Р. А. Сүлейменова, К. А. Каменова, М. Е. Каржаубаева
ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ
Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептердің (сыныптардың) 9-сыныбына арналған әдістемелік құрал
ӘОЖ 376
КБЖ 74.3
С90
Сүлейменова Р. А. т.б.
С90 Оқу және тіл дамыту. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептердің (сыныптардың) 9-сыныбына арналған әдістеме-лік құрал / Р. А. Сүлейменова, К. А. Каменова, М. Е. Каржаубаева. – Алматы: «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 2021. – 52 б.
ISBN 978-601-347-219-5
|
ӘОЖ 376
|
|
КБЖ 74.3
|
ISBN 978-601-347-219-5 © «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 2021
КІРІСПЕ
Бұл оқу-әдістемелік кешен Типтік оқу жоспары мен мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес зерде бұзылыстары бар оқушылардың даму ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген.
Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына оқулық пен осы нұсқаулық енеді. Әдістемелік құралдың мазмұны төмендегідей міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:
Оқушыларға халық ауыз әдебиеті жанрларын оқытуды жалғастыру арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты қалыптастыру, адами қасиеттерді оқушылардың бойларына сіңіру, алған білім икемде-рін әлеуметтік өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Шығармалардың мазмұнын түсініп оқуды қалыптастыру ар-қылы оқушылардың бойында жағымды эмоционалды ерік және жеке қасиеттерді қалыптастыру.
Шығармалармен танысу арқылы еліміздің тарихын меңгерту. Оқушылардың бойында Отанға деген патриоттық сезімдері мен сүйіспеншілігін дамыту.
Зерде бұзылыстары бар оқушылардың танымдық қабілеттері мен оқу материалдарын қабылдау, меңгеру мүмкіндіктері әртүрлі болады. Сондықтан сабақ барысында мұғалім әр оқушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушыларға деңгейлік тапсырма-ларды ұсынып отыруы қажет.
Әдістемелік нұсқаулықта зерде бұзылыстары бар оқушыларды «Оқу және тіл дамыту» пәніне оқыту үдерісінің жобасы берілген. Оның құрамында:
оқу тақырыптарының технологиялық карталары;
деңгейлік мақсаттылық жүйесі;
әр оқушының материалды меңгеру деңгейін белгілеу үшін оқу жетістіктері карталарының формалары;
оқыту мақсаттары бойынша күтілетін нәтижелер;
сабақтың ақпараттық картасының үлгісі бар.
Мұғалім оқу үдерісінің материалдары мен әр оқушының мүм-кіндіктерін ескере отырып, «Оқу және тіл дамыту» пәнін табысты түрде оқытудың жеке жобасын құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |