Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Жүктiлiк кезiндегi Гентер белгiсi- бұл жатырдың алдыңғы қабырғасының қырат тәрізді қатаюы



бет70/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Жүктiлiк кезiндегi Гентер белгiсi- бұл жатырдың алдыңғы қабырғасының қырат тәрізді қатаюы
Жүктілік кезіндегі Снегирев белгісі- бұл пальпация жасағанда жатырдың консистенциясының өзгеруі
Қынапты айнамен тексеру. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін толық қарап болғаннан кейін, сол қолмен жыныс еріндерін ашып, қасық тәріздес айнаны қынаптың артқы қабырғасына енгізіп, артқы күмбезіне дейін жеткізеді. Екінші қолмен көтергішті қынаптың алдыңғы қабырғасына енгізіп, артқы күмбезіне дейін жеткізеді. Екінші қолмен көтергішті қынаптың алдыңғы қабырғасына енгізіп, жатыр мойны мен қынап қабырғаларын тексереді. Бұл әдіс жатыр мойнының, қынаптың ауруларын және жүктіліктің кейбір ерте белгілерін анықтауға көмектеседі.


  1. Менструальды цикл бұзылыстарының диагностикасы.

Етеккір циклының бұзылыстары
Себептері:
Психикалық қатты сілкіністер.
Психикалық және жүйкелік аурулар
Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы – аштыққа шалдығу, авитаминоз
Тұқымқуалаушылық және климаттық фактор
Профессионалды зияндылық (химиялық, радиоактивті сәулелендіру әсері), жыныстық жетілу кезіндегі қатты физикалық жұмыс
Індетті аурулар нейроинфекциялар (тұмау, паротит, тонзиллогенді індет, созылмалы індеттер – туберкулез, септикалық аурулар, ревматизм
Соматикалық аурулар (жүрек қан тамырлар ауруы, қан түзілу жүйесінің аурулары, бауыр аурулары)
Қалқанша безі мен бүйрек безі қызметінің бұзылысы.
Жыныстық жетілу мен менопауза кезінде жасқа байланысты гипотоламо – гипофизарлы жүйенің қайта дамуының бұзылыстары
Диагностикасы
Шағымдар, науқастың анамнезі бастың ауруы, көрудің өзгеруі, құйылулар, тұрмыс жағдайы, ақылының кемтарлығы, түсіктен және босанудан кейін.
Жалпы және арнайы зерттеулер (дене бітімі, соматикалық бұзылыстар, семіздіктің түрі, стриялар, екіншілік жыныстық белгілердің айқындылығы, гинекологиялық зерттеулер).
Қосымша зерттеу әдістері жатыр мойнын зондылау, жатыр денесін диагностикалық қыру және қырындыны гистологиялық зерттеуге жіберу, функционалды диагностика тестілері, кіші жамбас қуысын УДЗ түсіру, МСГ, ЭЭГ, көздердің түбі мен әр түрлі түстерге зерттеу, ТТГ, қантқа зерттеу, гормоналды зерттеу, функционалды гормоналды сынамалар, генетикалық, эндоскопиялық зерттеу, аналық бездердің биопсиясын жасау.
Етеккір циклының бұзылысы
Етеккірдің бұзылу механизімі
Етеккір функциясының бұзылысының жіктелуі:
Зақымдалу деңгейіне байланысты: орталық (қыртыстық- гипоталамикалық, гипоталомо- гипофизарлық, гипофизарлы) және шеткі (аналық без, жатырлық, тиреоидты, бүйрек үсті бездік)
Клиникалық көріністеріне байланысты: аменорея (циклды, ациклды жатырдан қан кету) және гипоменструальды синдром (аз, сирек және қысқа келетін етеккір)- дисменорея
Аменорея – етеккірдің 6 ай және одан да көп уақыт болмауы.
Түрлері:
Физиологиялық: жыныстық жетілуге дейін, жүктілік кезінде, лактация кезінде, менопауза кезінде
Патологиялық: пайда болу уақытына байланысты: біріншілік, екіншілік, нағыз пайда болу себебіне байланысты: жалған
Фертильды жастағы әйелдерде еттеккір циклы бұзылысының клинико- патогенетикалық формасы:
Орталық (58,9%)
Аналық бездік(25,8%) гипогонадотропты гипогонадизм және нормогонадотропты гипогонадизм
Тиреоидты (15,3%) субклиникалық гипотиреоз
Циклды бұзылысар (реттелмеген етеккір циклының болуы):
Етеккір кезінде қан шығынының өзгеруі (етеккір кезінде қан шығыны 50 мл жуық)
Етеккір ұзақтығының өзгеруі (қалыпты етекір ұзақтығы 3-6 күн)
Етеккір циклы ұзақтығының өзгеруі (қалыпты етеккір циклының ұзақтығы 21-35 күн, орташа 28 күн)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет