III. Судағы ойындар, суға секіру.
Әдістемелік нұсқаулар. Осы және келесі сабақтардың мақсаты кеудеде кроль тәсілінде жүзіді жетілдіру және айтылмыш әдістермен жүзу кезінде біртіндеп арақашықтықты үлкейту болып табылады.
16 – Апта 31-32. Тандалған спорт түрлерінің тәсілін оқыту мен жетілдіру: а) үстел теннисі: ойынның әдіс – тәсілі, оқу ойыны; Оң жақтан шабуыл соққысы. Қыр жақтан, диагональ және тік, көбіне жақын аймақтан (көмекші тәсіл: орта аймақтан үстел ортасына) соққыны орындау тәсілінен үйрету. Соққы күшіне байланысты әлсіз және күшті соққы деп ерекшелену керек. Доптың ұшу жылдамдығы мен жеделдігі жоғары.
Тірек. Тірекпен сол жақ диагональ және тік бойынша, біртіндеп соққының күшін күшейтуге үйрету. Тірекпен сол жақ үстел жартысынан қозғалыста соққыға үйрету. Соққы ырғағын басқаруға назар аудару. Үйретуді тірекпен бастауға болады., сонын 3-4 айдан кейін сол жақтан шабуыл соққысына, бірақ та бір уақытта бастауға болады.
Қию. Жылдам және баяу қиылысты үйрету. Қозғалыста қиылысты орындау тәсілін меңгеру. Біртіндеп ұшу траекториясын төмендету және долпты айналдыруды көбейту. Қиылысты (жылдам - баяу) орындаудың ырғағын меңгеруге тырысу, көбінесе қиылысты үйретуді сол және оң жақтан қиылысты байланыстырып сол жақтан өтеді.
Жазу. Қозғалыста қыр жақтан, тік және диагональ бойынша төменгі бұрылыстан доп бойынша.
Бөгет жасау. Педагогикалық байқауға сәйкес: шабыл соққысы + бөгет жасап ойнау стилінде үміттілерге, алдынғы элементтерді меңгергенен кейін, допты иемденгеннен кейін диагональ және төмен траектория бойынша тік және бірқалыпты қозғалыста оң - сол жақтан бөгет жасауды игеруді бастау қажет.
Допты беру. Допты берудің домалату және төменгі бұрылыстан сол жақтан допты қабылдау негізінде. Допты беруді қабылдау. Шабыл соққысы және тартылыстан көмегімен жоғарыдан бұрылысты қабылдауды үйрету. Қиылыстан және домалатудан допты төменгі бұрылыстан қабылдау.
Қозғалыс. Бір адымдық, жылжымалы, кезектестіріп қозғалу әдістерін жағдайға сәйкес дұрыс қолдану мен орындауға үйрету.