Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет13/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Экстрасистолия (ЭС) – жүректің немесе оның бөліктерінің мезгілінен бұрын қозуы жəне
жиырылуы. Экстрасистолия – аритмияның ең жиі түрі.
Этиологиясы. Себептеріне қарай экстрасистолияның функциональдық, органикалық жəнетоксикалық (улану себепті) түрлерін бөледі.
Функциональдық (дисрегуляторлық) экстрасистолиялар гиперадренергиялық жəне вагустықболып бөлінеді. Гиперадренергиялық экстрасистолия неврозда, эмоциональдық стрес-терде, кейбір əсерлерге (кофеин, никотин) үстеме сезімталдық болғанда туындайды. Көбіне тахикардияфонында кездеседі (тахи - тəуелді ЭС).
Вагустық немесе нейрорефлекторлы ЭС парасимпатикалық нерв жүйесі тонусының рефлекторлы көтерілгенінде (ұйқы, тамақ қабылдау, іш қуысы органдарының патологиясы т.б.) пайдаболады, негізінен брадикардия фонында кездеседі (бради - тəуелді ЭС). ЭС сау адамдарда да болады.Органикалық ЭС миокардтағы терең морфологиялық өзгерістер нəтижесінде (ЖИА, АГ,жүрек ақаулары, миокардиттер, кардиомиопатиялар, қан айналысы жетіспеушілігі т.б.) туындайды.Улану текті (токсикалық) ЭС қызба күйлерде, дигиталиспен уланғанда, маскүнемдікте, антиаритмиялық препараттар əсерінен пайда болады.
Патогенезі. ЭС-ң басты электрофизиологиялық механизмдері – эктопиялық re-entry ошағыныңпайда болуы жəне триггерлік белсенділік (активтілік).
Классификациясы
1. Эктопиялық ошақ орнына қарай: қарыншаүстілік жəне қарыншалық ЭС.
2. Экстрасистолия ошақтарының санына қарай: монотопты жəне политопты ЭС.
3. Экстрасистолияның түріне қарай: моноформды жəне полиформды ЭС.
4. Тығыздығына қарай: бірен-саран, жұптасқан, топтасқан ЭС жəне тахикардия парок-
сизмдері.
5. Кезеңділігіне қарай: спорадиялық жəне жүйелі ЭС.
6. Диастолада пайда болу мерзіміне қарай: ерте, орташа, кеш ЭС.
7. Жиілігіне қарай: сирек, орташа жиілікті, жиі ЭС.
Эктопиялық ошақтың орнына қарай суправентрикулярлық жəне вентрикулярлық ЭС ажыратады. Суправентрикулярлық (қарыншаүстілік) ЭС өз кезегінде жүрекшелік жəне АВқұрамасынан шыққан ЭС болып бөлінеді.
ЭС ошағы санына қарай монотопты жəне политопты ЭС ажыратады. Монотопты ЭС бір эктопиялық ошақтан шығады жəне экстрасистолия алды тіркесу аралығының яғни соңғы кезектікомплекс пен мезгілінен бұрын туындаған эктопиялық комплекс арасындағы аралықтыңтұрақтылығымен сипатталады; бұл аралық жүрекшелік экстрасистолияда РР аралығына қарап,экстрасистолияның басқа түрінде RR аралығына қарап анықталады; бұл аралықтың қалыптыкүйдегі ауытқулары ЭКГ-ның бір тіркемесінде 0-15% немесе 0,04-0,08 с аспайды. Политоптыэкстрасистолалар бірнеше эктопиялық ошақтан шығады, онда ЭКГ-ң бір тіркемесінде тіркесуаралығы əр түрлі болып келеді.
Түріне қарай ЭС моноформды жəне полиформды болып бөлінеді. Моноформды ЭС – ЭКГ-ңбір тіркемесіндегі түрі бірдей болатын экстрасистолалар. Полиморфты ЭС – бір тіркемеде түрлері əр түрлері болатын экстрасистолалар.Полиморфты экстрасистолалардың əр түрлі эктопиялық ошақтардан шығуы міндетті емес,
олар монотопты да болуы мүмкін (бұл жағдайдағы QRS комплекстері морфологиясының əр түрліболуы монотопты экстрасистолалардың ең ерте пайда болатындарының кейбірінің абберациялықөткізілетінімен түсіндіріледі).
Тығыздығына қарай ЭС бірен-саран, жұптасқан (екі ЭС бірден – куплеттер), топтасқан (үшэкстрасистола қатар триплеттер жəне басқалары) болып келеді. Топтасқан ЭС (3 жəне одан көпЭС қатарынан болуы) тахикардия пароксизмі деп аталады
Кезеңділігіне қарай спорадиялық жəне жүйелі ЭС ажыратады. Спорадиялық ЭС жүйелі түрдепайда болмайды. Жүйелі экстрасистолияларда эктопиялық комплекстер заңды түрде бір синустық комплекстен кейін (бигеминия), екі синустық комплекстен кейін (тригинемия), үш синустық комплекстен (квадригеминия) кейін келіп отырады. Жүйелі экстрасистолия аллоритмиядеп аталады.Пайда болу мерзіміне қарап, ерте экстрасистолияларды (экстрасистолалық R алдыңғы кезектіқарыншалық комплекстің Т тісшесінің үстіне барып түседі, «Т үстіндегі R» деп аталады), орташа
мерзімді ЭС (ЭС диастоланың алғашқы жартысында анықталады), кеш экстрасистолияны (ЭСдиастоланың екінші жартысында пайда болады) ажыратады.
Жиілігіне қарай сирек (1 минутта 5 ЭС аз), орташа жиіліктегі (1 минутта 6-дан 15-ке дейін ЭС)жəне жиі (1 минутта 15 экстрасистоладан көп) экстрасистолия болады.
Постэкстрасистолалық үзіліске қарай, толық компенсаторлық үзіліс бар жəне толық емес компенсаторлық үзілісі бар экстрасистолияларды бөледі.Компенсаторлық үзіліс – ЭС-дан бастап, одан кейінгі қалыпты ырғақтың P-QRST циклінедейінгі аралық. Толық емес компенсаторлық үзіліс жүрекшелік жəне АВ-құрамасынан шығатынэкстрасистолияларда болады, ол эктопиялық импульс синус түйініне жетіп, оны разрядтау қажетуақыт пен синус түйінінде кезекті синустік импульсті əзірлеуге қажет уақыттан тұрады. Толықкомпенсаторлық үзіліс – қарыншалық экстрасистолиядан кейін пайда болатын үзіліс, мұндағыекі синустық комплекстер P-QRST арасындағы қашықтық (экстрасистолия алдындағы жəне экстрасистолия артындағы) қалыпты ырғақтың RR аралығының екі еселенген мөлшеріне тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет