Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет31/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Жүйелік талаптар:

  • (кең жолақты) сыммен немесе сымсыз (3G немесе 4G / LTE) интернетке қосылу;

  • динамиктер және микрофон – кіріктірілген немесе USB немесе сымсыз Bluetooth;

  • веб-камера немесе HD-веб-камера - кіріктірілген немесе USB;

  • HD-камера немесе видеозахват картасы бар HD-бейнекамера.

Процессорға және жедел жадқа қойылатын талаптар:

  • ұсынылатындар

- процессор екіядролы 2 ГГц немесе жоғары

- жедел жад: 4 ГБ



Өткізгіштік қабілетке қойылатын талаптар:

- оқу процесінің қатысушылары үшін ұсынылатын өткізгіштік қабілет:

- 1: 1 видеоконференция үшін:

- жоғары сапалы видео үшін 600 кбит/с қажет

- 720p жоғары қанықтықтағы видео үшін 1,2 Мбит/с қажет

- HD-видео 1080p жүктеу үшін 1,3 Мбит/с қажет

- HD-видео 1080p жіберу үшін 2,8 Мбит/с қажет

- топтық видеоконференциялар үшін:

- жоғары сапалы видео үшін 600 кбит/с / 1,2 Мбит/с қажет

- галерея режимі және/немесе 720p HD-видео үшін: 1,5 Мбит/с / 1,5 Мбит/с қажет

- HD-видео 1080p жүктеу үшін 2,5 Мбит/с қажет

- 1080p HD видеоны жіберу үшін 3,0 Мбит/с қажет

13. Қашықтан оқыту үшін электрондық платформаларды пайдалану бойынша ұсынымдар

«Kundelik.kz», «Bilimmediagroup», «Daryn.online», «Mektep.OnLine», «Оpiq.kz» қазақстандық контентті ескере отырып және МЖБС-ға сәйкес әзірленген және жұмыс істейді.

Қашықтан оқыту процесі шеңберінде бірқатар платформаларда ұсынылатын ресурстар мен функциялар білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізуге, формативтік және жиынтық бағалау кезінде кері байланысты жүзеге асыруға, платформада оқу тапсырмаларының қажетті форматын қалыптастыруға және нәтижені көрсете отырып оларды орындауға, оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша түсініктеме беруге мүмкіндік береді.

Google, GoogleDocs, Яндекс.диск, Google платформасы арнайы бағдарламалық жасақтаманы сатып алу және қызмет көрсету шығындарын талап етпейтін, қолданбаларға кіру веб-браузер терезесі арқылы алуға болады. Білім алушылармен педагогикалық қарымқатынас жүйе бойынша құрылады: теория – тәжірибе – жеке білім беру бағыты бойынша жұмыс – баға.

Google Docs – бұл құжаттарды автоматты түрде сақтайтын, кестелер, презентациялар, фото және бейне материалдарды жасауға және өңдеуге болатын тегін қызмет, онда педагог өз тапсырмаларын, тестілерін және білім алушылар орындалған тапсырмаларын орналастырады, Google Docs өзі тексеріп, талдау жұмысын жасайды.

Яндекс.диск – бұл Яндекс серверлерінде файлдарды сақтауға, интернетке қосылған кез келген құрылғыдан дискідегі файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қызмет.

Яндекс браузердің disk.yandex.ru адрестік жолында логин мен пароль енгізіледі. Яндекс.диск платформасында құжаттарды, кестелерді және презентацияларды жасауға және өңдеуге болады.

Жоғарыда аталған бағдарламалар қашықтан білім беру процесін бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет