Оқушыларды мәтінді қабылдауға дайындау. Оқушыларды мәтінді қабылдауға дайындау кезінде алдын ала кіріспе әңгімемен
ғана шектелуге болмайды. Кіріспе әңгіме бірқатар әдістер мен тәсілдерден тұруы қажет. Оқушыларды алдын ала мұғалім топ серуенге апарады. Қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді бақылайды. Табиғи материалдарды талдайды, талқылайды, салыстырады, өз ойларымен бөліседі, өз ой тұжырымдарын айтады, өз көзқарастарын білдіреді. Топ серуеннен кейін сы-ныпқа келіп, оқушылар серуен барысында алған білімдерін өтілетін жаңа материалмен ұштастыра білуі керек. Атап айтсақ, Б. Майлиннің «Жаңбырлы күн» (67-бет) өлеңінде жауып тұрған жаңбыр мен өлеңде суреттелген жаңбырдың түрлерін салыстыру, айырмашылығы мен ерекшеліктерін атау.
Е. Өтетілеуовтің «Көктем өрнегі» (147-бет) деген өлеңінің аталу себебін жаңбырдан кейінгі табиғат құбылысымен салыстырып талдау.
Ал егер өтілетін сабақ тақырыбы балаға таныс емес болса, (мұхит, тау ішінде болған оқиға, су астындағы тіршілік, жабайы аңдар туралы мәтіндер болса т.б) мұғалім көрнекі құралдардың көмегімен, әсіресе интербелсенді тақта қолдану арқылы барынша берілген тақырыпты шынайы етіп аша білуі қажет.
Мәтінді толық түсіну үшін ең басты рөлді сабақтағы сөздік жұмысы алады.
Сабақтың әр кезеңінде мәтін ішінде 3-4 қиын сөз кездеседі. Балалар үшін таныс емес сөздің мағынасын ашу керек. Ол үшін мұғалім алдын ала дайындық жұмысын жүргізіп алады немесе мәтінді өзі оқып шыққан соң жүргізеді. Мұғалім жаңа сөзді ашу ба-рысындағы жұмысқа оқушыларды да тартады. Көп жағдайда мұ-ғалім мәтін ішіндегі жаңа немесе таныс емес сөздерді оқушының өздігінен таба білуіне жаттықтырады. Бұл кезде мұғалімге үлкен шыдамдылық пен сабырлылық қажет. Себебі зерде бұзылыстары бар оқушы таныс емес сөздерді бірден байқамайды. Ал үнемі мәтіннен таныс емес сөздерді тауып, оның мағынасын ашқызу оқушылардың мәтінді өз беттерінше түсінуіне жағдай жасайды.
Арнайы мектептерде көркем шығарманы талдау – күрделі үдеріс. Оның қиындығы оқушылардағы бейнелі ойлаудың жеткілік-сіздігі, оқушылардың көркем шығармадағы оқиғаның нақты белгі-лерін ғана қабылдауы, оқиғаның астарын, ондағы кейіпкерлердің бейнесін жан-жақты ашу, зерде бұзылыстары бар оқушылар үшін қиындау. Сол себепті жоғары сынып оқушыларымен көркем шы-
ғармаларды талдау барысында көрнекі құралдарды көп қолдану қажет. Екі құбылысты, екі кейіпкерді салыстыру арқылы мәтіннің мазмұнын ашу.
Мұғалім сабақ барысында оқушының сұраққа толық жауап беруін, байланыстырып сөйлеуін, әдеби шығарманы талдау ба-рысында көркем сөздерді қолдануын талап етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |