ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет32/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48

 

«Абайтану» факультативтік курсы  

«Абайтану»  курсы  курсы  оқу  бағдарламасы  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген  оқу 

бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. 

Курстың  білім  мазмұны  ұлы  ақын  шығармаларын  терең  де,  жан-жақты 

таныту  арқылы  елжанды,  халқымыздың  әдебиетін,  ӛнерін,  салт-дәстүрін, 

мәдениетін,  тілін  ұлттық  құндылық  ретінде  бағалайтын,  эстетикалық  талғамы 

жоғары,білім,  білік,  дағдылармен  қаруланған,  түйген  ойларын  іс  жүзінде  ӛз 

кәдесіне  жарата  білетін,  ұлттық  сана-сезімі  қалыптасқан,  ӛркениетті  қоғамда 

ӛмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған. 

Курсты  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  немесе  біліктілікті  арттыру  және  қайта 

даярлау  бойынша  арнайы  курстардан  ӛткен  пән  мұғалімдері  жүргізеді. 

Мұғалімдерге  кӛмек  ретінде  «Абайтану»  курсы  бағдарламасының  мазмұнын 

жобалау  мен  ӛткізу  бойынша  әдістемелік  құралдар  әзірленіп,    Академия 

сайтына (

www.nao.kz

) орналастырылды. 

Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану» 

курсын  ҚР  БҒМ  2012  жылғы  8  қарашадағы  №500  бұйрығымен  бекітілген  

жалпы орта білім берудің үлгілік оқу  жоспарларының вариативтік компоненті 



 

274 


 

есебінен жүргізу ұсынылады. 



Курс жүктемесінің кӛлемі: 

10  - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34сағат; 

11  - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 

  Курс  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістігін  ағымдық  бағалау, 

сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді. 

 

 

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

Жалпы  орта  білім  деңгейінде  «Математика  және  информатика»  білім 

саласы  бойынша  «Алгебра  және  анализ  бастамалары»,  «Геометрия», 

«Информатика»  пәндері  екі  бағыт  бойынша  (жаратылыстану-математикалық 

бағыт және қоғамдық-гуманитарлық бағыт) оқытылады.  

11-  сыныпта  жаратылыстану-математикалық  бағыт  бойынша  «Алгебра 

және  анализ  бастамалары»,  «Геометрия»  оқу  пәндерінің  білім    мазмұны  білім 

алушылардың  бойында  қоршаған  әлем  туралы  біртұтас  түсініктің 

қалыптасуына,  білім  алушылардың  интеллектуалдық  қабілеттерін  дамытуға 

ықпал  ететін  жалпы  ғылыми  біліктерді  меңгеруіне  бағытталған.  Кейбір  нақты 

математикалық  жағдаяттардың  математикалық  моделін  интерпретациялауда 

және  құрастыруда  қалыптасатын  біліктілік  жаратылыстану-математикалық 

бағытта  шынайы  процестер  мен  құбылыстарды,  теориялық  мәселелерді 

зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады.  

«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» оқу пәндерін оқытуда 

қалыптасқан  теориялық  сұрақтар  мен  есептерді  шешудің  зерттеу  аппараты 

жаратылыстану-математика  пәндерін  оқыту  үшін  үлкен  рӛл  атқарады. 

Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  сыныптарда  математика  пәнін 

оқыту  математикадан  білімі  мен  біліктілігінің  белгілі  деңгейін  талап  ететін 

мамандық  бойынша  оқу  орнында  білім  алушының  оқуын  жалғастыру 

мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.  

Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  сыныптарда  математика  курсын 

оқытудың  ерекшелігі  –  адамды  жалпы  мәдени  дамуға  бағыттау,  математика 

заңдарымен  таныстыру  және  қазіргі  заманауи  ӛмірде  еркін  бағдар  алуына 

қажетті  адамның  іс-әрекеттеріне  байланысты  математикалық  білім  мен 

біліктілікті  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  курс  үшін  кӛптеген 



дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде 

дәлелдеулері  ӛте  аз  мӛлшерде,  негізінен,  нақтылы  пайымдаулардың  үлгілері 

ретінде  беріледі,  түсіндірулер  кӛрнекіліктермен  негізделеді,  жаттығулардың 

күрделілігі  қарапайым  деңгейімен  шектеледі.  Курстың  кейбір  дәстүрлі 

бӛлімдері  жалпыланған  түрде  (дәлелдеулерсіз,  түсініктер  деңгейінде) 

оқытылады. 

2019-2020  оқу  жылында  11-сыныптарда  информатиканы  оқыту  2013 

жылғы  жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  10-11-сыныптарға  арналған 

жаратылыстану-математикалық  бағыттағы    және  қоғамдық-гуманитарлық 

бағытындағы оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. 


 

275 


 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық 

бағыттағы 11-сыныптары үшін «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты қазіргі 

кездегі 


визуалды 

программалау 

технологиялары 

мен 


ақпараттық 

технологиялардың  теориялық  негіздері  бойынша  базалық  білім  жүйесін 

меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру 

болып  табылады.  Мұнда  есептерді  шығару  базасында  оқыту  жүйелік  және 

алгоритмдік ойлауды дамытуға бағытталған, бұл іс-әрекеттің үздіксіз жалғасы 

практикумдық жұмыс жасау болып саналады. 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы   

11-сыныптары  үшін  «Информатика»  пәнінен  оқыту  мақсаты  қазіргі  кездегі 

ақпараттық  технологиялардың  теориялық  негіздері  бойынша  базалық  білім 

жүйесін  меңгеру,  білім  алушыларды  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру, 

ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  құралдарымен  жұмыс  істеу 

дағдысын 

қалыптастыру, 

білім 


алушыларды 

жаңа 


ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  үнемі  пайдалануға  дағдыландыру, 

танымдық  және  зияткерлік  қабілеттерін  дамыту  болып  табылады.  Мұнда 

информатиканы  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  тереңдетіп 

оқытуға бағытталған.  

«Математика  және  информатика»  білім  саласының  пәндері  бойынша 

білім  сапасын  жетілдіру  мақсатында  келесі  педагогикалық  тәсілдерді  қолдану 

ұсынылады:  саралап  оқыту,  іс-әрекеттік  оқыту,  жеке  тұлғаға  бағытталған 

оқыту, жүйелі оқыту. 

Білім  алушылардың  «Математика  және  информатика»  білім  саласының 

пәндеріне  деген  қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында  жобалық  әдістерге 

баса  назар  аудару  ұсынылады.  Әр  сыныптар  бойынша  жобалық  іс-әрекетті 

оқытуға  жеке  сағаттар  бӛлінген.  Жобалау  технологияларын  қолдану 

информатика  пәні  бойынша  ғана  оқу  сапасын  кӛтеріп  қоймайды,  пәнаралық 

байланыс  жасайды.  Жобалық  іс-әрекеттерге  тақырыптарды  мұғалім  ӛз  қалауы 

бойынша ӛткен тараулардан алуына болады. Жобамен жұмыс істеу барысында 

білім  алушылар  топтасып  немесе  жеке  жұмыстарын  жоспарлау,  мақсат  қою, 

қажетті  ақпаратты  іздеу,  гипотезаны  ұсыну  және  дәлелдеу,  эксперименттер 

жүргізу,  жасаған  жұмыстарын  талдау  және  бағалау,  сондай-ақ,  ӛз  жобаларын 

қорғай алу біліктерін дамытады. 

Сыныпты  екі  топқа  бӛлу  қалалық  жалпы  білім  беретін  ұйымдарда 

сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім 

алушылар саны 20 және одан артық болғанда,  шағынжинақты мектептерде  10 

оқушыдан кем болмаған жағдайда  жүзеге асырылады.

 

2019-2020 



оқу  жылындағы  11-сыныптарда  «Математика  және 

информатика» білім саласының пәндерінен ӛткізілетін бақылау жұмыстарының 

нормасы келесі 102-кестеде берілген.  

 

Сынып 



Пән 

Аптадағы 

сағат саны 

Оқу 


жылындағы 

сағат саны 

Бақылау 

жұмыстарының 

нормасы 

11 ЖМБ 


Алгебра 

және 


анализ  3 

102 


6-7 

 

276 


 

бастамалары 

Геометрия 

68 



4-5 

Информатика 

68 


4-5 

11 ҚГБ 


Алгебра 

және 


анализ 

бастамалары 

102 


5-6 

Геометрия 

34 


3-4 

Информатика 

34 


2-3 

 

Бақылау  жұмыстарына  пәндерге  сәйкес  жартыжылдық  және  жылдық 



бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді. 

Сыныпты  екі  топқа  бӛлу  қалалық  білім  беру  ұйымдарында  сыныптарда 

білім  алушылар  24-ке  немесе  одан  артық,  ауылдық  жерлерде  білім  алушылар 

20-ға  немесе  одан  артық,  шағын  жинақты  мектептерде  кемінде  10-ға  толған 

жағдайдажүзеге асырылады. 

Математика бойынша қорытынды аттестаттау 

Қорытынды  аттестаттау  аясында  алгебра  және  анализ  бастамалары 

бойынша  жазбаша  емтихан,  қоғамдық-гуманитарлық  бағыт  үшін  5 

тапсырмадан,  жаратылыстану-математикалық  бағыт  және  математиканы 

тереңдетіп оқытатын мектептер (сыныптар) үшін 6 тапсырмадан тұрады. 

Тапсырмалар  теориялық  материалды,  ұғымдар  мен  тәсілдерді  меңгеру 

дәрежесін,  есептерді  шешу  біліктерін,  функционалдық  сауаттылық  деңгейін 

айқындауға бағытталған. 

Кез  келген  жазбаша  емтиханды  ӛткізу  барысында  басты  назар  оқыту 

бағытына,  емтихан  тапсырмаларының  мазмұнына,  жазбаша  жұмысты 

рәсімдеуге және бағалауға аударылуы керек. 

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан тапсырмаларының 

мазмұны туралы 

І.  Жалпы  білім  беретін  мектептердің  11-сыныптарында  оқыту  бағыттар 

бойынша  жүргізіледі,  сонымен  қатар  жекелеген  мектептерде  (сыныптарда) 

математика  пәні  тереңдетіліп  оқытылады.  Сондықтан  емтихан  тапсырмалары 

оқыту 

бағыттарына 



(қоғамдық-гуманитарлық 

бағыт, 


жаратылыстану-

математикалық  бағыт,  математиканы  тереңдетіп  оқыту)  сәйкес  құрастырылуы 

тиіс.  

ІІ. Емтихан тапсырмаларының мазмұны оқыту бағытына сәйкес «Алгебра 



және  анализ  бастамалары»  пәні  оқу  бағдарламасының  барлық  тарауларын 

қамтуы  тиіс.  «Алгебра  және  анализ  бастамалары»  пәні  бойынша  оқу 

бағдарламасының тараулары тӛмендегі 103-кестеде келтірілген. 

 

103-кесте.  «Алгебра  және  анализ  бастамалары»  пәні  бойынша  оқу 



бағдарламасының тараулары 

 

Қоғамдық-гуманитарлық 



бағыт 

Жаратылыстану-

математикалық бағыт 

Математиканы тереңдетіп 

оқыту 

10-сынып 



Функция,  огың  қасиеттері 

және графигі 

Функция,  огың  қасиеттері 

және графигі 

Функция,  огың  қасиеттері 

және графигі 



 

277 


 

Тригонометриялық 

функциялар 

Тригонометриялық 

функциялар 

Тригонометриялық 

функциялар 

Тригонометриялық теңдеулер.  Тригонометриялық 

теңдеулер мен теңсіздіктер 

Тригонометриялық 

теңдеулер мен теңсіздіктер 

Туынды   

Туынды   

Туынды   

Туындының қолданылуы  

Туындының қолданылуы  

Туындының қолданылуы  

11-сынып 

Алғашқы 

функция 


және  

интеграл 

Алғашқы 

функция 


және  

интеграл 

Алғашқы  функция  және  

интеграл 

Дәреже және түбір. Дәрежелік 

функция 


Дәреже 

және 


түбір. 

Дәрежелік функция 

Дәреже 

және 


түбір. 

Дәрежелік функция 

Кӛрсеткіштік 

және 


логарифмдік функциялар 

Кӛрсеткіштік 

және 

логарифмдік функциялар 



Кӛрсеткіштік 

және 


логарифмдік функциялар 

Кӛрсеткіштік 

және 

логарифмдік  теңдеулер  мен 



теңсіздіктер 

Кӛрсеткіштік 

және 

логарифмдік  теңдеулер  мен 



теңсіздіктер 

Кӛрсеткіштік 

және 

логарифмдік  теңдеулер  мен 



теңсіздіктер 

 

Теңдеулер  және  теңсіздіктер, 



теңдеулер  мен  теңсіздіктер 

жүйелері   

Теңдеулер 

және 


теңсіздіктер,  теңдеулер  мен 

теңсіздіктер жүйелері  

 

ІІІ.  Кӛрсетілген  тарауларды  ескере  отырып,  емтихан  жұмыстарының 



тапсырмаларын   «Есептеулер»,  «Ӛрнектерді тепе-тең түрлендіру»,  «Теңдеулер 

мен олардың жүйелері», «Теңсіздіктер мен олардың жүйелері», «Функция және 

оның графигі», «Мәтіндік есептер» бӛлімдері бойынша құрастыру ұсынылады. 

Мәтіндік  есептер  жазық  фигураның  ауданы  және  дене  кӛлемін  табу,  ең  үлкен 

немесе ең кіші мәнді табу есептерін және т.б. құрайды. Барлық тапсырмалар А, 

В, С, деңгейлеріне бӛлінеді: 

-  А  деңгейінің  тапсырмаларын  орындау  үшін  білім  алушыларда  күрделі 

емес  есептеулер  мен  түрлендірулерді,  теңдеулер  мен  теңсіздіктерді  шешудің 

стандарт тәсілдерін меңгеру бойынша базалық білімдері мен дағдылары болуы 

тиіс; 


- В деңгейі – күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырмалар;  

С  деңгейі  тапсырмаларын  орындау  үшін  білім  алушыларда  оқу 



бағдарламасымен бекітілген кӛлемде терең теориялық білімі болуы тиіс.  

Оқыту  бағытын  ескере  отырып,  бақылау  жұмысындағы  емтихан 

тапсырмаларын тӛмендегідей бӛлу ұсынылады: 

 1)  қоғамдық-гуманитарлық  бағыты  сыныптары  үшін  үш  тапсырма  -  А 

деңгейі,  бір  тапсырма  –  В  деңгейі,  бір  тапсырма  –  С  деңгейі,  барлығы  5 

тапсырма (3А + 1В + 1С);  

2) жаратылыстану-математикалық бағыты сыныптары үшін үш тапсырма 

-  А  деңгейі,  екі  тапсырма  -  В  деңгейі,  бір  тапсырма  -  С  деңгейі,  барлығы  6 

тапсырма (3А + 2В + 1С);   

3)  физика-математикалық  мектеп  сыныптары  (математиканы  тереңдетіп 

оқытатын) үшін 1 тапсырма – А деңгейі, 3 тапсырма – В деңгейі, екі тапсырма – 

С деңгейінен,  барлығы 6 тапсырма (1А + 3В + 2С).  



Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалау 

Математика  пәнінен  бағаны  қою  кезінде  маңызды  және  маңызды  емес 



 

278 


 

қателерді атауға болады. 

 

104-кесте.  Математика  пәні  бойынша  маңызды  және  маңызды  емес 



қателер 

 

Маңызды  



Маңызды емес 

Білім  алушылардың  формулаларды, 

ережелерді, 

негізгі 


қасиеттерді, 

теоремаларды 

білмейтінін 

және 


қолдана 

алмайтынын 

кӛрсететін 

қателер 


Тұжырымдамаларды 

анықтамаларды, 

теоремаларды, теориялық материалды беруде 

дәлдіктің болмауы 

Оқулықта  қарастырылған  есептерді 

шығару тәсілдерін білмеуі 

Графиктерді салуда дәлдіктің болмауы 

Функция графиктерін салу мен оқуды 

білмеуі 

Тиімсіз шешімді қолдануы 

Есептеу  қателері,  егер  ол  жаңылыс 

жазу болмаса 

Шешуде 

негіздеменің, 



түсініктеменің 

жеткіліксіз болуы немесе болмауы 

Логикалық қателер 

Жазулардың,  сызбалар  мен  графиктердің 

ұқыпсыз орындалуы  

Түбірдің  жоғалуы  немесе  жауабында 

бӛгде түбірдің болуы 

Жауапты  қысқартылатын  бӛлшек  түрінде 

жазу, бӛлімінде иррационалдықтың болуы 

 

Емтихан  жұмысын  бағалау  кезінде  елеулі  және  елеусіз  қателердің 



сипаттамасына кӛңіл бӛлінуі керек. Елеулі және елеусіз қателерді ажырата білу 

ӛте  маңызды.  Кӛрнекті  емес  жағдайларды  міндетті  түрде  негіздеу  қажет. 

Мысалы,  теңдеудің  екі  жағын  квадраттауды  түсіндіру,  квадрат  теңдеудің 

жалпы  формулаларын,  тригонометрия  формулаларын  және  т.б.  жазу  қажет 

емес.  Бірақ  бӛгде  түбірдің  болуын,  түбірлердің  болмауын,  жазық  фигураның 

ауданын және дененің кӛлемін табуды суретте қосымша сызықтарды жүргізуді 

және т.б. міндетті түрде негіздеп кӛрсету қажет.  

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалауға 

тӛмендегідей ұсыныстар жасалады.  

 

 



105-кесте.  «Алгебра  және  анализ  бастамалары»  пәні    бойынша  жазба 

жұмыстарын бағалау критерийлері 

 

«5» 


«4» 

«3» 


«2» 

Жұмыс 


толығымен 

орындалған: 

5  (ҚГБ),  6  (ЖМБ, 

тереңдетіп 

оқыту) 

тапсырма 



Жұмыста  4  (ҚГБ),  4 

немесе 


(ЖМБ, 


тереңдетіп 

оқыту) 


тапсырма 

дұрыс 


орындалған 

(деңгейіне 

байланысты емес) 

Жұмыста 3 тапсырма 

дұрыс 

орындалған 



(деңгейіне 

байланысты емес) 

Тапсырмалардың 

жартысынан 

кӛбі 

орындалмаған 



Жұмыста 

математикалық 

қателер жоқ 

Бір 


қате 

немесе 


түрлендірулер 

мен 


есептеулерде, 

Екі-үш  қате  немесе 

түрлендірулер 

мен 


есептеулерде, 

Білім 


алушының 

тақырып 


бойынша 

міндетті  білім  мен 



 

279 


 

суреттер 

мен 

графиктерде  екі-үш 



кемшіліктер 

жіберілген 

суреттер 

мен 


графиктерде  үш-тӛрт 

кемшіліктер 

жіберілген, 

бірақ 


білім алушы міндетті 

білім  мен  білікті 

меңгерген. 

біліктігін 

меңгермегенін 

кӛрсететін 

үштен 

артық қате жіберілген 



Материал 

мазмұнының 

логикалығы 

және 


толықтығы 

Материалды 

баяндауда  жекелеген 

дәлсіздіктер 

жіберілген 

Материалды  баяндау 

логикасы  бұзылған, 

материал  толығымен 

ашылмаған 

Материалды  баяндау 

логикасы бұзылған 

 

Алгебра  және  анализ  бастамалары  бойынша  емтихан  жұмысын 



рәсімдеу 

Емтихан  жұмысын  рәсімдеуде  емтихан  тапсырмаларын  орындау 

барысында келесі  талаптар сақталуы тиіс:  

- есептің шығарылуының дұрыстығы;  

- есептің шығарылуының негізделуі;  

- есептің шығарылуының толықтығы; 

- есептің шығарылуының тиімділігі; 

- емле ережесінің сақталуы. 

Суреттер, кестелер, графиктер және т.б. қаламмен салынады.  

 

 



«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Жаратылыстану»  білім  саласы  бойынша  келесі  пәндер  оқытылады: 



«Физика»,  «География»,  «Химия», «Биология». 

 

Жаратылыстану  –  табиғат  заңдылықтары  мен  құбылыстары  туралы 



ғылым.  Жаратылыстану  біртұтас  жүйе  ретінде  қарастыруға  болатын  табиғи 

құбылыстар  мен  объектілердің  әртүрлі  қасиеттері  туралы  сұрақтарды  кең 

ауқымда  қамтиды.  Табиғатты  зерттеу  қоршаған  әлемді  тануға  деген  адамның 

ӛзіндік  талпынысы  болды  және  практикалық  іс-әрекетінің  негізіне  айналды. 

Негізгі түсініктер, құбылыстардың ӛзгеру  заңдылықтары туралы ӛзіндік ұғым, 

табиғат  заңдарын  қолдану  тәсілдері  оны  зерттеу  кезінде  туындады.Қазіргі 

уақытта  жаратылыстану  ғылымы  белсенді  әрекеттердің  ӛрісі  болып  табылады 

және  оларға  негізделген  заманауи  технологиялар  адам  ӛмірінің  жаңа  бейнесін 

қалыптастырады. «Жаратылыстану» білім саласы заманауи жаратылыстанудың 

негізгі  дүниетанымдық  және  әдіснамалық  принциптерін,  олардың  басты 

бағыттары  және  әлемнің  жалпы  бейнесіндегі  жалпы  мәдени  жағдайын 

зерделейді. 

Жалпы  орта  білім  деңгейіндегі  «Жаратылыстану»  білім  саласы  оқу 

пәндерінің  мазмұны  дүниетанымдық  сипатымен  ерекшеленеді,  сонымен  қатар 

білім  алушылардың  бойында  табиғат,  табиғи  құбылыстар,  процестер, 

заңдылықтар  туралы  түсініктерін,  Жер  адам  ӛмір  сүретін  планета  ретінде, 



280 

әлемнің  ғылыми  бейнесінің  астрономиялық  құрамы  туралы  кешенді,  жүйелі 

және әлеуметтік-бағытталған кӛзқарастарын дамытады. 

Оқытудың  мақсаты  -  органикалық  дүниенің  құрылысы  мен  тіршілік 

әрекеттерінің ерекшеліктері туралы және білім алушыларда тірі организмдердің 

жасушаға  дейінгі  құрылысы,  тіршіліктің  құрылым  деңгейлері  және 

биологиялық әртүрлілігі Жер табиғатындағы тұрақты дамудың бейнесі екендігі 

туралы негізгі түсінік қалыптастыру. 

Оқытудың  міндеттері  –білім  алушыларда  органикалық  дүниені  оқып 

білуге  танымдық  қызығушылықты  дамыту  және  білім  алушыларда  география, 

химия, физика, математика және басқа да «Жаратылыстану» білім саласындағы 

пәндерді  оқып  меңгеруге  негіз  болатын  түсініктер  мен  тіректік  білімдерді 

қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу.  

«Жаратылыстану»  білім  саласы  құрамына  география,  биология,  физика, 

химия пәндері кіреді, оларға бӛлінген оқу жүктемесінің кӛлемі тӛмендегідей: 

«География» 

қоғамдық-гуманитарлық  бағытында:11-сыныптарда  –  аптасына  1  сағат, 

оқу жылында – 34 сағат; 

жаратылыстану-математикалық  бағытында:11-сыныптарда  –  аптасына  2 

сағат, оқу жылында – 68 сағат. 

 «Биология» 

қоғамдық-гуманитарлық  бағытында:11-сыныптарда  –  аптасына  1  сағат, 

оқу жылында – 34 сағат; 

жаратылыстану-математикалық  бағытында:11-сыныптарда  –  аптасына  2 

сағат, оқу жылында – 68 сағат. 

«Физика» 

қоғамдық-гуманитарлық  бағытында:11-сыныптарда  –  аптасына  1  сағат, 

оқу жылында – 34 сағат; 

жаратылыстану-математикалық  бағытында:11-сыныптарда  – аптасына 

сағат, оқу жылында – 



102 сағат. 

 «Химия» 

қоғамдық-гуманитарлық  бағытында:11-сыныптарда  – аптасына  1  сағат, 

оқу жылында – 34 сағат; 

жаратылыстану-математикалық  бағытында:11-сыныптарда  – аптасына  2 

сағат, оқу жылында – 68 сағат. 

 «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламаларында білім 

алушылардың  тәжірибелер  және  эксперименттер  жасау  дағдыларын  дамыту 

мақсатында  практикалық  және  зертханалық  жұмыстар  қарастырылған. 

Тӛмендегі 106- кестеде 11-сыныптарда «Жаратылыстану» білім саласы пәндері 

бойынша  жүргізілетін  тәжірибеге  бағытталған  жұмыс  түрлері  және  кӛлемі 

кӛрсетілген. 

106-кесте.  «Жаратылыстану»  білім саласы  пәндері бойынша  жүргізілетін

тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және кӛлемі 

Пәндер 


11 – сынып 

 

281 


 

Зертханалық 

жұмыстар 

Практикалық 

жұмыстар 

ЖМБ 


Биология  



Химия  



География 

 

 



ҚГБ 

Биология  



Химия  



География 



 

 

 



11-сыныптарда  физиканы  оқыту  барысында  жүргізілетін  тәжірибеге 

бағытталған жұмыс түрлері және кӛлемі келесі 107-кестеде кӛрсетілген. 

 

 107-кесте.  Физиканы  оқыту  барысында  жүргізілетін  тәжірибеге 



бағытталған жұмыс түрлері және кӛлемі 

 

Бағыты 



ҚГБ 

ЖМБ 


Сынып  

11 


11 

зертханалық жұмыстар 



практикалық жұмыстар 



 

20 


бақылау жұмыстары 



физикалық практикумдар 

 

10 



 

Оқыту  процесінің  басты  мақсатыбілім  алушылардың  оқу  пәндері 

бойынша  алған  білімдерін  күнделікті  ӛмірде  қолдану  және  тәжірибеге 

бағытталған біліктілігі мен дағдыларын дамыту болып табылады. 

Сабақта жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстар талдауға, 

жинақтауға,  бағалауға,  болжауға,  есептеуге,  түсіндіруге,  құбылыстар  мен 

процестердің  сапалық  және  сандық  сипаттарын  анықтауға,  жобалық 

тапсырмалар  орындауға,  тәжірибелер  және  эксперименттер  жасау  дағдыларын 

қалыптастыруға бағытталған. 

Мұғалімдерге  білім  алушылардың  зерттеушілік  қабілеттерін  дамыту 

үшін: 

− 

жаратылыстану  ғылымдарының  қоршаған  ортаға,  адам  қызметінің 



экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсіну; оқу, 

жобалау-зерттеушілік,  эксперименттік,  сабақтан  және  сыныптан  тыс  іс-

әрекеттер  барысындағы  қауіпсіздікті  сақтап  жұмыс  істеу  дағдыларын 

қалыптастыру; 

− 

оқу,  жобалау-зерттеушілік,  шығармашылық  іс-әрекетке,  ӛздігінен 



білім алуға талпынулары үшін қажетті жағдайлар жасау; 

− 

тірі жүйелерге, маңызды классикалық және заманауи жетістіктерге 



қатысты ғылыми танымдық әдісін меңгерту; 

− 

адамның қызметі және табиғи себептердің ықпалының нәтижесінде 



олардың  ӛзгерістері  мен  жүйелердің  құрылымы,  жұмыс  істеуі,  дамуы  туралы 

 

282 


 

білімді меңгерту; 

− 

пәнді  бейінді  оқыту  негізінде  білім  алушылардың  болашақ 



мамандығын ӛз бетімен таңдауға дайындау; 

− 

ӛздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту ұсынылады..  



Практикалық  және  зерттеушілік  жұмыстар,  зертханалық  тәжірибелер 

орындау,  эксперименттер  және  эксперименттік  есептер  шығару,  жобалар 

орындау,  модельдер  құрастыру  барысында  табиғи  және  әлеуметтік-

экономикалық  процестердің,  құбылыстар  мен  заңдылықтардың  мәнін  түсіну 

тереңдетіледі.  Білім  алушылар  себеп-салдарлық  байланыстарды  кӛре  білулері, 

қоршаған  ортадағы  ӛзгерістерді  анықтай  алулары,  нақты  жағдаяттардың 

салдарынан болатын қауіпті ӛзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары 

тиіс. 


Физика,  химия,  география  және  биология  пәндерінің  мұғалімдері 

кабинеттердің жабдықталуын  және оқытудың электрондық құралдарын ескере 

отырып  практикалық  және  зертханалық  жұмыстардың,  практикумдардың 

тақырыптарын  ӛз  беттерінше  таңдай  алады.  Зертханалық  және  практикалық 

жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) 

сыныптың барлық білім алушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады.  

Географиядан 

сабақтарда 

міндетті 

түрде 


ӛлкетану 

аспектісі, 

зілзалалардың  қауіп-қатерін  азайту  және  қауіпсіздікті  сақтау  сұрақтары 

қарастырылуы тиіс.  

Осы  білім  саласы  пәндерін  зерделеу  кезінде  білім  алушылар  қоғамның, 

экономиканың  және  табиғаттың  ӛзара  байланысы  туралы,  Жерде  тіршіліктің 

болуы  үшін  біздің  планетамыздың  атмосферасы  және  басқа  да  қабықтарының 

мәні,  оны  ластайтын  негізгі  ошақтар,  ластанудың  қоршаған  ортаға  және 

тіршілік  процестеріне  әсері,  зиянды  факторлардың  әсерінен  тірі  табиғатты 

қорғау  шаралары,  табиғи  ортаны  ӛзгертудің  (сонымен  қатар,  білім 

алушылардың  ӛздері  қатысатын  жағдайларды  қоса  алғанда)  апаттың  салдары 

туралы нақты түсінік алулары тиіс. Білім алушылар Жердің, материктің, елдің, 

ӛзінің туған ӛлкесінің табиғат кешеніндегі ӛзара байланысты жақсы түсінулері 

тиіс. 


Білім  алушылардың  жеке  жобалық-зерттеу  жұмыстарының  үлгілік 

тақырыптары: 

– Судың сапасын жақсарту жолдары; 

– Жыралардың дамуын зерттеу; 

– Ӛлкенің ӛнеркәсіптерінде таза технологияларды дамыту жобалары; 

– Биогаз энергетикасы; 

– Жергілікті жердің гидрографиясын зерттеу; 

– Судың кермектігін анықтау; 

– Сағызды зерттеу; 

– Чипсыны зерттеу; 

– Шайдың сапасын зерттеу; 

– Сүттің сапасын зерттеу; 

– Темекіні зерттеу; 

– Сабынның сапасын зерттеу; 



 

283 


 

– Адамның еңбекке қабілеттілігіне музыканың әсерін зерттеу; 

– Бӛлме ауасының шаңмен ластануын зерттеу; 

– Ағаштар мен бұталардың қабығын зерттеу; 

– Адам денсаулығының атмосфераның жағдайына тәуелділігін зерделеу; 

– Мектептегі жұмыс үстелдерінің жарықтануын зерттеу; 

– Ӛз пәтеріндегі энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін зерттеу. 

Бұл  жоғары  сынып  білім  алушыларының  география,  физика,  химия, 

биологияны  зерттеудің  озық  тәжірибесінқалыптастыруға  мүмкіндік  береді, 

математикалық  және  ақпараттық  сүйемелдеулер  маңызды  құралдар  болып 

табылады. 

Бұл мектептегі жаратылыстану ғылымын тереңдетуге және түрлендіруге, 

жоғары  сынып  білім  алушыларын  одан  әрі  кәсіби  оқытуға  дайындауға  және 

инновациялық ӛзгерістер кезеңін дамытуға мүмкіндік береді. 

Сабақтарда  газеттердің,  журналдардың,  фильмдердің,  бейне-таспа 

материалдары,  веб-сайттар  мен  әдебиеттердің  материалдарын  қолдану 

ұсынылады. 

Пән  бойынша  академиялық  лексика  қалыптастыру  үшін  сабақта 

терминологияны  қолдану  жұмыстарын  жүйелі  жүргізіп  отыру  қажет.  Білім 

алушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және 

жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін 

бағалау  барысында  академиялық  лексиканың  дұрыс  қолданылуына  кӛңіл 

аудару қажет.  

Сапалық және сандық есептерді шешуге тең дәрежеде кӛңіл бӛлу керек, 

ӛйткені  құбылыстардың,  процестердің  терең  мәнін  түсіну  және  оларды  шешу 

дағдыларын қалыптастыруға қол жеткізу қажет. 

Техника  қауіпсіздігі  ережелерін  сақтай  отырып  барлық  оқу  құралдары 

және  техникалық  жабдықтарды  білім  алушылардың  дұрыс  пайдалануы 

маңызды  болып  табылады.  Біздің  мемлекетімізде  «жасыл»  экономикаға  ауысу 

саласындағы саясат жүзеге асуда, осы үдерістің бӛлігі  ретінде қазірден бастап 

білім  алушылардың  «таза»  болашақты  құруға  қадамдар  жасауын  қамтамасыз 

етуіміз керек. Сондықтан мектеп мұғалімі, білім алушыларға қоршаған ортаны 

қорғау  ісіне  ӛз  үлесін  қосуға  шақыруы  қажет.  Ол  үшінтӛменгі  ұсыныстарды 

ұсынамыз: 

1. Жабдықты  ажыратыңыз!  Мысалы,  егер  сіз  бӛлмеде  болмасаңыз 

бӛлмедегі  жарықты  сӛндіріңіз,  сондай-ақ  егер  оларды  сол  сәтте 

пайдаланбасаңыз құралдарды розеткада қосылған күйінде қалдырмаңыз. 

2. Синтетикалық 

аспаптардан/құралдардан  бас  тартыңыз!   Біздің 

барлығымыз  әр  түрлі  химикаттарды  пайдаланумен  жаңа  тазалау  құралдарын 

пайдалана отырып, ыдыс-аяқты жууға дағдыланғанбыз. Дәл осындай құралдар 

бірінші кезекте қоршаған ортаға, сондай-ақ адамның ӛзіне де зиян келтіреді. 

3.  Энергияны үнемдеңіз. Тіпті қазірден бастап үйге күн жылытқыштарын 

сатып  алуға  және  орнатуға,  сондай-ақ  энергия  үнемдегіш  шамдарды 

пайдалануға болады. 


 

284 


 

4. Қоқысты  сұрыптауды  бастаңыз!  «Жасыл»  экономикаға  ауысудың 

маңызды  бағыттарының  бірі  қалдықтарды  кәдеге  жарату,  сондай-ақ  оларды 

қайталама ӛнім ретінде пайдалану болып табылады. 

5. Электрондық  тасымалдағыштарды  пайдаланыңыз!  Қағазды  пайдалану 

кесілген ағаштардың үлкен санын талап етеді. 

6. Экологиялық таза ӛнімдерді сатып алыңыз! Бұл біздің әрқайсымыздың 

денсаулық жағдайымызды айтарлықтай арттырады, сондай-ақ экологиялық таза 

ауыл шаруашылығын құруға кӛмектеседі. 

7. Жаяу  кӛбірек  жүріңіз.  Пайдаланылған  газдар  табиғатты  ластаудың 

маңызды  кӛздерінің  бірі  болып  табылады.  Пайдаланылған  газдың  шығуының 

сәл де болса азаюын біздің әрқайсымыз жасай аламыз. 

8. Браконьерлікке жол жоқ! Адамдардың заңсыз әрекеттерінен ӛсімдіктер 

мен адамдардың сирек түрлері қазіргі  кезде мүлде жоғалып кетті.  Табиғаттың 

бірегейлігін сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. 

9. Табиғатты  қорғайық!  Ӛзіңнен  кейін  қоқысты  қалдырмау,  ағаштардың 

бұтақтарын  сындырмау  немесе  гүлдердің  байламдарын  үзбеу  сияқты 

ережелерді қарапайым сақтау табиғат жағдайында маңызды кӛрініс табады. 

«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сын тұрғысынан 

ойлау  келесі  дағдыларды  дамытуды  қарастырады:  мәнмәтінді  есепке  ала 

отырып  тыңдау,  бақылау,  талдау  және  жинақтау  арқылы  дәлелдеуге  үйрену. 

Сондықтан  білім  алушылардың  бақылау,  талдау,  пайымдау  және  түсіндіру 

дағдыларын  қалыптастыруларына  жағдай  жасау  қажет.  Ол  үшін  білім 

алушыларды: 

– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға; 

–  олар  туралы  негізгі  дереккӛздерді  бағалауға  және  сәйкес  сұрақтар 

қоюға; 

–  тұжырымдамалар  және  қорытындылармен  қоса  алғанда  негізгі 



дереккӛздерді салыстыруға және талқылауға; 

–  жеке  тәжірибесінің  молаюына  қарай  ӛзінің  кӛзқарастары  мен 

болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады. 

География,  физика,  химия,  биология  сабақтарындағы  пәнаралық 

байланыстар  қоршаған  әлемдегі  процестер  мен  құбылыстардың  ӛзара 

байланысын  кӛрсете  отырып,  бір  пәнді  оқу  барысында  басқа  пән  бойынша 

білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше 

рӛл атқарады.  

Дидактика  тұрғысынан  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  оқытудың 

ғылыми  деңгейін  артырады,  оқу  материалының  мазмұнына,  мұғалім 

қолданатын  оқытудың  әдістеріне,  сонымен  қатар  білім  алушылардың  ӛз 

беттерінше жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді. 

Сонымен 

қатар, 


пәнаралық 

байланысты 

белсенді 

пайдалану, 

жаратылыстану бағыты пәндерін оқыту процесінде оңтайландыруға және білім 

алушыларға түсетін оқу жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

«Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінің  сабақтарында  пәнаралық 

байланысты  қолдану  ғылыми-жаратылыстанудың  негізін  құрайтын  –  «Ӛмір», 

«Адам»,  «Табиғат  кешені»,  «Экономика  және  экология»,  «Зат»,  «Дене», 


 

285 


 

«Энергия»,  «Күш»,  «Қозғалыс»  және  «Даму»  ұғымдарының  қалыптасуында 

маңызды рӛл атқарады. 

Жоғары сыныптардағы география, биология, химия, физика сабақтарында 

пәнаралық  проблемалық  жағдаяттар  жасап  отыру  қажет,  мысалы: 

кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары. 

Мысалы,  «География»  оқу  пәнінің  «Табиғатты  пайдалану  және 

геоэкология»,  «Геоэкономика»,  «Геосаясат»,  «Елтану»  және  «Адамзаттың 

ғаламдық  проблемалары»  бӛлімдерін  ӛткенде  зілзалалар  жағдайында  және 

қауіп-қатер  ахуалында  қауіпсіздікті  сақтау,  күтпеген  жағдайды  болжау  және 

осы жағдайларда ӛзін ұстау ережелерін талқылауға болады, білім алушылардың 

қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылады.  

Пәнаралық  байланыстар  зерттеудің  (эксперименттік  әдіс,  жобалық  және 

модельдеу  әдісі  және  т.б.)  жалпы  әдістерінде  қолданылуы  мүмкін.  Мұғалімге 

пәнаралық  байланыстың:  бұрынғы,  жалғаспалы  және  келешекті  түрлерін 

қолдану ұсынылады. 

Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын 

оқу  барысында,  басқа  пәндерден  бұрын  алынған  білімдерге  сүйенуді 

қарастырады  (мысалы,  жаратылыстану,  география,  биология  курстарынан 

алынған білім). 

Жалғаспалы  пәнаралық  байланыстар  –  бұл  байланыстар,  кӛптеген 

сұрақтар  мен  ұғымдар  бір  мезгілде  бірнеше  пәнде  зерделенуі  мүмкін  екенін 

қарастырады  (мысалы,  дыбыс  туралы  түсінік  физикада,  ал  есту  органдары  – 

биологияда оқылады және т.с.с). 

Перспективалық пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол 

материалды  басқа  пәндерден  оқудан  бұрын  жүзеге  асырылады  (мысалы, 

атомның  құрылысы  туралы  ұғым  физика  пәнінде  химияға  қарағанда  бұрын 

оқытылады).  Бұл  жағдайда  химия  мұғалімі  физикадан  алынған  білімге 

сүйенеді. 

«Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінде  «Геосаяси  жағдай», 

«Геоэкономикалық  жағдай»,  «Тұрақты  даму»,  «Даму  стратегиялары», 

«Индустриалды-инновациялық  реформа»,  «Жасыл  экономика»,  «Жасыл 

энергетика»,  «Ел  шаруашылығы»,  «Ғылымды  қажет  ететін  технологиялар», 

«Таза  технологиялар»  терминдерінің  ғылыми-теориялық  және  практикалық 

мәнін  зерделеу,  аймақтық  және  жергілікті  аспектіде  олардың  қолданбалы 

ерекшелігін  түсіну,  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыру 

контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан 

ел  ретінде  Қазақстан  Республикасы  туралы  ғылыми  негізделген  кӛзқарас 

қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік 

мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қамтып отыру тиіс. 

Білім  алушылар  оқу  бағдарламасын  меңгеру  барысында  АКТ  қолдану 

дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі 

веб-ресурстар ұсынылады: 

 

www.earthquakes.usgs.gov



 

www.rgo.ru

 

www.geo2000.nm.ru



 

www.geo.historic.ru

 

www.www.geografia.ru/



 

www.geographic.org

 


 

286 


 

www.mygeog.ru

 

www.e–cis.info 



www.geography.about.com

 

www.hobitus.com 



www.imf.org 

www.kisi.kz

 

www.meteosputnik.ru 



www.mfa.gov.kz 

www.oecd.org

 

www.stat.gov.kz 



www.theodora.com 

www.un.kz

 

www.un.org 



www.undp.kz 

www.unesco.kz

 

www.unesco.org 



www.unmultimedia.org 

www.volcanodiscovery.com

 

www.worldbank.org 



 

 

 



Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін 

түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті 

ӛмірімен,  денсаулықты  сақтаумен,  техника  мен  технологияны  дамыту  үшін 

қажетті  ғылыми-жаратылыстану  білімін  қолданумен,  қоршаған  орта 

проблемаларымен  байланысты  болуы  тиіс.  Сабақтың  сапасын  арттыру  үшін 

мұғалім: 

–  оқу  материалын  зерделеу  барысында  мультимедиа-технологияларды 

пайдалану; 

–  білім  алушылар  мен  мұғалімдердің  күнделікті  оқу  жұмысында 

компьютерлерді құрал ретінде ӛнімді қолдану; 

– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыру; 

–  есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалану; 

– виртуалды практикумдар және зертханалық жұмыстар жүргізу қажет. 

Тӛмендегі  108- кестеде ғылыми-жаратылыстану циклі пәндерінің  (оқыту 

бағыты  бойынша)  сабақтарында  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру 

бойынша ұсынылатын қызметтердің  түрлерінің мазмұны келтірілген. 

 

108-кесте.  Ғылыми-жаратылыстану  циклі  пәндерінің  (оқыту  бағыты 



бойынша)  сабақтарында  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру 

бойынша ұсынылатын қызметтердің  түрлерінің мазмұны 

 

 

Ұсынылатын 



қызметтердің 

түрлері 


(жобалаудың 

параметрлері) 

Білім беру бейіндері бойынша 

ЖМБ 


ҚГБ 

Оқылатын  тақырыптар 



бойынша 

шағын 


зерттеулер. 

Сабақ  барысында  негізгі 

бӛлімдер  және  тақырыптар 

бойынша 


жүйелі 

презентация жасау. 

Жекелеген сабақтарда 

жекелеген тақырыптар 

бойынша презентация. 

Карталар, 



кестелер, 

сызба-нұсқалар,  кӛрнекі 

құралдармен жұмыс. 

Талдау, 


ӛз 

бетінше 


шешімдер  әзірлеу,  жаңа 

сызбалар, жаңа білім. 

Талдау, 

қорытындылау. 

Түрлі 


күрделілік 

деңгейіндегі 

практикалық, 

зертханалық жұмыстар. 

Жоспарлы, 

жаттықтырушы, 

дамытушылық, іс-әрекеттік. 

Жоспарланған, 

іс-

әрекеттік. 



Статистикалық 

материалдармен жұмыс . 

Әрдайым,  негізгі  бӛлімдер 

және тақырыптар бойынша, 

міндетті  түрде  кӛрнекі-

графикалық бейнелеу. 

Әрдайым, 

негізгі 

тақырыптар бойынша. 



 

287 


 

Мерзімді 



баспасӛз 

материалдарын, 

қосымша материалдарды 

зерделеу. 

Әрдайым, 

жаңа 


білім 

сабақтарындағы 

презентация, 

олардың 


функционалдық маңызы. 

Білім  алушы  үшін 

жаңа 

білім 


сабақтарындағы 

презентация,  олардың 

функционалдық 

маңызы. 


Үй 


тапсырмасының 

тәжірибелік 

бағыттылығы. 

Жүйелі, үнемі, іс-әрекеттік.  Жүйелі,  жүйелі  іс-

әрекет, 

ӛзін-ӛзі 

тәрбиелеу міндеттері. 

 

Сонымен  қатар  білім  алушылар  арасында  жаратылыстану  ғылымдары 



мен жаратылыстану сауаттылығына деген қызығушылықты қалыптастыру үшін 

STEM-ді оқыту элементтерін ұсынамыз.  

Сабақтарда  және  сабақтан  тыс  уақытта,  оқу-зерттеушілік  және  ӛмірлік 

жағдаяттарда  география,  физика,  химия  және  биология  пәндерінен  алған 

білімдерін  қолдану  біліктілігін  дамытатын  есептерді,  тапсырмаларды  және 

жаттығуларды  кеңінен  қолдануға  назар  аударылады.  Оқу  тапсырмаларын 

әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, 

халықаралық  салыстырмалы  PISA  және  TIMSS  зерттеулерінде  қолданылатын 

тапсырмалар жүйесіне кӛңіл аудару қажет.  

Олар  білім  алушыларда  ойлау  әрекетінің,  зерттеу  белсенділігінің  және 

дербестіктің  ерекше  стилін  қалыптастырады.  Мысалы,  қоршаған  ортаға  зиян 

тигізбейтін үй үлгісінде табиғи жарықты басқару  жүйесі істен шығуы мүмкін, 

бұл  мәселені  шешу  үшін  мәселенің  себебін  табуға,  оны  шешудің  қадамдар 

дәйектілігін  жасауға,  математика,  физикадан  білімдерін  қолдануы  және  оны 

шешу үшін табиғи материалдардың сипаттамаларын білуі керек. 

STEM  бағдарламаларын  іске  асыруда  ақпараттық  технологияларды 

пайдалану  перспективасын  асыра  бағалауға  болмайды.  Бүгінгі  таңда 

медицинада,  құрылыста,  химияда,  физикада,  биотехнологияда  және  басқа  да 

ғылыми  аймақтарда  ақпараттық  технологияларды  белсенді  қолданатын  оқу 

орындарының  түлектеріне  сұраныс  артып  келеді.  STEM  сабақтарында 

есептеулерді  жобалау  үшін  компьютерлік  бағдарламаларды  қолдану  білім 

алушылардың  жұмысының  ажырамас  бӛлігі  болып  табылады  ал,  кӛптеген 

жобаларда  материалдық  модельді  құрастырмас  бұрын  электрондық  прототип 

жасалады. Әрбір білім алушыға қол жетімді тиісті бағдарламалық жасақтаманы 

қолданып,  түпкілікті  ӛнімнің  техникалық  сипаттамаларын  және  тиімділігін 

электрондық  прототипі  арқылы  тексеруге  болады.Мысалы,  тығыздық, 

температура,  қысым  және  кинетика  заңдылықтары  сияқты  су  эквиваленті 

туралы деректерді пайдалана отырып, шынайы жағдайлар үшін терең теңіздегі 

зерттеу станциясының сипаттамаларын тексеруге болады. 

Мектептерде  STEM  оқытуды  қолданудың  қаншалықты  мүмкіндіктері 

бар?  Интернетте  практикалық  тәжірибеге  негізделген  әдістемелік  ұсыныстар 

табуға болады. 

Интеграцияланған  бағдарламаларды  жүзеге  асыру  үшін,  мысалы, 

элективті 

инжиниринг 

және 


робототехника, 

биотехнология 

немесе 

нанотехнология,  сондай-ақ  әртүрлі  бағыттағы  топтар  мен  секциялар  қосымша 



 

288 


 

білім  беруді  қолдана  алады.  Орта  білім  беру  стандарттары  аясында  STEM 

оқытуды  жүзеге  асыру  үшін  ғылыми-жаратылыстану  пәндерін  кіріктірудің 

жолдары ұсынылады.  

Біріншіден,  бірнеше  пәнді  (химия,  биология  және  физика)  кіріктіруге 

мүмкіндік туады. Мысалы, тіршілік үшін судың рӛлі және  физикалық қасиеті, 

молекуладағы    химиялық  байланыстары,  құрамы  туралы  білімдерін  талап 

ететін  тапсырмалар  енгізілген,  биология,  химия  және  физика  пәндерінің 

мұғалімдері жоспарлаған, биологиялық, химиялық, физикалық кӛзқарастағы су 

қасиеттерін зерттеу тақырыбындағы сабақтар.  Тағы бір мысал, адам қаңқасын 

зерттеуде 

графикалық 

редакторларды 

пайдалану 

биология 

мен 


информатиканың  кірігуі  болып  табылады  немесе  фотосинтез  процесі  және 

жарықтың қасиетін оқуда физика мен биологияның кіріктірілуі.   

Екіншіден, білім алушылардың бірнеше пән бойынша білімі мен бірнеше 

пән мұғалімдерінің кеңестерін пайдалана отырып, оқу жобаларын құру арқылы 

STEM  бағдарламаларын  іске  асыру  мүмкін  болады,  мысалы,  математика, 

физика  және  информатика  бойынша  білімдерін  қажет  ететін  бейнероликтерді 

жазу үшін тіркелген ауданы бар ұшқышсыз әуе кӛлігінің үлгісін жасау.  

Үшіншіден, әдетте екі-үш аптаға созылатын жазғы мектеп сабақтарының 

әлеуетін ескеру керек. Мұғалімдер топтағы білім алушыларға белгілі бір уақыт 

пен  бірнеше  пәндер  бойынша  дағдыларды  қажет  ететін  ғылыми  тәжірибені 

практикада қолдануға тапсырма бере алады. Мысалы, бұршақ ӛсімдігін немесе 

белгілі  бір  биіктіктегі  басқа  да  қарапайым  ӛсімдіктерді  ӛсіруге  арналған 

тапсырма. Сонымен қатар, ересектер кәсіби қызметпен айналысатын, ғылыми-

зерттеу әлеуетін дамыту және сыни ойлау дағдыларын дамытатын, топырақтың 

құрамын  есептеп  анықтайтын  және  суару  режимін  жоспарлайтын,  ӛсімдік 

бағанында қашықтықты есептеген кезде, командалық жұмыс тәжірибесін алуда 

интеграцияланған  оқытуды  ұйымдастыру  маңызды.  Креативті  ойлау  және 

белсенділік  қарқыны  бағытын  таңдау  мүмкіндігі  болғанда  әр  білім  алушының 

жеке қабілеттері ескеріледі. 

Мұғалімдерге  әдістемелік  кӛмек  ретінде  Ы.Алтынсарин  атындағы  ҰБА  

сайтында келесі әдістемелік нұсқаулар орналастырылған: 

 1. STEM білімді енгізу – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 

академиясы, 2017. – 160 б. 

2.  PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  білім 

алушылардың  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылықтарын  дамыту.  Оқу-

әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 40 б. 

3.  PISA-2015  халықаралық  зерттеуге  дайындықты  әдістемелік  және 

ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету.  Әдістемелік  жинақ.  –  Астана:  Ы. 

Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.  

4.  TIMSS  және  PISA  халықаралық  зерттеулерге  білім  алушыларды 

дайындауға  арналған  есептер  жинағы.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы 

ҰБА, 2016. - 59 б.  

5.  12-жылдық  мектеп  жағдайында  білім  алушылардың  функционалдық 

сауаттылығын бағалау әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 43 б. 


 

289 


 

6. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы 

мектеп және отбасының ӛзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері. Әдістемелік 

құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 38 

б. 

7. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 



жылдық  білім  беру  мазмұнының  кіріктірілуі  мен  сабақтастығы.  Әдістемелік 

құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 

б. 

8.  Ғылыми  жаратылыстану  циклы  пәндері  бойынша  жобалық 



тапсырмалар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 80 б. 

9.  Жобалау  және  зерттеу  қызметі  негізінде  12  жылдық  білім  беру 

жағдайында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. 

Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясы, 2013. – 45 б. 

Осы нұсқаулықтар Академия сайтында (

www.nao.kz

) орналасқан. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет