Жатырішілік спираль (ЖІС), спираль түрлері. Көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. ЖІС салу және алу шарттары.
Жауап: Жатырішілік спираль -жатыр ішілік ұрықтануға қарсы Т-тәрізді шағын құрал.
Бірнеше түрлері бар : құрамында мыс бар (мыс жатыр ішінде қышқылды орта жасап сперматазоидтардың қимылын төмендетеді және эмбрионның жатырға орналасуына жол бермейді),құрамында алтын және күміс бар(артықшылығы қабынудың да алдын алады), келесі құрамында гормоны бар емдік мақсатта да қолданылады.
Көрсеткіштер: денсаулықты түзеп алу үшін сақтану мақсатында тұрмыстағы, балалары бар әйелдерге,босанғаннан кейін немесе түсік,аборт жасатқан ,ешқандай қарсы көрсеткіші жоқ әйел адамдарға тиімді қорғану түрі.
Қарсы көрсеткіштер
-Жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары;
-Жиі өршитін созылмалы қабыну аурулары;
-Инфекциялы – септикалық аурулар және әр – түрлі этиологиялы қызба;
-Жатыр ақауларының дамуы; цервикальды өзек стенозы,жатыр мойны деформация
-гипоплазия немесе гиперплазия
-Истмико – цервикальді жеткіліксіздік;
-Жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісіктері;
-Менструальді циклдің бұзылуы; гиперполименорея немесе метроррагия, альгоменорея
-Анықталған немесе мүмкін болатын жүктілік;
-Жүктілікке байланысты асқыну
-анемия және басқада қан аурулары;
-субмукозды жатыр миомасы
-аллергияның болуы.
Спираль салуға оптималды уақыт етеккірдің 4-7 күндері,салмас бұрын гинекологқа қаралып, тексеріліп ,өзіңізге келетін түрін таңдау керек.Салмас бұрын 2 күн жыныстық қатынасқа түспеу,ешқандай свечи, таблетка,кремдер қолданбаған жөн.
Спираль салғаннан кейін 12-14 күн ауыр көтермеу,жыныстық қатынасқа түспеу, ыстық ванна,7-10 күн тампондар қолданбау керек,утеротониктер қабылдамау.
Жою үшін жағдайлар : жатырда тұру уақыты өтіп кету, жатырдан қан кету,гиперполименорея немесе метроррагия , тұрақты жоғары дене температурасы, ,қатты ауырсынудың болуы ,жалпы әлсіздік күшею,жүкті болып қалу немесе жатырдан тыс жүктілік, жүтілікті жоспарлау, менопауза.
Достарыңызбен бөлісу: |