ҚЭ емі. Қарыншалық экстрасистолияда тиімдірек əсер ететін дəрілер:
- этмозин 100-200 мг-нан тəулігіне 3-4 рет беріледі;
- этацизил 50-100 мг-нан тəулігіне 3 рет беріледі;
- аллапинин 25-50 мг-нан тəулігіне 3 рет беріледі;
- ритмилен 200 мг-нан тəулігіне 3-4 рет беріледі;
- аймалин 50-100 мг-нан тəулігіне 3-4 рет беріледі;
- неогилуритмал 20 мг-нан тəулігіне 3-4 рет беріледі;
- новокаинамид 500-750 мг-нан тəулігіне 4-6 рет беріледі;
- мекситил 200 мг-нан тəулігіне 3-4 рет беріледі;
- дифенин 100 мг-нан тəулігіне 3 рет беріледі;
- кордарон 200 мг-нан тəулігіне 3-2-1 рет беріледі.
Антиаритмиялық дəрілерді сатылап береді.
І саты немесе таңдама дəрілер мынандай реттілікпен беріледі:
а) эктопиялық орталықтың орнына тəуелсіз бірдей активті бета – адреноблокаторлар;
б) пропафенон (пропранорм, ритмонорм).
ІІ саты немесе жақын резерв препараттары: антиаритмиялық заттардың бірінші классификациялық тобына жататын барлық дəрілер: этмозин, этацизин, аллапинин, кинилентин жəне оныңаналогтары, ритмилен (дизопирамид, ритмодан, корапейс, норпейс, норпасе), новокаинамид(прокардил), аймалин (гилуритмал), пульснорма, неогилуритмал, мексилетин (мексикард), дифенин.
ІІІ саты немесе алыс резерв препараттары: кордарон (амиодарон, седакорон, опакорден).
IV саты. Антиаритмиялық дəрілердің құрама емі. Ең тиімді құрамалар:
бета – адреноблокатор + ритмилен;
бета – адреноблокатор + аллапинин немесе этмозин;
бета – адреноблокатор + кордарон;
кордарон + верапамил;
верапамил + І А немесе І В топтарының бір препараты.
Қарыншаүстілік жəне қарыншалық экстрасистолияларда бірдей əсер ететін дəрілер:
- анаприлин табл. 20-40 мг-нан тəулігіне 2-4 рет беріледі;
- тразикор табл. 40-80 мг-нан тəулігіне 3-4 рет беріледі;
- вискен табл. 5-15 мг-нан тəулігіне 2-3 рет беріледі;
- бетапрессин табл. 20-40 мг-нан тəулігіне 1-2 рет беріледі;
- боннекор табл. 50-100 мг-нан тəулігіне 2-3 рет беріледі;
- кинилентин жəне оның аналогтары 250 мг тəулігіне 2-3 рет беріледі.
Ревматоидты артрит. Анықтамасы. Жіктелісі. Этиопатогенезі. Клиникасы. Ревматоидты артриттің диагностикасы мен емі. Остеоартрозбен, анкилозды спондилоартритпен, подагралық артритпен ажырату диагностикасы. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы.
Достарыңызбен бөлісу: |