Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Суправентрикулярлық экстрасистолия



бет15/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Суправентрикулярлық экстрасистолия
Жүрекшелік экстрасистолия – жүрекшеде кезектен тыс пайда болған импульстің əсеріненжүректің мезгілінен бұрын қозуы.
Жүрекшелік экстрасистолияның ЭКГ-лық белгілері:
1. Р тісшесінің жəне одан кейінгі QRST комплексінің мезгілінен бұрын кезектен тыс пайда болуы.
2. Экстрасистоладағы Р тісшесінің полярлығының өзгеруі немесе деформациясы.
3. Синус түйінінен шыққан QRST комплексіне ұқсас өзгермеген қарыншалық экстрасисто-
лалық комплекстің болуы.
4. Толық емес компенсаторлық үзілістің болуы.
Пайда болған орнына байланысты экстрасистолия əр түрлі болады. Жоғары бөліктен шыққан экстрасистолиядағы Р тісшесі қалыпты күйден онша өзгеше болмайды. Ортаңғы бөліктеншыққан экстрасистолиядағы Р тісшесі деформацияланған, төменгі бөліктен шыққан экстрасистолияда Р тісшесі теріс мəнді болады. Сол жақ жүрекшеден шыққан экстрасистолияда I, avL, V5-6 тіркемелерінде теріс мəнді Р тісшесі болады. Оң жақ жүрекшенің төменгі жəне ортаңғы
бөлігінен шыққан экстрасистолияда II, III, avF тіркемелерінде теріс мəнді Р тісшесі болады, бірақ І стандарттық тіркемеде – оң мəнді Р тісшесі болады.
Бөгеттелген жүрекше ЭС – бұл жүрекшеден шығатын, ЭКГ-да тек Р тісшесі болатын жəне
одан кейінгі экстрасистолалық қарыншалық QRST комплексі болмайтын электросистолия.
АВ – құрамадан шығатын экстрасистола – АВ – құрамасында орналасқан автоматизмнің гетеротоптық ошағынан шығатын мезгілінен бұрын қозудың нəтижесінде пайда болатын кезектентыс қарыншалық комплекстер. АВ – құрамасында пайда болған эктопиялық импульс екі бағыттатарайды: жоғарыдан төмен қарыншалардың өткізгіш жүйесі бойымен жəне төменнен жоғары(ретроградты) жүрекшелер бойымен.
ЭКГ-лық белгілері:
1. ЭКГ-да кезектен тыс өзгермеген қарыншалық QRS комплексінің пайда болуы. Ол синус
түйінінен шығатын басқа QRS комплексіне ұқсас болады (абберация болмаған жағдайда).
2. Экстрасистолалық QRS комплексінен кейін ІІ, ІІІ, avF тіркемелерінде теріс мəндіР
тісшесінің болуы немесе Р тісшесінің болмауы (Р мен QRS бір-бірімен қосылып кетуі).
3. Толық емес компенсаторлық үзілістің болуы.
Егер экстрасистолалық импульс жүрекшеден бұрын қарыншаға жететін болса, теріс мəнді Ртісшесі экстрасистолалық QRST комплексінен кейін орналасады. Егер импульс жүрекшелер менқарыншаларға бір мезгілде жететін болса, онда Р тісшесі QRS комплексімен қосылып кетіп,ЭКГ-да көрінбейтін болады.
Жүрекшелік экстрасистола мен АВ-құрамасының экстрасистоласының абберанттық түрі болады. Ол Гис будасының оң жақ сабағының немесе оның басқа тарамдарының функциональдықблокадасында пайда болады. Бұл жағдайда экстрасистолалық комплекс кеңейген, жарықшақтанған жəне деформацияланған болып келеді, Гис будасы сабақтарының блокадасындағынемесе қарыншалық экстрасистоладағы QRS комплексіне ұқсас болады.Суправентрикулярлық ЭС сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Жүрекшелердегі айқын морфологиялық өзгерістердің фонында пайда болған органикалық экстрасистолалар жүрекшелер фибрилляциясы пароксизмінің немесесуправентрикулярлық тахикардияның ізашары болуы мүмкін.
Емі. Антиаритмиялық емді таңдағанда жедел фармакологиялық сынаманың нəтижесін естеұстау керек: дəрінің жарты дозасын қабылдағаннан кейін 1,5-3 сағат өткенде ЭС жойылып кетсенемесе екі есе азайса, онда сынама оң мəнді болғаны. Сынама əсері ұзартылған дəрілермен жəнекордаронмен қойылмайды.
Дəріні тағайындағанда, оның қандай эктопиялық ошақтан шығатын экстрасистолияға əсер
ететінін ескереді.Тек қарыншаүстілік ЭС немесе қарыншаүстілік ЭС-ға басым əсерлі дəрілерге жататындар:
- верапамил 40-80 мг-нан тəулігіне 3-4 рет беріледі;
- кардил 60 мг-нан тəулігіне 3-4 рет беріледі;
- прокорум 50-100 мг-нан тəулігіне 2-3 рет беріледі;
- корданум 50-100 мг-нан тəулігіне 3 рет беріледі;
- спесикор 50-100 мг-нан тəулігіне 1-2 рет беріледі;
- сектраль 200-400 мг-нан тəулігіне 1-2 рет беріледі;
- атенолол 50-100 мг-нан тəулігіне 1 рет беріледі;
- коргард 40-80 мг-нан тəулігіне 1 рет беріледі;
- тобанум 5-10 мг-нан тəулігіне 2-3 рет беріледі.
Антиаритмиялық дəрілердің тиімділігінің критерийлері:__
- экстрасистолалардың жалпы санының 50-70% азаюы;
- жұптасқан экстрасистолалардың 90% азаюы;
- топтасқан экстрасистолалардың толық жойылуы.
Қарыншаүстілік экстрасистолияда төмендегідей сатылы ем қолданылады (қан айналысының
жетіспеушілігі мен блокадалар болмаған жағдайда).
І саты немесе таңдамалы дəрілер – кальций антагонистері: верапамил (изоптин, финоптин,
фаликард), кардил (дилтиазем, андизем, ангизем, кортизем, диакордин), прокорум.
ІІ саты немесе жақын резерв дəрілері – бета адреноблокаторлар: корданум (талинолол), спеси-
кор (метопролол, бетолак, лопрессор, пресолол), коргард (надалол), тенормин (атенолол, атенол,
тенолол, катенол, атенобене), спектраль (ацебуталол), тобанум (хлоранолол).
ІІІ саты немесе алыс резерв дəрілері төмендегідей реттілікпен тағайындалады:
а) тиімділігі автоматизмнің гетеротопты ошағының орнына тəуелді бета – адре-
ноблокаторлар: анаприлин (обзидан, пропранолол, индерал, пропранур, пропра), тразикор
(окспренолол), вискен (пиндалол), бета – пресин (пентобуталол);
б) боннекор (тирацизин);
в) депо – хинидин дəрілері – кинилентин (кинидин – дурулес, киникард, хинипэк__________).
IV саты – антиаритмиялық дəрілердің құрама емі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет