Оқу-Әдiстемелiк кешен



бет1/15
Дата08.09.2017
өлшемі3,21 Mb.
#30171
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

оқу-Әдiстемелiк кешен



«Тіл білімі тарихы» пәні бойынша

Мамандық 5В020500 - «Филология»

Курс 3

Семестр 5

Кредит саны 3

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырған – ф.ғ.к. Доскеева Ш.А.



5В020500 - «Филология» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес (№7 хаттама 01.09.06), типтік бағдарлама («11» 05 2005 жыл №289 бұйрық) бойынша құрастырылды.

Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілген «____»____________2013 ж. № ___ хаттама

Кафедра меңгерушісі: _______________ ф.ғ.к., доцент Төлебаева Қ.Т.

(қолы)


Гуманитарлық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған.

«____»____________2013 ж. №____ хаттама

Төрайым: ______________ Әбенова Г.А.

(қолы)


ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жоғары кәсіптік білім

Жалпы тіл білімі
5В020500 - «Филология» мамандығы бойынша

Еңбек көлемі – 3 кредит (135 сағат)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы – 2005

Алғы сөз
1. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАСАҒАН филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жалпы тіл білімі және қазақ тілі тарихы кафедрасының профессоры Ғ.Қалиев; МАҚҰЛДАҒАН, пайдалануға рұқсат еткен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы оқу әдістемелік бірлестігі.

2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «11» мамыр 2005ж, №289 бұйрығы бойынша бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген.

3. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН..

4. Типтік оқу бағдарламасы 5В020500 - «Филология» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған. «03» наурыз 2005ж, №7 бұйрық.

Бұл типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтіліп таратылмайды.



ТҮСІНІК ХАТ
Ұсынылып отырған бағдарлама құрылымы жағынан да, мазмұны жағынан да едәуір толықтырылып, 2003 жылғы басылымның негізінде шығарылып отыр.

Бұл курстың Қазақстанда ғылыми пән ретінде оқытыла бастағанына онша көп уақыт болған жоқ. Сондықтан болар, басқа кейбір тіл білімі пәндеріндегідей қалыптасқан дәстүрлі, бір ізге түсіп тұрақталған оқу бағдарламасы енді қалыптасып келеді, ал мұндай жағдай тек біздің республикаға қатысты емес, ТМД елдердің бірқатарында солай. Тәжірибелері де, мүмкіндіктері де мол орыс тіл білімінің өзінде де бағдарлама жасалу жетілу үстінде. Осы жағдайларды ескергенде, ұсынылып отырған бағдарламаны да мүлтіксіз деу қиынырақ болар. Ал қиындықтар болса, оқыту тәжірибесінде айқындалып, жүре жөнделер деген үміттеміз.



Бұл пәннен лекция тыңдайтындар – тіл білімінен едәуір дайындықтары бар, тіл білімі мәселелерінен алғашқы мәліметтер беретін «Тіл біліміне кіріспе» атты курс пен қазақ тілі пәнінің теориялық курстарын өткен адамдар. Мұндай мағлұматтардың сөз болып отырған курстың жоғарғы дәрежеде өтілуіне тигізер септігі зор.

«Жалпы тіл білімі» факультет бойынша жүргізілетін тілдік пәндердің бәрінен кейін өтіледі де, ол бірінші жағынан, студенттердің өз мамандықтары бойынша алған білімдерін жинақтап, қортындалау сипатында болса, екінші жағынан, олардың жалпы тіл білімінен теориялық білімдерін жетілдіре, тереңдете түсуді көздейді.

«Жалпы тіл білімі» - тіл білімінің жалпы теориясы. Бұл пәннің алдында қойылатын міндет – тыңдаушыларды тіл біліміндегі негізгі теориялармен қаруландыру, оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, алда тұрған міндеттерінен, шешілген және әлі шешілмеген проблемаларынан жан-жақты мәлімет беру. Тіл білімінің даму тарихында қолданылған, қазір қолданылып жүрген және жаңадан туа бастаған арнаулы әдістер мен әдістемелердің сырларын ашып беру. Тіл білімінің басқа қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар ішінде алатын орнын, олармен байланысын айқындау. Тіл білімін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдармен, тіл білімі мектептерімен таныстыру. Ұсынылып отырған бағдарламада осы мақсаттарды іске асыру көзделеді. Осыған байланысты курсты өткенде төмендегі жәйіттерді ескерген жөн.

Бағдарламаның екінші бөлімінде тіл білімінің көне заманнан бастап, біздің дәуірімізге дейін қалай дамып келгендігін қысқа, шолу ретінде болса да, жүйелі түрде айтып беру көзделген. Бұл тарауды өткенде әр дәуірдегі, әр елдердегі тіл біліміндік ой-пікірдің туып қалыптасуына түрткі болған себептер, ондай ой-пікірлердің өзіндік ерекшеліктері неде, бұрын не бар еді, соңғылар оған не қосты деген тәріздес мәселелердің ерекше ескерілгені жөн. 19 ғасырға арналған тараулар тіл білімінің басқа ғылымдардан бөлініп, өзіндік арнаулы зерттеу әдісі бар дербес ғылым болып қалыптасу процесін ашуға арналған. Бұл тарауды өткенде тіл білімінің дербес ғылым болып қалыптасуына зор әсерін тигізген және алғашқыда оның бірден-бір зерттеу әдісі ретінде танылған салыстырмалы-тарихи әдістердің пайда болу себептерін, ол әдісті қолданушылардың алға қойған мақсаттарын саралап ашу керек. Әдетте, тіл білімінің 19 ғасырға дейінгі кезеңдері ғылымға дейінгі дәуір деп атаса, 19 ғасырдан бергі тарихы ғылыми дәуір деп аталады. Бұл дәуірдегі тіл біліміндік ой-пікірдің қамтыған обьектілері жағынан да, теориялық тереңдігі жағынан да өткен дәуірлерден көп ілгері кеткендігін жан-жақты ашып көрсеткен жөн. бірақ 19 ғасыр тіл білімінің бұрынғыларға қарағанда көп ілгері кеткендігін айтумен қатар, оның осы дәуірдің екінші жартысында дүниеге келген әр түрлі тілдік мектептердің тууына түрткі болған осал жақтарын да жан-жақты көрсеткен жөн.

Тіл білімі тарихында елеулі бір кезең, жаңа бағыт туғызғандардың бірі – жас грамматикалық (младограмматизм) бағыт. Бұл бағыт көптеген кемшіліктері бола тұрса да, тіл білімін бір саты ілгері көтерді, оның болашағына елеулі ықпал жасады. Қазіргі замандағы тіл білімі проблемаларының біразы сол жас грамматикалық бағыт негізінде туып, қалыптасты. Сондықтан 19 ғасыр тіл білімі сөз болғанда жас грамматикалық мектептің жетістіктері мен кемшіліктері жете ашыла түсуі қажет.

Курсты өту үстінде лектордың көңіл аударатын бір мәселесі – жалпы тіл біліміне Кеңес тіл білімінің қосқан үлесі, алатын орны деген мәселе. Бұл бағдарламалық материалдарды өту барысында лайығына қарай сөз болып отыруы керек.

Курсқа оқу жоспарында берілген сағаттың жартысынан көбі лекция түрінде өтілмекші. Берілген сағатты тақырыпқа бөлуде жергілікті жағдайда, қолда бар материалдың ыңғайына қарай бірді-екілі айырмашылығы болуы мүмкін. Кафедраның шешімімен кейбір қиын да мәнді тараулардан семинар сабақтар өткізілсе де артық болмайды. Студенттердің негізгі әдебиеттерімен (түп нұсқадағы) мұқият танысып отыруына, тестілік сауалдармен жұмыс істеуіне мән беру қажет.

Курстың тіл теориясынан басталатын алғашқы бөлімінде қазіргі заман тіл білімінің негізгі бағытын, алда тұрған күрделі проблемаларын айқындауға арналған.

Жалпы тіл білімі ғылымының, соның ішінде тіл туралы ғылымның да дамуы бұрын белгісіз тың обьектілерді, проблемаларды, зерттеудің жаңа амал-тәсілдерін туғызатыны, осы қағидаға сәйкес 20 ғасырда туып қалыптаса бастаған тіл біліміндегі әдістер, олар жөніндегі әр түрлі көзқарастар жинақталып түсіндіріледі.

Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысын өткенде, оның кең өрістелгеніне, ғылымның әр саласымен байланысып жататынына қарап, тіл білімін өзіндік дербестігі жоқ, басқа ғылымдарға қосымша нәрсе екен деп түсінбейтін болуы қажет. Ол үшін тіл білімімен қарым-қатынасқа келетін ғылымдардың тілдің қай мәселесін зерттейтіні және оны қандай дәрежеде, қандай мақсат үшін зерттейтіні ашылып, тілдік зерттеумен, тіл білімі мақсатымен салыстырма түрде берілгені жөн.

20 ғасыр тіл білімін сөз еткенде ерекше көңіл аударатын нәрсе осы дәуірде туып, етек алған тілдің жүйелік, структуралық сипаты, таңбалық қасиеті жөніндегі жаңа пікірлер мен түсініктер, ішкі және сыртқы тіл білімі дегендердің сырлары болмақ. Батыс тіл білімінде пайда болған жаңа соссюряндық, жаңа гумбольттық бағыттар жайы, олардың тіл біліміне қосқан үлесі ашылуы керек.


КІРІСПЕ
Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні. Жалпы тіл білімі дыбыс тілі атаулының барлығына тән ортақ мәселелерді ортақ заңдылықтарды сөз ететін. Зерттейтін нысаны – жалпы тілдік болғандықтан, одан шығатын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория екені. Курста қамтылуға тиісті негізгі мәселелер:

1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, сөйлеумен, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.



2. Тілдің құрылымы, құрылымдық элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы.

3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.

4. Тілдің деңгейлері. Грамматикалық категориялар.

5. Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы жағдайлар, тілдер дамуында болатын дифференциялық (даралану), интеграциялық (жақындасу) процестер, жалпыхалықтық тіл, диалект, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, тілдік одақ т.б.

6. Тілдердің типологиялық, генеалогиялық топтары, жіктелісі.

7. Тіл білімінің зерттеу әдістері.

8. Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны.

9. Тіл білімінің тарихы, ондағы басты кезеңдер.

10. Тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер екендігі.

Зерттеу сипатына қарай қазіргі заман тіл білімі қолданбалы, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, структуралық, ареалдық, математикалық т.б. тіл білімі болып бөлінетіні.

Жалпы тіл білімінің әлемдік ғылымда теориялық саласы ретінде танылуы – 19 ғасырдың басында, салыстырмалы – тарихи әдістің тіл білімінің зерттеу әдісіне айналуы нәтижесінде қалыптасқаны. Ол әлемдік тілдердің универсалды, барлығына ортақ мәселелерін зерттеп, соның негізінде жалпы тілдік теорияны қалыптастырғаны. Сондықтан жалпы тіл білімі бүкіл тіл ғылымының бағыт – бағдар сілтейтін жетекші, бағдарлағыш ғылым деп есептелінетіні.

Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен де, табиғаттану ғылымдарының алуан түрлі салаларымен де, философия ғылымымен де байланысты екені.

Тіл - өзінің пайда болуы, дамуы жағынан адамзат қоғамымен тікелей байланысты қоғамдық құбылыс, ол – қоғамда аса маңызды қарым-қатынас құралы қызметін атқарады. Сонымен бірге тіл, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық санамен, ойлаумен тығыз байланысты. Сол себепті тіл білімі адамды, адамзат қоғамын зерттейтін қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдарға жататыны.

Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай жіктеушілік бар екені. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б. жататыны.


І. ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.

2. Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұл екеуінің ара қатынасы, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар.

3. Тілдің табиғаты және мәні. Тіл табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жататыны, мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жататыны. Бұл мәселелерді шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің, бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсініктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны.

Кеңес тіл мамандары басшылыққа алған қағидалар.

4. Тіл мен сөйлеу. Бұл екеуі арасындағы бірлік және өзгешеліктер. Сөйлеуде болатын индивидуалдық сипаттар. Сөйлеудің психологиялық жақтары, пайда болу жолдары. Тіл тіршілігі, оның дамуы, өз мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алуы сөйлеуге байланысты екені, сөйлеу тілдің жаны болып есептелетіні. Сөйлеу әрекеті мәселесін шешуде тіл білімі мен психология ғылымдарының өзара байланыста екені. Тіл мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынастарды айқындауда Ф.де Соссюр заманынан бері қарай болып келе жатқан пікір таластары.

5. Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас. Бұл проблеманың замандық тарихы барлығы. Бұл екеуі арасындағы қарым-қатынасты айқындаудағы әр түрлі көзқарастар: екеуін тепе-теңдік бірлікте қарау, бұлардың арасында ешқандай бірлік жоқ, екеуі екі түрлі ғылым обьектілері деушілер.

6. Тілдің жүйелік, структуралық сипаттары. Бұл екі термин жөніндегі көзқарастар. Тілдің структуралық элементтерін зерттеу мен структурализм. Бұл екеуі арасындағы өзгешеліктер. Тілдің структуралық салалары, олардың әрқайсысының өзіндік сипаттары, арақатынастары, жүйенің анықтылығы, оның мәні. Жүйе элементтері арасында жүйесіздіктің де болатыны.

7. Тілдің таңбалық сипаты. Жалпы семиотика мен тілдік семиотика. Таңба, оның түрлері: графикалық, акустикалық, заттық, ақша таңбалары мен нұсқау. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Тілдік таңбалар, олардың түрлері мен функциялық ерекшеліктері. Семиотиканы сипаттаудағы философтардың арасындағы қайшылықтар.

8. Тіл және қоғам. Социологиялық тіл білімі, оның обьектісі. Дыбыс тілінің пайда болуы, бұған байланысты көзқарастар. Тіл және этникалық бірлік. Дүние жүзіндегі тілдердің сандық шамасы мен жіктелу түрлері. Тілдердің бір-біріне қосылу (интеграция) және бір-бірінен бөліну (дифференциация), жекелену процестері, бұлардың қоғаммен, қоғамдық формациялармен байланысы, соңғыларының тілге тигізетін әсері мен ықпалы. Билингвизм, оны туғызатын себептер, әлемдік тілдің болу қажеттігі, бұл жөніндегі пікірлер, әрекеттер.

Тілдің функциялық, аймақтық, әлеуметтік типтері, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Әдеби тіл. Тілдік дәстүр (узус) және әдеби тіл нормасы.

9. Тілдің даму заңдылықтары. Бұл мәселеге байланысты айтылып жүрген пікірлер. Тіл дамуының өзіндік заңдылықтары. Тілдік өзгеріске әсер ететін ішкі және сыртқы себептер. Тілдің функциялық және структуралық салаларының дамуының біркелкі болмайтыны, оның себептері лексиканың, фонетиканың, грамматиканың дамуындағы өзгешеліктерге байланысты екен. Тілдің қай саласында болса да тұрақты тұлғалар мен тұрақсыз, өзгерімпаз тұлғалардың болатыны.

10. Тіл деңгейлері. Олардың қалыптасуындағы негізгі шарттар, тіл деңгейлерінің түрлері жайындағы пікірлер.

11. Грамматикалық категория. Ол жайындағы пікірлер, қалыптасу шарттары, грамматикалық категорияның қалыптасуында формаға қарағанда грамматикалық мағынаның шешуші қызмет атқаратыны туралы пікірлер.


ІІ. ТІЛ БІЛІМІ ТАРИХЫ
Тіл білімі тарихы обьектісі. Тіл білімі тарихын дәуірге бөлу проблемасы.

1. Ежелгі заман тіл білімі. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар. Филологияның тууына түркі болған себептер. Ежелгі заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.

Ежелгі қытай тіл білімі. Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматика. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшеліктері.

Ежелгі үнді тіл білімі. Оны туғызған себептер. Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні. Үндістан тіл білімінің тіл білім тарихындағы орны, маңызы. Ол жөнінде пікірлер. Үнді тіл білімінің кемшіліктері мен әлсіз жақтары.

Байырғы грек тіл білімі. Мұны туғызған себептер. Грек тіл білімінің қалыптасуындағы философтардың рөлі. Грек тіл білімінің негізгі обьектілері: атау теориясы, тілдің шығуы, грамматикалық өнер. Бұл салаларға байланысты айтылған негізгі тұжырымдар, олардың әлді, әлсіз жақтары. Александрия тіл мектебі, оның көрнекті өкілдері. Бұл мектеп грек тіл мектебі, оның көрнекті өкілдері. Бұл мектеп грек тіл білімінің кейінгі дәуірлерде тіл білімі дамуына тигізген әсері мен ықпал еткенін білдіретін..

2. Орта ғасыр тіл білімі. Бұл дәуірдің ерекшеліктеріне қысқаша шолу. Әлемдік діндердің, канондық тілдердің пайда болуы, бұлардың тіл біліміне тигізетін әсері. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік, номиналистік бағыттар. Орта ғасыр лингвистикасына тән негізгі сипаттар.

Орта ғасырдағы Рим тіл білімі. Рим тіл білімінің грек тіл білімімен бірлігі мен оған қосқан үлесі. Латын тілінің канондық тілге айналуы, оның грамматикасының бүкіл Еуропа халықтары тілдерінің грамматикасына үлгі болуы. Орта ғасырдың соңғы кездеріндегі грамматикалық туындылар.

Орта ғасырлық араб тіл білімі. Арабтардың ежелгі заман тіл білімін пайдаланып, тіл білімін дамытуы. Арабтардың тіл зерттеуіндегі өзіндік бағыттары, тың жүйелері. Араб ғалымдарының шет тілдерін зерттеу тәжірибелері, тіл білімі тарихында бірінші болып әр түрлі тілдік фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу әдістерін қолданғаны. Олардың түркі, маңғол, парсы, араб тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін, грамматикалық очерктерін жазғаны. Бұған түркі тайпаларынан шыққан ғалымдардың қатынасқаны. Ислам дінінің тарауына байланысты араб тілінің канондық сипатқа ие болғаны.

3. Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі. Бұл дәуірдің өзіндік сипатына қысқаша шолу. Жаңа жерлердің, бұрын белгісіз халықтар мен тілдердің ашылуы, соның негізінде тіл білімінің жаңа сипатта дамуы. Бұл дәуірдегі тіл білімінің негізгі проблемалары: а) ұлттық тілді қалыптастырып дамыту, ә) жаңадан ашылған тілдерді үйреніп зерттеу, б) ежелгі заман тіл біліміндегі ой-пікірді, филологияны дамыту. Ұлттық сезімнің оянуына байланысты ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті, әдебиетті дамытуға күш жұмсау. Салыстырмалы сөздіктердің, грамматикалық еңбектерінің көбеюі.

Тілдік зерттеулердің бұрын болмаған жаңа түрлерінің көріне бастауы, логикалық бағыттың күшеюі, логикалық (рационалдық) грамматикалардың жарық көруі. Пор – Рояль грамматикасы, оның өз заманындағы мәні, әсері. Тіл біліміндегі универсиализм бағытының кейінгі дәуірлердегі дамуы.

4. 19 ғасыр тіл білімі. Онда 17-18 ғ. Тіл біліміндегі ой-пікірдің әрі қарай тереңдеп дамығаны.

1.Әр түрлі тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеу бағытының біртіндеп көріне бастауы, соның нәтижесінде тілдердің өзара туыстас, төркіндес болатындығы туралы пікірлердің тууы. Мұндай пікірлердің кейінгі дәуірде дүниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл біліміне негіз болғаны. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Оның обьектісі, көздейтін мақсаты. Тілдер туыстығына негіз болатын тілдік материалдар. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңі. Бірінші кезеңнің, яғни салыстырмалы-тарихи әдістің, қалыптасу кезеңнің өзіндік сипаты. Оны қалыптастыруда Ф.Бопп, Р.Раск, Я.Гримм, А.Востоков, В.Гумбольдтың алатын орны. В.Гумбольдтың тіл философиясы, Тілдер семьясы, праязык (ата тіл) теориялары. Бұл әдістің қалыптасу кезеңіндегі жетістіктер мен кемшіліктер. Марксизм классиктерінің салыстырмалы-тарихи біліміне, оның кейбір көрнекі өкілдеріне берген бағалары.

Компаративистика дамуының екінші кезеңі. Бұл дәуірдің өзіндік ерекшелігі, алдыңғы дәуірден өзгешелігі, көрнекті өкілдері: К.Бругман, Б.Дельбрюк, А.Мейе т.б.

Салыстырмалы – тарихи тіл білімінің үшінші кезеңі, яғни қазіргі замандағы жай-күйі. Бұл дәуір компаративистиканың ең жетілген, кемшіліктерден едәуір арылған кезең екендігі.

19 ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар. Олардың дүниеге келтірген себептері.

а) Натуралистік – биологиялық бағыт. Бұл бағыттың өзіндік концепциялары. Көрнекті өкілдері. Зерттеген негізгі проблемалары, қателіктері.

ә) Логика – грамматикалық бағыт. Көрнекті өкілдері. Көтерген проблемалары. Әлсіз жақтары.

б) Психологикалық бағыт. Даралық (индивидуалдық) және әлеуметтік психологизм. Бұлардың негізгі концепциялары. Психологиялық тіл білімінің қазіргі заман тіл біліміндегі орны.

в) Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм). Қалыптасқан мерзімі, көрнекті өкілдері, негізгі концепциялары, тіл білімі дамуына қосқан қомақты үлесі, әлсіз жақтары, қате тұжырымдары.

Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері. Бұлардың көрнекті қайраткерлері. Ұстанған негізгі бағыттары. Зерттеген проблемалары.

5.20 ғасыр линвгистикасы. Оның жас грамматикалық бағытқа қарсы айтыста туып дамығаны. Жас грамматизм бағытына қарсы күресте қалыптасқан тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер: сөздер мен заттар, эстетикалық бағыт, неолингвизм, социологиялық және этнолингвистикалық бағыттар. Бұлардың әрқайсының өзіндік бағыттары, проблемалық негізгі обьектілері. Ғылыми табыстары мен әлсіздіктері.

Көрнекті қайраткерлері.

20 ғасыр тіл білімінде Ф.де Соссюр концепцияларының тигізген әсері мын ықпалы. Ол көтерген және өзінше шешкен мәселелердің қазіргі заман тіл білімінің де маңызды проблемалары болып келе жатқаны.

Структурализм, оның тіл білімінде алатын орны, негізгі концепциялары мен ұстанған бағыттары. Структурализмнің негізгі мектептері: Прага мектебі, Копенгаген мектебі, дескриптивтік (Йельск) мектеп. Бұлардың көрнекті қайраткерлері, зерттеген проблемалары.

Кеңес тіл білімі. Оның маркстік философия қағидаларына сүйенгені, сонны өзіне методологиялық негіз еткені. Кеңес тіл білімінің алғашқы дәуірі, бұл дәуірдің тіл білімі алдында қойған негізгі міндеттері. Н.Я.Маррдың «Тіл туралы жаңа ілімі», оның негізгі концепциясындағы қателіктер. 1950 жылы «Правда» газеті ұйымдастырған еркін айтыс. Кеңес тіл білімінің әлем тіл біліміне қосқан үлесі.


ІІІ. ТІЛДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Лингвистикалық әдіс туралы ұғым. Жалпы лингвистикалық және арнайы әдістер. Салыстырмалы – тарихи әдіс, құрылымдық әдіс, олардың мақсаты.

Сипаттама әдісі. Оның мақсаты, міндеттері.

Тілдік эксперимент жасау әдістемесі.

Таксономиялық (тілдегі ұқсас құбылыстарды салыстыру) әдіс, оның мәні.

Тілдік генетикалық әдіс, оның мәні. Қазіргі тіл фактілеріне сүйене отырып, көне тұлғаларды қалпына келтіру (ішкі реконструкция) әдісі. Этимологиялық талдаудың принциптері.

Типологиялық (салғастырмалы) әдіс, оның мәні.

Типологиялық зерттеулердегі бағыттар мен міндеттер.

Лингвистикалық талдау әдістемесі. Тіл модельдерін жасау әдістемесі. Тіл біліміндегі математикалық әдіс. Тілді статистика тұрғысынан зерттеу әдістемесі және жиілік сөздіктері. Тілдің лингвистикалық география әдістемесі. Тілдік стилистикалық талдау тәсілдері, компоненттік әдіс.


ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Төменде негізгі тақырыптар бойынша үлгі ретінде студенттердің семинар сабақтарында жасайтын баяндамалары мен өз бетінше орындалатын рефераттардың тақырыптары беріліп отыр. Оларды оқытушы өз жағдайына қарай өзгертіп, түрлендіруіне, практикалық жұмыстардың басқа түрлерін пайдалануына болады.
1.Жалпы тіл білімі, оның обьектілері мен проблемалары тақырыбы бойынша:

1.Жалпы тіл білімі, оның зерттейтіні, қарастыратын мәселелері.

2.Жалпы тіл біліміндегі «тіл» және «сөйлеу» проблемасы.

3.Тіл білімін зерттеудің практикалық мәні.


2.Тіл білімінің басқа ғылыми салаларымен байланысы тақырыбы бойынша:

1.Тіл білімінің қоғамдық ғылымдармен байланысы және онда алатын орны.

2.Тіл білімінің жаратылыстану ұғымдарымен байланысы.

3.Тіл білімінің 20 ғасырда туған ғылым салаларымен байланысы.


3. Тіл және қоғам тақырыбы бойынша:

1. Тілдің қоғаммен байланысынан туатын тілдік жағдайлар (ситуация).

2. Ұлттық сипаттың тілдегі көрінісі, тіл этникалық белгі екендігі.

3. Әлеуметтік тіл білімі, оның қарастыратыны.


4. Тіл мен ойлау тақырыбы бойынша:

1. Тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы.

2. Тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы жөніндегі марксшілдердің көзқарастары.

3. Ойлау процесі дамуының тілге әсерін зерттеу аспектілері.


5. Тілдің жүйелік сипаты тақырыбы бойынша:

1. Тіл жүйелі құбылыс, жүйелер жүйесі.

2. Тіл жүйесіндегі диахрондық, синхрондық қалыптар.

3. Тіл жүйесіндегі прадигматикалық қатынастар.

4. Тіл жүйесіндегі синтагматикалық қатынастар.
6. Тіл таңбалық жүйе тақырыбы бойынша:

1. Тілдік таңбалардың өзіндік ерекшелігі.

2. Тілдік таңбалардың жүйелік сипаты.

3. Тілдік таңбалардың екі жақтылығы.

4. Ақпарат хабарлардың сөз түрінде берілмейтін түрлері паралингвистика, паракинесика туралы.
7. Тіл деңгейлері тақырыбы бойынша:

1. Тіл деңгейлері туралы жалпы түсінік. (Тіл жүйесіндегі «қабаттар» (ярусы).

2. Тіл деңгейлерін қалыптастыру принциптері.

3. Тіл деңгейлерінің түрлері, олардың әрқайсысының ерекшелігі, бір-бірімен байланысы.


8. Грамматикалық категориялар тақырыбы бойынша:

1. Грамматикалық категория және оның мәні.

2. Грамматикалық категориялардың тіл жүйесіне қатысы.
9. Тілдің дамуы мен қызметі тақырыбы бойынша:

1.Тіл дамуының шарттары мен себептері.

2.Тіл дамуының диахрондық, синхрондық аспектілері.

3.Тіл дамуына әсер ететін сыртқы жағдайлар.

4.Тілдің ішкі құрылымдық даму заңдары.

5.Тілдің функциялық қызметі.


10. Ежелгі дәуір тіл білімі тақырыбы бойынша:

1. Ежелгі қытай тіл білімі.

2. Ежелгі үнді тіл білімі.

3. Ежелгі грек тіл білімі және грек философиясы.


11. Орта ғасырлардағы тіл білімі тақырыбы бойынша:

1. Орта ғасырлардағы тіл білімінің даму жайы.

2. Араб тіл білімі.

3. Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі.


12. 19 ғасыр тіл біліміндегі бағыттар тақырыбы бойынша:

1. 18-19 ғасыр тіл білімінің зерттелу жайы.

2. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы мәні, кемшілігі.

3. Салыстырмалы-тарихи әдіс және тілдердің генеологиялық топтастырылуы.

4. В.Гумбольдт және тіл философиясы.

5. Типологиялық тіл білімінің қалыптасуы (Фрид. Шлегель, Авг.Шлегель, В.Гумбольдт т.б.)

6. М.Қашқари еңбегі түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеудің алғашқы үлгісі.
13. 19 ғасыр тіл біліміндегі бағыттар тақырыбы бойынша:

1. Тіл біліміндегі логикалық бағыт.

2. Тіл біліміндегі психологиялық бағыт.

3. Тіл біліміндегі натуралистік бағыт.

4. Жас грамматиктер бағыты.
14. 19 ғасыр лингвистикалық мектептер тақырыбы бойынша:

1. Мәскеу лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.

2. Қазан лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.

3. Женева лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.

4. Ф.де Соссюрдің тіл білімі туралы теориялық тұжырымдары.
15. 20 ғасыр тіл білімі және структурализм тақырыбы бойынша:

1. 20 ғ.тіл біліміндегі бағыттар.

2. Неолингвизм мектебі.

3. Социологиялық мектеп.

4. Эстетизмдер мектебі.

5. Структуралық тіл білімі.

6. Прага мектебі.

7.Копенгаген мектебі.

8. Дескриптік мектеп.
16. Кеңестік тіл білімі тақырыбы бойынша:

1. 20 ғасырдағы Кеңес тіл білімі.

2. Кеңес тіл білімінің негізгі ерекшеліктері.

3. Грамматика саласының зерттелуі.

4. Лексикология, лексикография салаларының зерттелуі.

5. Тіл тарихы, диалектология салаларының зерттелуі.

6. Қазіргі кезде қазақ тіл білімінің даму сипаты.
Семинар сабақтарында бұдан басқа алдын-ала даярлаған тестілік сұрақтармен және тілдің табиғи мәнісі, жүйесі, структуралық құрылымы, дамуы, функциялық қызметі, тіл табиғатындағы әр түрлі кезеңдер туралы тақырыптармен жұмыс істеу көзделеді.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Амирова Т.А., Ольховиков Б.А., Рожденственский Ю.В. Очерки по истории лингвистики. М., 1975.

2.Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985.

3. Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1958.

4. Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979.

5. Бодуэн де Куртенэ И.А.Избранные труды по общему языкознанию. Т.1-2. М., 1963.

6. Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984.

7. Звегинцев В.А. Внутренние законы развития языка. М., 1954.

8. Кодухов В.И. Общее языкознание. М., 1974.

9. Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. А., 2004.

10. Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990.

11. Мейе А. Сравнительный метод в историческом языкознании. М., 1954/

12. Методы лингвистических исследований. М., 1973.

13. Общее языкознание. М., 1970, 1972; М., 1973.

14. Хрестоматия по истории языкознания ХІ –ХХ веков. Құрастырған Звенинцев В.А. М., 1956.

15. Чикобава А.С. Проблема языка как предмета языкознания. М., 1959.

16. Щерба Л.В. Избранные работы по языкознанию и фонетике. Л., 1958.

17. Языковые универсиалии и лингвистическая типология. (мақалалар жинағы). М., 1969

Авторы: ф.ғ.д., профессор Ғ.Қалиев.



ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»

Гуманитарлық факультеттің

деканы, ф.ғ.д. ______________Ш.Б.Сейітова

«_____» ___________2013 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет