ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет59/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org

1928 жылы I бүкілқырымдық ғылыми конференцияда әдеби қырым татар тілінің негізіне бірауыздан қыпшақтық типтен оғыздық типке өткен орта диалект қабылданды.
1929 жылдың тамызында Симферполь қаласында болған II бүкілқырымдық ғылыми-орфографиялық конференцияда әдеби қырым татар тілінің болашақ тағдырын шешуші үш негізгі мәселе талқыланды:
1) қырым татар әдеби тіліні даму жолдары;
2) қырым татар әдеби тіліндегі терминология мәселелері;
3) қырым татар әдеби тіліндегі орфография.
«Әдеби қырым татар тілінің даму жолдары туралы» атты тақырыпқпен негізгі баяндамамен Мамүт Недим шықты. Өзінің баяндамасында М. Недим қырым татар тілін қырым татар халқына түсініксіз басқа тілдерден келген кірме сөздерден, әсіресе араб, парсы және түрік сөздерінен тазарту жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Қырым татар тілінде жаңа терминдерді жасау мәселелері бойынша II бүкілқырымдық ғылыми конференцияда А. Лятифзаде баяндамамен шықты. Баяндамашы жаңа терминдердің жасалу барысында ана тілінің лексикалық байлығын, оның сөзжасамдық мүмкіндіктерін, диалекті сөздерін, халықаралық терминдер мен орыс тілінен кірме терминдерді қолдануды ұсынды.
Қырым татар тілінің лексикалық құрамымен сөзжасам құралдарын қолдана отырып, жаңа терминдер жасалынды, мысалы: къаназлыкъ- қаназдық, нефесёл – тыныс жолы және т.б. «Өңеш» түсінігін түсіндіру үшін А. Лятифзаде солтүстік диалектінің «энъеч» сөзін қолдануды ұсынды [16]. III бүкілқырымдық ғылыми конференция 1934 жылы Симферполь қаласында 15-20 қазан аралығында өтті.
Бұл конференцияда «әдеби қырым татар тілінің даму жолдары туралы» атты тақырыптағы негізгі баяндамамен Р. Александрович шықты. Ол әдеби қырым татар тілінде орыс тілінің кірме сөздерін, ғылыми-техникалық терминдерді қолдануды ұсынды, қырым татар тілінде оқулықтар, сөздіктер мен оқу құралдарын басып шығаруға мемлекеттік мекеменің бақылауын енгізуге кеңес берді. Р. Александровичтің нұсқауын орындау нәтижесінде қырым татар әдеби тіліндегі қырым татар тілімен игерілген араб және парсы кірме сөздері қысқа мерзім ішінде орыс сөздерімен алмастырылды.
1935 жылдың Қырым тілдік экспедициясының меңгерушісі Н.К. Дмитриев өзінің есебінде қырым татар әдеби тілінің дамуының өзіндік ерекшелігі ол ескі араб, парсы сөздерін кеңестік және халықаралық сөздермен алмастыру болып табылады деп жазды.
Жаңа қырым татар тілінің» кезеңі қырым татар әдеби тілінің негізгі оңтүстік (оғыздық) диалектісінің Қырымның ортақ жолағындағы (орта ёлакъ) аралас диалектісіне ауысуымен, сонымен қатар қырым татар тілінің көне араб және парсы сөздерінен тазартылумен сипатталады.
Әдеби қырым татар тілінің дамуының ерекшелігі диалектілердің және сөйленістердің кең көлемде қолдануы болып табылады, сонымен қатар басқа түркі тілдерінен кірме сөздерді алу, бұл бірінші кезекте, әсіресе, Орталық Азия республикаларында және Қазақстанда туылған жас жазушылар мен ақындардың тілінде анық байқалады. Қазіргі уақытта қырым татар зиялыларының арасында әдеби қырым татар тіліннің әрі қарай дамуы туралы қызу талқылаулар өрбуде.
Қоғамдық саяси қайраткерлер (әсіресе, оңтүстік диалектінің өкілдері) әдеби қырым татар тілінің негізгі диалектісін қайта қарастыруға талап етуде және оғыздық нұсқаға оралуды ұсынады.
Дегенімен олар өздерінің ауызша және жазбаша сөздерінде түрік сөздерін кең қолданады. Қырым татар ғалымдарының, жазушыларының, журналистерінің, ақындарының және қоғам қайраткерлерінің негізгі құрамы қырым татар әдеби тілінің негізгі базасының сақталап қалуын талап етуде және өздерінің байырғы сөздері тұрғанда өз ана тілінің жаңартпалармен ластануына жол беруге қарсы. Қырымдағы әдеби тілде үстемдік етуге аталмыш екі тілдік бағыттың күресінің жеткілікті ұзақ тарихы бар.
XX ғасырдың басында А.Н. Самойлович былай жазды: «Қырымда екі басты диалектінің бар болуы жергілікті әдеби тілдің тағдырына теріс сипат әкелді»..., Қырым татар әдеби тілі үшін базалық диалектіні қайта қарастыру туралы пікірталастар әлі де бой көрсетіп тұрады.
Бүгінгі таңда қырым татар тілін өркендетудің басты саласы, ол – әлеуметтік сала. Оған жататтындар: қажетті көлемде мектептер ашу, газет-жураналдардың тиражын көбейту, көркем әдебиеттер шығару. Аталған мемлекеттегі тілдің деңгейін, комуникативтік тілдің қуаты мен демографиялық жағдайын анықтау қажет.
Қырым татарларының бүгінгі күндегі әлеуметтік деңгейіне келсек, 1941 жылы Қырымды немістер жаулап алғанға дейін мемлекеттік тіл статусы болды. Бірақ қырым татар халқын күтіп тұрған ең ауыр зұлмат әлі алда еді. 1944 жылы оларды немістерге жақтастыңдар деп, түгелдей Сібірге, Орта Азияға қоныс аудартып жіберді. Сол кезден бастап Қырымда бірде-бір ұлты татар адам қалған жоқ, ал тілі тіпті жойылудың азақ алдында болды.
Өзге жерлерге көшірілген халықтың жарымына жуығы аштық пен аурудан көз жұмды. Тек 1989 жылы ғана олар туған жерге қайтуға мүмкіндік алды 1992-1998 жылдар аралығында заң қайта қаралып, украйын, орыс тілдері секілді бұрынғы мәртебесіне қайта ие болды. 1996 жылғы Украйна заңдарына және 1998 жылғы Автономды Қырым республикасының заңына сәйкес аз ұлттар тілі мәртебесін иеленді. Қырым татарларының бұрынғыдай мемлекеттік тіл мәртебесін алуы үшін оларда жеке мемлекет болуы керек, сол жағдайда ғана олар өздерінің мемлекетік тіл статусын ала алады. Ал бүгінгі күнде бұл тіл алға қадам басып, өзінің комуникативтік қызметін қалпына келтіруге қадам басуда. Осы негізде қазіргі таңда қырым татар тілінің төмендегідей әлеуметтік өзгеру деңгейі байқалады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет