Әңгімені оқуда ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар
Оқу сабағында пайдаланатын негізгі материал – ол әңгіме.
Оқулықта берілген материалдардың 60 пайызын әңгіме құрайды.
Әңгіме – кейіпкерлердің өмірінде болатын оқиғалардың тізбегі. Әңгімеде сол сәтте болып жатқан оқиға немесе болашақта бо-латын оқиға айтылуы мүмкін. Көлемі жағынан да, кейіпкерлердің саны жағынан да әңгімелер әртүрлі болады. Мазмұнына қарай әңгіме бірнеше түрге бөлінеді:
18
9-сыныпқа арналған оқу және тіл дамыту оқулығында Отандық және шетел жазушыларының шығармаларынан үзінділер хроно-логия бойынша ұсынылған.
Оқулықтағы барлық әңгімелер зерде бұзылыстары бар оқу-шылардың ерекшеліктерін ескере отырып таңдалған және бе-йімделген.
Үлкен көлемді әңгімелер мен өлеңдердің көлемі қысқартылды.
Күрделі сөйлемдер бірнеше жай сөйлемдерге алмастырылды.
Мәтіндегі қиын сөздер іріктеліп алынды. Олардың мағынасы-на сөздік арқылы түсініктеме берілді.
Мәтін аяқталған оймен бірнеше қысқа абзацтарға бөлінді.
Берілген абзацтар бойынша әдістемелік аппаратта сұрақтар берілді (бұл сұрақтар әңгіменің мазмұнын толық ашып айтуға жақсы мүмкіндік береді).
Әңгіменің мазмұнын ашатын көріністі суреттер берілді.
Кейіпкерлердің сөздері нақты жеке жолдан берілді.
Оқу және тіл дамыту оқулығының ерекшелігі
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған оқу және тіл дамытудың типтік оқу бағдарламасы – оқулығы оқу мазмұнына сәйкес келетін оқу құралы.
«Оқу және тіл дамыту» оқулығы зерде бұзылыстары бар оқушылардың ойлау, оқу мен сөйлеу тілін дамытудың арнайы әдістемесіне сәйкес жүргізілген.
Оқу құралы мұғалімді дәйектілікпен бағыттайды және оқушы-лардың қызметтерін сипаттау арқылы қалыптасқан білім беру бағдарламасындағы әр тақырыптың байланысында күтілетін нәтижелерді анықтайтын кестемен аяқталады. Сондай-ақ жоғары сыныпта оқу үдерісінде жүзеге асырылуы тиіс әртүрлі тақырыптар көрсетілген.
Оқулықтың әдістемелік құралы күрделілік тұрғысынан бірдей емес. Тапсырманың күрделілік деңгейінің шартты белгілері бар. Шартты белгі ретінде түрлі түсті дөңгелектер қолданылады. Бұл шартты белгілер мұғалімдерге оқушылармен деңгейлік жұмыс жасауға жақсы мүмкіндік береді. Әр мұғалім сыныптың ерекше-лігіне қарай оқушыларды деңгейге бөліп топтастырады.
19
Жасыл дөңгелек – күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейін біл-діреді. Мұғалімінің тапсырмасы бойынша оқушыдан тақырыпты білу немесе суретті әңгімелеу талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |