Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет16/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Қарыншалық экстрасистолия (ҚЭ) – қарыншалардың өткізгіш жүйесінің əр жерінен
шыққан импульстердің əсерінен жүректің мезгілінен бұрын қозуы.
ЭКГ-лық белгілер:
1. Өзгерген қарыншалық QRS комплексінің ЭКГ-да мезгілінен бұрын пайда болуы;
2. Экстрасистолалық QRS комплексінің анағұрлым кеңуі (0,12 с дейін жəне одан да жоғары)
мен деформациялануы;
3. Экстрасистоланың RS-T сегменті мен Т тісшесінің QRS комплексінің негізгі тісшесіне дискордантты орналасуы;
4. Қарыншалық экстрасистоланың алдында Р тісшесінің болмауы;
5. Қарыншалық экстрасистоладан кейін толық компенсаторлық үзілістің болуы.
Қарыншалық экстрасистолияда əуелі экстрасистолалық импульс пайда болған қарынша қозады, содан кейін біршама кешігіп екінші қарынша қозады. Бұл түріне қарағанда Гис будасы сабақтарының блокадасына ұқсас ұзарған экстрасистолалық QRS комплексін тудырады.Қарыншалық экстрасистолияда қарыншалар қабырғасының қозу реттілігі бұзылады, соныңнəтижесінде ST аралығы изосызықтан жоғары немесе төмен ығысады жəне асимметриялы оңнемесе теріс мəнді Т тісшесі қалыптасады. Бұл өзгерістер QRS комплексінің басты тісшесінедискордантты бағытта орналасады.
Қарыншалық экстрасистолияда қарыншаларда пайда болатын эктопиялық импульс негізіненретроградты АВ – түйіні арқылы өте алмайды, жүрекшелер мен синус түйініне жете алмайды,сондықтан синус түйінін ォразрядтайサ алмайды. Келесі кезекті импульс кедергісіз қарыншаларғажетеді, бірақ қарыншалар рефрактерлік фазада болатындықтан оларды қоздыра алмайды. Қарыншалар келесі (қарыншалық экстрасистолиядан кейінгі екінші импульстан) синустық импульстан кейін қалыпты қозады. Сондықтан толық компенсаторлық үзілістің ұзақтығы толық емекомпенсаторлық үзілістен анағұрлым ұзақ болады. Қарыншалық экстрасистоланың алдындағықалыпты QRS комплексі мен экстрасистоладан кейінгі бірінші қалыпты синустық комплекстіңарасындағы қашықтық екі RR аралығына тең болса, онда компенсаторлық үзілістің болғаны.
Жоғарыда көрсетілгендей тағы да көрсете кету керек – толық емес компенсаторлық үзіліс суправентрикулярлық экстрасистолияда кездеседі.
Клиникалық практикада кейде қарыншалық экстрасистоланың орнын анықтау керек жəне оныжүрек қуыстарының күйімен салыстырып қарау керек. Оң қарыншалықэкстрасистолияда V5-V6тіркемелерінде кеңіген жəне ұзарған R тісшесі болады жəне ішкі ауытқу уақыты ұзарған болыпкеледі. Сонымен қатар, V1-2 тіркемелерінде rS жəне QS комплекстері тіркеледі ішкі ауытқууақыты ұзармаған болады. Қарыншалық комплекстің мұндай түрі Гис будасының сол жақ сабағының блокадасын еске түсіреді. Сол қарыншалық экстрасистола Гис будасы оң жақ сабағының толық блокадасына ұқсас болады.Суправентрикулярлық экстрасистоланы қарыншалық экстрасистоладан айыра білу керек. Суправентрикулярлық экстрасистолада (қарыншалық экстрасистоладан айырмашылығы) қарыншалық QRS комплексі өзгермейді. Мұндай жағдайға қарыншаүстілік абберанттық экстрасистолаларбағынбайды.
Болжамына қарай қарыншалық экстрасистолалар қатерсіз, қатерлі болуы мүмкін жəне қатерліболып бөлінеді.Қатерсіз қарыншалық экстрасистолаға жүректің органикалық зақымдануы мен сол жақ қарыншаның дисфункциясы жоқ (идиопатиялық ҚЭ), қарыншалық экстрасистоланың кез-келгенградациясы жатады. Бұл науқастарда кенеттен өлу қаупі жоғары болмайды.Қатерлі болуы мүмкін деген экстрасистолияға жүректің органикалық аурулары бар жəне солжақ қарыншаның систолалық функциясы төмендеген (қан айдау фракциясы – 50-30%)науқастарда кездесетін қарыншалық экстрасистола жатады. Бұл топта (ҚЭ-ң 70% жоғары) кенеттен өлу қаупі орташа дəрежеден жоғарғы дəрежеге дейінгі деңгейде болады.Қатерлі ҚЭ (барлық жағдайдың 5%) жүректің ауыр аурулары бар жəне сол жақ қарыншаныңсистолалық функциясының айқын төмендеуі (қан айдау фракциясы < 30%) бар науқастарда кездесетін жəне тұрақты қарыншалық тахикардия қайталауына бейім экстрасистолалар жатады. Бұлтопта кенеттен болатын өлім қаупі өте жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет