Оқу-әдістемелік құрал Қасен Гүлжазира Аманжолқызы Астана 2013 ж Алғы сөз


"Балдаурен" аспаптар ансамблінің күнтізбелік-тақрыптық жоспары



бет7/7
Дата12.02.2017
өлшемі6,84 Mb.
#9001
1   2   3   4   5   6   7

"Балдаурен" аспаптар ансамблінің күнтізбелік-тақрыптық жоспары.


р/с

Тақырып

Бағдарламаның мазмұны

Сағат саны

1

Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары.



Бір әннің әр түрлі аспапта ойнаған сазын тындау,тану,салыстыру ажыратуға үйрету.Әр аспаптың тарихы, неден жасалатыны құрылыс туралы түсінік беру. Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру.Аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.




2

Ансамбль туралы түсінік.



Ансамбль түрлері туралы кенінен мағулмат беру.Аспаптық ансамбль және вокальдық ансамбль туралы түсінік. Ансамбльдердің ерекшеліктерін салыстыру.




3

Аспаптармен таныстыру.



Балаларды аспапта орындау қабілетіне орай аспаптарға бөлу.Балалардың музыкалық және ырғақты сезіну қабілетін тексеру.




4

Орнықты отыру және аспаптарды дұрыс ұстау.



Балаларға аспапты ұстау ережесімен таныстыру және көрсету отыру ережесін сақтау.Қолдың музыкалық аспаптрға икемділігін қалыптастыру.




5

Таза дауыс ырғағын дағдырландыру.

Аспаптың дыбыс шығару әдістерімен құрылымын таныстыру. Дауыс ырғағын сезіне білуге үйрету.




6

Соқпалы және ұрмалы аспаптар.



Аспаптардың түрлерімен таныстыру.Жасалуы және қолданылуы туралы түсінік беру және аспаппен ойнау әдісін көрсету.Аспаптың дыбысын сезіне білу.




7

Сілкімелі-ұрмалы аспаптар.



Сілкімелі аспаптар жайында түсінік беру. Аспаптың дыбыс үндестігін анықтау.Ойналу әдісін көрсету. Әуенді тыңдай отырып дыбысын анықтау.




8

Халық әні "Еркем-ай"



Әннің мазмұнына сипаттама беру. Әуенді тыңдай отырып, белгілі бір ырғақпен шығарманы орындау. Әр аспаптың орындау ерекшелігіне тоқталу.




9

Шығарманың көркемдік деңгейі.



"Еркем-ай" әнін көңілді қуанышпен мәнерлеп орындауға жаттықтыру. Әуенді бір келкі ырғақпен бір қалыпты деңгейде орындауға талпындырып және белсенді орындауға дағдырландыру.




10

Аспаптармен жеке жұмыс.



Ансамблдегі аспаптарымен жеке жұмыс жүргізу. Аспаптарды ойнағанда музыка ырғағына қосылып,анық, нық, қимылдарын жасауға дағдырландыру.Аспаптарда ойнау шеберліктерін дамыту.




11

Ырғақ(ритм) туралы түсінік.



Шығарманың ырғағын есіне сақтап, аспапта еркін ойнауға баулу. Әуеннің көңіл күйін ырғағын тыңдай білуге \машықтандыру.




12

Шығарманың ойнау техникасын арттыру.



Шығарманы бастанаяқ бір неше рет қайталап көркемдік дәрежеге дейін жеткізу.Орындау шеберлігін жаттығулар арқылы дамыту.Шығарманы қолма-қол бір тыңдағаннан ойнап кету қабілетін дамыту, біркелкі әсем орындау тәсілін үйрету.




13

Халық әні "Бипыл"



Әнді тыңдай отырып ырғағын анықтау. Әннің әр түрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау тану салыстыру.Ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыру.




14

Шығарманы бір мезгілде бастау аяқтау белгілері.



Шығарманы бастау үшін немесе дыбысты тоқтату үшін көрсетілер белгі туралы түсінік беру.Әуенді бірге бастап бірге аяқтап ойнау қабілетін дамыту.




15

Музыкалық-дидактикалық ойындар.



Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әртүрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға әртүрлі қимылдар орындауға үйренеді.




16

Қорытынды концерт.

Балалбақша ішіндегі мерекелік шараларға қатысу. Қалалық, республикалық байқау және фестивальдерге қатысу






Музыкалық репертуар:

- Балалардың музыкалық аспаптарына арналған музыкалық репертуар көркемдік сапасымен және қолайлығымен ерекшеленуі тиіс.

- Репертуар іріктегенде балалардың орындау мүмкіндігін ескеру қажет.

- Әуеннің диапазоны зор болмауы тиіс, ән үнемі қимылға немесе қайталанатын айналымы бар шағын интервалға құрылуы тиіс.

- Репертуар қорында негізінен үйірме мүшелерін өз Отанын шексіз сүюге, патриотизм мен ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелейтін жоғары сапалы шығармалар болуы тиіс.

Балаларға арналған репертуарды шартты түрде былай бөлеміз:

1. Бастапқы жаттығуға арналған шағын пьесалар-әуелі тыңдайды, естіген күннің күркіреуін, жаңбыр т.б.дыбыстарды өздеріне қолайлы бейнеде қайталайды.Ырғақты дәл орындау, жеңіл әндерді орындау.

2. Дербес аспапта орындауға арналған ән, санамақтар орындалады, есте сақтауға жеңіл болуы керек.

3. Ұжым болып орындауға арналған пьесалар мен әндер, айқын мәнерлі музыкалық фразасы және сөзі бар пьесалар жаттауға жеңіл болуы керек.Орындауға арналған шығармалар ансамблдің құрамына байланысты.



2.3. Қазақтың аспаптық дәстүрлі музыкасы-дидактикалық

ойындар арқылы жүзеге асырылады
Ойын-баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын,өзінің төл мәдениетін білетін,сыйлайтын,рухани дүниесі бай саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міңдетті.Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып,бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қиялы ойын озық" деп бекер айтпаған.Өйткені,ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі және қызығуы анық байқалады.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып,қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы тәрбие мектебі бар.Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған қимылына сенімі артады.Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттері қалыптасады.

Дидактикалық ойын барысында есту, көру,сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздың аспаптардың дыбыс ерекшілігін ажыратуға әр түрлі қимылдар орындауды үйренеді.

Балалардың музыка туралы түсінігін кеңейту үшін музыкалық ойын түрлерінің атқаратын рөлі ерекше.Қарапайым ойындардың өзі баланың танымын, түсінігін жетілдіреді, көңілін өсіріп,ойын сергітеді.Ойын балалардың бойындағы тапқырлық, жауапкершілік, ұйымшылдық сияқты қасиеттерін шыңдап, қалыптастырады.

Әуенді-дидактикалық ойындар-балалардың музыканы түсініп, қабылдауына көмекші құрал болып табылады. Балаларға ойын түрлері арқылы музыканы сүюін, түсініп тыңдай білуге қызығушылықтарын арттыру-әуенді-дидактикалық ойындардың негізгі міндеттері.

Ұсынылып отырған "Әуенді-дидактикалық ойындар" музыка жетекшілерінің оқу іс-әрекетін түрлендіріп, мазмұның байыта, көркемдей түседі бұл ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады, балалық қиялдарын қозғап, түсініктерін кеңейте түседі.Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды әдемілікке, музыкалық үндестікке баулиды. Ұлттық аспаптардың түрлері мен өзіндік тембрлік дыбысталуымен танысып жалпы сезіну, ажырату қабілеттерін қалыптастырады.

Әуенді-дидактикалық ойын

1.Бұл қандай аспап?"

Балалар көздерін жұмып аспаптарды үнімен ажырата білу.



Мақсаты: ішекті немесе ұрмалы аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, шертер,дабыл,асатаяқ, тұяқтас, қоңырау) дыбыс ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың, белсенділігін, қызығушылығын, жоғалтып алмау мақсатымен аспаптарды шешіліп дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.



2."Шығармадан қандай әсер алдың?"Балалар музыкалық аспаптан белгілі бір шығарманы тыңдайды.

Мақсаты: шығарманы тындау барысында одан алған әсерін сұрау немесе күйді тыңдата отырып, оларға күйден алған әсерін көңіл күйін,ой сезімі мен толғанысын суретке бейнелеп көрсету.

3."Аспаптарда ойнайық!"Музыкалық әуенге қосылып ұрмалы аспаптармен шығарманы орындау.Ойынға 4-5 бала қатысады.

Мақсаты: ырғақпен нықтап ұра білу,бір-бірінен қалыспай,ырғақпен бастап,ырғақпен аяқтап үйрену.



4."Аспаптың дауысын ажырат."Карточкада пианино, скрипка, гитара, сырнай,домбыра,жетіген,қобыз, шертер аспаптарының суреттері бейнеленген.Үнтаспада аспаптардың орындалуында пьесадан үзінді орындалып балалар аспаптың үніне сәйкес суретін көрсетеді.

Мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптардың тембрін ажыратуға баулу,есту қабілеттерін дамыту қызығушылықтарын арттыру.



5."Әуеннің дауысын ажырат"ойыны.

Ойынның мақсаты:Балаларды дыбыстың ұзақтығын ажырата білуге үйрету.Әуенді тыңдап, қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтауға баулу.

Ойынның шарты: Көлемдері бірдей, түстері әртүрлі қоңырау

суреттері беріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, әуеннің төменгі дыбысын жасыл қоңыраумен, орташа дыбысты сарықоңыраумен, жінішке дыбысты қызыл қоңыраумен көрсетіп, карточкалардан табу. 6."Музыкалық аспаптар дүкені" ойыны.



Ойынның мақсаты: Балаларға арналған музыкалық аспаптардың (дабыл, асатаяқ, таятұяқ, тоқылдақ, үшбұрыш, қоңырау т.б.) дауыс тембрін ажыратуға үйрету. Аспапатарда өз еректерінше ойнауға, шығармашылыққа баулу.

Ойынның шарты: Балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар болып отырады музыка жетекшісі ширма артында аспапта ойнайды, балалар дауысын ажыратып, суретті карточкадан көрсетеді.Әуен ойналып ишара арқылы аспапта ойнап көрсетеді.



Музыкалық - әдеби шығармалар, ертегі – эпостар, мақал – мәтелдер, аңыз -әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаштар тәрбие беру мақсатында кеңінен пайдаланылды .Олар балалар сезімдеріне әсер етіп, танымдық– тәрбиелік мәнге ие болды.



Жұмбақ ойын

1. Ұзын мойын екі ішек,
Қатар – қатар тепкішек.
Басып қалсаң бір-бірлеп,
Күй шығады күмбірлеп, ( Домбыра)

2. Саусақ батпас түтіктен, 
Сандуғаш құс сайрайды. ( Сыбызғы)
3. Ел қорғайтын ерлікке

Әуенімен шақырған

Батылдыққа, елдікке

Әуенімен шақырған. (даңғыра)


4. Бас, құлақ, мойны бар

Үп үлкен шанағы бар

Ысқышпен ысқанда

Әндетіп шығар тағы әні бар (қобыз)


5. Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар

Әуенінен жеті тарау мұң шығар

Ойнап кетсең түрлі түрлі жыр шығар

Бұл қай аспап? (жетіген)


6. Сызылған үні,сүйкімді тілі

Үрлесең ойнайтын, аспаптың түрі. (сыбызғы)


7. Тілшікті аспап, қобыздай асқақ

Ерекше үні бар,бұл қай аспап? (шаңқобыз)


8. Қоңыр сазды даусы бар

Шертсең күй, әні бар

Домбыраға ұқсайтын

Бұлқай аспап? (шертер)

Міне, осындай дидактикалық ойын түрлері арқылы мектепке дейінгі балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығын арттырып, ұрмалы, үрмелі аспаптарда ойнатып, халқымыздың музыка өнерін кішкентай балдырғандарға жеткізе білу әрбір музыка жетекшісінін басты ұстанымы болу керек деп санаймын. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру барысында ұстаздар мен тәрбиешілер оқыту үдерісін барынша қызықты, проблемалық, шығармашылық, зерттеу белсенділігіне бағытталған бағдарлама етіп жасай алады деген сенімдемін.


III бөлімі

Балалар аспаптық ансамбліндегі жүргізілетін тәрбие

жұмысы моделіне тұжырымдама
Бүгінгі күні балабақша және орта мектептердің алдына әлемдік өркениетке ұмтылып,дүниеге іргелі ел ретінде танылып,тәуелсіздіктің тұғырын берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағын, яғни білімді-білікті,жан-жақты дамыған, саналы азамат тәрбиелеу тәрбиешілердің, мұғалімдердің алдына қойып отырған жауапты міндет.

Ән айту, аспапта ойнау жалпы музыканың адам тәрбиесіндегі орнына ежелден мән беріп келген. "Музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық машықтарын,адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады... Музыка мен ән адамда эстетикалық сезімдерді тоғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді"-дейді ғалым Әл-Фараби.

Демек,бүгінгі таңда балабақша және мектепте жас ұрпақты жан-жақты етіп дамыту үшін білім мен тәрбие берудің ең тиімді мүмкіндіктерін,жолдарын зерттеп,орынды пайдаланудағы мұғалімнің нақты жұмыс жоспарын жоспарлау.

Баланың мүмкіндігін ашу үшін жасалған жоспар баланы жан-жақты дамытып,нақты нәтижеге қол жеткізетіндей дәрежеде болуға тиісті.

Бүлдіршіндердің адамгершілік, моральдық, этникалық, эстетикалық, музыкалық білім деңгейінің жоғарлауының кепілдігін қалыптастыруға бағытталған патриоттық сезімге бай, болашақ азаматын тәрбиелейтін тұжырымдама жобасын ұсынып отырмын.

Тұжырымдама жобасы балалардың рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, шығармашылық қабіліттерін дамыту, дарынын дәріптеу, интелектілігін байыту мақсатында патриоттық-азаматтық негізінде құрастырылды. Себебі, қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде нығайуы, өркендеуі жолында Қазақстандық потриотизім мәселесі дұрыс жолға қойылуына өз үлесімді қосуым қажет.

Күнделікті жұмыстан жоспарланған іс шара бағдарламасын жүргізу барысында балалардың бойында отан сүйгіштік,адамгершілік,қайрат-намыс сезімдері ұшталады.Осы айтылған қасиеттер арқылы адамгершілік идеалының қалыптасу тиімділігі артады.Бұл өскелен ұрпақты заман талабына сай азамат етіп тәрбиелеудегі негізгі құрал болып табылады. Адамгершілік идеал арқылы балалардың отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың жолдары қоғамның әлеуметтік дамуының сипатына үнемі сәйкестендіріліп отырылуы қажет.Осындай ойды тұжырымдай келе менің жұмыс жоспарым "Азамат-патриот"моделі негізінде жоспарланды. Тәрбие жұмысының мақсаты:

"Азамат-патриот"моделінің негізінде,жаңа инновациялық педогогикалық технологияларды пайдалана отырып тәрбиелеу мен оқытуды іске асыру,тәрбие жұмысын жаңашаландыру.



Тәрбие жұмысының міндеттері:

  • Педогогикалық инновацияны меңгере отырып,интеллектуалдық, адамгершілік,рухани дамуына игі әсерін тигізетіндей оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру;

  • Ұлттық тәрбие көзі ретінде халық музыкалық аспаптарының үнділігі, саздылығы, көркем эстетикалық тұстарын тереңірек талдау арқылы балаларды өз Отанының нағыз азаматы болуға баулып, оның ұлттық көз қарасымен санасын ояту.

  • Халық музыкасына құрметпен қарау ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу.

  • Үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқор болуға үйрету.

  • Өзін-өзі дамытатын "Азамат-патриот"демократиялық және ізгілендіруге байланысты қабілетіне қарай көмектесе отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру;

Тәрбие жұмысынан күтілетін нәтиже:

Қоғам талабына сай, ұлттық рухтық бойына сіңірген шығармашыл, білімді, тәрбиелі, өз Отаның сүйе білетін, қабілеті мен рухани санасы дамыған, эстетикалық талғамы жоғары "Азамат патриот"күтіледі.



Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Сазды да, сырлы аспаптар

Мақсаты: Қазақ халқының бай мұралары,соның ішінде ғажайып әндері мен күйлерін бүгінгі күнге жеткізген халық аспаптары туралы бала бойына сіңдіру. Бір әуеннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану,салыстыру, ажыратуға үйрету.Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру. Балалардың халық музыкасы,аспаптарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру,қазақ музыка өнерін құрметтеуге,адамгершілікке,ұлттық музыканы қадірлей білуге үйрету.

Көрнекі құралдар: оқулық,аспаптар,интерактивті тақта,(слайдтар)

үнтаспа,электронды оқулық.



Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап, слайдпен жұмыс, сергіту сәті,

ойындар, аспаптармен ойнау.



Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: түрлі ұлттық саз аспаптарымен таныстыру, музыкаға саяхат, аспаптардың суреттерін салу,көрме ұйымдастыру.

Іс-әрекет кезеңі: Н.Тілендиевтің "Ата толғауы" күйімен балалар шаттық

шеңберіне тұрады.



Шаттық шеңбер:

Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң, көк аспан,

Жарқырайды қаламыз.

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң, балалар!

Балалар сәлемдесіп қимыл іс-әрекет жасайды.



Жетекші: -Ал, балалар бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетінің тақырыбы "Сазды, сырлы аспаптар." деп аталады.Мына бір жұмбақтың шешімін табайық.

Ұзын мойын,екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?

Балалар "домбыра аспабы" деп жауап береді.

Балалар интерактвті тақтаға назар аударады.

Слайдтан аспаптардың суреттері көрсетіледі

Ата-бабамыз өте ерте заманда халқымыздың ұлттық музыкалық аспаптарын ойлап тапқан.Алдымен ұлттық аспаптарды аңға шыққанда,жау келгенде және жауға шапқанда, бақсы-емшілер адамдарды емдегенде қолданған.Заман өте келе ұлттық аспаптарды ата-бабамыз ән,күй,жыр,айтыс өнерінде қоданып,қазақтың әуендерін ойнай бастаған.

Аспаптарды малдың терісінен, сүйегінен,түйяғынан,ішегінен,қылынан және саз балшықтан, ағаш, қамыстан жасаған.

Балалар үнтаспадан аспаптардың үнін тыңдайды.

Музыка тыңдау: 1 Н.Тілендиев "Ата толғауы"

2 Қорқыт "Ұшардың ұлуы"

3 Құрманғазы "Ақсақ киік"

4 Халық әні "Бипыл"

Шығармаларды тыңдай отырып, аспаптың үнін,тану,салыстыру, ажырата білу.

Жетекші: -Балалар алғашқы күйден қандай аспаптың үнін тыңдадыңдар?

Балалар: Шаңқобыз,тоқылдақ,тайтұяқ, қоңырау,сазсырнай.

Жетекші: -"Ұшардың ұлуы" күйінде қандай аспаптың үні естідік?

Балалар: Қылқобыз.

Жетекші: "Ақсақ киік" және "Бипыл" әуендерінде қандай аспаптың үні

естіледі?



Балалар: Домбыра және жетіген аспабы.

Жетекші:-Аспаптардың үндерінде қандай айырмашылықтар бар?

-Балалар біз осы әуендер арқылы аспаптардың үнін тыңдап,ажырат білдік.



Ән айту: И.Нүсіпбаев "Домбыра сазы" әні.Әр композитор қазақтын киелі аспабы домбыраны әр түрлі әнге салып жырлаған.

-Әнде қандай аспап туралы айтылған?

-Домбыра аспабы туралы қандай ән білеміз?

-Әннің мазмұны не туралы?

-Әнде "домбырамен жырлаған" деп кімдерді айтып отыр?

-Яғни,халық іштегі қайғысын да,шерін де,қуанышын да домбыра арқылы жырлаған екен.

-Ән қандай көңіл күйде жазылған?

-Ән сендерге ұнады ма?

Әнді аспапқа қосылып орындау.

Әуенді қимыл-қозғалысы: халық әні "Бипыл."

Домбырамен қосылып ән айтып,күй тартып қана қоймай,осы аспаппен билеуге де болады.Домбыраны иыққа асып аяқты өкшеге қойып, кезек-кезек музыка ырғағымен түрлі би қимылдарын жасау.



Музыкалық аспапта ойнау: Халық әні "Еркем -ай" әні.

Балалар қолдарына ұрмалы және сілкілмелі (асатаяқ,тайтұяқ,шылдырмақ, үшбұрыш, қоңырау, дабыл,даңғыра,дауылпаз)аспаптарын ұстайды. Шеңберге тұрады. Аспаптардың сүйімделуімен (ритм) ырғақты ұстай отырып, шығарманы орындау.Аспаптың сүйімделуімен орындалған шығармадан үндестікті сезіне білуге және бірге ойнай білуге үйрете отырып қадағалау.



Сергіту сәті: "Сырнай мен дабыл"

Жетекші: Ойнап көрші сырнайды,

Сырнай былай жырлайды.



Балалар: гу-гу -гу -гу.

Жетекші: Соққанда дабылды,

Үн шығады жаңғыра.



Балалар: даң -даң -даң -даң.

Музыкалық-дидактикалық ойын: "Қай аспапта ойнаймын?"

Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті,ұрмалы,үрмелі)өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстыру,ажырата білуге үйрету.Аспаптарда ойнауға машықтандыру,қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты: Балаларға аспаптардың (домбыра,қобыз,сазсырнай,асатаяқ,дауылпаз, т.б.) суреттері бейнеленген карточкалар ұсынылады.Музыка жетекшісі ширма артында жасырып бір аспапта ойнайды.Балалар мұқият тыңдап, аспаптың дауысын ажыратып,лайықты суретті көрсетеді.

Қорытынды: Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптардың атын пысықтау, топқа қысқаша қорытынды.Балаларды қолдау мадақтау.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жарық,

Сау -саламат болайық.

Күтілетін нәтиже.

1.Шығарманың ырғағын сезініп,белсенді орындай біледі.

2.Қазіргі жаңа талапқа сай интерактивті тақтамен жұмыс жасап музыка сабағына деген қызығушылықтары артады.

3.Аспаптарды ұстауды, қағуды дыбыс тембрін айыра білуді үйренеді.



Қолданылған әдебиеттер.

1.Ақселеу Сейдімбек "Қазақтың күй өнері",Астана "Күлтегін"2002ж.

2.С.Байжұманов "Халық аспаптар оркестрі"1988ж.

3. Х.Тастанов "Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек"1980ж.

4.Б.Сарыбаев "Қазақтың ұлттық аспаптары" 1978ж.

5. Қ.М.Меңдіаяқова . Г.Қарамолдаева. Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі. - Алматы: «Әл-Фараби», 1997.


6. А.Райымбергенов, .СРайымбергенова. Мұрагер. Ән-күй сабағына арналған бағдарлама. 1-4 кластар. Алматы,1994.
7. .АЖубанов. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1968.

8. А.Т.Айтуарова. С.С.Өтебаева. Музыкалық әдістемесі оқу құралы.

Алматы, 1997.

9. М.Балтабаев. Б.Өтемұратова. «Елім-ай» бағдарламасы бойынша

методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.

10.Қ.Сайжанов. Ш.Қорғанбекова "Әлқисса-аманат" аспаптар ансамбліне

арналған күйлер мен шығармалар.Астана 2012ж.

11.Қ.Сайжанов. М.Тналин. Ш.Қорғанбекова. А.Сайжан. "Елім-ай"шертер

ансамбліне арналған оқу құралы.Астана 2012ж.

12.С.Қалиев "Қазақ халқының салт-дәстүрлері". Алматы 1999ж.

13.Т.Сарыбаева. Г.Абдрахманова "Музыка- дидактикалық ойындар".

Алматыкітап баспасы2013ж.

14.Ф.М.Қоңыратбай. Г.А.Абдрахманова. Т.Т.Сарыбаева "Музыка нота

хрестоматиясы". Алматыкітап баспасы 2013ж.

15.Н.Момынұлы "Музыкалық-эстетикалық тәрбие" Алматы 2000ж.

16. Меңдіаяқова Қ.М., Қарамолдаева Г. Мектепте музыка

тәрбиесін беру әдістемесі. - Алматы: «Әл-Фараби», 1997.

17. А.Жубанов. Ғасырлар пернесі. Алматы, 1972.



Мазмұны.
Кіріспе.

I бөлім.

Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл

қазынасы қазақтың ұлттық саз аспаптары.

1.1. Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы және қолданылуы.

1.2. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының түрлері.

II бөлімі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық

музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін

қалыптастыру.

2.1. Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің,

негізгі әдістері.

2.2. Балалар ансамблімен жұмыс жүргізу әдістемесі, оқыту

бағдарламасы.

2.3. Қазақтың аспаптық дәстүрлі музыкасы-дидактикалық

ойындар арқылы жүзеге асырылады.

III бөлімі.

3.1. Балалар аспаптық ансамбліндегі жүргізілетін тәрбие

жұмысы моделіне тұжырымдама.

3.2. Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Сазды да, сырлы аспаптар.


Қолданылған әдебиеттер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет