бұратаналарға менсінбей қарауға қарсы наразылық білдірді, қазақтар арасына ұлтжандылық мақтаныш және бірлік идеясын таратты.
«Қазақ» шын мәнінде бүкілресейлік газет болды. Ол халықаралық жағдайға жүйелі түрде талдау жасап, ондағы Ресейдің рөлін анықтап отырды, елдегі және шетелдегі демографиялық жағдайды ашып көрсетіп, бүкіл түрік дүниесінің, мұсылмандар қозғалысының тағдырын қадағалады. Газет Мемлекеттік Думаның жұмысына, оның мінберінен қазақ халқының мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше мүдделік танытты.
Қазақ әдебиеті. Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандық үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін, қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды, білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды.
XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті дамуының ерекшелігі оның басқа халықтардың әдебиеттерімен байланысы болып табылады. Тарихи жағдай қоғамдық-экономикалық байланыстардың күшеюіне себепші болып қана қоймай, рухани мәдениет саласындағы қарым-қатынас үрдісін жандандыра түсті. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті сол тарихи дәуірдегі халық өмірінің шындығы туралы көркем шежіре болды.
Ахмет Байтұрсынов(1873–1938)– XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын. Ол қазақ тілінің реформаторы. Ол араб графикасы негізінде әліпби жасады. 1912 жылы басталған бұл жұмыс 1924 жылы «Жаңа емле» ретінде ресми қабылданды. А. Байтұрсынов «Оқу құралы» (1912) және «Тіл құралы» оқулықтарын жазды, олар үш бөлімнен: фонетика, морфология, синтаксис бөлімдерінен тұрады. А. Байтұрсыновтың оқулықтары қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық болды. Кейініректе ол әдістемелік сипаттағы «Баяншы» (1926), «Тіл жұмсарту» (1928) деген кітаптар шығарды. Әдебиеттану жөніндегі тұңғыш еңбек — «Әдебиет танытқыш» (1926) та Байтұрсыновтың туындысы.
Міржақып Дулатов(1885–1935)— Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа,1909) жинағы – халық тағдырының проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындылардың бірі.
«Оян, қазақ!» жарыққа шыққан кезінен бастап отаршылдыққа қарсы бағытталған кітап ретінде қабылданды, оның таралымы жойып жіберілді, ал авторы қуғынға ұшырап, талай рет түрмеге қамалды. Алайда бұл ақынды мойытпады, ол өзінің әдеби-көсемсөздік қызметін сол күйінде белсенді түрде жалғастыра берді. Бұл кезеңде ол «Бақытсыз Жамал» романын (Орынбор, 1910), «Азамат» (Орынбор, 1913), «Терме» (Орынбор, 1915) деген жинақтарын шығарады. 1913 жылдан бастап Орынборда тұрақты тұрып, Ахмет Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығарады.
М. Дулатов орыс және шетел классиктерінің (Пушкин, Лермонтов, Шиллер, Тоқай) бірқатар туындыларын аударды. Дулатовтың қазақ көсемсөзін дамытуға да қосқан үлесі баға жеткісіз.
Сұлтанмахмұт Торайғыров(1893–1920) – тәуелсіздік ісіне, халықтың прогресс пен мәдениет жолымен дамуына зор үлес қосқан ақын. Ол өткір сыни бағыттағы, әділетсіз өмір бет пердесін ашатын, надандық пен қараңғылықты түйрейтін туындылар жазды. Отаршылдыққа қарсы күрескен бауырларына ынтымақтастық ниет көрсете отырып, С. Торайғыров «Таныстыру» деген поэмасында (1918) Дулатовты, Байтұрсыновты, Бөкейхановты «күн», «таң», «ай» деп атайды.
Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетін оның көркемдік-эстетикалық дамуы тұрғысынан байытты. Бұлармен қатар ол қазақ әдебиеті үшін жаңа жанрларды қалыптастыру мен дамыту ісінде біраз іс тындырды. Оның өлеңмен жазылған «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары, «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары, лирикалық өлеңдері, көсемсөздік, сын мақалалары оның көркемдік ізденістерінің сан қырлы және жан жақты болғанын ашып көрсетеді.
Үгіттік-ұраншыл өлеңдер шеңберінен шығып, ол табиғат және адамның ішкі дүниесі туралы тереңдігі мен көркемдігі жағынан тамаша лирикалық өлеңдер туғызды. Ақын әлі де феодалдық-патриархаттық негіздердің шырмауында қалып, қараңғылық пен надандық күн кешкен қазақ қоғамы дамуының өткір әлеуметтік проблемаларын ашып көрсете білді («Кім жазықты»). Оның уақытты, дәуірді философиялық ой елегінен өткізуге құрылған поэмалары лирикалық-публистикалық поэма жанрының жаңа да жарқын үлгілері болды. Қазақ әдебиетінде Абай негізін қалаған реалистік өнердің жоғары үлгілерін біз Сұлтанмахмұттың шығармашылығынан таба аламыз.
Қазақ әдебиетінің сыншыл бағытын дамытуда, көркемдік құралдар арқылы ағартушылық идеяларын асқақтатуда Шәкәрім (1858–1931), Сәбит Дөнентаев (1894–1933), Мұхамеджан Сералин (1872–1929), Спандияр Көбеев (1878–1956), Бекет Өтетілеуов (1883–1949), Әріп Тәңірбергенов (1856–1924), Ғұмар Қарашев (1876–1921), Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882–1939), Бернияз Күлеев (1899–1923), Нарманбет Орманбетов (1870–1918) және басқалар шығармашылығының ерекше маңызы болды.
Қорытынды сұрақтар:
1. 1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы.
2.Ақпан төңкерісінің қазақ қоғамына тигізген әсері.
3.Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектерін атаңыз?
4.Мерзімдік басылымдарды атаңдар?
ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22 %)
1.Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Х. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
6. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
1916 ж. Ұлт-азаттық революциясының себептері,сипаты,қозғаушы күші. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері.
Кестені толтырыңыз:
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Себебі
|
|
Жарғыдан кейінгі жағдай
|
|
|
|
|
Көтеріліс болған жерлер
|
|
Көтерілістің сипаты
|
|
Қозғаушы күштері
|
|
Басшылары
|
|
Көтерілісшілердің алғашқы күрес түрі
|
|
Қара жұмыстан босатылғандар
|
|
Басқа ұлт өкілдерінің қатысуы
|
|
Жеңілу себептері
|
|
Тарихи маңызы
|
|
Көтеріліске жөнінде көркем шығармалар
|
|
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997
Реферат,өзіндік жұмыстар жасау.
18
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.
1-ші аралық бақылау сұрақтары
1. Қазақстан тарихы пәні, оның мақсаты мен міндеттері және дерек көздері.
2. Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс.
3. Тас ғасыры және оның кезеңдері.
4. Қола дәуірінің ерекшелігі және кезеңдерге бөлу.
5. Андронов мәдениетінің шаруашылығы, қолөнері және үй кәсіпшілігі.
6. Андроновшылардың қоғамдық құрылысы.
7. Қола дәуірдегі дін және өнер.
8. Сақ тайпа одағының саяси тарихы мен шаруашылығы және мәдениеті.
9. Үйсін мемлекетінің саяси тарихы мен мәдениеті.
10.Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы мен мәдениеті.
11. Ғұн мемлекеті және оның Евразия аумағындағы алатын ролі.
12. Сарматтар және олардың саяси тарихы.
13.VІ-VІІІ ғасырлардағы ортағасырлық мемлекеттер.
14. Батыс Түрік қағанаты.
15. Түргеш қағанаты.
16. Қарлұқ қағанаты.
17. Оғыз мемлекеті.
18. Қимақ қағанаты.
19. Қарахан мемлекеті.
20. Қыпшақ хандығы.
21. Қарақытай мемлекеті.
22. Найман, керей, жалайыр.
23. ІХ-ХІІ ғасырлардағы ортағасырлық мемлекеттер
24 Қазақстан аумағындағы ҮІ-ХІІ ғасырлардағы мәдениет пен аруашылық.
25. Ұлы жібек жолы.
26. Ортағасырлық қалалар.
27. Монғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс хан.
28. Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азия жерлерін жаулап алуы.
29. Жошы ұлысы және Алтын Орда тарихы.
30. Ақ Орда тарихы.
31. Шағатай ұлысы және Моғолстан.
32. Әмір Темір мемлекеті.
33. Көшпелі өзбектер мемлекеті.
34. Ноғай ордасы және Сібір хандығы.
35. «Қазақ» этнонимі және қазақ халқының қалыптасуы.
36. Жүздердің құрылуы.
37. Қазақ хандығының құрылуы.
38. ХVғ. 70- жылдарынан кейінгі және ХVІғ. басындағы Қазақ хандығы.
39. ХVІ-ХVІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы ішкі және сыртқы жағдайы.
40. Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
41. Тәуке хан. Жеті жарғы.
42. Қазақ батырлары.
43. Қазақ билері.
44. Қазақ-жоңғар шайқастары.
45. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты және Ресейдің Қазақ жүздерін құрамына қосып алуы.
46.Абылай хан.
47. ХV-ХVІІІғғ. Қазақстан мәдениеті.
48. Кіші жүз қазақтарының 1773 - 1775 Е.Пугачов бастаған шаруалар соғысына қатысуы.
49.С.Датұлы бастаған 1783 - 1797 жж көтеріліс.
50. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы көтеріліс.
51. Ж.Нұрмұхаммедұлы бастаған Сыр қазақтарының көтерілісі.
52. Қ.Қасымұлы басқарған ұлт - азаттық көтеріліс.
53. Хандық биліктіңғ жойылуы.
54. Ресейдің қазақ жерін қосып алуының аяқталуы.
55. Х1Х ғасырдың 60-90 жылдардағы әкімшілік реформалары.
56..Орыс шаруаларының қоныс аударуы.
57. Капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы.
58..XXғ. басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
59. XXғ. басындағы өлкенің саяси өмірдің жандануы.
60. Столыпиннің аграрлық реформасы.
61. XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
62. І-ші дүниенжүзілік соғыс және Ақпан төңкерісі.
63. 1917 жылы қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
Достарыңызбен бөлісу: |