Анамнез: Әртүрлі себептерге байланысты жүрек зақымданулары.
Шағымдары: ентікпе (әлсіздіктен-тұншығуға дейін), әлсіздік, тез шаршағыштық,
Клиникалық көріністер: өкпеде ұсақ көпіршікті, тұйық сырылдар, бауыр ұлғаюы, шеткі ісінулер, тахикардия, мойындырық тамырларының шодырайып шығуы, шоқырақ ырғағы, кардиомегалия.
Журек дисфункциясының объективті көріністері:систолалық(жиырылудың төмендеуі), диастолалық (толымдылық қысымының жоғарылауы) және аралас дисфункция.
Стационарға күндізгі стационарға жатқызу көрсетілімі:
-Үдемелі ЖЖ, амбулаторлық жағдайда емдеуге жағдайдың жоқтығы;
-Жедел коронарлы және жедел сол қарыншалық жеткіліксіздігі пайда болғанда(жүректік демікпе, өкпе ісінуі);
-ЖЖ асқынуына: пневмония, ырғақ бұзылысы, тромбоэмболия қосылғанда;
-Симптоматикалық гипертензия, талма жағдайлар.
Дәрігерлік еңбек сараптамасы: еңбекке жарамсыздық 10 күннен 14 кунге созылады. Егер төмен білікті жұмыс немесе жұмыс көлемін азайту болса, III дәрежелі мүгедектік беріледі. СЖЖ-нің II және III ФК кезіндегі уақытша еңбекке жарамсыздық 3-4 аптадан 2 айға дейін беріледі.
Диспансерлеу: Жүрек әлсіздігімен ауыратын науқас адамдар диспансерлік есепте тұруы керек. Науқас адамдарды қарап тұру жиілігі СЖӘ сатысына байланысты болады. Науқастар 3 айда 1рет қаралып отырады, АҚҚ, ЖСЖ, дене салмағы, ЭКГ бақылауда болады.
Болжам: жағымсыз. СЖӘ ауыратындардың диагнозы қойылғаннан кейінгі 3 жыл ішінде 50% өледі. Жыл сайынғы өлім 19% құрайды. Диастолалық жүрек әлсіздігінде жыл сайынғы өлім 8% деңгейінде.
СЖӘ ауыратындардың арасында кенеттен өлім болу қаупі жалпы популяциямен салыс-тырғанда 5 есе жоғары болады.
Профилактикасы:Бірінші ретті профилактика себеп болатын аурулардың алдын алу түрінде іске асырылады. Екінші ретті профилактика жүрек әлсіздігінің дәрежесін азайтуға бағытталған шаралардан тұрады.
Жүректің ишемиялық ауруларының (ЖИА) жұмыс жіктелісі. Жедел коронарлық синдром. Атеросклероз. Клиникасы. Атеросклероздың клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Болжамы. Алдын алуы. Тұрақты стенокардия, клиникасы, диагностикасы және емі.
Жауап: Жедел коронарлы синдром-тұрақсыз стенокардияға немесе жедел миокард инфарктісіне күдік тудыратын симптомдар немесе клиникалық белгілер жиынтығы. Жедел коронарлы синдромға жедел миокард инфарктісі, ST–жоғарылауымен миокард инфарктісі,
ST-жоғарылауынсыз миокард инфарктісі, биомаркерлер бойынша, немесе ЭКГ белгілері бойынша, ферменттер өзгерісі бойынша анықталған миокард инфарктісі және тұрақсыз стенокардия жатады. Термин осы аталған жағдайлардың соңғы диагнозына дейінгі емдеу тактикасын таңдау қажеттілігіне байланысты пайда болған.
ST жоғарылауымен жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну немесе дискомфорт және электрокардиограммадағы ST сегментінің тұрақты жоғарылауы немесе
«жаңа» (алғаш пайда болған немесе пайда болуы мүмкін) Гисс шоғыры сол аяғының толық блокадасы тән. ST сегментінің тұрақты жоғарылауы коронарлы артерияның жедел толық бітелуін көрсетеді.Бұл жағдайда емдеудің негізгі мақсаты тамыр бітелуін тез және тұрақты жою. Осы мақсатта тромболитиктер қолданылады (егер қарсы көрсеткіштері болмаса).
ST жоғарылауынсыз жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну және элекрокардиограммада жедел ишемия белгілерінің болуы, бірақ ST сегментінің жоғарыламауы тән. Бұл науқастарда ST сегментінің тұрақты немесе өтпелі депрессиясы, Т тісшесінің инверсиясы, тегістелуі болуы мүмкін. Түскен кезде ЭКГ қалыпты болуы да мүмкін. Бұл науқастарда ишемияны және симптомдарды жою, ЭКГ-ны қайталап түсіріп бақылау және миокард некрозының маркерлерін (жүрек тропониндері, креатинфосфокиназа) анықтау қажет. Мұндай науқастарды емдеуде тромболитиктер қолданбайды.
Тұрақсыз стенокардия-ауырлығы және ұзақтығы миокард некрозын тудыруға жеткіліксіз жедел миокард ишемиясы. ЭКГ-да ST жоғарылауы жоқ, қанда миокард инфарктісі диагнозын қоюға жеткілікті мөлшердегі миокард некрозының биомаркерлері жоқ.
Этиологиясы.
-коронарлы артериялардың тромбозы
-коронарлы тамырлардың ұзақ спазмы
-миокардтың оттегіне қажеттілігінің кенеттен жоғарылауы
Патогенезі.
-коронарлы тамырлардың бітелуі
- миокардтың оттегімен жеткіліксіз қамтылуы
- жүрек бұлшық етінің некрозы
Жіктелуі.
Клиникалық өтуіне байланысты келесі түрге бөледі:
- ауырсынулы
-абдоминалды
-демікпелі
-аритмиялы
- цереброваскулярлы
- симптомсыз
Некроздың орналасуы бойынша:
-сол жақ қарынша инфаркті (алдыңғы, перделік, артқы)
-оң жақ қарынша инфаркті (өзіндік диагноз болып табылмайды, төменгі миокард инфарктімен бірге дамиды)
Жүрек бұлшық етінің зақымдануының тереңдігіне байланысты:
-Q-қалыптасатын (транс-муральды немесе ірі ошақты). Аурудың алғашқы сағаттарында ST жоғарылауымен және кейіннен Q тісшесінің қалыптасуымен сипатталады.
-Q- қалыптаспайтын (трансмуральды емес немесе ұсақ ошақты).Q тісшесінің қалыптасуы тән емес, теріс Т тісшелерімен сипатталады.
Асқынуының болуына байланысты:
-асқынусыз.
-асқынумен.
Клиникалық белгілері.
Төс артындағы және жүрек тұсындағы қысып немесе батып ауырсыну. Ауырсыну стенокардияның әдеттегі ұстамасынан күштірек, әдеттегіден ұзақ, 15 минуттан көп сақталады. Ауырсыну сол жақ немесе оң жақ қолға, мойынға,төменгі жаққа, сол жақ жауырын астына, эпигастрий аймағына таралуы мүмкін. Науқас қозған, мазасыз, қорқыныш сезімі пайда болады. Нитраттарды тіл астына қойғанда әсері жоқ немесе ауырсынуды толық жоймайды немесе ауырсыну қысқа уақыттан кейін қайтадан пайда болады. Тері жабындары бозғылт, суық тер басқан. Жалпы әлсіздік, ауа жетпеуі мазалайды.
Асқынулары:
-жүрек ырғағының бұзылыстары
-жедел жүрек жетіспеушілігі
-кардиогенді шок
-перикардит
Диагностикада:
Электрокардиография.
Коронарлық ангиография.
Зертханалық сынақтар
Емі:
1.Нитраттар: Нитроглицерин
2 .В-Адреноблокатор
3.Кальций каналын тежеуші блокаторлар
Нитроглицерин
Атеросклероз:
Атеросклероз – липидтердің, күрделі көмірсулар, фиброзды тіндер, қан компоненттерінің жиналуы, кальциленумен жəне ортаңғы қабықтың (медия) қосарлы өзгерістерімен қосылған күре тамырдың ішкі қабығы (интимдер) өзгеруігің вариабельді комбинациясы (БДҰ).
Атеросклероз - липидтер, күрделі көмірсулар, фиброзды тін, қан компоненттерінің жиналуынан, кальцификациядан (әктенуден) және медияның қосымша өзгерісінен тұратын артерияның ішкі қабығының әр түрлі құрама өзгерістері.
Атеросклероздық табақша (бляшка) интима астында орналасады. Ортаңғы бөлігінің құрамына кіреді: липидті ядро, ерімейтін липидтер(холестерин, триглицирид, өт қышқылы) және фиброзды капсула. Сонымен қатар ақуызды молекула және суда еритін липидтерге: фосфолипидтерді жатқызамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |