Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған


«Функцияның шегі және үзіліссіздігі» тақырыбын оқыту әдістемесі



бет44/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

«Функцияның шегі және үзіліссіздігі» тақырыбын оқыту әдістемесі.

1. Функцияның шегінің анықтамасы.

«Функцияның шегі мен үзіліссіздігі» тақырыбын ойлау қабілеттері дамыған жоғарғы сынып оқушыларына түсіндіргенмен, бұл ұғымдарды ғылыми қалыптастыру ерекше әдістемелік шеберлікті қажет етеді. Функцияның шегі мен үзіліссіздігі ұғымдары абстрактілі. Функцияның үзіліссіздігін оқыту нақты мысалдар қарастырудан басталады.

Үзіліссіз және үзілісі бар әртүрлі функциялардың графиктері көрсетіледі. Функцияның шегі мен үзіліссіздігінің анықтамалары көрнекі графиктік кескіндеудің көмегімен беріледі. Функцияның үзіліссіздігін шектің ұғымын пайдаланбай, одан бұрын беруге болады. Кейде керісінше алдымен шек ұғымы енгізіледі. Әрине, әрбір жағдайдың артықшылығы да кемшілігі де бар. Солай болғанмен үзіліссіздікті функцияның шегінен кейін оқытқан ұтымды болады. Бұл ұғымдарды бір-бірінен ұзақ уақыт алшақтатпай оқытқан жөн. Функцияның шегінің анықтамасын берер алдында оқушылармен бірнеше мысал қарастырылады.

1 м ы с а л. f (х) = х функциясын х = 3 нүктесінің аймағында (3- ,3+ ) қарастырайық. Бұл функция барлық сандар осінде анықталған. Таблица құрамыз:



х

2,9


2,99

2,999

3

3,001

3,01


3,1

f(х)

8,4


8,94

8,994

9

9,006

9,06


9,6




Келтірілген таблицадан х-тің мәні 3-ке жақындаған сайын f (х) функциясының мәні 9 санына ұмтылғанын көріп тұрмыз. х аргументінің мәнін 3 нүктесінің аймағынан алғанда f (х) функциясы 9 санының аймағындағы мәнді қабылдайды (мұндағы - мейлінше аз, кезкелген оң сан). 0 < Iх - 3I < теңсіздігін қанағаттандыратын х мәндері үшін Iх - 9I = Ix-3IIx+3I< (6+ ). Енді (6+ ) < болатындай 1> >0 таңдап алсақ, мысалы < , 0 < Iх - 3I < болғанда, Iх - 9I < теңсіздігі орындалады. Бұл жағдайда f(х) функциясының х = 3 нүктесіндегі шегі 9 саны, ол былай жазылады:

Функцияның шегінің анықтамасы:

Егер алдын ала берілген   0 саны үшін   0 саны табылып, функцияның анықталу облысындағы х тің а - дан ерекше барлық мәндері үшін |х - a|   болғанда |f(х) - А|   теңсіздігі орындалса, А саны х а - ға ұмтылғандағы f(х) функциясының шегі деп аталады да былай жазылады:

Бұл анықтамада f(х) функциясының а нүктесінде анықталған болуы талап етілмейді. f(х) функция ха ұмтылғанда шекке ұмтылу үшін оның анықталу облысында а - ға жақын, а - дан ерекше нүктелер болу қажет.

Функцияның шегін есептеуден бұрын, функцияның шегі теориясының негізгі мағлұматтарына тоқталайық. Ақырсыз кішкене және ақырсыз үлкен функциялар.

1. Егер теңдігі орындалса, f(х) функциясы ха ұмтылғанда ақырсыз кішкене функция деп аталады.

2. Егер ; тендіктерінің бірі орындалса, f(х) функциясы х а ұмтылғанда ақырсыз үлкен функция деп аталады.

3. Егер а санының аймағындағы х- тің барлық мәндері үшін А оң саны табылып, /f(х)/  А теңсіздігі орындалса f(х) функциясы х а ұмтылғанда шектелген деп аталады.

2. Функцияның үзіліссіздігі.

Х облысында анықталған х0х нүктесі жинақталу нүктесі болатын у=f(х) функциясын қарастырайық.

1. Анықтама: у= f(х) функциясы х=х0 нүктесінде үзіліссіз деп аталады, егер ол төмендегі үш шартты қанағаттандыратын болса: 1) у = f(х) функциясы нүктесінде анықталған.

2) у = f(х) функциясы ақырлы шегі бар. 3 Егер осы үш шарттың біреуі орындалмаса, у  f(х) функциясы нүктесінде үзілісі бар деп атайды.

2. Анықтама: Егер кезкелген    саны үшін,    саны табылып,   болғанда барлық х-тер үшін   теңсіздігі орындалатын болса, онда f(х) функциясы нүктесінде үзіліссіз деп аталады.



Теорема 3. Элементарлық функция кезкелген анықталған нүктесінде үзіліссіз, Мысалы, у=sіnx функциясы барлық нақты сандар жиынында үзіліссіз. Яғни кезкелген х0 нүктесінде, сол үшінде .

Анықтама: Егер у=f(x) функциясы [a,в] кесіндісінің әрбір нүктесінде және шеткі оң жақтағы нүктесінде, сол жақтағы нүктесінде үзіліссіз болса, онда ол [ ] кесіндісінде үзіліссіз деп аталады. Мысалы: у= функциясының х=0 нүктесінде үзілісті. Шынында, х = 0 функция анықталмаған ; . х - тің, х кез келген мәнінде функция үзіліссіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет