Оқу және тіл дамыту


Оқу дағдыларын қалыптастыру



бет10/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

Оқу дағдыларын қалыптастыру

Зерде бұзылыстары бар балалардағы оқу дағдаларын қа-лыптастыруда дұрыс, жүгіртіп, мәнерлеп және түсініп оқу бірге жүретін үдеріс:








  • сол бөлік бойынша анализ жасау үшін теріп оқиды;




  • автордың сөзімен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді;




  • рөлге бөліп оқиды;




  • іштей оқиды;




  • бір немесе бірнеше сұраққа жауап іздейді.

14


Осы жұмыстардың барлығы мәтінді толық түсінуге және оқу техникасын дамыту мақсатында жасалады.


Оқу және тіл дамыту сабағының


мақсаты мен мазмұны

Оқу және тіл дамыту сабағы зерде бұзылыстары бар оқушылар үшін адамгершілік эстетикалық және экологиялық тәрбие беретін жақсы құрал болып табылады.


Оқу және тіл дамыту пәні арқылы балалар туған өлкесінің табиғатының сұлулығымен, тарихымен танысады. Шетел жазу-шыларының шығармалары арқылы әлемді танып білуге деген қызығушылықтары оянады.


Оқушылар әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқу арқылы адам-дар мен балалардың әрекеттеріне баға береді. Әр шығарманы оқып, талдау арқылы мұғалім оқушыға тәрбиелік бағыт беріп отырады.


Оқу сабағында баланың әлем туралы түсінігі кеңейеді. Оқушы-лар адамның өмірі, еңбегі туралы, табиғат құбылыстары жайлы қызықты мағұлматтар алады. Жаңа сөздермен танысады. Олар-дың мағынасын түсінеді. Осы жаңа сөздерді күнделікті сөйлеу тілінде қолдануға жаттығады. Оқу және тіл дамыту пәні арқылы оқушылардың сөздік қоры молайып, ауызша байланыстырып сөйлеу қабілеті жақсарады.




Рөлге бөліп оқу

Рөлге бөліп оқу – оқу дағдыларының ішіндегі күрделісі. Бірақ бұл тәсіл қиын болса да, тиімді тәсілдердің бірі. Рөлге бөліп оқу кезінде оқушылар бір-бірімен байланыста болады. Оқушылардың рөлге бөліп оқу кезінде барлық танымдық әрекеттері іске қосыла-ды (зейіні, көз алдына елестету, ерік, есте сақтау...).


Рөлге бөліп оқудың күрделілігі: оқушы, ең бірінші, мұқият тың-дайды, екіншіден, өзінің сөзін мәтіннен дұрыс табады, үшіншіден, өз сөзін ғана теріп оқиды, төртіншіден, өз рөліне тиісті сөздерді айтып береді.


Рөлге бөліп оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалім біртіндеп оқу-шылармен дайындық жұмыстарын жүргізуі тиіс. Мұғалім мәтінді



15


оқу барысында кейіпкерлердің дауысын, қимылын келтіріп инто-нациямен оқып шығады. Мұғалімнің осындай оқу тәсілі – оқушы үшін маңызы зор үлгі. Себебі оқушы мұғалімнің дауыс ырғағынан, қимылынан мәтіндегі кейіпкерлерді көз алдына елестете алады. Оқушылар мұғалімнің оқығанынан кейін әр кейіпкердің сөзін өз бетінше тауып оқуға мүмкіндік алады.

Зерде бұзылыстары бар оқушылардың зейінінің шашыраңқы болуы, мінез-құлқындағы тұрақсыздық оқу және тіл дамыту са-бағында мәтіндегі белгілі бір бөлікті тауып оқуына көп кедергілер келтіреді. Оқушыға мұғалім тапсырған бөлікті табу қиын. Сондық-тан мұғалім үнемі сабақ барысында өзі басшылыққа ала отырып оқушыларды жаппай сабаққа қатыстырып, арнайы берілген бө-ліктерді тауып оқуына бағыт беріп отырады. Біртіндеп мұғалім оқушыларға дауыстап, тізбектей оқытады. Содан кейін барып алдын ала оқылатын мәтіндегі кейіпкерлердің сөздерін оқушылар-ға бөліп береді. Мұғалім өзі бірінші автордың сөзін мәнерлеп оқи бастайды, белгілі бір кейіпкерге келгенде, оқушыға жалғастыруға мүмкіндік береді. Осылайша оқушылардың өз сөздерін тауып, оны дұрыс оқуын қадағалап отырады.


Берілген оқулықтың басты ерекшелігінің бірі – кейіпкерлердің сөздері жеке жолдан берілген. Мысалы, «Молда, ұста, тігінші» ертегісінде:


Ұста:

– Мен алам, еңбек менікі, – дейді. Тігінші:
– Жоқ, мен алам, еңбек менікі, – дейді. Молда:
– Мен алам, Құдай менің тілегімді қабыл алып, оған жан бітір-ді, – дейді.
Осы тәсіл оқушыларға мәтіндегі кейіпкерлердің сөздерін оңай табуға, рөлге бөліп оқу дағдысының қалыптасуына үлкен көмек. Рөлге бөліп оқу кезінде оқушы өз бетінше оқулықпен еркін жұ-мыс жасауға дағдыланады. Өз бетінше кейіпкерлердің сөздерін тауып, оған мінездеме бере алады. Пәнге деген қызығушылығы оянады. Сабаққа қатысу белсенділігі артады. Дұрыс және түсініп оқуға мүмкіндік алады.


16


Рөлге бөлудің негізінде оқу дағдылырының барлық түрлері: дауыстап оқу, жүгіртіп оқу, дұрыс оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдылары жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет