ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



бет5/8
Дата22.08.2017
өлшемі4,46 Mb.
#24451
1   2   3   4   5   6   7   8

Сызу

«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады. Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып, білім алушының кеңістіктік ой қабілетін дамытатын негізгі түпнұсқа болып табылады.



Пәнді оқыту мақсаттары:

  • логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;

  • геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;

  • еңбектену іс-әрекеті дағдыларын дамыту: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу;

  • функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;

  • шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту міндеттері:

  • бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;

  • әртүрлі арнауы бар тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды үйрету;

  • нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;

  • оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді, Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;

  • кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;

  • графикалық білімдерін жаңа ситуацияларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.

«Сызу» пәні негізгі орта білім деңгейінде 9-сыныпта оқытылады.

Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.

Нәрсенің пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетік бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.

Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.

Құрылымдарды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті мәселе болып табылады.

Оқу уақытының көбі тәжірибелік жұмыс орындауға бөлінуі қажет. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады.

Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады. Түрлі оқу құралдарын кеңінен пайдалану ұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық технологиялық құралдар).

Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» пәнінің аса маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).



«Сызу» пәні бойынша оқу жүктемесінің жалпы көлемі аптасына
2 сағат, оқу жылына ­68 сағатты құрайды.

4.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру

«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды.

Оқыту мақсаты:


  • өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

  • физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

  • салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:

  • денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

  • дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

  • дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

  • өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;

  • тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.

Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері және Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы берілген.

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:



  • мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы;

  • «Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қайсыбір қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;

  • мұғалім қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

  • оқушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге әсерін ескере отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;

  • оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

  • дене шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері.

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарындаоларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

«Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет каникул кезінде ұйымдастырылады.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырған (www.nnpcfk.kz).



«ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы
№500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша 5-9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі:

5-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

6-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

7-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

8-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

9-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.

5 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері


5.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептері үшін «Қазақ тілі» пәні

Болашақ бағдарын айқындайтын Елбасының «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы Қазақстан дамуындағы аса маңызды межелерді анықтап берді.

Елбасымыз өз сөзінде «... Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – «Мәңгілік Ел» – деп, қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген жиі талқыға түсіп жүрген сауалға нақты жауап берді. Сондықтан бүгінгі ұрпақ үшін ұлттық идея айқын, ендігі міндет болашағымызға бағдар ететін – «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру жолында қызмет ету.

«Мәңгілік Ел» болып жасай беру, оны қорғау, Қазақстан мемлекеті оның тарихын жүйелей, саралай отырып «көздің қарашығындай» сақтау – әрбір азаматтың ұлттық тарихқа деген сүйіспеншілігі, үлкен қайсар шешімі екенін терең білу ортақ парызымыз. Мәңгілік Ел – тәуелсіздіктің өмір бойы жасай беретін философиясы. Әр қағидаларды терең меңгере отырып Отанымыздың көк байрағын желбірете беру үшін күреске ұмтылу, әр жастың өз жүрегінің тілегі, арманы болмақ.

Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» туындысы 10-11-сыныптардың оқу бағдарламасына енгізілді. «Тәуелсіздік толғауын» оқытудың мақсат-міндеттері төмендегідей болмақ:

«Тәуелсіздік толғауы» туындаған Уақыт пен Кеңістіктің қазіргі сипатын білгізе отырып, оқушылардың «Толғауда» көтерілген мәселелерді сараптап талдай алуына қол жеткізу және Елбасының әр сөзіндегі мағынаны ұғып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік туғызу. Сөз иесі – Елбасының шешендік толғамын пайымдап, шешеннің Тұлғалық бейнесін тану. Елбасының сөзінен туындайтын міндеттерді саралау, ол міндеттердің шешілу жолдарын өздігінен ұсыну.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспардың басты мақсаттарының бірі – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:

– басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);

– ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);

– әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);

– тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);

– азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);

– технологиялық (әр азамат өз мамандығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.

Еліміздің білім беру жүйесі тілді оқытуды дүниежүзілік стандарттық үлгілерге жақындастыруды және оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіруді міндеттейді. Осыған сәйкес 10-11-сыныптардағы қазақ тілі пәні тілдің танымдық, коммуникативтік, кумулятивтік, экспрессивтік т.б. қызметтерін қатар әрі өзара бірлікте меңгертуді көздейді.

Жалпы орта білім беретін мектептерде қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттардың ерекшеліктеріне сәйкес айқындалған.

Пәнді оқытудың басты мақсаты: ұлттық және әлемдік құндылықтарды салыстыра түйін жасай алатын, ҚР халықтары мен әлемдік қоғамдастықтың мәдениетін, қоғамда қолдануын талап етілетін тілдердің коммуникативтік құзыреттіліктерін игерген Тұлғаның даралануы мен әлеуметтенуіне мүмкіндік жасайтын тілдің лексика-фразеологиялық, грамматика-стилистикалық, мәдени-этикалық және шешендік нормаларын меңгерту.



Пәнді оқытудың міндеттері:

    • сөз байлығы ұғымына енетін лексика-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерді меңгерту;

  • тілдің табиғи қасиеттері мен функционалды қасиеттерін ажырата білгізу;

  • сөз мәдениеті мен шешендіктің бірлігін, сабақтастығын таныту;

  • шешендік өнердің тұлға қалыптастырудағы және тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлін пайымдату;

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта сөз мәдениеті және шешендік тілдің жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға бағытталған.

Жаратылыстану-математикалық бағытта оқушылар сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын білуге ұмтылады. Сөз мәдениетінің нормалары өзіндік мені қалыптасып келе жатқан жастың тілінің қатысымдық қызметін орнымен пайдалануға, кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі.



Оқушылардың тілдік біліктілігін одан әрі жетілдіре түсу және сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктеріне сай сөйлесім дағдыларын жетілдіру, пікірталас әдебін меңгерту мақсатында арнайы курстар ұйымдастырылады. Мысалы,
10-сыныпта: «Сөз байлығы»; «Тілдік норма және стиль», «Этнолингвистикалық атаулар сыры», «Сөз мәдениетінің негіздері»; 11-сыныпта: «Ұлттық шешендіктанудың алғашқы бастаулары», «Шешендік сөз – шеберлік өрнегі», «Журналистика және баспасөз негіздері», «Пікірталас мәдениеті» сияқты үлгі-тақырыптарды алуға болады.

Қазіргі таңда жалпы орта білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, даму траекториясын белгілеу және соның негізінде күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан білім беру жүйесін жетілдірудің қажеттілігі арта түсуде. Еліміздегі мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі, оны оқытудың, меңгертудің тиімді жолдары, бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы белгілі. Осыған орай, осы бағытта Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Қазақстандағы жалпы білім беретін қазақ тілді және қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жайын, дайындық деңгейін зерделеп, аталған пәндер бойынша білім беру жағдайы мен дамуы туралы үш жылдың динамикалық және салыстырмалы талдауын көрсететін «Қазақстанда қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бойынша талдамалы материалдар» әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

Жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, эссе, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.


Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін «Қазақ әдебиеті» пәні

Әдеби дамуды зерделеуде, көркем туындылардың тақырыптық, мазмұндық сипаттарын танытуда жаңа көзқарастар басшылыққа алынуы тиіс. Көркем әдебиеттің табиғатына тән басты сипаттарды негізге ала отырып, берілетін білім мазмұнын салмағын арттыру және мәдени құндылықтарды ұғындыру, ұлттық тіл байлығы мен ұлттық дүниетанымды терең меңгеруіне жол ашып, бағыт беру, эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру – әдебиет пәнін оқытудағы басты ұстаным болып табылады.

Әдебиет – сөз өнерi, халықтың сана-сезiмiн, көркемдiк ойлау қабiлетiн байытатын рухани дүние, халықтың айшықты сөзбен кестелеп, асыл ойлармен зерлеген баға жетпес бай қазынасы, тарихы. Оқу бағдарламасында ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, іс-әрекеттілік, пәнаралық байланыс, сабақтастық сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың бейіндік ерекшеліктері ескерілген.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптардың білім мазмұнында қамтылған ақын-жазушылар шығармашылығы хронологиялық сипатта ұсынылған. Соған сәйкес ХІХ-ХХ ғасырдағы көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығы және тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің кейбір үлгілерін оқыту көзделеді. Тәуелсіздік кезеңіндегі шығармалар осы кезеңнің тарихи-әлеуметтік мазмұнының көрінісі ғана емес, халықтың әдеби қазынасы қызметін де қатар атқаратын туындылар ретінде қарастырылуы тиіс.

Әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдебиеттанудың салалары, әдеби ағымдар мен бағыттар, көркем шығарманы талдау әдістері, әдеби шығарманың болмыс-бітімі, ұлттық мәдениет, әдебиет және көркемдік шындық, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi проблемалық мәселелер, оқырман мәдениеті, сөз өнерi және шығармашылық үдеріс, қаламгер стилі өзек етiлiп, көркем шығармашылық туралы жүйелі ұғым қалыптастырылады.

Ал жаратылыстану-математика бағытындағы қазақ әдебиетi бағдарламасы қоғамдық-гуманитарлық бағыттың бiлiм мазмұнын толық қамтиды. Тек бөлінген сағат санының аздығына байланысты ақын-жазушылардың өмiрi мен шығармашылығына тоқталу шолу түрiнде болады.

Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» туындысы 11-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасына енгізілді. «Тәуелсіздік толғауы» арқылы халқымыздың ғасырлар бойы армандаған ұлы күнді оқушыларға жете түсіндіру біздің басты парызымыз. Азаттық үшін қаншама қан төгілгенін, оның өтеуінің қайтуы бүгінгі ұрпағымыз ұлықтайтын, ұмытпайтын ұлы күнді әр жастың жүрегіне жеткізу зор міндет. Ата – бабаларымыздың жүріп өткен жолын зерделеп, өз тағдырымызды жете саралап, болашағымызды айқындай білу – біздің басты парызымыз. Қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық тарихын терең ұғынып отырған жағдайда ғана, бүгінгі егемендіктің қадіріне бас иіп, оны сақтауға қашанда атсалысу керек екенін, әр жастың жан – дүниесімен сезінуге пән мұғалімдері әрқашан да бағыттау керек. Осы орайда, «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» тарауына Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» енгізілуі оқушыларға Тәуел­сіздіктің қанша­лықты құнды, қаншалықты қымбат еке­нін түсіндіруге, қазақ елінің мемлекеттігін, тілін, рухани құндылықтарын, өткен ата тарихын жазып, жеткізу жолында еңбек еткен арыстарымыздың еңбектерімен таныстыруға мүмкіндік бере отырып, қоғамымыздың жалпы құндылықтары ̶ бейбітшілікті, келісім мен бірлікті бағалауға және нығайтуға деген сенімдерін артады. «Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік толғауы» атты шығармасын оқытудың әдістемелік нұсқаулығы» әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

«Қазақ әдебиетi» пәнінің оқыту мақсаты – қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, көркем шығармада бейнеленетін қоғамдық-әлеуметтік құбылысты көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларын меңгерген, әдебиетті өмірмен байланыстыра қабылдай алатын, интеллектуалдық әлеуеті жоғары тұлға тәрбиелеу.



Оқыту міндеттері:

  • көркем шығарма арқылы оқушылардың санасына көркем сөз құдiретiн, эстетикалық, танымдық тәрбиенi сiңiру;

  • оқушылардың көркем шығарма оқу әрекеттерін, образбен ойлау қабілеттерін өзіндік ізденіс шығармаларымен жетілдіріп, олардың сөз өнерін рухани құндылық ретінде қабылдауына мүмкіндік туғызу;

  • ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру деп белгілеген.

Оқу бағдарламасын мұғалімнің шығармашылықпен жетілдіруіне шек қойылмайды. Бағдарламада сыныптық оқуға, сондай-ақ қосымша және сыныптан тыс оқуға ұсынылған көркем туындылар тізімі берілген. Оқушылардың өзіндік атқаратын жұмыстарының түрлері де белгіленген. Әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін тиімді пайдалану, шәкірттердің көркем шығарманы өз беттерімен оқуға қызығушылығын қалыптастырып, өз тарапынан ойланып-толғануға тәрбиелеу, таным әдісіне үйрету пән мұғалімінің жүйелі жүргізетін іс-әрекеті болып табылады.

Оқыту үдерісінде «Қазақ әдебиеті» пәні қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география, музыка, бейнелеу өнері оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.

Оқу үдерісінде оқушылардың ой-өрiсiн өсiрiп, оларға әдебиеттің ұлттық мәдени мұра, тiршiлiктiң өзегi, дүниетанымның көзi екендiгiн сезiндiру үшін педагогикалық технологиялармен қатар ақпараттық технология ресурстарын, мультимедиалық құралдарды, ғаламтор материалдарын, бейнероликтерді, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді. Мұғалім оқушының ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес пәннің оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.

жаратылыстану-математика бағыты бойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.


«Абайтану» курсы

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ.

Жалпы орта білім беру ұйымдарында 10-11-сыныптарға арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді. «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген.

Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы 10, 11-сыныптарына арналған «Абайтану» курсының жылдық оқу бағдарламасына 34 сағаттан бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.



Курсты оқытудың мақсаты: ақын шығармаларын оқыту арқылы халқымыздың әдебиетін жоғарғы құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғам деңгейі жоғары, алған білімін, білігін, дағдыларын өмірде қолдана білетін, өркениетті қоғамда өмір сүруге бейім, терең білімді, тұлға қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

  • ақын шығармаларындағы ғылым, білім, ақындық өнер, елдік мәселелердің маңыздылығын түсіндіру;

  • ақынның қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

  • Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

  • ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани, мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру және ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу;

  • Абай шығармашылығындағы толық адам тұжырымын айқындау;

  • ақын шығармаларын оқу арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық идеологияны сіңіру.

Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.



Курс жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.


«Русский язык» в школах с нерусским языком обучения

Соответственно «Общеевропейским компетенциям владения иностранным языком: изучение, преподавание, оценка» в 10-11 классах определяется уровень В2: понимание общего содержания сложных текстов на абстрактные и конкретные темы, в том числе узкоспециальных текстов; владение достаточно быстрой и спонтанной речью, умение беспрепятственно общаться с носителями языка без особых затруднений для любой из сторон; умение делать четкие, подробные сообщения на различные темы и изложить свой взгляд на основную проблему, показать преимущество и недостатки разных мнений.

В соответствии с государственной задачей развития полиязычия в Казахстане овладение русским языком должно соответствовать среднему уровню – 3 подуровень (В 2.1 - В 2.2) – 10 класс и послесреднему уровню (В 2) – 11 класс.

В 11 классах с углубленным изучением языков возможно (не обязательно) достижение уровня С1: понимание объемных сложных текстов на различную тематику, распознавание скрытого значения, владение спонтанной речью в быстром темпе, отсутствие затруднений с подбором слов и выражений; гибкое и эффективное использование языка для общения в научной и профессиональной деятельности; умение создать точное, детальное, хорошо выстроенное сообщение на сложные темы, владение моделями организации текста, средствами связи и объединением его элементов.

Основная цель обучения предмету «Русский язык» в старших классах с казахским, уйгурским, узбекским, таджикским языками обучения:


  • совершенствование коммуникативной компетенции учащихся, основанной на закреплении норм русского литературного языка, правил употребления семантически связанных языковых единиц в речевой деятельности и ориентированной на ситуации общественно-политической, экономической, культурной, профессиональной жизни общества;

  • воспитание на основе тематического содержания речевого материала языковой личности, придерживающейся активной гражданской позиции, ориентирующейся на нравственно-духовные ценности казахстанского общества, проявляющей толерантное отношение к другим культурам, готовой к сохранению и приумножению природного богатства, ведущей и пропагандирующей здоровый образ жизни, стремящейся к созидательному труду, обладающей технологической культурой.

Соответственно предложенному в государственном общеобязательном стандарте образования Республики Казахстан в школах с нерусским языком обучения предмет «Русский язык» изучается в 10-11 классах общественно-гуманитарного направления – по 2 часа в неделю (объем учебной нагрузки за учебный год по предмету «Русский язык»: 10 класс (ОГН) – 68 часов; 11 класс (ОГН) – 68 часов); естественно-математического направления – по 1 часу в неделю (объем учебной нагрузки за учебный год по предмету «Русский язык» составляет: в 10 классе ЕМН – в неделю 1 час , всего – 34 часа; в 11 классе ЕМН – в неделю 1 час , всего – 34 часа).

В целях реализации ключевых направлений Стратегий «Казахстан – 2050» – новый политический курс состоявшегося государства», Послания Президента Н.А. Назарбаева от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – Путь в будущее», и определения роли Первого Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в развитии национальной истории и модернизации исторического сознания казахстанского общества и во исполнение приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 января 2015 года №32 внесены изменения и дополнения в типовые учебные программы по предмету «Русский язык» для 10-11 классов естественно-математического направления (далее – ЕМН) и общественно-гуманитарного направления (далее – ОГН).


В базовое содержание учебной программы 10 класса ОГН в тему «Личность и история». Языковая тема: «Имя существительное как часть речи» включено произведение Н.Назарбаева «Слово о Независимости», текст выступления Главы государства 15 декабря 2014 года, на изучение которого отводится 1 час.

В базовое содержание учебной программы 11 класса ОГН в тему «Благосостояние народа – забота государства». Языковая тема: «Второстепенные члены предложения Дополнение. Прямое и косвенное дополнение» включено произведение Н.Назарбаева «Слово о Независимости», текст выступления Главы государства 15 декабря 2014 года, на изучение которого отводится 1 час.

Структура программного материала определяется стратегическими линиями формирования важных функциональных умений учащихся школ с нерусским языком обучения, для которых русский язык будет служить средством межнационального общения в научной, официально-деловой сферах и сфере повседневной коммуникации, средством получения информации, средством познания культуры русского народа. Итогом обучения русскому языку в такой функциональной значимости должны стать орфографическая, пунктуационная и стилистическая грамотность, речевая и коммуникативная компетенции.

В базовое содержание учебной программы 10 класса ЕМН в тему «Каков он – лидер XXI века?». Языковая тема: «Имя прилагательное как часть речи» включено произведение Н.Назарбаева «Слово о Независимости», текст выступления Главы государства 15 декабря 2014 года, на изучение которого отводится 1 час.

В базовое содержание учебной программы 11 класса ЕМН в тему «Как стать успешным человеком». Языковая тема: «Обстоятельство. Виды обстоятельств» включено произведение Н.Назарбаева «Слово о Независимости», текст выступления Главы государства 15 декабря 2014 года, на изучение которого отводится 1 час.

Речевые темы в 10-11 классах обеспечивают общее интеллектуальное развитие учащихся, акцентируют их внимание на глобальные достижения и нерешенные проблемы человечества, формирует активную гражданскую позицию и воспитывает стремление к творческой деятельности. В этих целях учитель может использовать дополнительные учебные тексты по заданным темам для развития речи. В рамках указанного тематического минимума рекомендуется организовать процесс речевой коммуникации в учебных условиях, моделировать ситуации профильно ориентированного общения, в рамках которых отрабатываются способы реализации стратегии и тактических шагов ведения профессионально-делового разговора, правила русского речевого этикета, умения учитывать тип взаимоотношений собеседников, проигрываются потенциальные роли. Важно постоянно совершенствовать орфографическую и пунктуационную грамотность при развитии письменной речи, результаты должны строго отслеживаться учителем. Устное беглое объяснение учащимися знаков препинания или постановка недостающих знаков препинания дают существенный результат при пунктуационном оформлении собственных текстов. Видами внеурочной индивидуальной работы по орфографии и пунктуации могут быть самостоятельное решение тестовых заданий, электронный тренажер, взаимопроверка.

Все методические требования к организации учебного процесса реализуются в рамках тематических циклов уроков через упражнения с комплексными заданиями. Так, на материале учебного текста на определенную тематику следует практиковать языковые, речевые и коммуникативные задания. Языковые задания формулируются на основе программного материала по формированию языковой компетенции, речевые задания – на основе программного материала по развитию речевой компетенции, коммуникативные задания – на основе программного материала по совершенствованию коммуникативной компетенции.

Организация учебного процесса при ориентации на развитие критического мышления предполагает равноправные взаимодействия субъектов обучения, диалогические отношения между ними, возможность высказывать свои суждения, рассчитывая быть услышанным, выслушивать, понимать и принимать другие мнения, выстраивать систему аргументов в защиту своей позиции, сопоставлять разные позиции, участвуя в дискуссии.

При изучении предмета «Русский язык» развитие критического мышления должно быть связано в первую очередь с работой с текстом. При этом необходимо объединение приемов учебной работы по видам учебной деятельности в зависимости от характера текста (текст информационный или художественный) и способа работы с ним (чтение готового текста или создание письменного текста). Чтение имеет огромный развивающий и воспитательный потенциал: приобщает ребенка к духовному опыту человечества, развивает его ум, облагораживает чувства. При изучении русского языка учащиеся будут глубже понимать прочитанное, овладеют активными способами чтения и приемами работы с художественным текстом, что позволит повысить культуру речи, эстетическое развитие, сформирует активную личность, умеющую творчески и самостоятельно работать с текстом, информацией.

Необходимо развивать такие читательские умения, как нахождение информации, заданной в явном виде; формулирование выводов; интерпретация и обобщение информации; анализ и оценка содержания, языковых особенностей и структуры текста.

Этнокультуроведческий материал в силу специфики направления обучения – общественно-гуманитарного и естественно-математического – может носить сопутствующий характер (при обращении к мысли великих людей, при знакомстве с учеными России, при знакомстве с русской культурой и т.д.).

Результаты обучения представляют собой сформированную языковую правильность устной и письменной речи учащихся, проявляются в выражении ими авторской позиции в продуцируемых устных и письменных высказываниях на определенную тему, способности свободно вступать в коммуникативный процесс на русском языке в неофициальных и официальных обстановках общения, применять разные методы исследования, использовать программные знания в профильноориентированной учебно-практической и исследовательской деятельности.

Формами письменной работы в 10-11 классах являются диктант, изложение, сочинение, в том числе эссе. В каждой четверти проводится в среднем 1 диктант (в первой четверти допускается 2 диктанта), 1 изложение,
1 сочинение (эссе). Сочинения-эссе могут быть классными и домашними.

Объем контрольного диктанта по русскому языку для 10-11 классов школ с казахским языком обучения:

10 класс – 100-110 слов, 11 класс – 110-120 слов.

Объем словарного диктанта: 10-11 классы – 35-40 слов.

Примерный объем текста для подробного изложения:

10 класс – 160-170 слов, 11 класс – 170-180 слов.

Для сжатого изложения, а также итоговых и контрольных изложений объем текста может быть увеличен на 30 - 60 слов.

Примерный объем сочинений:

10 класс – 2 – 2,5 страницы (600-1000 слов), 11 класс – 3 - 3,5 страницы (1000-1200 слов). Сочинения-эссе могут иметь меньший объем.

Внеклассная работа по русскому языку может успешно осуществляться при соблюдении специфических методических принципов ее организации и при удачном определении ее содержания. К специфическим принципам внеклассной работы относятся следующие: принцип взаимосвязи классных и внеклассных занятий; принцип научной углубленности; принцип практической направленности; принцип занимательности; принцип добровольности и равного права как сильных, так и слабых учащихся на участие во внеклассной работе; принцип индивидуального подхода к каждому; принцип развития творческих способностей.

Использование компьютеров и телекоммуникаций во внеклассной работе позволяет не только активизировать познавательную деятельность учащихся, но и развивать творческие и коммуникативные способности учащихся, их кругозор, культуру, самосознание.

На уроках должна осуществляться междисциплинарная связь предмета «Русский язык» с предметами общественно-гуманитарного или естественно-математического циклов соответственно направлению профильного обучения. Рекомендуются прикладные курсы или курсы по выбору, содержание которых обеспечивает углубление и расширение знаний по неязыковым предметам и развитие трехъязычия.

В целях совершенствования качества оценивания и получения объективных результатов обучения предлагается система параметров оценивания, которые могут варьироваться учителем в соответствии с содержанием конкретного урока.



Параметры оценивания текущих и итоговых учебных достижений

Параметры оценивания диктанта с грамматическим заданием:

  • орфографическая грамотность;

  • пунктуационная грамотность;

  • морфологический анализ слов;

  • синтаксический анализ предложения.

Параметры оценивания лексических навыков говорения через аудирование и чтение:

  • соблюдение орфоэпических норм при чтении;

  • определение стиля прочитанного текста по основным признакам;

  • выделение из текста ключевых слов по микротемам и приведение к ним синонимов, антонимов;

  • правильное орфографическое оформление слов по теме;

  • владение достаточным количеством слов по микротеме и определение их стилистических оттенков.

Параметры оценивания грамматических навыков говорения:

  • выделение грамматических основ ключевых предложений текста и определение способов выражения сказуемого;

  • владение разными способами распространения, осложнения и усложнения грамматической основы предложения;

  • правильная расстановка знаков препинания и орфографическая грамотность на письме;

  • приведение синонимических конструкций к заданному предложению, определение их стилистических оттенков;

  • стилистическая трансформация текста (перевод из разговорного стиля в художественный.

Параметры оценивания умений диалогического общения:

  • количество реплик, выданное одним учащимся;

  • соотношение инициативных и реактивных реплик одного учащегося;

  • информативность реплик учащегося, разнообразие речевых намерений в его репликах;

  • соблюдение правил русского речевого этикета (учет статуса собеседника, типа взаимоотношения с собеседником, соответствие лексико-грамматических средств обстановке общения);

  • естественность реплик (уместная неполнота, эмоциональность, интонация, темп, наличие/отсутствие неоправданных пауз).

Параметры оценивания знаний и умений по монологической речи:

  • знание композиционной структуры текста-повествования, текста-описания, текста- рассуждения;

  • знание языковых особенностей текста-повествования, текста-описания, текста- рассуждения;

  • умение доказать, что высказывание является текстом;

  • умение определять тип текста (описание, повествование, рассуждение, один из комбинированных типов);

  • умение обосновать стилистическую принадлежность текста.

Параметры оценивания итоговых учебных достижений (продуцирование устного и письменного монологического высказывания)

Параметры оценивания устного высказывания:

1) Информативность:

а) объем текста(количество слов);

б) количество микротем (пункты содержания);

в) развернутость микротем;

г) логичность (связь частей, законченность).

2) Языковая правильность в области:

а) лексики;

б) грамматики (морфология, синтаксис);

в) соблюдение орфоэпических норм;

г) беглость речи.

Параметры оценивания письменного высказывания:

1) Информативность:

а) объем текста(количество слов);

б) количество микротем (пункты содержания);

в) развернутость микротем и умение устанавливать контакт с собеседником, разнообразие коммуникативных регистров речи (в устной и письменной речи);

г) логичность (связь частей, законченность).

2) Языковая правильность в области:

а) лексики;

б) грамматики (морфология, синтаксис).
«Русская литература» в школах с нерусским языком обучения

Цель обучения предмету «Русская литература» – приобщение учащихся к сокровищницам русской литературы как части мировой культуры путем изучения классических произведений во взаимосвязи с другими видами искусства и раскрытия русско-казахских литературных связей; овладение методикой анализа художественных произведений на русском языке.

Содержание курса русской литературы направлено на достижение следующих задач:


  • способствовать духовному становлению личности, формированию нравственных позиций, эстетического вкуса, совершенному владению речью;

  • приобщение учащихся к искусству слова, к шедеврам русской классической литературы XIX века – начала ХХ века, расширение и углубление знаний в области изучаемой литературы;

  • выявление типологической общности и национального своеобразия при сопоставительном анализе произведений русской и казахской литератур;

  • исследовать соотнесенность оригинала произведения с его художественным переводом на казахский язык учащихся.

Курс литературы продолжает линию изучения произведения русского словесного искусства не изолированно, а в контексте мирового литературного процесса и сравнительного изучения с родной литературой.

Основа литературного образования – чтение и изучение художественных произведений, знакомство с биографиями известных писателей XIX-ХХ веков, с историко-культурными сведениями, необходимыми для понимания произведений.

Сочетание обзорных и монографических тем позволяет воссоздать панорамную картину литературного процесса.

Предмет «Русская литература» должен быть направлен на формирование коммуникативных навыков учащихся, чтобы учащиеся могли в любой стандартной и нестандартной ситуации высказать собственную точку зрения, доказать и обосновать при необходимости, умело вести диалог в условиях межкультурной коммуникации. Важным компонентом в обучении русской литературе должна быть ориентация на формирование функциональной грамотности личности, одним из ее компонентов является грамотность чтения. Результаты участия 15-летних учащихся казахстанских школ в международных сравнительных исследованиях PISA свидетельствуют о недостаточном уровне сформированности грамотности чтения (в 2009 г. 59 место из 65 стран-участниц, в 2012 г. 63 место из 65 стран-участниц).

В связи с этим при обучении русской литературе необходимо усилить работу по формированию данного компонента функциональной грамотности как необходимого навыка использования знаний и умений для решения широкого диапазона жизненных задач в различных сферах человеческой деятельности, также в межличностном общении и социальных отношениях.

Изучение русской литературы должно быть направлено на формирование духовно-нравственных качеств и патриотических чувств учащихся, формирование казахстанского патриотизма и стремления воплотить в жизнь общенациональную идею «Mәңгілік ел», развитие толерантности и умения общаться в условиях межэтнической и межкультурной коммуникации.

Большое внимание в 10-11 классах уделяется вопросам взаимосвязанного изучения родной и русской литератур на основе разработанного принципа общности и национального своеобразия. Такой подход позволяет, не отчуждая нерусских учащихся от родной литературы и культуры, приобщить их к высоким нравственным и эстетическим ценностям русской литературы. Приобретенный в процессе изучения родной литературы духовный опыт учащихся расширяется и обогащается благодаря знакомству с лучшими произведениями русской литературной классики.

В 10-11 классах изучается систематический курс русской литературы на хронологической (историко-литературной) основе, который распределен между двумя годами обучения: в 10 классе изучается русская литература
19 века, в 11 – русская литература XX века.

В 10 классе читательские интересы учащихся сконцентрированы на понимании и интерпретации объемных и сложных произведений русской классической литературы. Это, прежде всего, романы второй половины 19 века (И.С. Тургенева, Ф.М. Достоевского, М.Е. Салтыкова-Щедрина, Л.Н. Толстого), а также повести и рассказы писателей 19 века – начала 20 века (А.С. Пушкина, Н.В. Гоголя, А.П. Чехова, А.И. Куприна), лирика (А.С. Пушкина, М.Ю. Лермонтова, Ф.И. Тютчева, А.А. Фета, Н.А. Некрасова), поэмы А.С. Пушкина, Н.А. Некрасова, пьесы А.Н. Островского и А.П. Чехова.


В 11 классе полностью завершается курс изучения литературы. Помимо усвоения учащимися новых знаний и совершенствования уже выработанных умений и навыков, осуществляется подведение итогов по изучению и осмыслению основных особенностей литературы как вида искусства и ее эстетической, духовной и нравственной роли в истории русской, родной и мировой культуры.

На уровне общего среднего образования осуществляется профильное обучение, которое реализуется по двум направлениям: естественно-математическому (далее – ЕМН) и общественно-гуманитарному (далее – ОГН).

В целях реализации ключевых направлений Стратегий «Казахстан – 2050» – новый политический курс состоявшегося государства», Послания Президента Н.А. Назарбаева от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее», и определения роли Первого Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в развитии национальной истории и модернизации исторического сознания казахстанского общества и во исполнение приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 января 2015 года №32 внесены изменения и дополнения в типовые учебные программы по предмету «Русская литература» для 10-11 классов ЕМН и ОГН.

В 10-11 классах ОГН особое внимание уделяется монографическим и обзорным темам, сочетание которых дает возможность не только познакомить учащихся с выдающимися произведениями, но и показать место этих произведений в общем развитии литературы и определить их значение для прошлого и настоящего. В центре каждой монографической темы – изучение одного или нескольких произведений писателя, которые обязательно прочитываются учащимися. Аналитическая работа опирается на непосредственное эмоциональное восприятие художественного текста.

В базовое содержание учебной программы 11 класса ОГН включено тема «Н.Назарбаева «Слово о Независимости», текст выступления Главы государства 15 декабря 2014 года, на изучение которого отводится 1 час.

В то же время изучение русской литературы в 10-11 классах ОГН должно способствовать совершенствованию русской речи учащихся. Необходимо учитывать то, что предлагаемый курс является курсом повышенного уровня сложности и рассчитывается на учащихся, которые планируют в дальнейшем овладеть профессиональными специальностями, связанными с изучением общественных и гуманитарных наук – отсюда и внимание к таким профориентационным моментам, которые связаны с культурой работы с художественным текстом, техникой оформления результатов своих наблюдений за различными формами владения устной и письменной речью, приемами исследовательской деятельности.

В 10-11 классах ЕМН для текстуального изучения в курсе русской литературы выделяются лишь отдельные, главным образом вершинные, произведения писателей, изучаемых монографически. При рассмотрении монографических тем учащиеся знакомятся с основными фактами жизни и творчества писателя, получают представление о его личности и особенностях творчества. С повествованием о жизненном и творческом пути писателя органически связывается рассказ о произведениях, в которых содержится необходимый комментарий. Для систематизации и пополнения историко-литературных знаний учащимся предлагается несколько обзорных тем, которые преподносятся кратко.

В базовое содержание учебной программы 11 класса ЕМН включено тема «Н.Назарбаева «Слово о Независимости», текст выступления Главы государства 15 декабря 2014 года, на изучение которого отводится 1 час.

Организация учебного процесса при ориентации на развитие критического мышления предполагает равноправные взаимодействия субъектов обучения, диалогические отношения между ними, возможность высказывать свои суждения, рассчитывая быть услышанным, выслушивать, понимать и принимать другие мнения, выстраивать систему аргументов в защиту своей позиции, сопоставлять разные позиции, участвуя в дискуссии.

При изучении литературы развитие критического мышления должно быть связано в первую очередь с работой с текстом. При этом необходимо объединение приемов учебной работы по видам учебной деятельности в зависимости от характера текста (текст информационный или художественный) и способа работы с ним (чтение готового текста или создание письменного текста). Чтение имеет огромный развивающий и воспитательный потенциал: приобщает ребенка к духовному опыту человечества, развивает его ум, облагораживает чувства. При изучении предмета «Русская литература» учащиеся будут глубже понимать прочитанное, овладеют активными способами чтения и приемами работы с художественным текстом, что позволит повысить культуру речи, эстетическое развитие, сформирует активную личность, умеющую творчески и самостоятельно работать с текстом, информацией.

Учащиеся средней школы по окончании ее должны:


  • владеть запасом базовых терминов по теории литературы;

  • читать разножанровые литературные тексты;

  • использовать разнообразные способы литературоведческой интерпретации художественных произведений;

  • владеть основами целостного и комплексного анализа текста и различными формами письменной рефлексии;

  • выявлять эстетическое своеобразие и этнокультурную специфику различных литератур.

При изучении литературы предусматривается организация самостоятельного (внеклассного) чтения учащихся. Для внеклассного чтения предлагаются произведения авторов, объединенных общей темой, жанром, проблемой.

Количество часов в неделю по литературе составляет:

общественно-гуманитарное направление:

- в 10 классе 2 часа в неделю, общее количество – 68 часов; из них на: чтение и изучение – 58 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи –


6 часов;

- в 11 классе 1 час в неделю, общее количество – 34 часа; из них на: чтение и изучение – 28 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 2 часа;



естественно-математическое направление:

- в 10, 11 классах 1 час в неделю, общее количество – 34 часа; из них на: чтение и изучение – 30 часов, внеклассное чтение – 2 часа, развитие речи –


2 часа.

Отметки за сочинение по русской литературе выставляются по литературе и языку: первая – по литературе, вторая – по языку. При написании домашнего сочинения или других творческих работ отметка за работу выставляется в графу, соответствующую дате, когда давалось задание, или дате, когда проходила защита творческой работы. Отметки за чтение наизусть выставляются на учебном занятии, следующем за учебным занятием, на котором было дано задание выучить наизусть, или на любом другом учебном занятии, тема которого включает изучение данного произведения.


Шетел тілі

Жалпы орта білім беру деңгейі тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейлеріне қатысты:

10-сынып – В1 («Қалыптасқан игерім 1»);

11-сынып – В1+ («Қалыптасқан игерім 1.2»).

Шетел тілін тәрбиелік, танымдық және басқа ұлттық мәдениетпен және оны жеткізушілермен өзара әрекет ету құралы ретінде оқу болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, болашақта шетел тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталған. Орта мектептің жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері осылайша шартқа отырады.

«Шетел тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаттары оқушылардың коммуникативтік құзыреттерін жетілдіруден және өзінің мәдениетін әлемдік масштабта кеңінен насихаттай алатын, болашақ мамандығында шет тілін тәжірибе жүзінде қолдана алатын көпмәдениетті, көптілді тұлғаны қалыптастырудан тұрады.

10-11-сыныптарда пәнді оқытудың міндеттері:


  • оқушылардың шетел тіліндегі жалпы мәдениаралық қарым-қатынаста әлеуметтік-тұрмыстық және оқу-кәсіптік саладағы коммуникативтік мәдениеті мен әлеуметтік білімін дамыту;

  • жалпы мәдени үлгіде түрлі мәдениттану ақпараттарын жинақтау, жүйелеу мен өңдей білуді дамыту және коммуникативті-танымдық мәселелерді шеше білуде түсіндіру, қолдана білу;

  • пікірталастық қарым-қатынаста ағылшынтілді елдер мен Қазақстанда адамдардың мәдениет, өмір сүру салты мен стилін шетел тілінде әдеп негізіне оқыту;

  • шетел тілінің вариативтілігі мен оның ағылшынтілді және әлемнің басқа елдеріндегі қызметіндегі ерекшелігін, ресми және бейресми қарым-қатынастағы ауызша және жазбаша мәтіндердің құрылымдық ерекшелігі туралы оқушылардың филологиялық білімдерін тереңдету;

  • оқушыларды тілдік, сөйлеу және әлеуметтік-мәдени құзыреттілік қалыптасу деңгейінде өзін-өзі бағалау негізіне оқыту және тілдік өз білімін жетілдіру қажеттілігін дамыту;

  • оқушыларды ағылшын тілін шетел тілі ретінде білу деңгейінің халықаралық талаптарымен таныстыру.

Орта мектепте ағылшын тілінде білім берудің аяқталу кезеңінің негізгі айырмашылығы – шетел тілі бейіндік оқытуды жүзеге асырудың құралы болып табылады. Нақты бейіндік бағыт, яғни оқу мазмұнын қайта құрылымдау есебінен, жалпы білім беру тақырыптарының қысқарту мен болашақ оқушының мамандыққа бағытталған түпнұсқалық оқу материалының кіріспесіне, коммуникативтік құзыреттілікті сөздік қорды байыту жолымен мәтіндік материал негізінде бейіндік бағытты жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.

Сондай-ақ, жоғары сыныптарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жалғасын табуы тиіс. Бұл орайда қазіргі әлемде және Қазақстанда шетел тілін білудің қажеттілігі мен маңыздылығы болашақта мансаптық өсуде кәсіби дамуға зор мүмкіндіктер ашатынын түсінуді қалыптастыру қажет. Шетел тілі сабақтарындағы тыңдау материалдарын пайдалану- жас ерекшеліктері мен жоғары сынып оқушыларының тұлғалық мүддесіне жауап беруі, елдегі оқытылатын тілдің олардың кәсіптік бағдарлық және қайта даярлаумен танысуды қамтамасыз етуге,таңдаған кәсіптің ерекшелігімен және шет тілінің болашақ мамандықты меңгерудегі рөлімен танысуға, ғылыми-техникалық және мәдени өрлеуге қосылуға, таңдап алған салада кәсіби бағыттағы жалпы ой-өрісін кеңейтуді қамтамасыз етуі қажет.

Бейіндік бағыттағы оқу материалдарымен жұмыс істеу кейбір продуктивті, рецептивті тілдік минимумдарды ұлғайтуға, сондай-ақ білімін, сөйлеу қызметінің барлық түрінде шеберлігі мен дағдысын арттыруға, әрі қарай колледждер мен жоғары оқу орындарында бейіндік бағыттағы базаны жалғастырып оқытуға әкеліп соғуы тиіс.

Тұлғалық және бейіндік бағыттағы оқыту мазмұны мен шығармашылық-креативті оқыту деңгейін көтеруге мүмкіндігі бар қолданылған оқыту технологиялары жалпыеуропалық стандартқа сәйкес шетел тілдерін В1 деңгейінде білуді қамтамасыз етуі тиіс. Оқушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын игеруі тиіс, әңгімелесу барысында тілдік материалды пайдалану, оқу және нақты тақырыптар шеңберінде коммуникативтік міндеттерге сәйкес ауызша және жазбаша түрдегі монологтік және диалогтік сөйлесімдерді түсіну және ой қорыту.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес шет тілі бойынша сағат саны:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-11-сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 136 сағатты құрайды;

жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-11-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 68 сағатты құрайды.


5.2 «Математика және информатика» білім саласы
Математика

Жалпы орта білім деңгейінде математиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған: салалас пәндер мен қолданбалы есептерді шығару және сипаттау үшін математикалық модельдерді құрастыру мен зерттеу; математикалық материалдар бойынша есептерді шығару алгоритмдерін өздігінен құру және орындау; практикалық сипаттағы есептеулерді орындау; математикалық формулаларды қолдану және жеке жағдайларды жалпылау негізінде математикалық формулаларды өздігінен құру.

10-11 сыныптарда математиканы саралап оқыту, яғни «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» жүйелі курстарын оқыту жүзеге асырылады.

10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары курсын оқытуға бөлінген сағат саны оқу жылының басында әрбір сыныпта алдыңғы курстарда игерілген математикалық білімдерін қайталауға, тереңдетуге және жүйелеуге уақыт бөлуге; 10-11-сыныптардың екі бағыты бойынша алгебра және анализ бастамаларының оқу бағдарламаларында бірдей тақырыптарды беру арқылы оқушылардың ҰБТ-ге дайындауда математикалық материал мазмұнын меңгеруге бірдей жағдай жасауды қамтамасыз етуге; математикалық материалдың мазмұнын беру ретін жетілдіруге, оқу бағдарламасындағы материалды игеруге көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру, зерттеу дағдыларын, сондай-ақ сыни ойлау мен өздігінен іздену дағдыларын дамыту көлемінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құралы әзірленіп, Академияның сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Әдістемелік құралда «Математика» пәні бойынша қолданбалы курстың жобалау жолдары көрсетіліп, оны ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.
Алгебра және анализ бастамалары

Алгебра және анализ бастамалары курсымен орта мектептегі алгебраны оқыту аяқталады. Берілген курс анализ бастамаларына қатысты ұғымдарды, тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен, олардың тәжірибелік маңыздылығын айқындаумен сипатталады.

Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған; математикалық оқу қызметіне оқушыларды қатыстыруға, олардың математикалық материалды түсінуіне бағытталған жұмыстардың белсенді түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптардың «Алгебра және анализ бастамалары»пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуге, қоршаған ортаның нысаналарын және саралас пәндерді игеруге қажетті математикалық ұғымдармен және олардың қасиеттерімен таныстыру.



Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігі – адамның жалпы мәдени дамуына бағыттау, математика заңдарымен таныстыру және қазіргі өмірде еркін бағдар алуға қажетті адам қызметімен байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Берілген курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және математика тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда тарихи мәліметтерді қарастырудың маңызы зор. Әсіресе тілдерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда математикалық терминдердің шығуы мен дамуына ерекше назар аударылғаны жөн.



Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім беру мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы үдерістер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады. Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады.

10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары пәнінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша сағат саны: аптасына 3 сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Геометрия

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі геометрия курсының мазмұны кеңістіктегі геометриялық фигураларды және олардың қасиеттерін, геометриялық шамаларды өлшеуді оқып білуді қарастырады.

10-11-сыныптарда геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеуде логикалық ойлауды одан әрі дамыту; тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту; кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту; геометриялық білім негізінде практикалық және математикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамыту; бейнелік ойлауды дамыту; функционалдық сауаттылықты дамыту; графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту; геометрия тарихымен және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсерін таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы.


10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсатыбарлық оқушыларды одан әрі жоғары мектепте оқуын жалғастыруы үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету; оқушыларға сабақтас пәндерді оқып білуге қажетті геометриялық білім мен біліктер жүйесін меңгерту болып табылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрияны оқытудың міндеттері: болашақ практикалық қызметіне қажетті негізгі стереометриялық деректер мен әдістер туралы білім жүйесін қалыптастыру; дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын дамыту; жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білім қорын кеңейту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін салу біліктігі мен дағдыларын дамыту; күрделілігі әртүрлі суреттердегі геометриялық фигураларды танып білу, есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды пайдалану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігі мен дағдыларын дамыту; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрияны оқытудың міндеттері: кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру; кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту; сызбалардағы кескіндері бойынша жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі мен дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыру; геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін қалыптастыру; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігін дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру; жазық және кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері мен геометриялық шамаларды табу туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білу біліктігін дамыту; жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру және дәлелдеу үшін геометриялық модельдер мен көрнекі құралдарды түсіне және пайдалана білу біліктігін дамыту.

10-11-сыныптардағы геометрия курсында кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы, екіжақты бұрыштардың геометриялық модельдерде (призма, пирамида, дұрыс көпжақтар және т.б.) қарастырылуы көрнекіліктермен баяндалуы қажет. Бұл «Геометрия» пәнін анағұрлым көрнекті етуге және стереометрияның теоремалары мен қасиеттерін иллюстрациялауға мүмкіндік береді. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіндеріне және олардың жазықтықпен қималарына назар аударған жөн. Есептерді шығару барысында оқушылар қандай формуланы пайдалану керектігін, яғни геометриялық фигураның оның өлшемімен байланысын анықтап алуы керек. Кейін есептің шартына байланысты немесе формулаға қажетті ішкі параметрлерінің барлық мәндерін тауып, формула бойынша есептеу жүзеге асырылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын оқып біледі. Бұл бағытта геометриялық білім мазмұнындағы көптеген теориялық деректер дәлелдеулерсіз қарастырылып, теоремалар мен қасиеттердің дәлелдеулері көрнекілік түсініктер негізінде берілуі және қарапайым деңгейдегі жаттығулармен шектелуі тиіс. Жекелеген тараулар түсініктермен, дәлелдеулерсіз және күрделі өзгеріссіз оқытылуы қажет.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; кеңістіктік фигуралардың теңдігін; дөңес фигураларды; геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштардың өлшемі, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын; кеңістіктік геометриялық фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін; геометриялық фигураның симметрияларын (центрлік симметрияны, түзуге және жазықтыққа қатысты симметрияларды) оқып біледі. Бұл бағытта оқушылардың бойында математикалық мәдениеттің қалыптасуына, әр оқушының интеллектуалдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар, кеңістіктік фигураларды салуға және денелердің беттерінің ауданы мен көлемін табуға арналған қолданбалы есептерді қарастыру ерекше орын алуы тиіс.

«Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесі:

– қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына


1 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 34 сағатты құрайды;

– жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 68 сағатты құрайды.


Информатика

10-11 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылады.



Информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін және визуалды программалауды меңгеру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.

Информатика пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларда бастапқы теориялық білім мазмұнын қалыптастыру болып табылады.

Оқушылардың Информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық іс-әрекеттерге көңіл бөлген қажет. Осыған орай, әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Жобалық іс-әрекеттерге тақырыптарды мұғалім өз қалауы бойынша өткен тараулардан алуға болады.

Білім беру сапасын жетілдіру мақсатында саралау, іс-әрекет, жеке-тұлғалық, құзыреттілік, жүйелік және т.б. педагогикалық тәсілдерді қолдануға ұсынылады.

Осы тәсілдер топпен жұмыс, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру, мәселелі-бағдарлы оқыту, ақпаратты жинауда, өңдеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан ойлауды қолдану, жобалық жұмыс, «Информатика» пәнінің қолданбалық сипатын көрсеу мақсатында басқа білім беру салаларымен кіріктірілген міндеттерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Информатиканың бірінші сабағы есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техникасының ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруын қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында ҚР Заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлу қажет.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады.

Әр тарау соңында жобалық іс-әрекетке сағаттар қарастырылған. Информатиканы және оның тәжірибелік қосымшаларын терең оқуға қызығушылық танытатын оқушылар үшін таңдау курстарын ұйымдастыруға сағат сандарын көбейту мектептің құзырында.

Мұғалімдерге көмекші ретінде оқушылардың зерттеу дағдыларын, сондай-ақ сыни ойлау мен өздігінен іздену дағдыларын дамыту көлемінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құралы, 10-11 сынып оқушыларына арналған дидактикалық материалдар әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Дидактикалық материалдар информатиканы оқытуда саралау тәсілін қолдануға мүмкіндік беретін деңгейлік тапсырмаларды қамтиды.

«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

5.3 «Жаратылыстану» білім саласы
География

Жалпы орта білім деңгейіндегі «География» оқу пәнінің мазмұны алдымен, оқушылардың бойында Жер адамзат ғаламшары ретінде екендігі туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағдарлы түсінік қалыптастыратын, дүниетанымдық сипатымен анықталады. Оқу пәнінің мазмұны оқушылардың бойында әлемнің географиялық бейнесі жайлы біртұтас дүниетанымдық және жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білімнің тәрбиелік және дамытушылық сұрақтарын шешуде, жеке тұлғаның әлеуметтенуі мен функционалдық сауаттылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.

География оқу пәні ретінде табиғат заңдарын, қоғамның материалдық өмірін, қазіргі әлем бейнесін тануда биология, химия, физика және басқа да білімдердің өзара тығыз пәнаралық байланысын арттыруға көмектеседі. 10-11-сыныптарда географияны оқыту екі бағытта жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық (бұдан әрі – ҚГБ) және жаратылыстану-математика бағыттары (бұдан әрі – ЖМБ).

ҚГБ оқу материалының мазмұны өскелең ұрпақтың географиялық сауаттылығын арттыру, экономикалық-географиялық мәдениетін қалыптастыру үшін қажет білім мен біліктерді қамтиды.

ҚГБ оқытудың мақсаты оқушылардың елдерді оқу барысында жан-жақты экономикалық-географиялық, саяси-географиялық білімді, табиғат, қоғам және экономиканың өзара байланысын түсінуге, функционалдық сауаттылықты тереңдетуге және оқушылардың бейінді-мамандық бағытын анықтауға бағытталған.

ЖМБ оқу материалының мазмұнында, жалпы географиялық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызы бар білім мен біліктіліктен басқа, болашақта мамандық алу үшін білімді жалғастыруға қажетті кең көлемді білім мен біліктілікке көп көңіл бөлінеді.

Мақсаты: қазіргі әлемдегі аймақтар мен елдерді оқу барысында оқушылардың географиялық заңдылықтар және экономикалық-географиялық, саяси-географиялық, дүниежүзілік шаруашылық туралы жан-жақты білім алулары, функционалдық сауаттылықты және оқушылардың бейінді-кәсіби бағытын тереңдету.

Міндеттері: алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен идеялардың негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі дамыту; дүниежүзі саяси картасы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдерін оқып-білу үдерісінде саяси, географиялық білімнің қалыптасуын жалғастыру; табиғат және қоғамның өзара байланысын оның қазіргі даму кезеңі негізінде, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың маңызын, Қазақстан және әлем деңгейінде тұрақты даму проблемаларын географиялық тұрғыдан түсіну; табиғи, әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау және талдау үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін меңгерту; ғаламшар мемлекеттерінің түрлерін, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейі әр түрлі елдердің ерекшеліктерін анықтау зерделеу; дүние жүзінің халықтарын, дүние жүзінің шаруашылық жүйесін, халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету; оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал жасау.

Карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына жағдай жасаумаңызды болып табылады, әрүрлі экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және талдау барысында сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және басқа да мәліметтерді өздігінен өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгерту; жоғары патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, белсенді азаматтық, өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.

«Даму стратегиясы», «индустриалды-инновациялық реформа», «тұрақты даму», «жасыл экономика», «геосаяси жағдайы» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, сонымен қатар олардың аймақтық және жергілікті мәнін түсіну, Қазақстан Республикасы жаһандық геоэкономикалық кеңістікте ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру аясында тұрақты дамып келе жатқан ел туралы ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады.

ҚГБ және ЖМБ курстарында оқылатын материалдардың қамтылуы, тереңдігі және нақтылығы жағынан оқу мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныпта «Жалпы географиялық заңдылықтар», «Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы», «ТМД елдері», 11-сыныпта елтану аясында шет елдер мен аймақтар қарастырылады.

Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады.

Сыныптар бойынша практикалық жұмыстар бағдарлама тақырыптарына сәйкес құрастырылған және олар түсіндіруге, салыстыруға, талдауға, сипаттауға, есептеуге, байланысын анықтауға, моделдеуге бағытталған. Олар балалардын шығармашылдықты, талдау жасауды талап етеді, дамытушы сипатқа ие. Сонымен қатар практикалық жұмыстардың мазмұны білімді функционалдық сауаттылықты дамытуға, жаңа технологияларды, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, ақпараттық-коммуникативтік әрекетті кеңейтуге бағытталған. Міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.

Туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы, табиғи кешенінің жағдайы, өлкетану мәселелері неғұрлым жоғары, талдамалық деңгейде оқытылады, Пән аясында сыныптан тыс географиялық, экскурсиялық-экспедициялық жұмыстар ұйымдастыру, қолданбалы курстар өткізу қажет



Бақылау түрлері: бақылау, өздік жұмыстары, тест тапсырмалары, ауызша жауап және сұхбаттасу.

Ағымдық бақылау жұмыстарын жазбаша және ауызша түрде жүзеге асыруға болады. Ағымдық жазбаша бақылау жұмыстарын өздік жұмыс немесе тест тапсырмалары арқылы өткізуге болады.

Тақырыптық бақылау бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарының негізгі сұрақтарын таңдау арқылы жазбаша түрде өткізуге болады.

Қорытынды бақылау жұмысын аралас сипаттағы жұмыстар немесе кешенді тестілеу арқылы өткізуге болады.

География пәнін оқыту арнайы жабдықталған және қажетті аспаптармен, құралдармен, географиялық карталармен, атластармен, баспа құралдарымен, аудио және бейне материалдармен, оқытудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.

Мұғалімдерге көмек ретінде «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» әдістемелік құралы және «Таңдауы бойынша курстардың мазмұны және ұйымдастырылуы бойынша талдамалы материалдар» талдамалы материалдар әзірленді және олар Ұлттық білім академиясының сайтында (www.nao.kz) орналастырылған.

География пәні бойынша сағат саны:

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағат.
Биология

10-11-сыныптарда «Биология» пәнін оқудың мақсаты 6-9-сыныптарда игерілген материалдарды тереңдетіп қарастыру негізінде органикалық әлемнің тұтас көрінісін қалыптастыру және білік пен дағдыларды одан әрі дамыту болып табылады.

Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі:


  • органикалық әлемнің тұтастығы мен әр түрлілігі, өмірдегі үдерістер мен құбылыстар, себеп-салдарлы байланыстар туралы ғылыми түсініктердің қалыптасуы; оқушылардың ғылыми таным әдістерін меңгеруі;

  • оқушылардың ғылыми-жаратылыстану жүйесіндегі басқа пәндердің мазмұнымен кіріктіру арқылы білімдерін қалыптастыру;

  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

  • сын тұрғысынан ойлауды зерттеу дағдыларын дамыту;

  • биологияның тұрақты дамудағы, жасыл экономиканы жүзеге асырудағы маңыздылығын, адамзаттың проблемаларын шешудегі рөлін ашып көрсету;

  • тұлғаны табиғатты сүюге тәрбиелеу, олардың патриоттық сезімдері мен азаматтық көзқарастарын қалыптастыру;

- органикалық әлемнің тұтастығы мен әр алуандығы, өмірдегі үдерістер мен құбылыстар, себеп-салдарлы байланыстар туралы ғылыми түсініктердің қалыптасуы; оқушылардың ғылыми таным әдістерін меңгеруі.

10-11 сыныптарда «Биология» пәнін оқыту орта мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген) жүргізілуі тиіс. Практикалық және лабораториялық жұмыстарға, функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында, әсіресе, ғылыми жобаларға ерекше көңіл бөлу қажет.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы
10-11-сыныптарда «Биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты жоғары мектепте одан әрі оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен барлық оқушыларды қамтамасыз ету болып табылады: тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалытастыру.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытында пәнді оқытудың міндеттері келесідей анықталған: органикалық табиғат туралы, оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; жасушадағы органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру, биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту; организмдердің жеке даму заңдылықтары туралы көзқарастарын кеңейту; генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; түр және оның критерийлері түсініктерінің мәнін ашып көрсету, эволюциялық ілім негіздері туралы білімдерін қалыптастыру.

Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарда «Биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық оқушыларды келесі, жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тереңдетілген деңгейде тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; органикалық дүниедегі көбейу тәсілдерінің және жасушалардың бөліну типтері туралы білімдерін қалыптастыру; жасушалық теорияның негізгі қағидаларының білімін қалытастыру; табиғатты қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының білімін қалыптастыру.

Жаратылыстану-математика бағытында пәнді оқытудың міндеттері келесідей болып анықталады: органикалық табиғат туралы оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өз бетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту; органикалық дүниенің дамуына негізі болатын генетикалық заңдылықтар туралы түсініктерін кеңейту; қоршаған ортаны қорғау жұмыстарында және генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; пәннің және экологиялық факторлардың рөлін ашып көрсету; экожүйе, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету; адам әрекетінің әсерін және осы әсердің нәтижесін ашып көрсету; табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерін ашып көрсету; эволюциялық ілім негіздерінің білімін қалыптастыру; тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; селекцияның және биотехнологияның негіздерін сипаттау; биосферадағы тұрақты тепе-теңдікті сақтауға қажетті адамның антропогендік әрекетінің нәтижесін бағалау үшін биологиялық білімді қолдана білуді қалыптастыру, өздігінен білім алу уәжін қамтамасыз ету.

10-11-сыныптарда биологияны оқудың ерекшелігі «Жалпы биология» бөлімін оқып білу болады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны оқушылардың биологиялық мәдениетін дамытуға, алдыңғы сыныптарда меңгерген білімдерін тереңдетуге бағытталған.

Жалпы биологияны жаратылыстану-математикалық бағыт аясында оқыту бүгінгі күнде биологиялық ғылым дамуының негізгі бағыттарын бейнелейтін жуйелі оқытуды ұйымдастыруды ойластырады. Сонымен қатар биология сабақтарында өзекті экологиялық проблемаларды шешу де қарастырылуы тиіс.

Биология пәнінің мазмұны оқытудың бағытына байланыссыз оқушылардың дүниетанымдық принципін дамытуды және олардың өздігінен кәсіби бағытын таңдай білуін дамытуды көздейді.

Биологияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрнекілік және зертханалық аспаптар мен құрылғылар, интернет ресурстар, техникалық оқыту құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.



Биология пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына
2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
Физика

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» пәнін оқытудың басты мақсаты – білім, білік және дағдыларды меңгеру негізінде әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды қалыптастыру.

Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі:


  • қазіргі жаратылыстанудағы физиканың маңызын түсіндіру және физика ғылымының әдістерін меңгерту негізінде ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;

  • оқушылардың ғылыми түсініктер жүйесі негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту;

  • оқуға жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға;

  • қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;

  • базалық білім негізінде экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.

Қазіргі қоғамға бейімделу үшін базалық деңгей негізіндегі физикалық ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру әрбір адамның тәжірибесіне қажетті.

«Физика» пәнін оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасындағы талаптардың ерекшелiктері, яғни оқушылардың өз бетінше жасайтын практикалық және жобалық жұмыстардың орындалуына мән беріледі. Пәнішілік және пәнаралық байланыстар, оқу процесінің логикасы, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.

«Физика» пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында тарихи материалдар мен айғақтарға айтарлықтай назар аударылады.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады.

Физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға келесі қолданбалы курстар ұсынылады: «Физика және техника», «Медициналық техника», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», ««Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», және т.б.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сынып физика курсының мақсаты оқушылардың әлемді диалектика-материалистiк тұрғыдан тану көзқарасын қалыптастыру.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қамтамасыз етіледi:



  • қазіргі әлемнің бiртұтас физикалық бейнесін ұсыну; физикалық құбылыстарды әр жағынан және әртүрлі жағдайда қарастыру дағдысы;

  • физикалық жүйені анықтау және олардың арасындағы байланыс орнату;

  • физикалық құбылыс немесе пән туралы білімін салыстыру және ақиқатын ашу дағдысын қалыптастыру;

  • физикалық құбылысты танудың теориялық және эксперименттік әдісін қолдану; физиканың заңдарын практикада қолдану;

  • әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер мен қатар, мазмұнды физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;

  • физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану және табиғаттың заңдарын тану мүмкiндiгiне сену; қазіргі жаратылыстану ғылымының мазмұнының мәселелерiн талқылау кезінде оппоненттiң пiкiрiне орынды қатынас және тапсырмаларды бірлесе орындау үдерісінде ынтымақтастықтың тiлегi;

  • қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік сезімі, жаратылыстану ғылымының жетiстiктерін пайдалануды бағалауға дайындық; ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Физиканы оқығанда пәнішілік және пәнаралық байланыстарды, оқу үдерісінің логикасын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында адамзат қызметінің әр түрлі саласында қолдана алуы үшін теориялық және практикалық білімдерді органикалық үйлестіру, физикалық тәжiрибелерді орындағанда оқушылардың дағдыларын дамыту және қазiргi заманғы техникада қолданылатын физиканың ең маңызды жетiстiктерін таныстыру ескерілуі қажет. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады. Пән -оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жасау қабiлеттiлiктерiн дамытуға, бақылау жүргізу және эксперименттік тапсырмаларды орындау, жобалау жұмысын жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.

Физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға келесі қолданбалы курстар ұсынылады: «Физика және техника», «Медициналық техника», «Физикалық есептерді компьютер көмегімен шешу», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», «Радиотехника және электроника негіздері», «Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу технологиясы», «Физикадан қиындығы жоғары есептерді шешу әдістері», «Физикадан эксперименттік есептер шешу» және т.б.

Мұғалімдерге көмек үшін дайындалған ««Жаратылыстану» білім саласы аймағы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты (Академияның сайтында орналастырылған (www.nao.kz)) әдістемелік құрал ұсынылады.

10-11-сыныпта мұғалiм физика кабинетіндегі оқу жабдықтары, құрылғылар және электрондық оқу құралдарының мүмкіндігіне қарай өзі практикалық және зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды таңдауға құқығы бар.

Лабораториялық жұмыстар мен физикалық практикум жұмыстарын (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерлерде) өткізу барысында сыныптың барлық оқушыларын бағалау міндетті болып табылады. Практикалық жұмыстар өткізу барысында (жұмыс дәптерлерінде) сыныптың барлық оқушыларын бағалау міндетті емес.

«Физика» пәнінен оқушылардың үй жұмысы – оқу үдерісіндегі қажетті элементтердің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ол сабақ кезінде алынған білімді бекітуге және тереңдетуге ықпал етеді.

Үй жұмысын ұйымдастыруда төмендегілер ескерілуі қажет:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет