Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесін қай ғылымның қатарына жатқызуға болады, заңдылық немесе педагогикалық? Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесін ғылыми пән ретінде оқытудың сипатын анықтау осы мәселені дұрыс шешуге байланысты. Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі психология және педагогика ғылымдарына сүйене отырып құқық және экономиканың негізгі жағдайларын қолдануда нақты мәселелерді шешеді. Психология мұғалімге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психикалық ерекшеліктері мен заңдылықтырын ұғынуға көмектеседі. Сонымен бірге психология мұғалімге өте қажетті , негізгі ғылыми мынандай мәселелерге көңіл бөлуге әсерін тигізеді: оқушылардың ойлауы мен сөйлеуін, есте сақтауы мен елестетуін дамыту. Бұл мәселені шетте қалдыру мұғалімнің оқушылар тарапынан дұрыс жауаптар алуын қиындатады. Мысалы: мұғалімнің оқу материалдарын таңдап алуы, көрнекі құралдарды жасап, қолдануы, заңдылық актілерді есте сақтауы, сабақ барысында сөйлеуі,оның ұзақтығы т.б. мәселелер оның жас өспірімдер психологиясының жалпы және ерекше бөлімдерін меңгеріп алмай мүмкін емес.
Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесін оқытуда педагогика ғылымының алатын рөлі өте зор. Педагогика психология ғылымына сүйене отырып мектепте тәрбие және оқыту мәселесін қоғамдық – саяси және ұйымдасу – педагогикалық жағдайға негіздеп қарастырады. Құқықтық және экономикалық тәрбие берудің маңыздылығының артуына мән берілуінің де ерекшелігі бар, сондықтан Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні педагогикасыз өзінің оқыту жүйесін құра алмайды. Ол мектептің негізгі міндеттеріне сәйкес оқу – тәрбие жұмыстарының жалпы қааағидаттары мен жалпы әдістерін жасап береді. Атап айтсақ сабақтың қойылуына, оқу құралдарына талаптар қояды. Бірыңғай жүйе шеңберінде Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негізін оқыту әдістемесінің өз орнын, өзінің қызметін анықтайды. Өз алдына құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиені қоя отырып Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі өзін педагогика ғылымдарының бір бөлігі ретінде қарастырады.
Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі – құқықтық білімдерді игеру арқылы жастарды оқыту және тәрбиелеуді мақсат етіп қойған жоғарыда аталған ғылымдардың мазмұны мен қағидаттарына сүйене отырып мемлекет пен құқықтың пайда болып, экономикалық даму заңдылықтарын оқытатын педагогикалық ғылым болып табылады. Бірақ, Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі педагогикаға сүйене отырып мемлекет пен құқықтың жалпы мазмұнын зерттеу арқылы өз оқыту үрдісін құрады.
Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесінің негізгі міндеті – заң ғылымдарының негізінде оқушыларды терең құқықтық біліммен қамтамасыз ету және құқықтық, экономикалық саналы, мәдениетті адамдарды тәрбиелеу.
Аталмыш мәселелер сәтті шешілу үшін құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі заң және экономика ғылымдарының мазмұнын талдайды, одан мәнді айғақтарды, ұғымдарды, негізгі заңдылықтарды аталмыш ғылымдардың жинақтылық негізі ретінде қарастырады. Мемлекет көлемінде шығарылып жатқан құқықтық – нормативті актілерді, келеңді көзқарастарды басшылыққа ала отырып құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі мектеп оқушыларын ең алдыңғы қатарлы технологиямен, құқықтық біліммен қаруландыруды көздейді. Осы көзқарас бойынша алып қарар болсақ, құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесін құқықтық және экономикалық пән ретінде де қарастырылады және ол әрқашан қазіргі құқықтық және экономикалық жағдайлардың деңгейінде болады.
«Құқық», «Экономика» ұғымдары «мемлекет» ұғымымен әрқашан қатар аталады, себебі олар бір – бірімен өте тығыз байланыста, біз оларды бір бірінен бөліп алып қарастыра алмаймыз. Қоғамдық қатынастардың барлық саласынан «мемлекет», «құқық», «экономика» терминдерін жиі кездестіреміз. Бұл салада құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесін қоғамдық ғылымдардың қатарына жатқызсақ та қателеспейміз.
Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі курсының пәні болып оның зерттейтін аясы табылады, яғни мемлекет пен құқықтың және экономиканың пайда болу, даму заңдылықтары, ерекшеліктері.
Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемесі курсының атқаратын қызметтері: азаматтылығы жоғары адамды қалыптастыру, оның жалпы құқықтық және экономикалық мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру, жастарға арнайы құқықтық, экономикалық білім беру, құқық бұзушылықтың алдын –алу шараларын жүргізу, жастарды нарықтық экономикаға бейімдеу.
Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негіздері әдістемесі курсының атқаратын қызметтері: азаматтылығы жоғары адамды қалыптастыру, оның жалпы құқықтық мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру, жастарға арнай құқықтық білім беру, құқық бұзушылықтың алдын –алу шараларын жүргізу.
Қазақстандағы экономикалық реформа бұған дейін қалыптасқан экономика ғылымы, экономикалық білім мен практика арасындағы қарым- қатынас жүйесін өзгертті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты экономикалық білімге деген сұраныс күшейді. Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндірге, ғылым экономистерге немесе экономика пәнін оқытатындарға ғана керек емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр.
Экономикалық білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің ХХІ ғасыр басындағы өзектілігін белгілей отырып бұл жүйенің басты жағдайларына тоқтала кеткен жөн. Бастауыш мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің басты мақсаты – қоршаған экономикалық өмір жағдайлары және қоршаған адамдардың қызметі туралы бастапқы ұғымдарды қалыптастыру. Мұндай білім адамның жалпы мәдениетінің маңызды бөлігі. Орташа сыныптың оқушылары өз құқықтары мен бостандықтарын ерекше сезініп, оларды жауапкершіліктен тыс қараумен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі оқу танымы үрдісінің бірнеше ерекшелігі бар, негізгі мектеп оқушыларының психологиялық – физиологиялық сипаттамалары оларға көбінде бейнелі ойлау мүмкіндігін береді. Қазіргі кезеңнің адамгершілік құндылықтары кедейлік пен байлықтың сыйластықта өмір сүру мәселесін шешуге, жеке адам мен бүкіл ел мүдделерінің бірлігін түйсінуге бағытталған сындарлы экономикалық талдауды қажет етеді және ол тәрбиелеудің басты құралы болып саналады.
Қазақстандағы экономиканың дамуын, сондай-ақ экономикалық теорияның негіздерін зерттеген ғалым-экономист, экономика ғылымының кадидаты, доцент Ұ.Мәмбетов болды. Бірақ, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін экномикалық білім беру қоғамдық тәрбиенің дербес бағытына айналған жоқ. Себебі әміршілдік экономика жағдайларында ол қажет деп табылған жоқ. Ал, Қазақстанда мектеп оқушыларына экономикалық білім беру проблемаларына қатысты бірнеше еңбекті атауға болады. Мысалы, 1985 жылдары академик С.Сатыбалдиннің мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «Экономика» сынақ оқулығы шығарылып, бұрынғы Орал облысы мектептерінде факультативтік сабақтарда пайдаланылады. Сонымен бірге Л.Ш.Лысенкер, Э.М. Лысенкер «Бизнес – математика», «Основы экономических знаний» (Алматы, 1997 ж. ), М.А.Құдайқұлов «Основы предпринимательства и бизнеса» (Алматы, 1998 ж.) еңбектері дайындалып әр мектеп, бастапқы білім беру мекемелері өз мүмкіндіктеріне қарай пайдаланылған.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мектептерде экономикалық білім беру ісіне үлкен көңіл бөлуде. 2000 жылдың 24 ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республиасы мектептерінде «Экономика білімдерінің негізі» курсын оқыту туралы бұйрығы шықты. Осы бұйрық негізінде Қазақстан Республикасы мектептерінде «Экономика білім негіздері» курсын факультативтік негізде жүйелі түрде оқыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерде 2000-2001 оқу жылынан бастап «Экономикалық білім негіздері» курсын сатылап енгізу қамтамасыз етіле бастады.
2. Жалпы алып қарайтын болсақ, аталмыш пәннің негізгі мәселелері мемлекет, құқық, экономика ұғымдарының шеңберінде қарастырылып, шешіледі. Мемлекет пен құқықтың және экономиканың пайда болуы, типтері, нысаны, құқықтық және экономикалық қатынастар, құқық нормасы, құқықтық мемлекет т.б. мәселелер қоғамдық ғылым салалары болып табылатын философия, тарих, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды.
Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні ғылыми - әдістемелік пән болып табылғандықтан педагогика ғылымының дидактика саласымен де тығыз байланысты. Себебі, әрбір әдістемелік пән мектептерде қолданылып жүрген оқытудың көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, ғылымилық, түсініктілік қағидаттарын қолданады. Бұл қағидаттарды негізге ала отырып әдістемелік пән оқытудың барлық нысандарын қарастырады. Дидактика кез келген пәннің оқыту әдістемесінің негізі. Ол оқудың білім мазмұнын, оны ұйымлдастырудың түрлерін, оқытудың заңды ұстанымдарын баяндайды. Демек, әдістеме жеке пәндерді оқытудың ерекшеліктерін баяндайтын болса, дидактика оқытудың барлық пәндерге ортақ жалпы заңдылықтарын ашып береді.
Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі (ары қарай ҚжЭНОӘ) пәнінің оқушыларға құқықтық және экономикалық тәрбие беруде маңызы зор. Бұл салада оқушылардың құқықтықжәне экономикалық тәрбиесінің әдіс, тәсілдеріне, оларды қолданудың тиімді жолдарын анықтауға баса назар аударылады. Міне осы саладағы атқарылатын істің бәрі педагогика ғылымын басшылыққа алады.
ҚжЭНОӘ пәні қоғамдық ғылымдардың бірі саясаттану ғылымымен де тығыз байланысты. Бұл екі ғылымның зерттейтін нысандарында ұқсастық бар. Атап айтсақ, мемлекетті қоғамның саяси жүйесі ретінде саясаттану пәні өз қырларынан қарастырса, оның қоғамдағы саяси жүйесі ретіндегі саясаттану ғылымы зерттеп, көрсетіп берген теорияларын ҚжЭНОӘ пәні басшылыққа алады.
ҚжЭНОӘ пәні өз пәнін зерттеу саласында тарих ғылымын да басшылыққа алады. Мемлекет, құқық және экономика саласындағы құбылыстардың тарихи зерттелуі негізінде, ол құбылыстарды оқушылар санасына жеткізеді. Басқа қоғамдық ғылымдарға қарағанда тарих ғылымының зерттеу аясы әдістемелік пәнге біршама жуық. Құқық, экономика туралы ой негізін қалаған жекелеген тұлғаларды бейнелеуде тарих ғылымының алатын орны ерекше.
ҚжЭНОӘ пәнін оқытуда физиология ғылымының да алатын өз орны бар. Кез келген пәнді оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру мұғалімге өте қажет. Жалпы мектеп оқушыларын жас шамаларына қарай үш топқа бөлуге болады. Олар кіші буын – 7 – 11жас, орта буын – 11 – 14 жас , жоғары буын – 14 – 18 жас. Құқық және экономика негіздерін оқытуда мұғалім бала бойындағы өзгерістерге мән беріп отыруы керек. Демек, физиология ғылымының ҚжЭНОӘ пәнінің мазмұнын толықтыруда маңызы зор. Бұл жөнінде Т.Тұрлығұл тарих пәнін оқытуда мұғалімдердің физиология ғылымымен қарулануының қажеттігі туралы айтқан. Бұл оймен толық келісуге болады, себебі физиология ғылымын қалыс қалдыру мұғалімді өзінің тура жолынан тайдыруы да мүмкін. Бұл салада орыс физиологы И.М.Сеченовтың «Ми» атты еңбегін басшылыққа алудың еш артығы болмас. Аталмыш еңбекте рефлекстік құбылыстар туралы айтылады, яғни мұғалім мектеп оқушыларының бойындағы ойлау, сөйлеу, оқу, жазу сияқты дағдыларын қалыптастырған жағдайда, оның еңбегі нәтижелі болатындығы сөзсіз.
Айтылған ойды қорытындылайтын болсақ, ҚжЭНОӘ пәнін оқыту өз алдына жеке жүргізілмейді, оны оқытуда мұғалім жоғарыда аталған ғылымдармен мықтап қарулануы қажет.
Талқылау сұрақтары:
Құқық және экономика негіздері пәнінің атқаратын қызметтері қандай?
«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұны мен міндеттерін атап көрсетіңіз?
«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» пәнінің құрылымы неден тұрады?
Құқық және экономика негіздері бойынша мектептің оқу жоспарлары және оқулықтарының аталмыш пәндегі орны мен ролін анықтаңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
Білім туралы. – Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы. «Литера», 2012ж.
Жарықбаев Қ. Психология.Алматы: Білім, 1993.
Жұмабаев М.Педагогика. Алматы: Ана тілі, 1992.
Газизова Н.С. Азаматтық білім – құқықтық мемлекет болудың кепілі. // Қазақстан мектебі, №3, 2004.
Газизова Г.С. Құқық дегеніміз не? // Қазақстан мектебі, №4, 2004.
ДӘРІС 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мақсаты: Студенттерге еліміздегі құқықтық және экономикалық білім беру туралы жалпы мағлұмат беру, оның қалыптасып дамуындағы негізгі мәселелерді анықтауды үйрету.
Жоспар:
Құқықтық және экономикалық білім берудің қажеттілігі.
ҚР құқықтық және экономикалық қайта құрулар.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 3
МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК, ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мақсаты: Студенттерге мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудың ғылыми тұстарын түсіндіру және әдіснамалық жолын көрсету.
Жоспар:
Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудағы түбірлі өзгерістер.
Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудың әдіснамалық мәселелері.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 4
МЕКТЕПТЕГІ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ КУРСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МАЗМҰНЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Мақсаты: Құқық және экономика негіздері курсының мектепте оқытылу ерекшеліктерін студенттерге ұғындыру.
Жоспар:
Мектептегі құқық және экономика негіздері курсының мақсаты мен мазмұны.
Мектептегі құқық және экономика негіздері курсының міндеттері мен құрылымы.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 5
ОҚУШЫЛАРДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САТЫЛАРЫ
Мақсаты: Болашақ құқық пәні мұғалімдеріне оқушылардың құқықтық және экономикалық білімді игеру тәсілдерін үйрету.
Жоспар:
Құқықтық білім беруді қалыптастыруда жоғары оқу орындары мамандарын қалыптастыру.
Жоғары оқу орнына сай маманға құқықтық және экономикалық білім беру.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 6
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ
Мақсаты: Құқық және экономика негіздерін оқытудың негізгі жолдарын арнайы нысандарға бөле отырып түсіндіру.
Жоспар:
Құқық және экономика негіздерін оқытудың негізгі нысандары.
«Азаматтану», «Қаржылық білім негіздері» курсы.
Факультативтік сабақтар.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 7
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР МЕН ӨЗГЕ ДЕ ДЕРЕК КӨЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Мақсаты: Студенттерге құқық және экономика негіздері сабағында аталмыш саладағы құжаттармен жұмыс жасаудың тәсілдерін үйрету.
Жоспар:
Құқық пен экономика бойынша мемлекеттік құжаттарды оқыту әдістемесі.
Оқушылардың мәтіндермен өзіндік жұмыстары. Құжаттарды оқудағы оқушылардың танымдық әрекеттерін арттыру.
Нормативті құқықтық актілер құқық сабағының ең негізгі көрнекілігінің бірі болып табылады. Құқықтық актілермен жұмыс жүргізу құқықтық білімді нығайтып, оқушылардың алған білімдерін есте сақтауға себебін тигізеді. Нормативті актілермен оқушылардың жұмысын ұйымдастырып, жетекшілік ету үшін мұғалім алдыменен «нормативті – құқықтық акті» ұғымымен оқушыларды таныстыруы қажет, яғни оқушылардың оны толық түсінуі қажет.
Нормативті – құқықтық актілер дегеніміз – құқықтың негізгі нысаны, яғни қайнар көзі болып табылады. Нормативті акт - қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормасынан тұратын құқықтық акт. Оның заңдылық күші бар және ол екі топқа бөлінеді: заңдар , заңдылық актілер болып. Міне, осы бағытта оқушы заңдарды заңдылық актілерден ажырата білуі керек. Мысалы заңдарға Конституциядан бастап барлық заңдар жатса, ал заңдылық актілерге Президенттің жарлығы, үкіметтің қаулылары, жергілікті (локальды) нормативті актілер жатады. Мұғалім сабақ барысында заң, қаулы, жарғы сияқты атауларды жиі қолдануы мүмкін, сондықтан бұл атаулармен оқушы қанық болуы керек.
Мұғалім сабақ барысында қолданатын нормативті актіні алдын – ала даярлап қоюы қажет, әрине нормативті актіні бір сабақта толық қолдануға мүмкіндік болмайды, сондықтан оның қажетті жерлерін қай жерде, қалай қолдану керектігі алдын – ала ойластырған жөн. Нормативті актілердің әсіресе заңдардың бірінші баптары заңда кездесетін ұғымдарға түсінік беруден басталады. Ол ұғымдармен оқушыларды таныстырып отырған жөн. Бұл орайда үй тапсырмасы ретінде дайындап келуге беріліп, терминдік сөздік алуға болады. Терминдік сөздік біріншіден оқушылардың нормативті актілер бойынша алынған білімдерін бекітеді, екіншіден ол терминдерді оқушылардың практикада қолдана алуына көмегін тигізеді, үшіншіден заңдарды силауға, сақтауға тәрбиелейді.
Нормативті актілерді қолдану барысында заң тілінің күрделілігін мұғалім естен шығармауы тиіс, яғни сабақта қолданылған актілер талқыланып отыруы керек. Бұл орайда оқушының өзіне қажетті баптарды оқытып, сынып оқушыларының оны қалай ұғынғанын сұрап барып, толықтыру, түзетулер жасап, немесе түсіндіру қажет. Нормаларды түсіндіру көбінесе мысалдар келтіру арқылы жүргізіледі. Ситуациялық мысалдар оқушылардың нормативті актілермен жұмыс істеу қабілетін арттыра түседі. Мысалы: Азат өз қатарындағы балаларға қарағанда әлдеқайда үлкен көрінеді. Ол мектепке автобуспен келеді. Бір жолы оның автобустың билет сатушы кезекшісіне көрсеткен оқушыларға арналған билетіне «Сен оқушы емессің» деп күдіктенген билет тексерушілер оны аялдамадағы көлікке баруын талап етеді. Азат өзінің оқушы екендігін дәлелдеу үшін автобустан түсуге мәжбүр болады, сабақтан кешігеді. Бұл жағдайда Азаттың қандай құқықтары бұзылды және ол қандай құқықтық әрекет жасауы керек? Аталмыш мысал өте қарапайым, оқушылар өмірінде жиі кездеседі. Сондықтан олар оқушының көмегімен Азаттың құқықтары жазылған құқықтық актіні тек біліп қана қоймай, оның ішіндегі қажетті норманы іздеуге кіріседі, тапқан нормаларын талдайды, ұғынады сөйте отырып есте сақтауға тырысады. /ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы, 9 – тарау, 53 бап, 2 тармақ/.
Құқық сабағында ең көп қолданылатын нормативті актілердің бірі Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияны оқытуда арнайы сабақ та бар, бірақ ол жеткіліксіз, себебі құқық сабағының барлығы да Ата Заңмен байланысты, яғни одан бастау алады. Сондықтан оқушы Конституцияға ішкі және сыртқы талдау жасай алғаны дұрыс. Ішкі талдау дегеніміз – Конституцияның тарулары, бөлімдері және олардың қысқаша мазмұны. Ал сыртқы талдау дегеніміз – Конституцияның қашан, қалай қабылданғаны, қабылданған жері. Конституцияны қолдануда мұғалім оқушыларды Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеп, баулып отыруы керек. Оның Ата Заң деп аталуының мәнісін ұғыну, өзгерістер енгізілу тәртібін білу. Азаматтық, Қылмыстық Кодекстер, Еңбек туралы Заң, Неке және Отбасы туралы Заң және халықаралық құжаттар: Жалпыға бірдей адам құқықтары туралы Декларация, Бала құқықтары туралы Конвенция сияқты құжаттармен оқушылар мектеп қабырғасында таныс болулары қажет. Мұғалім оны құқықтың жекелеген салаларын өткенде жоғарыда көрсетілген тәртіппен қолданады. Жалпы, құқық сабағында нормативті – құқықтық актілерді қолдануды өзіндік сатылайтын болсақ, мынандай кесте шығады:
Нормативті – құқықтық акті ұғымымен танысу;
Заң, заңдылық актілерде кездесетін ұғымдармен танысу;
Қажетті нормаларды тауып алуға үйрену;
Табылған норманы талқылау;
Нормаларды қолдана отырып ситуациялық есептер құрастыру, шешімін шығару;
Алынған білімді бекіту мақсатында практикамен байланыстыру.
Құқықтық – нормативті актілермен жұмыс істеу оқушылардың қоғамдық мәселелер туралы кең ұғуына, толық сипаттама алуға, қазіргі кезеңнің қарама – қайшылық мәселелерін саралап түсінуге, әлемді барлық түсімен көруге, өмірде кездесетін ахуалдарға сын көзбен қарауға, әр түрлі мәселелерді баламалы шешуге көмектеседі. Орта мектеп бағдарламасы бойынша, оқу жоспарымен мөлшерленген сағат саны нормативті – құқықтық актілермен толық танысуға мүмкіндік туғызбайды. Сондықтан құқыққа байланысты факультативтік, сыныптан тыс оқу сабақтарын тиімді пайдаланған жөн. Меніңше «Құқық негіздері» курсын оқытуда белгілі бір стандарттың болуы қажет емес. Қоғамның екінші баспалдағына, яғни нағыз өмірге оқушыларымыз дайын болып келуі керек.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 8
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАР, ОҚУЛЫҚТАР, ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Мақсаты: Студенттерге құқықтық және экономикалық білім беруде бағдарламалар мен оқулықтардың маңызды рол атқаратынын түсіндіру, аталмыш сабаққа қажетті әдебиеттерді таңдай алуға дағдыландыру.
Жоспар:
Экономика және құқық негіздері курсы бойынша бағдарламаларды талдау.
Экономика және құқық негіздері курсы бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды талдау.
Курстық идеялар, ұғымдар жүйесін қалыптастыру бойынша мұғалім жұмысын жоспарлау.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 9
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІНЕ, БІЛІКТІЛІГІНЕ, ТӘРБИЕЛІК ДӘРЕЖЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫ
Мақсаты: Құқықтық және экономикалық білім берудегі мемлекеттік талаптарды студенттерге ұғындыру.
Жоспар:
Құқықтық білім берудегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының алатын орны.
Кешен құрамындағы түрлі ойындар пакеттері мен экономикалық және құқықтық компьютерлік модельдердің қорабы мен жабдықтар.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 10
КУРС БОЙЫНША САБАҚТА ЖӘНЕ САБАҚТАН ТЫС ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мақсаты: Студенттерге оқушылардың негізгі шеберліктерін қалыптастыратын рационалды тәсілдер мен құралдарды таңдауды, оқушылардың құқықтық және экономикалық мағлұматтарды меңгеруі бойынша түрлі өзіндік жұмыстарын өңдеуді үйрету.
Жоспар:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Оқушылардың негізгі шеберліктерін қалыптастыратын рационалды тәсілдер мен құралдарды таңдау.
Оқушылардың құқықтық және экономикалық мағлұматтарды меңгеруі бойынша түрлі өзіндік жұмыстарын өңдеу.
Құқық және экономика сабағына дидактикалық материалдарды даярлау.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 11
«ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР
Мақсаты: «Құқық және экономика негіздері» курсын оқытудағы әдістемелік құсқаулар мен бағдарламалардың маңызы мен мазмұнын студенттерге ұғындыру.
Жоспар:
«Құқық және экономика негіздері» курсын оқытудағы әдістемелік құсқаулардың маңызы.
«Экономикаға кіріспе» курсы бағдарламасы.
«Құқықтану» 10-11 сыныптарға арналған бағдарлама.
Достарыңызбен бөлісу: |