Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет37/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

x=8.

х=8 болғанда у=25.

7- мысал : у=f(х) функциясы берілсін, мұндағы f(x)= . f(6) мәнін табу керек.

Аргумент: х=6 болса,



өрнегінің х=4 мәнінде мағынасы болмайды. Себебі х=4 болғанда берілген бөлшектің бөлімі нөлге тең.

Демек, аргументтің кез келген мәнінде функцияның мәні анықтала бермейді. Аргумент өзі құрамына енетін формуланың мағынасы болатын мәндерді ғана қабылдай алады.

7-мысалдағы функциясының анықталу аймағы 4-тен басқа барлық нақты сандар. Демек, (- ;4) (4;+ ).

8–мысал: функциясының анықталу аймағы болғандағы функция мәндерінің аймағын табайық.

Санды теңсіздіктердің қасиеттері бойынша:



.

Демек, у=2х+1 функциясының анықталу аймағы болғандағы оның мәндерінің аймағы [-1; 7] аралығы болады.



9-мысал: у=х2 функциясының -4<х 4 анықталу аймағындағы функция мәндерінің аймағы [0; 16] аралығы.

10-мысал: функциясының анықталу аймағы - нақты сандар жиыны немесе (- ;+ ) аралығы болса, функция мәндерінің аймағы барлық оң сандар. Демек, [0;+ ) аралығы.

Кейбір жағдайларда белгілі бір функционалдық тәуелділіктегі, аргумент пен оған сәйкес функция мәндерінің жұбы белгілі бір реттілікпен кесте арқылы көрсетіліп беріледі. Функционалдық тәуелділіктің осылайша берілуі функцияның кестемен берілуі деп аталады. Функция формуламен берілгенде де аргументтің белгілі бір мәніне сәйкес функцияның мәнін тауып, олардың сәйкестігін көрсету үшін кестені пайдаланған қолайлы.

Мысалы, тәулік бойындағы ауа температурасының өзгерісі кестемен берілген.

t

2

4

6

8

10

12

14

16

18

20

22

24

t0С

-3

-2

0

1

2

3

4

3

2

1

-1

-2

Кестедегі t-уақыт (сағат есебімен) тәуелсіз айнымалы шама (аргумент). t°С - температура (градус °С есебімен) тәуелді айнымалы шама (функция).

Демек, функция кестемен берілгенде кестенің бір жолына аргументтің мәні жазылса, екіншісіне оларға сәйкес функцияның мәні жазылады. Кесте тұрақты қадаммен беріледі.

Кестенің қадамы дегеніміз - аргументтің қатар тұрған екі мәнінің айырмасы. Жоғарыдағы кестенің қадамы 2-ге тең. Кестедегі аргументтің мәндері функцияның анықталу аймағындағы мәндер ғана бола алады.

Функцияның кестемен берілуіндегі ескеретін жағдай аргументтің кез келген мәніне сәйкес функция мәні табыла бермейді. Функцияның кестемен берілуін қолдану, тәжірибелер мен бақылау нәтижелеріндегі шамалар арасындағы өзгерісті көрсету (жазу) үшін қажет.

Функция кестемен берілгенде кестеден аргументтің белгілі бір мәніне сәйкес функцияның бір ғана мәнін (есептеусіз) табуға болады.

Айнымалылардың арасындағы функционалдық тәуелділік график арқылы да берілуі мүмкін. Мысалы, суды қыздырғанда оның температурасының өзгеруі, темір жол бойымен жолаушы поездарының қозғалысы, еңбек өнімділігінің өзгерісі, т. б.

Функцияны графикпен беру үшін тік бұрышты координаталар жүйесі (Декарттық координаталар жүйесі) қолданылады. Тік бұрышты координаталар жүйесінде аргументтің мәндері және оларға сәйкес функцияның мәндері графиктің бойындағы нүктелермен кескінделеді. Нүктенің абсциссасы аргументтің берілген мәні болса, ординатасы аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәні болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет