ОқУ-Әдістемелік кешені құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы М. Т. Уразбаев


Лекция 12 Тақырыбы: Оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыру



бет24/47
Дата07.02.2022
өлшемі140,85 Kb.
#94611
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
8e11d7de-3c0d-11e3-9713-f6d299da70eeуправ 13-14 Уск

Лекция 12
Тақырыбы: Оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыру

Жоспары:


  1. Қазіргі мектептегі дене тәрбиесі.

  2. Биологиялық және педагогикалық факторларға негізделген қозғалыс.

  3. Қозғалыс қызметінің қалыптасуының неізгі үш шарты.

  4. 6-7 мен 14-16 жастағы балалардың қозғалыс қимылына үйрету.

  5. Қозғалыстың жасалу біліктілігі.


Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Қазіргі талаптарды ескере отырып, мектептегі дене тәрбиесі міндеттерін толық және табысты шешу үшін табиғиортаны және адамның қозғалыс қызметі жағдайларын жақсы зерттеу қажет болады. Осы мәселенің маңызды бөліктерінің бірі – мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларын дамытудың педагогикалық аспектілерін зерттеу. Үйлесімділігі жөнінен күрделі қозғалыстарды адамның орындауы,оларды басқара отырып,бір қозғалыстан екіншісіне ауысуы, қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына сәйкес жаңа қозғалыс қимылдарды жылдам жасау қабілеттілігі – бұлардың бәрі де биологиялық және педагогикалық факторларға негізделген қозғалыс қызметтерінің қасиеттері. Биологилық фактор балалар мен жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты, оның әсері елеулі түрде олардың қозғалыс қызметтеріне әсер етеді. Оның биологиялық дамуына қозғалыс анализаторының жетілуі, алкен жарты шар қабығындағы және жүйке ет аппараттарының жасқа байланысты ерекшеліктері (олардың функционалдық мүмкіншіліктері); биологиялық жағынан кемелденуі (жыныстық жетіліуі); акселеация құбылысы; дененің даму себепкер болады. Биологиялық фактордың барлық бөлшектерін физиологтар, гигиена, морфология саласындағы ғылымдар зерттеуінде; біздер ұстаздар осыларды ескере отырып, олардың көрініс беруіне сай іс-әрекет жасауымыз керек. Алайда қозғалыстың жетілуі қозғалыс қызметінің белсенділігінің тәртібімен де байланысты. Ақырында, қозғалыс қызметінің қалыптастыру мен жетілдіру негізгі шарттарды сақтаған жағдайда ғана педагогикалық әсер ету жолымен және бірнеше шарттан тұрады.


Бірінші шарт – қозғалыс әрекеттерін үйрету. Оқушылардың қозғалыс тәжірибесі көп болван сайын,оларда жаңа қозғалыс қимыл түрлері жылдамырақ қалыптасады. Ақырында негізгі гимнастикалық ойындарын, жүзуді, шаңғымен жүруді, спорттық жаттығуларды Тенгізе отырып оқушыларды кең көлемде бағдарламамен оқыту қозғалыс функцияларының қалыптасуына себепкер болады.
Екінші шарт – дене қасиеттерін дамыту. Олардың дамуы қаншалықты жоғары болса, қозғалыс дағдылары да соншалықты табысты, нәтижеліқозғалыс әрекеттері де қалыптасады. 6-7 жастағы балалардың жеке қозғалыс жылдамдығына, иілгіштігіне, икемділігіне, бұлшық еттерінің тұрақты күшіне, 8-10 жастағы балалардың жылдамдығына, икемділігіне, дене бұлшық еттерінің тұрақты күшіне, 10-13 жастағы балалардың күш деңгейінің жылдамдығына, 14-16 жастағылардың ең жоғарғы күш деңгейімен жылдамдығына Назар аудара отырып, барлық дене қасиеттерінің бірқалыпты дамыту қажет.
Үшінші шарт – бұлшық ет күшін жұмсау мен уақыт бойынша жасалған қозғалысты дәл бағалай білу біліктілігіне үйрету.
Осы шарттарды жүзеге асару мұғалімнің қызметіне байланысты. Қозғалыс әрекеттеріне үйрету барысында педагогикалық әсер етудің барлық шарттары өзара бірігіп іс-әрекет етуді, өйткені қозғалыс функияларының көрсеткіштері қозғалыс дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Олардың қайсы бірін елемеу, үйреті барысын кідіртеді, немесе күрделендіруі мүмкін. Дегенмен 3-ші шарттың ерекше орын алатындығын есептен шығаруға болмайды.
Қозғалысты басқару мүмкіндігі туралы айта отырып, И.П. Павлов: адам өз қимылының әрбір сәтін сезбейтін болса, онда оларды басқара да алайды – деп. атаған. Әрине қозғалыс қимылдарына оқушыларды табысты түрде үйретудің табысты шарттарының бірі – қозғалыс анализаторының дауына себепкер болатын және уақыт кеңістік пен бұлшық еттерінің күшжұмсау жәрежесі бойынша орындалатын қозғалыстарды басқару біліктілігімен тығыз байланыстағы қозғалыстарды басқару қабілеттілігі оларда тәрбиелеу керектігі түсінікті. Өкінішке орай бұл шарттар, мектептегі дене тәрбесі сабақтарында үнемі сақтала бермейді.
Сипаты бойынша бір-бірінен шапшаң айырылатын қозғалыстар айырмашылығы аз, ұқсас қозғалыстарда жеңіл есте сақталады. Осы сипаттағы қозғалыс 6-7 жастағы балаларға оңай болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет