Клиникасы:
Миокард инфарктісінің ангинозды түрі -төс артының, жүрек алды аймақтың, сирегірек төс астының өте күшті жаншып, қысып, күйдіріп («кеуденің өртенуі», «қайнап тұрған суды кеудеге құю» сезімдері) ауыруы пайда болады. Ауырғандық сол жақ иыққа, сол жауырынға, жауырын аралығына, мойынға, төменгі жаққа, құлаққа, жұтқыншаққа, сирек – оң қолға, оң иыққа, оң жауырынға, өте сирек оң аяққа және енге қарай тарайды. Ауырғандық 30 минуттан ұзақ созылады, нитроглицерин ауырғандықты тоқтата алмайды. Ауырғандық толқын тәрізді дамиды. Оған қоса өлім үрейі, шарасыздық, қамығу сезімі пайда болады. Науқас адам тынышсызданып төсекте орнын таба алмайды.
Диагностикасы:
Негізгі шаралар: ЖҚА. ЖЗА. БҚА(глюкоза, креатинин, тропанин, АЛТ, СРБ, фибриноген, ЖТЛП, ТТЛП, калий, натрий). Вирусты гепатит В,С маркерлері. АИВ инфекция. Қан тобы және резус факторды анықтау. ЭКГ, ЭхоКГ. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.
Емі:
1 Ауырсынуды басу: Морфин 4-8мг к/т.
2 Тромболитикалық терапия: Альтеплаза +NaCl 0.9% 200.0ml. препарат дозасы 1гм/кг салмағына есептеледі 100мг.
3 Антикоагулянтты терапия: фракционды емес гепарин 70-100бірлік/кг к/т шапшытып (струйно).
4 Антиагрегантты терапия: Аспирин 150-300мг және АДФ рецептор блокаторлары: тикагрелор, прасугрель 180мг.
5 Гиполипидемиялық терапия: Аторвастатин 20мг тәулігіне билирубин бақылаумен.
Диспансеризация:
Инфарктіден кейінгі кардиосклероз диагнозы қойылған адам диспансерлік есепке алынады. 1-ші жарты жылда дәрігер оны айына 2 рет қарайды, келесі жарты жылда оны ай сайын қарап тұрады. 2-ші жылы ауру адамды кварталға 1 рет қарайтын болады. Комплексті реабилитацияны бөлімше терапеві, кардиолог және психотерапевт бірігіп отырып іске асырады. Кейін науқас адам ЖИА және бар синдромға сәйкес өмір бойы бақылауда болады. Емдіжетекшісиндромғақарапіскеасырады.
Дәрігерлік еңбек сараптамасы.
Трансмуральдық емес, айқын асқынулары жоқ МИ-де еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі 60-80 күн құрайды, асқынулар қосылса, немесе МИ гипертония ауруымен қоса кездессе, онда уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі 90-100 күн құрайды.
Асқынусыз трансмуральды МИ-інде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі шамамен 105-160 күн құрайды, инфарктың осы варианты асқынған болса, немесе ол гипертония ауруымен қоса кездессе, онда еңбекке жарамсыздық мерзімі 120-150 күнге дейін көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |