Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Кандидоз. Этиологиясы. Клиникасы, диагностикасы. Емі



бет81/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Кандидоз. Этиологиясы. Клиникасы, диагностикасы. Емі.

Жауап: Кандидоз Протокол бойынша және кітап
Candida тектес ірімшік тәріздес саңырауқұлақтар туғызған көп қабатты тегіс эпителий төселген жыныстық органдардың төменгі бөлімінің шырышты қабығының қабынуы.
Этиология
Қалыпты микробиоценездың кез келген иммунодефицитті жағдайлармен бұзылулары аурудың басталуына әкеледі.
1. Қантты диабет;
2. Жүктілік;
3. Семіздік (май басу);
4. Антибиотиктермен, кортикостероидтармен, иммунодепрессанттармен емдеу.

Клиникасы


Ауру симптомдары сыртқы жыныстық органдар аумағында кенет пайда болатын қышыну, ашыту, ауырсыну ,дизурия ,ірімшік тәріздес бөліністер .
Карағанда қынап және сыртқы жыныс органдардың шырышты кабығының айқын гиперемиясы мен айқындалған ісіңкілік,қатты ауырсыну , көп мөлшерде бөліністер. қызаруы, қабыршақтануы, ісіну, экскориациялар

Диагностика

* Ауру анамнезін жинау
* Клиникалық көріністеріне
* Микроскапиялық
* Бактериологиялық
* Сералогиялық реакциялар
* Комплементті байланыстырушы реакция
* Гемоагглютинация реакциясы
* Қандағы қанттың мөлшері
* Жалпы қан анализі нәтижелеріне сүйеніп
қойылады.
Сонымен катар микроскопиялық
Романовский-Гимзе, Цилю– Нильсену бояуымен анықтайды. ПЦР менде анықтауға болады.
Серологиялық реакциялар қолданылады.

Емдеу тактикасы:

Ем мақсаты: ремиссияны индукциялау, асқынуларды басу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ

Дəрі-дəрмектік ем:
Сарпай мен іншектің жіті кандидозы: *клотримазол 1% крем 5,0 іншекке 7-14 күн; клотримазол – іншектік таблеткалар 100 мг тəулігіне 1 реттен 7 күн; немесе іншектік таблеткадағы клотримазол – 100 мг тəулігіне 2 реттен 3 күн; клотримазол 500 мг іншектік таблеткалар 1 рет; * миконазол 2% крем 5,0 іншекке 7 күн; * итраконазол 200 мг/тəул.7 күн; флуконазол ішімді 150 мг 1 рет немесе 50 мг 3 күн.
Қайталанған кандидоз: флуконазол аптасына 100 мг 6 ай бойы (клотримазол іншекке аптасына 5,00 мг 6 ай бойы, итраконазол 200 мг тəулігіне 2 рет етеккірдің алғашқы күні 6 цикл бойы. Сарпай мен іншек кандидозының ауыр көріністері жағдайында флуконазол 150 мг жергілікті ем 7-14 күнде 2 рет (72 сағатта) қабылдау тағайындалады. Аурудың жиі қайталану жағдайында кетоканазол 400 мг 14 күн соңынан жергілікті ұзақ қолдануға клотримазол аптасына 1 рет немесе кетоканазол 100 мг 6 айға дейін немесе 400 мг ай сайын 5 күннен.
Кандидоздың альбекантты емес жүктіліктен тыс түрлерін емдеу сызбасы:
Бор қышқылының желатин капсулалары 600мг тəулігіне 2 реттен 2 апта.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:


1.*клотримазол 1% крем, іншектік таблеткалар 100 мг
2.*миконазол 2% крем
3.*итраконазол ішетін сұйықтық 150 мл – 10 мг/мл
4.*итраконазол 100 мг капс.;
5.*кетоканазол 200 мг табл.
6.*флуконазол 50 мг,150 мг табл.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: бор қышқылының желатин капсулалары 600 мг.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет