Оқу және тіл дамыту



бет6/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

Мәнерлеп оқу

Мәнерлеп оқу – оқыған шығарманы дауыс ырғағына салып, мәтіннің эмоциялық мағынасын ашу.


Егер мәнерлеп оқу дағдыларына келетін болсақ, оқушылардың оқу жылдамдығы төмен болады. Оқу барысында олар мәтіндегі



9


логикалық паузаны бұзып оқиды. Оқушыларда оқығанда дұрыс дем шығармау себебінен дыбыстың өзгеруі байқалады. Кейде дауысын ерекше шығарып оқиды, болмаса өте ақырын немесе баяу оқиды. Бұл бірқалыптылықпен (монотонность) ерекшеленеді.

Жүгіртіп оқу және түсініп оқу үдерістерінің жақсаруы оқушы-лардың мәнерлеп оқуына әкеледі. Егер осы екі оқу түрін тиімді жүргізген кезде, зерде бұзылыстары бар оқушыларды да жалпы орта мектептің оқушылары сияқты мәнерлеп оқуға қол жеткізуге болады.


Бірақ мәнерлеп оқуды меңгеру көп қиындықтар туғызады .


В. Я. Васелевская зерттеулерінде осы қиындықтарды ашып көрсеткен. Ол қиындықтарды атап айтсақ: төменгі сыныптың оқушылары себеп пен құбылыстардың арасындағы байланысты байқамайтындықтары, үлкен адамның көмегінсіз мәтіндегі оқи-ғаның сарынын түсінбеуі, шығарма кейіпкерлерінің бейнесі мен мәтіннің негізгі ойын анықтай алмауы. Мәселен, мәтіннің аты, кейіпкерлердің есімдерінің бірдей болуы. Оларды кездейсоқ бір-бірімен шатастыруға әкеледі. Осының нәтижесінде мәтіннің бір бөлігі толық шығармадан алынып тасталады. Сөйтіп, шығарма-ның бөлімдерінің мазмұны бір-біріне қатысы жоқ болып шығады. Сонымен қатар мәтіннің басты ойы мүлде өзгеріп кетеді.




Түсініп оқу

Түсініп оқу – мәтіннің мазмұнын толық түсініп оқу түрі. Оқудың осы түрін меңгеру барысында негізгі рөлді төменде


көрсетілген сабақ түрлері атқарады:





  1. Оқушыларды мәтінді қабылдауға дайындау.




  1. Сөздік жұмыс.




  1. Мәнерлеп бірінші мұғалімнің оқуы, екінші оқушылардың оқуы.




  1. Қайталап оқу барысындағы жасалатын талдау.




  1. Жоспар құру.




  1. Мазмұндау.




  1. Көркем шығармаларды екпін ырғағын қойып оқу.




  1. Кейіпкерлерге мінездеме беру.




  1. Оқылған материалды қорытындылау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет