Оқу және тіл дамыту



бет13/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

Сары дөңгелек – күрделі оқу тапсырмасының екінші деңгейі, мәтіннің мазмұнын түсіну және мұғалімді қайталай отырып жеке сөйлеу, оқушыға сөздерді, сөз тіркестерін қолдану ұсынылады.


Қызыл дөңгелек – күрделіліктің үшінші деңгейі, оқулықтағы әдістемелік аппаратқа сүйене отырып өздігімен талдау, салыс-тыру және жалпылауды жүзеге асыруды көздейді.

Оқушының тапсырмасының күрделілігі сіздің оның жетістігін байқауыңызға байланысты таңдалады. Есіңізде болсын, кез кел-ген оқушы тапсырмалардың күрделілік деңгейінің барлығына қол жеткізе алмайды. Сондықтан тапсырма оқушының жеке қабілетіне қарай ұсынылуы тиіс.


Оқушы жылдың басында жасыл дөңгелек деңгейінде болса (күрделі деңгей), жыл көлемінде оның деңгейі сары дөңгелек деңгейіне көтерілуі мүмкін. Сары деңгейдегі оқушының да қызыл деңгейге көтерілу мүмкіндігі бар. Сондықтан мұғалім оқу және тіл дамыту сабағында осы деңгейлердің өзгеруіне ықпал ете білуі ке-рек. Барынша оқушының бойында сабаққа деген қызығушылықты оятып, оны белсендіре білуі тиіс.


Оқулықтағы мәтіндердің тапсырмасын мұғалім сыныптың ерекшелігіне қарай өзгертіп отырады.


Дөңгелектегі тапсырмалардың орындалу реті мұғалімнің еркінде. Мұғалім сыныптың ерекшелігіне қарай жұмысты қай деңгейден бастаса да – әдістемелік тұрғыдан дұрыс. Деңгейлік тапсырмаларды оқулықта берілген ретпен орындаудың қатып қалған ережесі жоқ. Мұғалім өзі өзгертіп оқушылармен бірлесіп орындауға мүмкіндігі бар.


Оқулықтағы шығармаларды талдауға берілген сұрақтардың (сабақтың тақырыбы мен мақсатына байланысты) өзгертіп айтуы да мұғалімнің еркінде.


Мұғалім шығарманың тақырыбын ашуы керек. Алдын ала әңгі-ме арқылы шығарманың неге солай аталуына қысқаша мағұлмат беруі керек немесе шығарманы талдау барысында түсіндіріп өтуі қажет. Шығармадағы сұрақтар оқушыға түсінікті әрі мәтіннің мағынасын ашатындай құрастырылуы қажет. Сондықтан мұғалім тек қана оқулықтағы нақты сұрақтарға ғана емес, ол сұрақтарды басқа сұрақтармен алмастырып немесе өзгертіп қоюына болады.



20


Мұғалім шығарманы оқу барысында шығармадағы оқиғаның басталуын, оның жалғасын, аяқталуын реттілікпен көрсете білуі тиіс. Осы реттілікті дұрыс көрсете білу негізінде оқушылар мәтінді дұрыс түсініп мазмұндай білуге мүмкіндік алады.

5-10-сыныптардағы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушы-ларға арналған «Оқу және тіл дамыту» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында «оқу және тіл дамы-ту» пәнінің негізгі мақсаты, оқыту міндеттері, принциптері нақты көрсетілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет