Оқу және тіл дамыту


«Оқу және тіл дамыту» оқулығында



бет16/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

«Оқу және тіл дамыту» оқулығында


берілген тараулар



  1. Халық ауыз әдебиеті тарауы

«Халық ауыз әдебиеті» тарауында бағдарлама бойынша бар-лық жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш жанрлары берілген. Біз осы жанрларды халық ауыз әдебиеті тарауында ғана қолданбай, оны бүкіл оқулықтағы берілген шығарманың мазмұнына қарай бөлуді жөн көрдік. Мысалы, елдік туралы мақал-мәтел «Заманауи қазақ әдебиеті» тарауы бойынша сұрақтар мен тапсырмаларда берілсе, «Ер ел үмітін ақтар, Ел ер атағын сақтар», С. Бегалиннің «Кітап» атты өлеңінің соңында білім туралы мақал-мәтел: «Кі-тап – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы» берілген. Б. Майлиннің «Жаңбырлы күн» өлеңінде тақырыпқа байланысты жаңылтпаш берілген. «Көктем жауын-шашынсыз болмас, Жауын-шашынсыз болмаса, Жасынсыз болмас». Ал Б. Соқпақбаевтың «Шынық-сын денеміз» өлеңінде, Н. Ақыштың «Балалар елін бағындыру» әңгімесінде тақырыпқа байланысты жұмбақтар берілген. Осы мақал-мәтел, жаңылтпаштар бүкіл оқулық шығармаларының мазмұнына қарай бөліп тастау, ең бірінші, мұғалімнің тақырыпты



23


бекітіп, қорытындылауына үлкен ықпалын тигізсе, ал оқушылар үшін оқу материалдарын жақсы меңгеруге, өтілген тақырыпқа деген қызығушылықтарын оятуға мүмкіндік береді. Осы тәсіл арқылы оқушы мақалдың мағынасын толық аша білуге үйренеді. Сонымен қатар оқушы оқыған мақалдың түрін ажырата білуге дағдыланады. (Өнер-білім, елдік туралы т. б.)


Ескерту: Осы оқулықта айта кететін бір ерекшелік төменгі сыныптардың оқулықтарында өтірік өлеңге сағат берілмегенін ескере отырып, өлеңнің мағынасын ашып, сағат ретінде толық қарастырдық.



  1. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарауы

Осы тараудан бастап хронология басталады. Әдебиет сала-сында хронология принципі белгілі бір уақытта өмір сүріп өткен ақын, жазушы, жыршылардың өмір сүру жылдарын ретімен беру. Оқушы хронологияның көмегімен ақын-жазушылардың өмір сүр-ген уақытын анықтайды. Олардың қай ғасыр әдебиетінің өкілі екенін білетін болады.




Ескерту: Бағдарламадан тыс А. Құнанбаевтың бірнеше қара сөздері, өлеңдері алынды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет