Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 12
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ КУРСІШІЛІК, КУРС ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Мақсаты: Студенттерге курсішілік, курс, пәнаралық байланыстарды құқық және экономика сабағында жүзеге асырудың жолдары туралы мағлұмат беру.
Жоспар:
Пәнаралық және ішкі курстық байланыстар, олардың курсты оқыту мен оқушылардың құқықтық тәрбиелеу мен курс оқытудағы білімдік тәрбиелік рөлі.
Пәнаралық және ішкі курстық байланыстарды жүзеге асырудағы әдістемелік тәсілдер мен ұйымдастыру формалары.
Мұғалімнің пәнаралық байланыстар процесінде мақсатты бағытталаған әрекеті.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 13
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ САБАҒЫНДА БАСПА ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Мақсаты: Студенттерге баспа деректер туралы және оларды құқық және экономика сабағында қолдану әдістері туралы ақпарат беру, үйрету.
Жоспар:
Құқық және экономика негіздері оқулығы – құқықтық білім берудің негізгі құралы.
Мұғалімнің оқулық мәтінімен және мәтіннен тыс компоненттермен жұмыс істеу тәсілдері. Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу қабілетін қалыптастырып, дамыту.
Нормативті – құқықтық актілерді құқық және экономика негіздері сабағында қолдану әдістемесі.
Құқықтық құжаттарды оқып –үйрену жолдары.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 14
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
Мақсаты: Студенттерге педагогикалық технологиялар туралы алған мағлұматтары негізінде құқық және экономика сабағында жаңа педагогикалық ақпараттарды қолданудың әдістерін түсіндіру.
Жоспар:
Оқыту технологиясы - ғылыми зерттеу аясы ретінде. Құқық және экономика негіздері сабағында жаңа технологияны қолданудың қағидаттары мен тәсілдері.
Педагогикалық практиканың жаңа сатылары.
Ақпаратты – түсіндіру тәсілінен әрекет ету–даму технологиясына көшу.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Американдық мұғалімдер ассоцияциясының вице – президенті, доктор А.Урванский білім берудің болашақ мұратын былайша сипаттайды: «маңызды кезең – рефлексті емес, басымдылықтан ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу». Жаңа оқыту технологиясы бойынша материал сипаттамалы түрде емес, шынайы проблема түрінде берілуі тиіс.
Мұғалімнің назары дұрыс жауап алудан оның қандай жолмен алынғандығын түсіндіруге көшуге ауады, - дейді көптеген ғалым әдіскерлер. Жаңа оқыту технологиясының тиімділігі сонда, оның элементтері арқылы баламен тиімді жұмыс істеуге болады. Атап айтатын болсақ:
ұжымды жұмыс істеуге үйретеді;
ақпаратты өз бетінше түсінуге бағыттайды;
сөз астарын, құдіретін түсінуге жағдай жасайды;
сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.
Осы жобамен жұмыс істеген кезде, оқушылардың оқуға деген ынта–ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапалармен қатар оқушының басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Жаңа технологияларды іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар мұғалім қажет.
Қазіргі заман талабына сай оқыту технологияларын үйренуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Оқу технологиясын таңдап, іріктеу оқушының, оқу танымдық іс - әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Жаңа технологияны пайдалануда ұстаз жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларымен қарулануы керек. Оларға В.Ф.Шаталовтың «Еркін таңдау идеясы», С.Н. Лысенкованың «Озық оқыту», П.Эрдниевтің «Ірі блоктар идеясы», Е.Н. Потапова технологиясы, (қазіргі кезде бұл идеялар М.Н. Беруллаеваның жаңа технологиясында көрсетілген), В.Г .Коваленконың «Ойын арқылы оқыту технологиясы», В.Оконьның, Р. Гроттың «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы» жатады. Оқушылар сабақтың қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігін әрі тиянақтылығының артатындығын баяндайды. Соңғы кездерде оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, тәжірибеде қолданылып жүр. Мысалы: дамыта оқыту, қарқынды оқыту, модульдік оқыту, саралап оқыту, ынтымақтастық технологиясы сияқты көптеген оқыту технологияларын атауға болады. Мұның бәрі уақыт талабынан туындап отырған жүйе.
Қарқынды оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Яғни қарқынды оқыту технологиясы - берілген уақыт мөлшерінде үлкен табыстарға қол жеткізе отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге негізделген оқыту технологиясының бірі. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс – тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп , қолданылады.
Қызықты сабақтар – мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі.
Мәселелік (проблемалық) оқыту дегеніміз Г.С. Селевконың анықтамасы бойынша мұғалімнің басшылығымен түрлі жағдаяттарды анықтай білуге, оқушыларды оны шешуге белсенді жұмылдыруға, соның нәтижесінде оларда білім, білік, дағды және ойлау қабілетін дамытуға негізделіп ұйымдастырылатын оқыту үрдісі.
Дамыта оқыту деп оқытудың дәстүрлі иллюстративті – түсіндірмелі түрін ауыстыратын, белсенді іс - әрекетке негізделген оқыту түрін айтамыз. «Дамыта оқыту» идеясы көрнекті ұлы педагогтар Песталоцидің, Ушинскийдің еңбектерінен бастау алады.
Кез келген іс -әрекет нәтижелі болуы үшін ең алдымен мақсат айқын болуы керек. Білім берудің мақсаты айқын болғаннан кейін білім беру жүйесінің алдында «Қалай оқытамын?» деген сұрақ пайда болады. Бұл сұраққа жауап беру үшін Ресей ғалымдары мен зерттеушілері көптеген жаңа педагогикалық технологияларды өмірге әкелді. Солардың ішінде Занковтың, Эльконин мен Давыдовтың, Т.С. Альтшуллердің (ТРИЗ) технологиялары.
Модульдік оқыту. Модуль дегеніміздің өзі үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке – жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген түрде алады. Өзін дамытуда, бірін – бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді, қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туады.
Ізгілендіру технологиясы – сезім, көңіл – күй, өмірлік құндылықтарға сүйенеді. Ізгілендіру қағидалары оқытудың әдіс – тәсілдеріне мынандай талаптар қояды:
Мұғалімнің оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы;
оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі;
балалардың оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін, белсенділігін дамыту;
оқу –тәрбие жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде анықтау;
Ізгілік бағыттың негізгі идеясы: оқушымен ұнамды қарым – қатынас, қысым көрсетпей, еркін ұстау, оқушы еңбегін бағалау, тұлғаны дамыту, өз пікірін білдіру, баланың болашағына, қабілетіне сену, баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету, баланы ынталандыру.
Оқытудың бұл технологияларына ортақ нәрселер мыналар:
оқушыны жан – жақты дамытуға негіздеу;
оқу іс - әрекетіндегі мәселелік жағдаяттарды шешуге бағытталған;
оқу іс - әрекеті арқылы оқушының ойлау мәдениетін дамыту;
оқушының объектіден субъектіге айналуы;
қызығушылық дәрежесінің артуы (мотивация);
Бұл салада «тренинг» өткізудің көп пайдасы бар. Өйткені «тренинг» жүйесінде оқыту әдісі арқылы оқушыны ойлауға, өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуге, бір – бірінің пікіріне сыйластықпен қарауға үйрету болады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар сапасын даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілгеніндей қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік – педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Жаңа дәуір ұлттық бәсеке, мәліметтік сайыс, психологиялық өзгерістер сияқты көріністерміен белең алады. Сондықтан ол кезеңге сай интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру – мемлекеттің бүгінгі күнгі өзекті мәселесі.
Қазіргі мектеп жағдайларындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс–тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық – педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы «баршаға білім беру» ескі сүрлеуінен тез арада арылып, жаңаша білім беру мазмұнына «әркімге таңдау бойынша білім беруге» көшуге қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылықпен, ізденушілікпен жұмыс істейтін зерттеуші болашақ мұғалімдерді даярлауды қажет етеді.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу -тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс - әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтың, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайыровтың, С.Лактионованың, М.Жанпейісованың, Ә.Жүнісбек пен Қ.Нағымжанованың, С.Көшімбетованың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан – жақты қарастырылады.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі білім, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да оқушылардың ой - өрісін, ұлттық мәденетін, ұлттық рух пен сана - сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс - әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.
«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. «Инновация» - нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс – тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай – ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
оқып –үйрену;
меңгеру;
өмірге сендіру;
дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
ғылыми - әдістемелік, оқыту - әдістемелік, ұйымдастырушылық себептерге үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу;
пәндік білім стандартымен жете танысу;
білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы студенттерге мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу; (өйткені оқыту – тәрбиенің негізі).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, білім беру жүйесінде студенттің жан жақты дамуына көмектесетін, оларға оңтайлы жағдайларды тудыратын ынтымақтастық топтарды құруға болады.
Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Педагогикалық жоғары оқу орнының білім беру үрдісінің болашағын жоспарлау – ол экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани жұмыстардың қоғамдағы дамуына байланысты шешілетін мәселе. Болжаудың ең басты мақсаты: ғылыми тұрғыдан болашақты көре білу. Соған байланысты студенттерді тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың педагогикалық шарттарын анықтау керек.
Болашақты ғылыми негізде болжаудың бірнеше шарттары бар. Олар мына төмендегіше жіктеледі:
басқару негізінде;
қайта құру бағытында;
теориялық;
әдіснамалық негіздерде;
жүйелі түрде өзгерілуі;
дұрыс қарым – қатынас орнату негізінде , т.б.
Жоғары мектепте оқытудың жаңа технологиясын қолдануда әдістердің алмасуы өте маңызды болып табылады. Бұл салада бір мысал ретінде, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты кафедралар жанынан құрылған «Ізденіс» педагогикалық жаңа технологиялар мен озық тәжірибелер зертханасының әрекетінен үлгі алуға болады.
Зертхананың негізгі міндеттері:
қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларды оқып – үйрену;
Республика, ТМД, әлемдегі педагогикалық озық іс – тәжірибелерді оқып үйрену, зерттеу, талдау, насихаттау, тарату, пайдалану;
жаңашыл мұғалімдердің озық іс – тәжірибелерін зерттеу;
болашақ мұғалімдердің жоғары интелектуалдық, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, оны дамыту;
оқу – тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру мақсатында эксперименттік тәжірибелер жүргізу;
эксперимент тақырыбы бойынша педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігінің көрсеткіштері мен критерийлерін талдап шығару;
эксперименттің тақырыбы бойынша озат тәжірибені белгілеп, мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетіндегі типтік кемшіліктер мен қиындықтарды анықтап, олардың себебін білу;
эксперименттің аралық және соңғы нәтижелерін талдап, қорыту және соның негізінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми – тәжірибелік, ғылыми - әдістемелік нұсқаулар құрастыру , ұсыну.
Аталмыш зертхананың негізгі мақсаты – болашақ мұғалімдердің жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа педагогикалық технология элементтерін пайдалана білуге үйрету, шығармашылыққа баулу.
Қорыта айтқанда, институт мектеп өміріне бейім, білімді де білікті маман даярлап шығаруы керек. Ал мұның өзі қазіргі кезеңде Қазақстан бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатындағы жасалынып жатқан жаңа жүйенің негізгі мақсатына жетудің бірден – бір жолы болмақшы.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 15
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАЙТАЛАУ, ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мақсаты: Құқық және экономика сабағында алынған білімді қайталау, тексеру, бағалаудың жаңашыл әдістерін түсіндіру.
Жоспар:
Құқық және экономика сабағында алынған білімді қайталау – құқықтық білімді тереңдетудің жолы.
Құқықтық және экономикалық білімді тексерудің жолдары: ауызша және жазбаша.
Оқушылар білімін бағалау нысандары мен критерийлері.
Оқушылардың білімін, біліктілігін, ойлау қызметінің даму дәрежесін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан оны үлкен дайындықпен және жауапкершілікпен, жоспарлы түрде жүргізіп отыру қажет. Мұғалім оқушылардың білімін бағалауда оған қойылатын талаптарды білгені дұрыс. Олар:
Білім бағалаудың ең қолайлы жолы ауызша тексеру. Бұлай тексеру оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін арттыратыны бәрімізге белгілі. Оқушы білімін ауызша бағалауда мұғалім оның тілінің жатық, ұғынықты болуын талап етеді. Бұл жағдайда оқушы шапшаң болуға, жинақталуға, жауапты сындарлы беруге тырысады. Оқушының ауызша жауап беруі өзіне ғана емес, басқа оқушыларға да тиімді, себебі ол жауап берген кезде оны басқа оқушылар тыңдап қана қоймай, түзетуге, толықтыруға талаптанады. Оқушы ауызша жауап беруде кестемен, тақтамен т.б. бір мезгілде жұмыс істейді. Оқушының ауызша жауабын барлық оқушылармен бірге мұғалім де мұхият тыңдай отырып, оның толықтығына, беріктігіне, оқушыда тәрбиеліліктің қалыптасу дәрежесіне назар аударғаны, оның ойлау қызметінің даму дәрежесін анықтағаны дұрыс. Ол үшін төмендегі талаптарды ескеру керек:
а) оқушы берілген сұраққа ғана жауап бермей, оны басқа пәндерде кездесетін ұғымдармен салыстыра отырып ашатын болса, онда оқушының білімі толық деп есептелінеді;
ә) оқушы сұрақтың негізгі мәнін өз бетімен ізденіп тапқан материалдар арқылы ашып көрсетсе, онда оқушының білімін терең меңгерілген деп есептеуге болады;
б) оқушы меңгерген білімін өзінің ішкі сезімдері арқылы тұжырымдап, оған баға бере алатын болса онда, оқушы білімін жоғары деп бағалауға болады.
Мұғалім оқушы білімін бағалағанда оның тек сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, сол сұрақтың айналасында мәселе көтеріп, артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, кемшіліктерді жоюға болатын шараларды ұсынуына дейін талаптандыруы керек.
Мұғалім оқушылардың жұмысын бағалағанда аталғандардан басқа да жағдайларға мән беруі керек. Бұл орайда Б.Кенжебеков ұсынған оқушылардың сарамандық жұмыстарын тексеру және бағалау барысындағы ұсынған арнайы кестесін қолдануға болады.
Жұмсалған жұмыс уақыты бойынша қойылатын орындау деңгейлері:
Нысанды тексеру топтарындағы орындау талаптары бойынша қойылатын деңгей бағасы мен критерийлері:
Нысан
|
«30» балл
|
«24» балл
|
«18» балл
|
«12» балл
|
«6» балл
|
Тексеру
|
5 деңгей
|
4 деңгей
|
3 деңгей
|
2 деңгей
|
1 деңгей
|
1 деңгей – оқушы оқығанын, түсінгенін қайталап айтып береді;
2 деңгей – оқушы өз сөзімен еркін айтады, дәлелдейді;
3 деңгей - оқушы сұрақ жауабын өздігімен тұжырымдап,
қорытындылайды;
4 деңгей – оқушы аталғандарға қоса, өзінің шығармашылық ойын
ұштайды;
5 деңгей - аталмыш мәселенің артықшылығы мен жетістіктерін анықтап қана қоймай, кемшіліктерді болдырмауда өз ұсыныстарын береді.
Ғалым Т.Тұрлығұл «Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі» еңбегінде оқушылар білімін деңгейлерге бөлу туралы ұсынысын берген. Олар міндетті және мүмкін деңгейлер. Оқушы берілген сұрақтың ең негізгі білім элементтерін білсе, мәселен құқықтың анықтамасын, негізгі белгілерін, субъектілерін, құқықтық қатынастар салдарын айтып бере алса, онда ол осы сұрақтың жауабын міндетті деңгей көлемінде білгені. Ал оқушы құқықтың пайда болу себептерін нақтылап көрсете білсе, оның жүйелерін басқа жүйемен салыстырса, құқықтық қатынастардағы тұлғалардың алатын орнын, яғни құқықтық мәртебесін көрсетіп бере алса, оның кестесін құрастырып қана емес, талдай білсе, маңыздылығын аша білсе, онда бұл жауап мүмкін деңгейге жеткен деп бағаланады. Мүмкін деңгейге шек қойылмайды. Сұрақтар жауабын бұлайша екі деңгеймен анықтау да оқушының білім дәрежесін нақты көрсете алмайды. Сондықтан әрбір пәннің әдіскер - мамандары оқушылардың білім дәрежелерін бағалауда өз тәжірибелерін ұсынуда.Оқушылар білімін тексерудің ауызша және жазбаша нысандары кең таралған. Оқушылардың білімін ауызша нысанда тексергенде мұғалім оқушының ойлау қабілетін, өз ойын жеткізе алу шеберлігін есепке алуы қажет.
Оқушылардың білімін мұғалім жаңа материалды өткеннен кейін де тексеруіне болады. Мұнда оқушылардың құқықтық ұғымдарды, құқықтық нормаларды қаншалықты түсінгендігі анықталады. Бағалау міндетті түрде сұрақ арқылы емес, әңгіме ретінде де болуы мүмкін, мысалы құқықтық ситуацияны айта отырып, оқушылардың шешімін тыңдауға болады, бұл жағдайда мұғалім оқушының ойлау қабілетін, шапшаңдығын, құқықтық нормалармен жұмыс істей алу қабілеттілігін анықтай алады.
Өткен тақырыпты оқушының қаншалықты деңгейде меңгергенін оқушының өзіне қорытынды жасату арқылы, құқықтық ситуацияға қатысты өз пікірін білдіру, заңдылық кеңес беруі арқылы да анықтауға болады. Оқушы білімін тексеру сабақ барысы бойында жүргізіліп отырады, яғни үй тапсырмасын айту, жаңа тақырыпқа белсенді қатысып отыру, пысықтау сұрақтарына жауап беру т.с.с.
Оқушының білімін жазбаша түрде тексерудің де бірнеше тәсілдерін қолдануға болады. Ол үшін мұғалім алдын – ала оқушыларға жазбаша нысанда берілетін сұрақтарды даярлауы қажет. Құқық негіздері сабағындағы жазбаша сұрақтардың ең қолайлы түрі, әр оқушыға әр түрлі құқықтық ситуация беру. Бұл жерде мұғалім оқушының қабілеттерін ескеріп отырады. Мұндай жазбаша жұмыс бір мезгілде оқушының құқықтық нормалармен жұмыс істеу қабілеттерін де арттырады. Өзі шешімін тапқан құқықтық жағдайды есінде сақтап қалады, заңдардан мағлұмат алады. Оқушы білімін жазбаша тексеруге мұғалім бір сабақты түгелдей арнауына да болады. Бұл сабақтың ерекшелігі, берілетін сұрақтардың мазмұнды, күрделі келуінде.
Оқушы білімін тексеруде қайталау сабақтарының да маңызы өте зор. Бұл көбінесе оқу тоқсанының аяқталуына байланысты жүргізіледі. Қайталау сабағы оқытудың нәтижесін анықтауға көп пайдасы бар.
Оқушылар білімін жазбаша тексерудің тағы бір әдісі - тест әдісі. Бұл қазіргі кездегі жаңаша оқыту талабы. Тестік сұрақтарды құрастыруда, сұрақтардың қиындық деңгейін анықтап, сол арқылы оқушыларға берілуі керек, яғни жеңіл сұрақтарға жауап берген оқушыны тестік екінші деңгейдегі сұрақтарға көшіру қажет. Қорыта айтқанда «қарапайымнан – күрделіге» қарай қадам басу керек. Сондықтан тестік сұрақтарды құрастыруда мұғалім оны өткізудің ғылыми - әдістемелік жолдарымен танысқаны жөн. Бұл салада әдістемелік құралдар баршылық. Тестік сұрақтар арқылы білім тексеру аз уақытта көп оқушының білімін тексеріп, мұғалімнің уақытын үнемдейді.
Оқушылар білімін тексеруде үнемі бір әдісті қолдана беруге болмайды, себебі ол қателікке ұрындырып, оқушы білімін объективті бағалаудан алшақтатады. Сондықтан оқушының білімін тексеруде барлық нысанның қолданылып, барынша объективті баға қойылғаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |