ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Бұзаулардағы жұқпалы емес ас қорыту жолдарының аурулары анықтау тәсілдері және арнайы ветеринариялық іс шаралар



бет39/190
Дата21.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#70367
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190
Байланысты:
5176b30c-1230-11e7-a320-ad114c4c9815Айжан

4. Бұзаулардағы жұқпалы емес ас қорыту жолдарының аурулары анықтау тәсілдері және арнайы ветеринариялық іс шаралар

Қарындардың аурулары ірі қаралар арасында жиірек, ал ұсақ малдар арасында сиректеу кездеседі. Қарындардың жиырылу қызметін бұзатын рефлекстерді қатпаршақтың, ұлтабардың барорецепторларын, аш ішектің химорецепторлерін ұзақ және әдеттегіден қаттырақ қоздыру әсерлері, сонымен қатар тақия қарынның жарақаттан ауырсыну реакциясы тудыруы мүмкін. Қарындар жиырылуының рефлекторлы түрде босаңсуы малдың буаз күндерінде, ортаның қызуы көтерілгенде және басқа да үрейлердің әсер етуінен пайда болуы мүмкін. Қарындар ауруларын тудыратын негізгі себептер қатарына олардың жиырылу қызметінің бұзылуын жатқызады. Олардың механо, термо және хеморецепторлары күшті тітіркенуден өзгергенде мес қарынның жиырылуы әлсірейді, күйіс қайтаруы бұзылады, соның салдарынан месқарындағы азықтың қорытылуы нашарлайды, рН өзгеріп қышқылданады, микробтардың әсерінен жын ыдырайды да уыттар құрылады. Уыттар және басқа да ферментация әсерінен пайда болған жадығаттар мес қарында, ұлтабарда және ішектерде денеге сіңіп организмге зияндық әсерін тигізеді. А.А.Фадеев, Л.В.Панышев және В.В.Полякин қарындардың жиырылу процестерінің бұзылуын дистония деп атауға ұсыныс енгізді. Басалқы дистонияға мес қарынның мынадай аурулары (іш кебудің жіті және созылмалы түрлері; атония және гипертонияның жіті және созылмалы түрлері; жіті гипертония; парез), тақия қарынның (жарақаттан пайда болған ретикулит және ретикулоперитонит) және қатпаршақтың (ластануы) жатады. Қосалқы түріне жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару және жүйке жүйелері ауруларының салдарынан пайда болатын дистониялар жатады. Қосалқы түрі негізгі аурулардың қосымша белгілері ретінде қаралады. Дистонияның қай түрі болмасын, мес қарынның жиырылу күшінің бұзылу деңгейін, дәлірек, руминография әдісімен, тұспарлап қолмен анықтайды. Қарындар жиырылуының бұзылуын жай, шартты түр ретінде гипертонияға, гипотонияға және атонияға бөледі. Егер мес қарынның жиырылуы күшейсе, оны гипертония, бәсеңдесе гипотония,ал жиырылуы сезілмеген жағдайда атония деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет