Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім
беру циклі пәндерінің аясында, сонымен қатар, қосымша білім беру
жүйесінде жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге
эмоционалдық- тұлғалық жағдайын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін
және б3л3м алушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіретін
эстетикалық циклдегі пәндерді (музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі)
жатқызуға болады.
Бірінші
және
екінші
сатыдағы
оқу
жоспарының
түзету
компоненті:«Айналамен таныстыру және тіл дамыту», «Түзету ырғағы», «Тіл
дамуының
кемшіліктерін
түзеу»
(логопедтік
сабақ),
«Білімдегі
олқылықтарды толықтыру бойынша міндетті жеке және топтық түзету
сабақтары», «Әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ) сияқты түзету
курстары мен жеке-топтық түзету сабақтарын қамтиды.
Арнайы кіріктірілген «Айналамен таныстыру және тіл дамыту» (0-1-
сыныптар) түзету курсы баланың қоршаған орта туралы шынайы білімдері
мен түсініктерін байытуға бағытталған. «Түзету ырғағы» атты 0-4-
сыныптарға арналған түзету курсы психикалық дамуы тежелген балалардың
жалпы
моторикасы
мен
қимылының
үйлесімділігіндегі
даму
ауытқушылықтарын алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық
бағдарлау» атты түзету пәні өмірлік құзырет дағдыларын қалыптастыруды
қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» сабақтарын өткізу
үшін сынып 2 топқа бөлінеді. Сабақтар арнайы жабдықталған ғимаратта
жүргізіледі.
Сабақта оқу бағдарламасын игеруде қиындықты сезінетін білім
алушылар үшін білім олқылықтарының орнын толтыруға арналған жеке және
топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы
қиындықтарының ұқсастықтары негізінде шағын топтармен (2-4 білім
алушыға) жүргізіледі. Бастауыш сынып білім алушыларымен жеке-шағын
топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі өткізеді. Сабақтың
ұзақтығы - 20-25 минут. Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны
мен формасын қайталамауы тиіс. Олар пәндік-тәжірибелік және балалардың
ойын әрекетін қоса отырып, әртүрлі формалар мен білім алушылардың
әрекет түрлерін пайдалану арқылы жүргізіледі.
6-10-сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша
жеке және топтық сабақтарға бөлінген сағаттарды пән мұғалімдері арасында
бөлінеді. Қандай топта болсын, білім алушының сабақта отыру уақыты
арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге
тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы
қозғалмалы болуы тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға
344
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
қосып, бірін қарқынды жеке көмек үшін топ құрамына қосу керек. Сол бір
білім алушы жыл ағымында әртүрлі топ құрамына кіруі мүмкін. Сөйлеу
тілінде дамымаған білім алушылармен логопед жеке-шағын топпен сабақ
өткізеді.
Жеке-шағын топтық түзету сабақтары білім алушылардың максималды
жүктемесі шегінде көрсетіледі. Үлгілік оқу жоспарында көрсетілген әрбір
сыныпта осы сабақтарға бөлінген апталық сағаттардың саны (бірінші сатыда
4 сағат және екінші сатыда 3 сағат) әрбір жеке білім алушының жүктемесіне
емес, педагогтердің жүктемесіне кіреді. Әрбір білім алушы үшін оқытудың
бастауышдеңгейінде аптасына 40-60 минуттан, негізгі білім беру деңгейінде
20-40 минуттан келеді.
Факультативтер мен элективті курстардың сағаттарын балалардың
әлеуметтенуіне (Тіл және қарым-қатынас мәдениеті. Өмір сүру қауіпсіздігін
қамтамасыздандыру. Экономикаға кіріспе) немесе даму кемшіліктерінің
алдын алуға (Сурет салу әрекеті. Қолданбалы мәдениет. Жүзу. ЕДШ) немесе
еңбекке дайындық бойынша қосымша сабақтарға қолдану дұрыс болады.
Есту, көру, сөйлеу тілі, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары
бар, психикалық дамуы тежелген білім алушылардың оқу жетістіктерін
бағалау
Білім берудің жаңартылған мазмұнына өткен сыныптарда оқу
нәтижесін бағалау барысында оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
қолданылады. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылардың
нәтижелерін бағалауда арнайы оқу бағдарламаларында белгіленген оқу
мақсаттарына бағдарлану қажет.
Формативті бағалау процесінде мұғалім білім алушылардың оқу
материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтап, оларды түзету жолдарын
қарастырады. Егер кейбір білім алушыға белгілі бір дағдыны дамыту үшін
ұзағырақ уақыт қажет болса, бұл оқу мақсатын басқаша бағалау жөнінде
шешім қабылдап, білім алушының жетістіктерін бағалау критерийлерін
әзірлеуде түзетулер енгізу керек.
Ерекше білім беруді қажет ететінбілім алушыларға және жеке оқу
бағдарламасымен оқытылатын білім алушыларға қорытындыаттестаттау
қажеттілігі жөніндегі мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне
сәйкес педагогикалық кеңеспен шешіледі.
Арнайы білім беру ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептің
арнайы сыныптарында оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды қорытынды аттестаттау емтиханының материалдары аудандық,
қалалық білім бөлімдерімен немесе білім басқармаларымен әзірленеді.
7. Арнайы мектепте интеллекті бұзылған балаларды оқытудың
345
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
ерекшеліктері (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі)
Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту мақсаты – танымдық
және эмоционалдық-тұлғалық аясындағы даму ауытқуларын түзету, білім
беру құралдарымен және еңбекке дайындау арқылы дамыту, келешекте
бітірушілерді ары қарай қоғамға кіріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық
оңалту.
Дайындық сыныбына, сондай-ақ білім беру процесінде және тәрбиелеу
жұмысында баланың диагнозын анықтау мен оны оқыту және тәрбиелеуді
ұйымдастыру формасының адекваттылығын айқындау мақсатында білім
алуға дайындық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа
7-9 жастағы балалар қабылданады.
Оқыту 2 сатыда ұйымдастырылады:
− бірінші саты – дайындық деңгейі (0), 1-4-сыныптар;
− екінші саты – 5-9-сыныптар.
Материалдық-техникалық, бағдарламалық-әдістемелік және кадрлар
болған жағдайда, білім беру ұйымдарында терең кәсіби-еңбекке баулитын
10-өндірістік сынып ұйымдастырылады.
Бірінші сатыда ақыл-ойы кем білім алушыны жан-жақты
психологиялық- медициналық-педагогикалық жағынан зерделейді, оның
мүмкіндіктері мен білім беру процесін ұйымдастыру формасы мен әдістерін
қалыптастыру және жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатында іске
асырылады.
Екінші сатыда балалар практикалық бағыты, еңбектің әртүрлі профилі
бойынша дағдылары бар, жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алады.
Әлеуметтік бейімделу мен кәсіби-еңбекке баулуға назар аударылады.
5-9 сыныптарда математика сабақтарынан 1 сағат геометрия
элементтерін үйренуге бөлінеді.
Түзету технологиясы циклінің сабақтары: «Түзету ырғағы», «Тіл
дамуының кемшіліктерін түзету» (логопедтік сабақтар), «Танымдық әрекетін
түзету», «Емдік дене тәрбиесі» күннің бірінші және екінші жартысында да
жүргізіледі. Жеке және шағын топпен жүргізілетін түзету сабақтардың
ұзақтығы – 20-25 минут. Шағын топтар сөйлеу тілі мен психофизикалық
ақауларының біртектілігіне байланысты жинақталады. Емдік дене тәрбиесі
сабағына арналған топтар дәрігердің нұсқауымен жинақталады. Түзету
ырғағы бойынша сабақтар топқа бөлінбей, фронтальды түрде жүргізіледі.
4 пен 6-сынып аралығында «Жалпы еңбекке даярлау» пәні оқытылады.
7 және 9-сынып аралығында кәсіби бағыттағы еңбекке баулу пәні
оқытылады. Еңбекке оқытудың бейіндері өңірлік ерекшеліктерге және
түлектерді жұмысқа орналастырумүмкіндіктеріне байланысты мектеп
346
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
әкімшілігімен анықталады.Мектепке педагогикалық кеңеспен бекітілетін
жеке еңбек түрлері бойынша бағдарламалар әзірлеу құқығы беріледі.
Мектепте еңбекке оқыту бойынша білім алу емтиханмен аяқталады.
Білім алушылар емтихандардан белгіленген тәртіп бойынша босатылады.
Факультативтік сабақтары мен электив курсына бөлінген сағаттар еңбекке
оқыту сабақтарына, түзету бағыттарына және т.б. пайдаланыла алады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар саны жеткілікті болған
жағдайда, мектепте осындайбілім алушыларға арналған арнайы сыныптары
бар екінші бөлім ашылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту аталмыш
категориядағы білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспары және оқу
бағдарламалары бойынша іске асырылады. Оқу бағдарламалары ұсынымдық
сипатта болады. Оқыту жеке оқу бағдарламалар бойынша іске асырылады.
Ол баланы жарты жылдан аспайтын мерзім аралығында сынып педагогінің
және мектеп консилиумы мамандарының баланы психологиялық-
педагогикалық кешенді зерделеуі негізінде құрылады. Оқытудың жеке
бағдарламасын жүзеге асыру уақытының аяқталуы бойынша әрбір білім
алушының жетістігіне талдау жүргізіледі және келесі жартыжылдыққа
жоспар құрылады.
Педагог әрбір білім алушының жеке мүмкіндігін және білім алудағы
тұлғалық жетістіктері мен білім алу және тұлғалық жетістіктерін
мониторингілеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін,
формасын, дидактикалық құраларын өз бетінше таңдайды.
Екінші бөлім сыныптарын оқытудың мазмұны: өзі туралы түсінігін,
өзіне-өзі қызмет етуін және қамтамасыздандыру дағдысын, қоршаған орта
және ортада бағдарлау туралы қолжетімді түсініктерін, қарым-қатынас жасай
алуын, пәндік-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін, тәжірибелік
бағыттылығына
ие
және
тәрбиеленушілердің
психофизикалық
мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер туралы білімін
қалыптастыруға бағытталған.
Бірінші сатыда орташа ақыл-ой кемістігі бар балалардың оқу процесі
пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар кіріктірілген
сипатқа ие және білім алушылардың жалпы (қарым-қатынас, қимыл, сөйлеу,
сенсорлы) дамуына бағытталған. Білім алушылардың жеке дамуын алға
бастыру шаралары пәндік оқытумен іске асырылады. Екінші бөлімде оқыту
мектеп ресурстары мен білім алушылардың психофизикалық даму
ерекшелігін ескере отырып, еңбектің қарапайым түрлеріне үйрету
ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі баланың психофизикалық
ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысымен және мектеп мүмкіндіктерін ескере
347
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда, еңбекке оқыту профилі
өзгеруі мүмкін. Еңбекке дайындық пәндері бойыншаорташа ақыл-ой
кемістігі бар балалар бітіру емтиханын тапсырмайды.
Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалау
Оқу процесі білім алушыларға сараланған және жеке амалдарды
қолдану арқылы іске асырылады. Сараланған амал негізіне ақыл-ойы кем
білім алушылардың (В.В.Воронкова бойынша) педагогикалық топтастыруы
жатады. Жетістіктерін бағалауда білім беру процесін дараландыруға негіз
болатын критериалдық бағалау жүйесі қолданылады. Жеңіл ақыл-ой
кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бес балл бойынша бағалайды.
Дайындық және 1-сыныптарда балл бойынша бағалау болмайды. Білім
алушылардың білім алудағы ілгерілеу нәтижелері олардың өнімді қызметі,
сөйлеу тілінің даму деңгейі, жазба жұмыстарының, сурет салуының, қолдан
жасалған бұйымдарына талдау жасау және сабақтағы әрекетін бақылау
негізінде анықталады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін
бағалауда жеке оқу бағдарламасының мазмұны негізінде сипаттамалық
критериалды бағалау жүйесі қолданылады(ақыл-ой кемістігі бар біліи
алушылардың критериалды бағалауы бойынша әдістемелік ұсынымдарды
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтынан (
www.nao.kz
) алуға болады).
Түзету циклінің пәндері бойынша жетістіктерді бағалау балл бойынша
емес, сипаттамалық түрде болады.
Интеллекті бұзылған балаларға арналған арнайы мектептің (сыныптың)
білім алушылары екінші жылға қалдырылмайды.
348
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
10 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНАН ТЫС ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
«2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУХАТҚА ЕНГІЗУ ҮШІН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНАН ТЫС ОҚУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР»
1. Оқу және түзету сабақтары денсаулық сақтау мекемелерінде емдеу
курсынан өтіп жатқан және білім беру ұйымдарынан тыс білім алушылар
үшін жалпы бі лім беретін, арнайы мектепке дейінгі және мектеп білім беру
ұйымдарының бағдарламалары көлемінде екі тілде: қазақ және орыс
тілдерінде ұйымдастырылады.
2. Сабақтар 1-11 сынып оқушыларымен өткізіледі, оларға емдеуші
дәрігердің қорытындысына сәйкес осы медициналық ұйымда 15 күннен
астам емдеуден/оңалтудан өтуі тиіс.
3. Оқу сабақтары балалар стационарға түскен сәттен бастап және
баланың денсаулық жағдайына байланысты басталады.
4. Барлық тәрбиеленушілер үшін сабақтың ұзақтығы - 35 минут,
бірінші сыныпта - 25 минут (бірінші жартыжылдықта). Аурудың ауырлығына
қарай ауру балалар болатын медициналық режимдердің әрқайсысына
олармен жұмысты жоспарлау кезінде белгілі педагогикалық бағыттылық
сәйкес келеді.
5. Сабақтың басталуы мен науқас балаларды оқытуды ұйымдастыру
нысанын медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісі баланың денсаулық
жағдайына байланысты емдеуші дәрігермен бірлесіп анықтайды, ол туралы
стацианарлық науқастың медициналық картасына тиісті жазба жасайды.
6. Педагогикалық ұжым оқу-тәрбие жұмысын кесте бойынша,
балалардың денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді ескере отырып және
мекеме басшысының келісімі бойынша ұйымдастырады. Бір оқушыға
күнделікті оқу жүктемесі 3-4,5 оқу сағатынан аспауы тиіс.
7. Оқушылармен оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық немесе жеке
нысаны белгіленеді.
8. Сыныптардың жиынтықтылығы бір сыныпта 4 және одан да көп
бала санынан басталады. Бір сыныпта 3-ке дейінгі балалар болған жағдайда:
1-2 сыныптар, 3-4 сыныптар, 5-6-7 сыныптар, 8-9 сыныптар және 10-11
сыныптар бірігуі мүмкін.
9. Медициналық ұйымның психо-неврологиялық бөлімшелерінде
бастапқы және қайталама бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды
дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік-
еңбекке бейімделуіне және кірігуіне ықпал ететін компенсаторлық
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған түзету-дамыту оқытуы жүзеге
асырылады. Егер әлеуметтік ортаға кірігу үшін бөлімшелерде жеке түзету-
дамыту сабақтары жүргізілсе, кейбір пәндер қысқартылуы мүмкін.
349
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
10. Оқу жоспарларында бастауыш, негізгі және орта мектептің жалпы
білім берудің базалық компонентін 80%-ын сақтау, сондай-ақ қаржыландыру
шеңберінен шықпай, емдеу мекемесінің ерекшелігін ескере отырып, оқу
жоспарын 20% сағатқа дейін қайта бөлу көзделуге тиіс.
11. Үлгілік оқу бағдарламаларында көзделген сағаттар саны сараланған
тәсілді ескере отырып алынуы және инклюзивті білім беру талаптарына
сәйкес келуі тиіс. Пәндер арасында сағаттарды қайта бөлуге және мектепте
жекелеген сабақтарға баруға жол беріледі.
12. Бөлімшелерде емдік денешынықтыру (емдік денешынықтыру) және
музыкатотерапия сабақтары өткізілетін жағдайларда, мектепте музыка мен
денешынықтыру сабақтары жүргізілмейді.
13. Еңбекке және кәсіптік оқыту білім алушылардың денсаулық
жағдайына қарай айқындалады және мынадай профильдердің: ағаш, тігін
бағыты, шаштараз өнері, сәндік-қолданбалы өнер негізінде жүзеге
асырылады.
14. Информатика және көркем еңбек, технология бойынша сағат саны
артады. Бұл пәндерді қосымша зерделеу қажеттілігі болашақта кәсіптік
бағдар беру мақсатында ақпараттық технологиялар мен еңбек дағдыларын
игеруге ерекше мұқтаж балалардың қажеттілігімен байланысты. Бейнелеу
өнері пәні кеңірек, пластикалық массалармен, басқа да көркем жұмыстар
түрлерімен жүргізіледі, өйткені бұл іс-әрекет қолдың ұсақ моторикасын
дамытады, назарын бекітеді, балаларды шығармашылыққа үйретеді.
15. Қажет болған жағдайда түзету көмегі емдеу мекемесінің (оңалту
орталығының) психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде белгіленген
тәртіппен көрсетіледі. Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті үшін бөлінген
сағаттар 1 сағатқа қысқарып, басқа пән сағаттарын жүргізу үшін қайта
бөлінуі мүмкін және сол бөлімдерде тіл мүкістігін түзетумен айналысатын
клиникалық логопедия сабақтарымен толықтырылады.
350
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
11
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ
ОРТА
МЕКТЕПТЕРІНДЕ
БАЛАЛАРҒА
ҚОСЫМША
БІЛІМ
БЕРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен
мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге
асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі («Білім туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 1-бабының 39-тармағы).
Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру
саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және
мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру
қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады («Білім туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағы).
Қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске
асыратын оқу-тәрбие ұйымы («Білім туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 1-бабының (38-3 тармағы).
Жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім
алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны («Білім туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 1-бабы 21-тармағы).
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы балаларға
қосымша білім беруді қамтамасыз етеді («Білім туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 6-бабы).
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-
өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру,
қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін,
салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру
үшін жағдайлар жасауды көздейді («Білім туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 14-бабы 4-тармағы).
Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне
және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне
сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен
351
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған
(«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағы).
Білім алушылардың жалпы қажеттіліктері балаларға қосымша білім
берудің әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану,
экологиялық-биологиялық, көркемдік-эстетикалық, музыкалық, әскери-
патриоттық, спорттық-сауықтыру, жобалық зерттеулер және басқа бағыттары
бойынша қамтамасыз етіледі.
Балалардың музыкалық мектептерінің, балалардың көркемсурет
мектептерінің және балалардың өнер мектептерінің білім беру саласындағы
уәкілетті орган бекітетін білім беру бағдарламаларын қоспағанда,
мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын балаларға арналған
қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік
басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді. («Білім
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 3-тармағы).
Республикадағы балаларға қосымша білім берудің тиімділігін
қамтамасыз ету үшін келесі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер
жүзеге асырылады:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы;
«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын
алу және бала қараусыздық пен панасыздылықтың алдын алу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы;
«Білім беру ұйымдарының тиісті түрлерінің типтік ережелерін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018
жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;
«Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының типтері бойынша үлгі
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы;
«Балалар музыкалық мектептерінің, балалар өнер мектептерінің және
балалар шығармашылық мектептерінің типтік оқу жоспарлары мен оқу
бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы.
«Қазақстан Республикасында балалардың қосымша білімін дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 81 бұйрығы.
«Балаларға қосымша білім беру және «Орта білім беретін үздік ұйым»
грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы жергілікті атқарушы
органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын
352
Достарыңызбен бөлісу: |