Оқу және тіл дамыту


Оқыған мәтінді өз бетінше мазмұндау



бет9/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

Оқыған мәтінді өз бетінше мазмұндау. Жоғары сынып оқу-шылары мазмұндаудың бірнеше түрін (теріп мазмұндау, толық мазмұндау, қысқаша мазмұндау т.б).

Мысалы, «Керқұла атты Кендебай» (11- бет) қиял-ғажайып ертегіге жататын тұстарын теріп әңгімелеу, дәлелдеу. С. Сар-ғасқаевтың «Кәмпит» (139-бет) әңгімесінде мәтін мазмұны тірек, жетекші сұрақтар арқылы толық мазмұндау түрі қолданылған.


Бұның өзі оқушылардың оқыған мәтіннің мазмұнын толық тү-сінуіне жағдай жасайды.




Шығарманы талдаудағы соңғы кезең – шығарма бойынша қорытынды әңгіме болып табылады.
Зерттеулердің нәтижесі бойынша оқу деңгейі төмен оқушылар-дың қызығушылығын арттыру мақсатында берілген үлкен көлемді әңгімені бірнеше шағын бөліктерге бөліп алып, ол бөліктерге ат қою – тиімді әдістердің бірі. Сонымен қатар мәтінді оқу барысында оқушыларды түрлі ойындар арқылы белсендіріп, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру қажет.

Қорыта келе, жоғарыда айтылған тәсілдердің бәрі зерде бұ-зылыстары бар балалардың дұрыс, жүгіртіп, мәнерлеп, түсініп оқуын дамытуға жағдай жасайды.


– Оқушылар мәтінді бөлімдерге бөліп талдайды.


– Теріп оқиды.


– Мұғалімнің мәтін бойынша қойған сұрақтарына автордың сөзімен жауап береді.


– Рөлге бөліп оқиды.

– Іштей оқиды.


– Мәтін ішінен сұрақтарға жауап іздейді.



13


Осы жұмыс түрлерінің барлығы ұштаса келіп, оқушының мә-тінді дұрыс түсінуіне және оқу техникасының жеткілікті дамуына әкеледі.


Оқу және тіл дамыту пәнінің ерекшелігі – ондағы оқылатын жанрлардың әртүрлілігі.
Әңгіме, өлең, мысал, ертегімен жұмыс істеудің өз ерекшелігі, өз әдіс-тәсілдері бар.


Үйге берілетін тапсырма

Жоғары сынып оқушылары оқитын шығармалар көлемінің үлкендігіне байланысты педагог шығарманың бірнеше бөлімін үйге береді. Осы жағдайда мұғалім оқушыларға үйге сұрақтар береді. Оқушы ол сұрақтарды оқып, жауап беруге дайындалып келу керек. Бұл сұрақтар жүйесі мектепте өткен негізгі бөлімдердің сұрақтарының жалғасы болуы тиіс.


Жоғары сынып оқушылары түсінік айтудың бірнеше түрлеріне жаттығады:





  • теріп айту;




  • толық айту;




  • қысқа айту;




  • мәтіннен алынған тірек сөздерге сүйеніп сөйлем құрау ар-қылы айту.

Мұғалім үйге тапсырма бергенде оқушылардың деңгейлерін ескеріп, түсінік айту түрлерін (теріп айту, толық айту, қысқа айту) бағыттап отыруы қажет. Осы тәсіл арқылы оқушылар оқылған мәтінді толық түсініп, түсінік айтуға жағдай жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет