ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет46/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Қазақстанда  мақсатты  тілдерді  таңдау  келесі  формуламен  көрсетілген 

үштұғырлылық  идеясына  негізделген:  мемлекеттік  тілді  дамытамыз,  орыс 

тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. 

Тілдердің  үштұғырлығы  идеясымен  байланысты  қазақстандық  білім 

беру  тәжірибесінде  соңғы  уақытта  «үштілді  білім  беру»  термині 

қолданылуда. 

Үштілді  білім  берудің  стратегиялық  мақсаты  қазақстандықтардың 

халықаралық  стандарттарға  сәйкес  үш  мақсатты  тілді  бір  мезгілде  меңгеруі 

үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады, атап айтқанда: 

-   мемлекеттік  тіл  ретінде  меңгеруі  табысты  азаматтық  ықпалдасуға 

ықпал ететін қазақ тілі; 

- ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатын орыс тілі; 

- әлемдік экономикаға ықпалдасу құралы ретінде ағылшын тілі. 

Білім  беру  үдерісіндегі  барлық  үш  мақсатты  тіл  бәсекелестікте  емес, 

бірлікте  дамуы  тиіс.  Осыған  орай,  үш  мақсатты  тілді  оқытудың  негізгі 

тәсілдері анықталды. 

Оның  біріншісі-мақсатты  тілдерді  деңгейлеп  оқыту.  Бұл  үш  мақсатты 

тілдерді  оқыту,  жалпы  білім  беру  жүйесінің  барлық  сатыларында  олардың 

бірлігін,  сабақтастығын  және  үздіксіздігін  қамтамасыз  ететін  («Common 

European  Framework  of  Reference:  Learning,  Teaching,  Assessment»  -  «шет 

тілін  меңгерудегі  жалпыеуропалық  құзыреттіліктер:  зерттеу,  оқыту, 

бағалау») CEFR типі бойынша тілдерді оқытудың деңгейлік моделіне сәйкес 

құрылатынын  білдіреді.  Қазақстанның  үш  тілді  білім  беру  моделі  CEFR 

баламасы  болып  табылмайды,  бірақ  аталған  құжатты  негізге  алады  және 

оның  идеялары  мен  негізгі  ережелерін  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  нақты 

шарттарына бейімдейді. 

Осыған  сәйкес  үш  мақсатты  тілдерді  оқыту  деңгейлері  келесідей  ретте 

анықталған (1-кесте): 

 

 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



82-кесте  -  CEFR  (Common  European  Framework  of  Reference  –  Шет  тілін  меңгерудегі  жалпыеуропалық 

құзыреттіліктер) сәйкес үш тілде оқытудың салыстырмалы деңгейлері 

 

CEFR деңгейлері 

Сыныптар 

Ағылшын тілі (Т3) 

Сыныптар 

Қазақ тілі (Т2) 

Орыс тілі (Т2) 

Б

аза



лы

қ 

А1  Күнкөріс деңгейі  



1-сынып 

А1 бағытындағы жұмыс 

А1 

1-сынып  А1 бастапқы 



2-сынып 

А1 төмен 

2-сынып  А1 орташа 

3-сынып 


А1 орташа 

3-сынып  А1 ілгерілеген 

4-сынып 

А1 жоғары 

А2 

4-сынып  А2 бастапқы 



А2  Бастапқы деңгей 

5-сынып 


А2 төмен-орташа 

5-сынып  А2 орташа-ілгерілеген 

6-сынып 

А2 орташа-жоғары 

6-сынып  В1 бастапқы 

7-сынып 


В1 төмен 

В1 


7-сынып  В1 орташа 

О

рта



ша

 

В1  Бастапқы деңгей 



8-сынып 

В1 орташа 

8-сынып  В1 ілгерілеген 

9-сынып 


В1 жоғары 

9-сынып  В2 бастапқы 

10-сынып 

В2 төмен-орташа 

В2 

10-сынып  В2 орташа 



В2 

Бастапқы ілгеріңкі 

деңгей 

11-сынып 



В2 орташа-жоғары 

11-сынып  В2 ілгерілеген 

 

 


Сондай-ақ,  деңгейлік  оқыту,  сөйлеу  қызметінің  төрт  түрі  бойынша 

дағдыларын  дамытуға  баса  назар  аударады:  тыңдалым  (ауызша  сөйлеуді 

түсінумен тыңдау), айтылым, оқылым және жазылым. 

Үш  мақсатты  тілдерді  оқытудағы  негізгі  әдіснамалық  тәсілдердің  бірі-

коммуникативтік тәсіл. Ол: 

-  біріншіден,  мақсатты  тілдерді  оқыту,  оқытылатын  тілдің  сөйлеу 

нормаларын  меңгеруге  бағытталған,  сондықтан  бірінші  сыныпта  сөйлеу 

қызметінің  екі  түріне  көп  көңіл  бөлінеді:  тыңдалым  (тыңдау)  және  айтылым; 

оқылым және жазылым дағдыларын ана тілінде немесе бірінші тілде (мектепте 

оқыту тілінде) берілген дағдыларды меңгеру арқылы дамыту қажет; 

-  екіншіден,  тілдерді  оқыту  грамматикалық  ережелерді  меңгерумен 

шектелмейді,  яғни  туыс  емес  тілдерді  үйренушілерге  «баяндауыш», 

«бастауыш»,  «морфология»,  «синтаксис»  және  т.б.  білу  маңызды  емес.  Бала 

аталған  грамматикалық  ережелерді,  оқуды,  жазуды,  тіпті  дұрыс  сөйлем 

құрастыруды  білмей  жатып,  сөйлей  бастайды.  Ол  жай  ғана  мағынасын 

түсінетін  сөздерді  айтады  және  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  жасайды. 

Уақыт  өте  келе  оның  сөздік  қоры  арта  түсіп,  қоршаған  адамдардың  басым 

бөлігі  түсінетіндей  етіп  сөйлеуді  үйренеді.  Содан  кейін  ғана  оқып,  жазуды 

үйренеді. Бұл мектепте туыс емес тілдерді үйрену негізіне жатады. 

Мұндай  оқытудың  басты  мақсаты  грамматикалық  құзыреттілікті 

қалыптастыру  емес  (сөз  тіркестерін  және  сөйлемдерді  сауатты  құра  білу, 

шақтарды дұрыс пайдалану және келісу, сөз таптарын және түрлі сөйлемдердің 

қалай  жасалғанын  білу),  коммуникативтік  құзыреттілікті  қалыптастыру  болып 

табылады.  Грамматикалық  құзыреттіліктің  маңызды  болып  табылатындығы 

даусыз,  бірақ  коммуникативтік  тәсіл  шет  тілінде  нақты  қарым-қатынаста 

грамматикалық 

ережелерді 

қолдануға 

бағытталған. 

Коммуникативтік 

құзыреттілік  тілді  әр  түрлі  мақсаттар  мен  функциялар  үшін  қолдануды,  түрлі 



типтегі  және  сипаттағы  мәтіндерді  жасауды,  оқуды  және  түсінуді,  шектеулі 

лексикалық және грамматикалық қорменде сөйлесуді қолдау білігін қамтиды. 

Коммуникативтік  тәсіл,  ең  алдымен,  тілдік  құрылымның  дұрыстығына 

емес,  диалогтарды  дамытудың  мүмкін  нұсқаларын  ұғыну,  жалпы 

коммуникативтік  мақсатқа  жету,  өз  сөзімен  жеткізу  дағдысын  дамыту  сынды 

параметрлерге назар аударады. Мұғалім мұндай оқыту кезінде дәріс оқымайды 

және  грамматикалық  терминдерді  қолдана  отырып  ережелер  құрастырмайды, 

әдетте көмекші рөлін атқарады. 

Коммуникативтік  оқыту  «тіл  қарым-қатынас  болып  табылады;  бұл 

тұлғааралық  қызмет  және  оның  қоғаммен  нақты  байланысы  бар.  Бұл  тұрғыда 

тілдерді  үйрену,  тілдік  (дейін  және  кейін  айтылған),  сондай-ақ  әлеуметтік 

немесе  жағдайлық  (кім  және  не  айтады,  әлеуметтік  рөлдер  қандай,  қандай 

жағдайда) контексте тілді пайдалануға (қызметіне) назар аударуы тиіс». 

Осылайша,  берілген  әдіс  бойынша  оқушы  тіл  туралы  білімдерді  ғана 

меңгеріп қоймай, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени компонентті де меңгереді: 

қоғамдағы  мінез-құлық  үлгілерін,  оқытылатын  тіл  елінің  мәдениеті  туралы 

нормалар  мен  білімдерді,  бұл  оған  нақты  қарым-қатынас  жағдайында 

тасымалдаушылармен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

374 



 

Үш  мақсатты  тілдерді  оқытудағы  келесі  әдіснамалық  тәсіл  – 

мәдениетаралық-коммуникативтік  тәсіл.  Ол  тілдерді  оқыту  барысында 

мәдениетаралық қарым-қатынас үшін талап етілетін жеке тұлғаның қасиеттерін 

дамытуға  көңіл  бөлінетінін  білдіреді.  Бұл  тәсіл  бірнеше  міндеттерді  шешуге 

мүмкіндік береді: 

- кіші  Отан,  оның  өзіндік  ерекшелігі,  мәдениеті,  дәстүрі  туралы  түсінік 

қалыптастыру.  Бұл  оқушының  когнитивті  тәжірибесін  кеңейту  мен  өз  еліне 

және  туған  өлкесіне  деген  сүйіспеншілікті,  ұлттық  мәдениетке,  тілге  деген 

ұқыпты 


қарым-қатынасты 

қамтитын 

құндылықтық 

бағдар 


жүйесін 

қалыптастыру үшін қажет; 

- туған  өлкесінің  мәдениеті,  дәстүрі,  тарихы  туралы  алынған  ақпаратты 

тарату үшін жағдай жасау; 

- тұлғаны  мәдени-білім  беру  кеңістігінде  өзін-өзі  жүзеге  асыру 

мүмкіндігімен қамтамасыз ету. 

Берілген тәсілдер негізінде үш тілге оқыту келесі қағидаттарға негізделе 

отырып құрастырылады: 

- тіл мен мәдениетті бірге оқыту қағидаты тілдерді оқыту мәдениетаралық 

қарым-қатынас  құралы  ретінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  ұлттық-мәдени 

мұралардың  көрінісі,  қоршаған  болмысты  тану  құралы,  әлеуметтік  құндылық 

ретінде де тілге қарым-қатынасты қалыптастыратынын білдіреді; 

- білім  беру  мазмұнындағы  қазақ  (мемлекеттік)  және  орыс  тілдерінің 

теңгерімділігі  қағидаты,  ол  біріншіден,  нақты  өңірдің  әлеуметтік-

лингвистикалық жағдайының ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін білдіреді. 

Аталған  екі  тілдегі  екпін  Қазақстанның  әр  түрлі  өңірлеріндегі  олардың 

функционалдық  белсенділігінің  теңсіздігімен  түсіндіріледі.  Яғни,  орыс  тілінің 

оңтүстік  аймақтарында  белсенділігі  аз,  керісінше,  солтүстік  аймақтарда  кең 

ауқымды  қолданысқа  ие;  екіншіден,  үш  тілді  білу  олардың  бәсекелестігінде 

емес, бірлігінде маңызды; 

«екі еселенген білім алу» қағидаты, ол біріншіден, білім беру процесінде 



тіл  оқыту  құралы  ретінде  де,  оқу  пәні  ретінде  де  әрекет  ететінін 

білдіреді: оқыту  қазақ  тілінде  емес  мектептерде,  тіл  оқу  пәні  ретінде  «Қазақ 

тілі»  (1-4  сыныптар),  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  (5-11  сыныптар)  пәндері 

бойынша оқу бағдарламалары шеңберінде меңгеріледі, оқыту орыс тілінде емес 

мектептерде «Орыс тілі» (1-4 сыныптар), «Орыс тілі және орыс әдебиеті» (5-11 

сыныптар),  «Ағылшын  тілі»  (1-11  сыныптар)  оқыту  тіліне  қарамастан  барлық 

мектептерде;  екіншіден,  тіл  оқыту  құралы  ретінде  тілдік  пәндеріндің  өзге  де 

пәндермен ықпалдасу механизмі болып табылады. 

Қазақстанда  үш  тілді  білім  беруді  дамытудың  2015-2020  жылдарға 

арналған жол картасына сәйкес: 

-  «Қазақстан  тарихы»  пәнін  оқыту  қазақ  тілінде  емес  мектептерде  қазақ 

тілінде оқыту (5-сыныптан бастап)

-  «Дүниежүзі  тарихы»  пәнін  оқыту  орыс  тілінде  емес  мектептерде  орыс 

тілінде оқыту (5-сыныптан бастап); 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

375 



 

-  оқыту  тіліне  қарамастан  барлық  мектептердің  10-11  сыныптарында 

«Информатика»,  «Химия»,  «Физика»,  «Биология»  пәндері  арасынан  екі  пәнді 

ағылшын тілінде оқыту. 

Қазақстанның  жалпы  білім  беретін  мектептерінде  «Қазақстан  тарихы» 

оқу  пәнін  қазақ  тілінде  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәнін  орыс  тілінде 

оқытуға көшудің өзектілігі: 

- бұл  шара  үш  министрдің  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрі,  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт  министрі,  Қазақстан 

Республикасы Инвестициялар және даму министрі) 2015 жылғы  05 қарашадағы 

№ 622 бірлескен бұйрығымен бекітілген 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде 

білім беруді дамытудың жол картасында қарастырылған. 

«Қазақстан  тарихы»  оқу  пәнін  қазақ  тілінде  және  «Дүниежүзі  тарихы» 

оқу пәнін орыс тілінде оқытуға көшудің мақсаты мен міндеттері Қазақстанның 

барлық жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру идеясын жүзеге 

асыруға негізделген. 

Үш тілді білім беру моделі мемлекеттік тілдің рөлін күшейтеді, себебі 

оны  тек  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  ғана  оқытып  қоймай,  сонымен 

қатар  өзге  де  пәндер  бойынша  міндетті  түрде  оқытуды  көздейді.  Берілген 

модельге  сәйкес  оқыту  тіліне  қарамастан  барлық  жалпы  білім  беретін 

мектептерде  «Қазақстан  тарихы»  оқу  пәнін  қазақ  тілінде  және  «Дүниежүзі 

тарихы» оқу пәнін орыс тілінде оқыту жоспарлануда. 



Үш тілді білім берудің стратегиялық мақсаты білім алушылардың үш 

мақсатты  тілді  бір  мезгілде  меңгеруі  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау  болып 

табылады: 

- табысты  азаматтық  ықпалдасуға  ықпал  ететін,  мемлекеттік  тіл  ретінде 

қазақ тілін меңгеру; 

- ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатын орыс тілі; 

- әлемдік экономикаға ықпалдасу құралы ретінде ағылшын тілі. 

Аталған  стратегия  үш  тілді  білім  берудің  қазақстандық  моделінің 

негізіне алынған. 

Қазақстанның  барлық  жалпы  білім  беретін  мектептерінде  «Қазақстан 



тарихы»  оқу  пәнін  қазақ  тілінде  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәнін  орыс 

тілінде оқытуға көшудің негізгі мақсаты мемлекеттік тілді дамыту және орыс 

тілін қолдау үшін жағдай жасау болып табылады. 

Тілдерді меңгеру, тапқырлық және сандық сауаттылықпен қатар, бүгінгі 

таңда  өмірге  қажетті  негізгі  құзыреттіліктердің  бірі  болып  табылады. 

Адамдардың тілдік біліктерін жетілдіру үшін мемлекет және білім беру жүйесі 

тілдік  білім  беру  саясатының  бірлігін,  орнықтылығын  және  дәйектілігін 

қамтамасыз етуі тиіс. 

Қазақ  тілі  –  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі.  Қазақ 

тілін білу  – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы, Қазақстан 

халқының бірігуінің маңызды факторы, Тәуелсіздік тілі. 

Орыс  тілі  -  ұлтаралық  қатынас  тілі,  БҰҰ  жұмыс  тілдерінің  бірі,  ҚР 

Конституциясының  7-бабына  (2-т.)  сәйкес  мемлекеттік  ұйымдарда  және 

жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарында  ресми  түрде  қазақ  тілімен  тең 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

376 



 

қолданылады.  Орыс  тілін  меңгеру  білім  алушыларға  ақпараттық  қабаттарға 

қолжетімділікті  ашады,  еуразиялық  интеграция  мен  мәдениетаралық 

түсіністікке ықпал етеді. 

Қазақстанның  барлық  жалпы  білім  беретін  мектептерінде  «Қазақстан 

тарихы»  оқу  пәнін  қазақ  тілінде  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәнін  орыс 

тілінде  оқытуға  көшу,  тағы  бір  маңызды  міндет  –  қазақ  тілі  графикасының 

латын әліпбиіне көшуімен тікелей байланысты. 



«Білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  2025  жылға  дейін  латын 

әліпбиіне  көшу  кестесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 183 бұйрығына сәйкес 

білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  латын  әліпбиіне  көшу  жоспарланған. 

Бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  бекітілген 

кестеге  сәйкес  латын  әліпбиіне  көшу  мерзімдері  белгіленген:  бастауыш 

білім  беру  –  кезең  –  кезеңмен  2024  жылға  дейін  (1-сыныптар  –  2021-2022 

оқу  жылы;  2-сыныптар  –  2022-2023  оқу  жылы;  3,4  сыныптар  –  2023-2024 

оқу жылы); негізгі және жалпы орта білім беру (5-11 сыныптар) - 2024-2025 

оқу жылы. 

2015-2020  жылдарға  арналған  үш  тілді  білім  беруді  дамытудың  жол 



картасына  және  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  2025  жылға  дейін 

латын  әліпбиіне  көшудің  бекітілген  кестесіне  сәйкес,  білім  беру 

ұйымдарының  алқалық  шешімі  негізінде  оқыту  тіліне  қарамастан  2021-2022 



оқу  жылынан  «Қазақстан  тарихы»  оқу  пәнін  қазақ  тілінде  және  «Дүниежүзі 

тарихы»  оқу  пәнін  орыс  тілінде  оқытуды  кезең-кезеңмен  енгізуді  бастау 

ұсынылады. 

Оқыту  тіліне  қарамастан  «Қазақстан  тарихы»  оқу  пәнін  қазақ  тілінде 

және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнін орыс тілінде оқытуды енгізу, мемлекеттік 

тілді дамыту және орыс тілін қолдау идеясын іске асыруға бағытталған. 

Оқыту  тіліне  қарамастан  «Қазақстан  тарихы»  оқу  пәнін  қазақ  тілінде 

және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәнін  орыс  тілінде  оқытуды  енгізу  мәселелері 

бойынша  пилоттық  мектептердің  басшылары  және  мұғалімдерімен  өткізілген 

фокус-топтар  шеңберінде  берілген  пәндерді  қазақ  және  орыс  тілдерінде 

оқытуға  икемді,  кезең-кезеңмен  көшу  қажеттілігі  туралы  қорытынды 

жасалынды. 

«Қазақстан  тарихы»  оқу  пәнін  қазақ  тілінде  және  «Дүниежүзі  тарихы» 

оқу  пәнін  орыс  тілінде  оқытуға  сапалы  көшуді  қамтамасыз  етудің  маңызды 

факторлары: 

1. 

педагогикалық мамандарды даярлау (тарих пәні мұғалімдері); 



2. 

білім алушыларды даярлау (тілдік курстар); 

3. 

оқу-әдістемелік және сандық ресурстармен қамтамасыз ету. 



Жоғарыда  аталған  факторларға  сәйкес  «Қазақстан  тарихы»  оқу  пәнін 

қазақ  тілінде  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәнін  орыс  тілінде  8-сыныптан 



бастап  оқытуға  кезең-кезеңмен  көшу  ұсынылады,  себебі  жаңартылған  оқу 

бағдарламаларында 5-9 сыныптарда мазмұнның жаңа құрылымы (яғни, тарихи 

кезеңдерді сыныптар бойынша оқытуды бөлу) қарастырылған. 

Көптілділік  лингвистикалық  құзыреттілікті  дамытуға  және  балаларға 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

377 



 

білім беруге оң ықпал етеді. Балалар мектепте оқу барысында екі немесе одан 

да  көп  тілде  өз  дағдыларын  дамытуды  жалғастырған  уақытта,  оларда  тілді 

терең  түсіну  және  оны  тиімді  пайдалану  қалыптасады.  Әсіресе,  өз  халқының 

тарихын  және  дүниежүзілік  тарихты  екі  тілде  оқып,  ақиқатты  бейнелеу 

жолдарын салыстыра және ажырата алатын болса, көп тілдік тәжірибе алады. 

Балалардың ана тілінің даму деңгейі олардың мақсатты (екінші) тілдерін 

дамытудың  маңызды  алғышарты  болып  табылады.  Балалардың  ана  тіліндегі 

білімі  мен  білігі  екінші  тілдің  дамуына  негіз  болады  және  отбасында 

меңгерілген  ана  тілінен  мектепте  оқытылатын  тілдерге  беріледі.  Ойлау 

дағдыларын дамыту және балалардың тұжырымдамалық қабылдау тұрғысынан 

аталған  тілдер  екі  жақты  негізде  өзара  тәуелді.  Ана  тілі  мектепте  (мысалы, 

ішінара ену бағдарламаларында) дамыған уақытта, балалардың мақсатты тілде 

меңгеретін  тілдік  және  оқу  дағдылары  ана  тіліне  көшеді.  Басқаша  айтқанда, 

егер  білім  беру  ортасы  балаларға  екі  тілге  қолжетімділікті  қамтамасыз  етсе, 

аталған тілдер бірін-бірі толықтырады. 

Оқыту  құралы  ретінде  екінші  тілді  (Т2)  пайдалану,  ана  тіліне  (Т1)  теріс 

әсер  етпейді.  Көптілді  білім  берудің  сақтаушы  және  байытушы  үлгілеріне 

негізделген  бағдарламалар,  тек  аталған  бір  тілді  білу  жеткіліксіз  болған 

жағдайларда, аз қолданылатын тілдердің  жоғалуын болдырмауға бағытталады. 

Білім беру құралы ретінде Т2 пайдалану, жақсы меңгерілген Т1 сүйенуі қажет. 

Меңгерудің байытушы модельдерінде Т1 лингвистикалық қолайлы ортадан кең 

қолдау  табады,  ал  көптілді  бағдарлама  маңызды  Т2  зерттеу/оқыту  құралы 

ретінде қолданылады. 

Жоғарыда  аталған  қағидалар  ең  алдымен  тілдік  және  тілдік  емес  пәндер 

үшін  ортақ  тақырыптарды  анықтау  арқылы  келесі  схема  бойынша  жүзеге 

асырылады:  бірінші  тілдер    екінші  тілдер  және  әдебиет    «Қазақстан 

тарихы/Дүниежүзі тарихы» (5-9 сыныптар үшін). 

Келесі  маңызды  кезең  пәндер  бойынша  мектеп  мұғалімдерінің 

әдістемелік бірлестіктерінің дәстүрлі формаларынан бас тарту болып табылады. 

Сабақты  жоспарлау  барысында  ортақ  тақырыптарды  ескеру  үшін 

мұғалімдердің, оның ішінде тілдік және тілдік емес пән мұғалімдерінің бірігуі 

қажет. 

«Қазақстан тарихы» пәнін қазақ  тілінде  және «Дүниежүзі тарихы» пәнін 



орыс тілінде оқытуға көшу міндеттерін табысты жүзеге асыруға, мұғалімдердің 

кәсібилігін жетілдіруге олардың командалық жұмысы ықпал етеді. 

Мұғалімдер белгілі бір бірлескен педагогикалық мақсаттарға қол жеткізу 

үшін  өзара  қолдау  және  ынтымақтастық  мақсатында  командаға  бірігеді.  Бұл 

ретте  мұғалімдер  қойылған  міндеттерге  қол  жеткізуге  қосқан  үлесін  де, 

бірлескен жұмыс нәтижелеріне деген жауапкершілікті де тең дәрежеде бөліседі. 

Мұғалімдердің  кәсіби  ынтымақтастығының  ұсынылатын  нысандары: 

тарих  мұғалімдерінің  әдістемелік  секциялары;  қазақ  тілінде  «Қазақстан 

тарихы» пәні және орыс тілінде «Дүниежүзі тарихы» пәні оқытылып жатқан бір 

сынып мұғалімдерінің командалық жұмысы; параллельді сынып мұғалімдерінің 

ынтымақтастығы;  мұғалімдер  мен  тіл  мамандарының  ынтымақтастығы;  тілдік 

пән  мұғалімдерінің  (қазақ  және  орыс  тілдері)  және  тарих  пәні  мұғалімдерінің 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

378 



 

ынтымақтастығы; мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің ынтымақтастығы. 

Командалық  жұмыс  мазмұны  қамтуы  мүмкін:  бірлесіп  жоспарлау  (оның 

ішінде  ортақ  тақырыптар)  және  жұмысты  талдау  (оның  ішінде  білім 

алушылардың  жетістіктері  мен  қиындықтары)  үшін  жүйелі  кездесулер; 

ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушыларды анықтау, аталған білім 

алушыларға  қолдау  көрсету  бойынша  стратегияны  әзірлеу;  мұғалімдер 

тәжірибесін  тарату;  менторлық;  сабақтарға  өзара  қатысу;  бейнежазба  және 

сабақтарды  талдау;  оқу  материалдарын  құрастыру;  ата-аналармен  жұмысты 

ұйымдастыру; сыныптан тыс және мектептен тыс қызмет. 

«Қазақстан тарихы» пәнін қазақ  тілінде  және «Дүниежүзі тарихы» пәнін 

орыс  тілінде  оқытуға  көшу  жағдайындағы  ынтымақтастықтың  аталған 

нысандарының әрқайсысы өз ерекшеліктері мен артықшылықтарына ие. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы  31 

қазандағы  №  556  бұйрығына  сәйкес  2017-2018  оқу  жылынан  бастап              153 

жалпы  білім  беретін  мектепте  ЖМБ  пәндері  ағылшын  тілінде  толық  ену 

режимінде  оқытылуда  (толық  ену  режимі  сабақтың  барлық  кезеңдерін 

ағылшын  тілінде  өткізуді,  ішінара  ену  –  сабақтың  жекелеген  кезеңдерін 

өткізуді,  оқу  жоспарының  вариативі  бөлігі  есебінен  терминологияны, 

элективті  курстардың  жекелеген  бөлімдерін,  ағылшын  тіліндегі  үйірмелерді 

оқып үйренуді білдіреді). 

Осылайша,  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  меңгеру  заманауи 

қазақстандық қоғамда әр адам үшін талап пен қажеттілік болып табылады. Осы 

ретте,  мектепте  білім  беру  барысында  білім  алушыларда  өз  елі  мен  әлемдік 

кеңістікте  әр  түрлі  мәдениет  өкілдерімен  өзара  әрекет  жасау  және  қарым-

қатынас  біліктерін  қалыптастыру  бастапқы  орынға  шығады.  Білім 

алушылардың  тілдік  дайындық  деңгейін  арттыру,  тілдік  қарым-қатынас  үшін 

жағдай  жасаумен,  аталған  қарым-қатынас  түріне  деген  мотивациямен  тікелей 

байланысты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет