Оқу және тіл дамыту



бет11/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

Ертегілерді оқу

Ертегі – оқушылар үшін ең сүйікті жанрдың бірі. «Оқу және тіл дамыту» оқулықтарында ертегілердің мына түрлері қамтылған:





  • тұрмыс-салт ертегілері;




  • қиял-ғажайып ертегілері;




  • жануарлар туралы ертегілер.

Ертегінің бір ерекшелігі – онда кейіпкерлердің барлығы сөйлей-ді (заттар, аңдар, табиғи құбылыстар). Осының өзі оқушыларға қызықты. Әр ертегінің мазмұнының оқушыларға беретін тәрбиелік мәні үлкен. Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы оқушылар өмірде жақсы мен жаманды, мейірімділік пен қатыгездікті, еңбекқорлық пен жалқаулықты салыстырып үйренеді. Ертегі – оқушылардың сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасайтын жақсы мүмкіндік. Өйткені ертегіні рөлге бөліп оқу, кейіпкерлердің қимылын, дауысын салып айту оқушыларға өте қызық. Осы қызығушылықтың нәтижесінде олар ертегінің мазмұнын толық жеткізуге тырысады. Мұғалім одан әрі оқушыларды қызықтыру үшін түрлі диафильмдер, ау-дио, бейнежазбалар, интербелсенді тақтаны, жан-жануарлардың бетперделерін қолданады.


Оқушыларға ертегінің мазмұнын толық ашуға тағы да бір мүм-кіндік – ол сахналық қойылым.


Ертегіні мазмұндаудың тағы бір ерекшелігі – оқушыға ертегінің немен аяқталатынын болжату. Ол үшін оқылған ертегіге мұғалім қосымша сұрақтар арқылы оқушыны қызықтырады (Сен осы ер-тегіні қалай аяқтар едің? Сен ... орнында болсаң не істер едің?..). Оқулықта жоғарыда айтылған барлық тәсілдерді ескере отырып, біз ертегілерге сахналық қойылым, кейіпкерлерге суреттер арқы-лы мінездеме беруге, жұмбақ шешу арқылы кейіпкерлерді табуға тапсырмалар бердік.




Ертегілерді оқуда ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар



  1. Оқушыларға ертегіні таныстырмас бұрын, оның ішіндегі кейіпкерлердің суреттерін көрсетуге болады. Ол арқылы балалар жануарлардың адамның тілімен сөйлей білуін түсінуі керек.

17


  1. Ертегіні оқымас бұрын ертегі кейпкерлерінің суретін көрсетіп алуға болады.

  2. Ертегіні мұғалім оқып жатқан кезде міндетті түрде кейіпкердің дауысын салып, жест мимикасын келтіріп, интонациясын ұстап тұрып оқуы керек. Бұл оқушылардың қызығушылығын оятады. Ертегіні аудио, бейнежазбалар арқылы да тыңдатуға болады.




  1. Ертегіні оқу барысында ондағы кейіпкер әрекеттерін мынау шын, мынау ойдан құралған ертегі кейіпкері деп бөліп айтуға болмайды. Себебі ертегінің мән-мағынасы кетіп қалады.




  1. Ертегіні рөлге бөліп оқыған қызықты. Бірақ бұл жұмысқа кіріспес бұрын ертегіні оқып, талдап, әр кейіпкердің әрекетіне баға бере білу керек.




  1. Оқушылар ертегі мазмұнын айтуға дайын болу керек. Ертегі толықтай мәтінге жақын мазмұнмен айтылады. Сонымен қатар қысқа ертегілер толықтай айтылады. Ал көлемі үлкен ертегілердің мазмұны мұғалімнің тапсырмасы бойынша немесе мұғалімнің бөліп беруімен оқытылады.




  1. Ертегіні бір оқушының ұзақ оқуы дұрыс емес. Себебі бала-лар жалығып кетеді және әдістемелік тұрғыдан алғанда да дұрыс емес.




  1. Жоғары сыныптарда ертегілерді бөлімдерге бөлу де, ат қою да оңай. Балалар арнайы сөздерді ұмытпас үшін әр бөлімге тән сөздерді жоспарға жазып отыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет