Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет165/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   234
Байланысты:
Дыбыс үндестігі (2)
«Зобалаң заман шындығы» бөлімінің атауы «Заман шындығы» және сол бөлімде оқытылатын Лира Қоныстың «Тиын» әңгімесі Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесімен ауыстырылды.
Аталған бұйрықтың 1-тармағында Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспардың 1) тармақшасындағы:
«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөліміндегі Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романының орнына Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі енгізілді.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты көрсетілді.
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
3) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
- жаратылыстану-математикалық бағытта:
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;

  1. 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

- қоғамдық-гуманитарлық бағытта:

  1. 10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты;

  2. 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ. Сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімшелері пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну, әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстыру, шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы, шығармадағы автор стилі мен көркемдегіш құралдардың қызметін ашу, көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу, әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру, шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында Блумның толық меңгерту теориясы басшылыққа алынып, көркем шығарманы толық оқыту қағидаты сақталғандықтан көркем шығарма аз берілген. ХХІ ғасырдың жаңа адамының талғамын қанағаттандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере алатын толыққанды әдеби шығармалар енгізілген. Бұл ерекшеліктер оқушылардың шығармадағы автордың идеясын толық түсінуге, оны жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тоқсан ішінде көркем шығармаларды оқытуға бөлінетін сағат сандарын шығарманың көлеміне, оқу мақсаттарының жеңіл, күрделілігіне қарай мұғалім өзі анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет