Дүниетану сабақтарында тәжірибелер. Балаларға табиғи обьектілердің қасиеттерін,табиғи құбылыстардың мәнін таныстыру қажет болған жағдайда тәжірибелер өткізудің үлкен мәні бар.
Дүниетану сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды сынып жағдайларында қолданып,қайта жасауға мүмкіндік береді.Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен сүзу арқылы суды тазартумен,топырақ қасиеттерімен,тұқымының өнуін бақылаумен және т.б танысу үшін тәжірибелер қажет.
Тәжірибелер көрсету арқылы немесе жаппай өткізіледі. Мұғалім өткізігуге дайындала жүріп, қажетті жабдықтардың болуын тексереді, оны өткізуге дайындала жүріп,қажетті жабдықтардың болуын тексереді,оны өткізуге қажетті материалды іріктеп алып,сабаққа дейін тәжірибені басынан аяғына дейін толық өткізіп байқайды.
Мұғалім сабақта балаларға тәжірибе кезінде өздерін қалай ұстауды,нені бақылау қажеттігін хабарлауды,тәжірибе өткізгеннен соң оқушылар жауап беруге қажетті сұрақтарды тақтаға жазып қояды.
Мұғалім оқушылардың назарын қандай жабдықтардың жәрдемімен тәжірибе өткізілітініне аударады;мынадай сұрақтар қояды:тәжірибе үстінде не істедіңдер?Не бақыладыңдар? Бақылағандарыңнан қанда қорытынды шығардыңдар? Мұндай құбылысты табиғатта қайда кездестіруге болады?
Егер тәжірибе өткен,қышқылмен жүргізілетін болса немесе балалардың орындауы үшін қиын болса,мұғалім көрсету арқылы тәжірибелерді өзі өткізеді.Мұғалім мұндай жағдайда приборларды балалардың барлығы тәжірибені көре алатындай етіп мұғалімнің столына немесе тәжірибелер өткізуге арналған арнайы тұғырға жайғастырады.