«Оқу және тіл дамыту» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру. «Оқу және тіл дамыту» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 9-сынып аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Оқу және тіл дамыту» пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1-бөлім. «Тыңдалым және айтылым»;
2-бөлім. «Оқылым»;
3-бөлім. «Тілдесу».
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
ақпаратты түсіну;
мәтіннен ақпаратты анықтау;
негізгі ойды анықтау;
сахналау және драмалау.
«Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
оқылым стратегияларын қолдану;
мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
сыныптан тыс оқу;
әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу. «Тілдесу» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
қарым-қатынастық дағдыларын дамыту;
жағдаятты болжау.
Оқу тақырыптарының атауы ретінде бағдарламаның бө-
лімдері қолданылады:
Пәнді оқыту барысында тарау бойынша келесі тақырыптар қамтылуы тиіс:
Осы тақырыптар жыл сайын оқушы сыныптан-сыныпқа көш-кенде қайталанып, күрделеніп, толықтырылып оқытылады.
9-сыныпқа арналған «Оқу және тіл дамыту» пәнінің база-лық мазмұны:
тыңдалым және айтылым: аудио және бейнетаспаға жазылған балаларға арналған шығармаларды тыңдау, негізгі ойын түсіну; мұғалімнің көмегімен кейіпкерлерге мінездеме беру;
мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша толық, қысқа, теріп айту; әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің сөздерін рөлге бөліп оқу;
оқылым: әдеби шығармаларды саналы түрде оқу; тақпақтар мен прозалық үзінді жаттау; қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату; балаларға арналған кітаптарды, газет, журналдардан мақалаларды өзбетімен оқу; мұғалімнің көмегімен талқыланып жатқан оқиғаны бағалау; мұғалімнің көмегімен энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпа-раттарды алу.
тілдесу: қатынас мақсатын (хабарлау, түсіндіру, сұрау, ой бөлісу), жағдайын (көңілді, көтеріңкі, сабырлы) ескере отырып, әңгімеге, диалогке қатысу; сөйлеу тәртібін сақтау: сөйлесіп тұрған адамды тыңдау, орынды сұрақ қою; өтілген және кім туралы? не туралы? не істедің? не істеп отырсың? не істейсің? не істедіңдер? сұрақтарына дұрыс жауап беру; тірек сөздер мен ұсынылған ил-люстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |