11 - практикалық сабақ.
Тақырыбы: Интегралдың қолданбалы жерлері
Сабақтың мақсаты: Интегралдың қолданбалы жерлеріне есеп шығару.
Тапсырмалар:
«Қисық сызықты трапецияның ауданы» тақырыбына сабақтың конспектісін дайындаңдар.
f(x)=-x функциясы үшін R жиынында алғашқы функциялардың жалпы түрін табыңдар.
f(x)= функциясы үшін графигі М(9;-2) нүктесі арқылы өтетіндей алғашқы функцияны табыңдар.
f(x)=5cosx функциясы үшін алғашқы функциялардың бірін табыңдар.
Әдістемелік нұсқаулар: Интеграл тақырыбын екі әдіспен оқытуға болады:
1.Мектеп оқулығындағы берілген ретпен оқыту.
2.Жоғарғы оқу орнында интегралды оқыту ретімен. Интегралды оқыту мына сияқты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:
1. Білімдік-бағдарламаға сәйкес математикалық білім,білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
2. Тәрбиелік шынайы ғылым дүниетанымдық көзқарасты,жоғарғы ізгі игіліктер мен сапаларды,еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;
3. Дамытушылық-логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;
4. Оқушылардың меңгерген теориялық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді және т.б. мәселелерді шешуде қолдана білу біліктерін қалыптастыру.
Әдебиеттер:
Əбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен
əдістемесі: дидактикалық əдістемелік негіздері. – Алматы, 2013. – 225 б.
Теория и методика обучения математике: общая методика : учеб. пособие / Е. А. Суховиенко, З. П. Самигуллина, С. А. Севостьянова, Е. Н. Эрентраут. − Челябинск: Изд-во «Образование», 2014. − 65 с.
Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: «Отан» баспасы, 2015. -304 бет
Достарыңызбен бөлісу: |