Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Жасөспірімдердің, босанған әйелдердің контрацепциясы



бет88/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Жасөспірімдердің, босанған әйелдердің контрацепциясы.

Жауап: . Жасөспірім кезіндегі контарцепция ол- жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар мен түсік жасатуды болдырмау мақсатын көздейді.
1.Мүшеқап- алғашқы таңдау әдісі.Ол тек қана жүктіліктен сақтап ғана қоймай, сонымен қатар венерологиялық ауруларымен, ЖҚТБ-дан сақтайды. Оның тиімділігі 98 %.

2.Спермицидтер- олар химиялық препараттар, олардың құрамына кіретін заттар сперматозоидтарды жансыздандырады. Спермицидтер қарқынды түрде қызмет атқарады және ол бар болғаны 2-3 сағат ғана әрекет етеді, сондықтан оны жыныстық қатынас алдында тікелей пайдаланылады.


Спермицидтерді мүшеқаппен үйлесімді қолдану тиімділігін арттырады.
3.Ұрықтануға қарсы таблеткалар- аналық клетканың жетілуін тежейді және жатырдың ішкі қатпарларын өзгертіп ұрықтанбайды. Заманауй препараттар денсаулыққа зиянсыз болып, олардың құрамындағы гормондар аз болады.
Олар жатырдан тыс жүктілікті, жатыр және сүт бездері обырының туындау мүмкіндігін төмендетеді, етеккір циклын реттейді. Кейбір ұрықтануға қарсы таблеткалар акне (беттегі безеулер мен май бездерін) емдейді. Ұрықтануға қарсы таблеткалар практикада 100% тиімділікпен жүктіліктен сақтанудың ең сенімді әдісі болып табылады.
4.Қынаптық жүзік (НоваРинг)- ол гормондарды қынапқа енгізу жолымен пайдаланылатын контрацепцияның жаңа әдісі. Таблетка ұстанымы бойынша әрекет етеді, бірақ осыған орай таблетканы ішпей –ақ АІТ және бауыр арқылы гормондар өтпейді.
Босанғаннан кейінгі контрацепция әдісі - негізгі талабы балаға қауіпсіз болуы.
1.Лактациялық аменорея әдісі
Бала туылғаннан кейінгі контрацепцияның бұл әдісі ең оңтайлы және ыңғайлы болып табылады. Әдіс лактациялық аменореяға негізделген - нәресте емшек сүтімен емізу кезінде менструация болмаған кезде әйелдің физиологиялық жағдайы. Емшек сүтін қалыптастыруға ықпал ететін пролактин, аналық бездердің жыныс гормондарының синтезін басады, осылайша овуляцияны болдырмайды.
Лактациялық аменорея әдісі тиімді болу үшін келесі талаптарға сай болуы керек:
- баланы сұраныс бойынша жиі емізу,тамақтандырудың саны күніне кемінде 6 рет, яғни күндізгі тамақтану арасындағы аралықты 3 сағаттан, ал түнде 6 сағаттан аспауы керек,
-әдістің қолданылу ұзақтығы. Бұл әдіс бала туғаннан кейінгі алғашқы 6 айда ғана тиімді,одан кейін қосымша тамақтандырумен пролактин азаяды,
-етеккірдің болмауы.
Лактациялық аменорея барлық ережелер сақталса тиімділігі 98% дейін және ешқандай жанама әсері жоқ.
2.Бөгет әдісі
Механикалық (мүше қап, диафрагма және қалпақ) немесе химиялық (кремдер, көбік, қынаптық суппозиторийлер) Мүшеқап тек қажет емес жүктіліктен қорғайды, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алады , сенімділігі жоғары .
Сперматозды жоятын химиялық заттар мен жатырдың енуіне жол бермеу - спермицидтердің тиімділігі шамамен 75-80% және лактациялық аменорея әдісімен бірге ұсынылады. Барьерлі контрацепцияны спермицидтермен біріктіру өте тиімді, 98% дейін.
Гормоналды контрацептивтердің бәрі бірдей емізетін ана үшін қолайлы емес екенін есте ұстаған жөн.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет