ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін


    «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет34/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48

 

 

297 


 

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Дене  шынықтыру»  білім  саласы  бойынша  «Дене  шынықтыру», 

«Алғашқы әскери дайындық» пәндері оқытылады. 

 

«Дене шынықтыру» оқу пәні 

«Дене  шынықтыру»  оқу  пәні  ретінде  жалпы  білім  беретін  мектепте 

маңызды  рӛль  атқарады,  жалпыадамзаттық  мәдениет  саласында  белсенді 

шығармашылық  түрде  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыруға  дайын  тұлға  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді. 

Оқыту мақсаты:  

–  ӛз  денсаулығына  ықтиярлықпен  қарау,  оны  нығайту  мен  ұзақ  мерзім 

сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу

– физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын

–  салауатты  ӛмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 

шығармашылықпен қолдану. 



Оқыту міндеттері: 

– денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және 

негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту

–  базалық  спорт  түрлерінің  техникалық-тактикалық  іс-қимыл  әдістерін 

жетілдіру; 

–  денсаулығын  ұзақ  мерзім  сақтау  және  нығайту  қажеттілігіне,  ӛз 

денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;  

–  дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы 

мен салауатты ӛмір салтын қалыптастырудағы рӛлі туралы білімдерін шыңдау; 

–  тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 

ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау. 

Оқу бағдарламасы екі бӛлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» 

(ақпараттық  компонент),  «Дене  бітімін  жетілдіру  және  шеберлік»  (әрекеттік 

компонент). 

Вариативті  компонент  дене  шынықтыру  мұғалімі  оқу  процесінің  сан 

алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық 

технологияларын  енгізуге  бағдарлайды.  Вариативті  компонент  мектептің 

тұрған  орны,  материалдық  базасы  мен  аймақтың  орналасу  ерекшеліктерін, 

мұғалімнің  мүмкіндіктері  мен  оқушының  қызығушылықтарын  ескеру 

қажеттілігіне  негізделгендіктен,  оқу  материалдарын  жергілікті  білім  беру 

мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді. 

Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері 

мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім ӛздігінен жеке 

талаптар  қойып  (қорытынды  тапсырмалар),  талаптардың  ӛзіндік  шкаласын 

құруына  және  сол  бойынша  оқушылардың  жылдық  үлгерімін  бағалауына 

болады.  Дене  шынықтыру  мұғаліміне  оқыту-үйретудің  барлық  кезеңдерінде 

оқушылардың  даму  деңгейлерінің  жеке  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. 

Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 


 

298 


 

дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 

тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары: 

– мұғалім ӛз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс 

дағдысына  байланысты  ұсынылып  отырылған  бағдарламаның  кез  келген 

бӛлімін    ӛзінің  материалдарымен  толықтыруға  (немесе  түзетулер  енгізуге) 

құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында; 

–  мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы 

мен сабақтың нақты жағдайына қарай ӛз жұмысын ұйымдастырады; 

–  оқушылардың  қозғалыс  ойындарын  игеруін  тексеру  мақсатында 

бақылау-сынақ алу сабақтары ӛткізілуі тиіс; 

–  дене  тәрбиесі  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 

бағаланады:  жекелеген  бақылау  нормативтерінің  нәтижелері;  Президент 

сынамалары  нормативтерін  орындау  нәтижелері  (мұғалімнің  таңдауы 

бойынша). 

«Шаңғы  дайындығы»  және  «Жүзу»  тараулары  бойынша  сабақтарды  толық 

мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру 

ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі  бойынша  бұл 

сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс  дайындығымен)  және  гимнастикамен 

(ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.  

Бұл  бағдарламада  мектепте  дененің  шынығуы  мен  адамгершілікке 

тәрбиелеудің  кешенді  жүйесін  құрайтын  дене  шынықтырудың  барлық  негізгі 

нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында 

біртіндеп  шешуге  мүмкіндік  береді.  Бағдарламаның  үшінші  сағаты 

оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын 

кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 

Дене  шынықтыру  пәні  сабақтары  гендерлік  қағидат  бойынша  (қалалық 

жерлерде  –  әр  топта  8  ұл  (қыз)  баладан  кем  емес,  ауылдық  жерлерде  –  5  ұл 

(қыз)  баладан  кем  емес  болған  жағдайда)  ӛткізуде  сыныпты  екі  топқа  бӛліп 

оқыту жүзеге асырылады.  

«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бӛлу 

барлық  қажетті  медициналық  құжаттардың  ұсынуымен,  медициналық 

тексерістің нәтижесі кӛрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.  

Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 

мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  сабақтарын  ұйымдастыру  және  ӛткізу 

мәселелері  бойынша  мұғалімдерге  әдістемелік  кӛмек  кӛрсету  мақсатында 

Ұлттық  ғылыми-практикалық  дене  тәрбиесі  орталығы  және  Ы.Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 

сайтына (

www.nnpcfk.kz

) және академия сайтына орналастырылған (nao.kz).  



Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:  

11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. 



 

299 


 

 

«Алғашқы әскери дайындық» оқу пәні 

«Алғашқы  әскери  дайындық»    (бұдан  әрі  –  АӘД)  меншік  түрі  мен 

ведомствалық  бағыныстылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім 

беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-

техникалық  мектептерде  әскерге  шақырылуға  дейінгі  және  әскерге  шақырылу 

жасындағы  білім  алушы  жастардың  міндетті  оқытылатын  пәні  болып 

табылады. 

Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» 

пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  мекемелерінде  жастарды 

алғашқы әскери қызметке даярлау, ӛткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып 

табылған құжаттар мыналар:  

1)  «Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің  мәртебесі  туралы» 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 

2)  «Азаматтарды  әскери  қызметке  даярлау,  ұйымдастыру  және  ӛткізу, 

сондай-ақ,  алғашқы  әскери  дайындық  бойынша  оқу-материал  базасын  құру 

ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  11 

ақпандағы №118 қаулысының және «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру 

және  жүргізу,  сондай-ақ  оның  оқу-материалдық  базасын  қалыптастыру 

қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрінің 

2014  жылғы  19  желтоқсандағы  №  606  бұйрығының  күші  жойылды,  оны 

Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрінің  2017  жылғы  12  шілдедегі  № 

347  бұйрығымен  ауыстыру  қажет  (Қазақстан  Республикасының  Әділет 

министрлігінде 2017 жылғы 20 қыркүйекте № 15725 болып тіркелген). 

Алғашқы әскери дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске 

асырылады.  Теориялық  сабақтар  оқытудың  дидактикалық  материалдарын, 

техникалық  құралдар  мен  инновациялық  әдістерді  қолдана  отырып  әңгімелеу 

және  сұхбаттасу  түрінде  ӛткізіледі.  Практикалық  сабақтар  қарулану  және 

әскери-техникалық  мүлікті,  құралдарды  және  ӛзге  де  жабдықтарды  қолдана 

отырып оқу материалын игеруге бағытталған. 

Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 

қызмет  ету  туралы  түсінігін  және  әскери  іс  негіздері  бойынша  оқушылардың 

білімдерін қалыптастыру, оқушылардың ӛмірлік қабілеттері мен дағдыларының 

дамуын қалыптастыруға ықпал ету.  

Оқу пәнінің міндеттері: 

–  оқушыларды  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінде  қызмет  ету 

үшін  алғашқы  әскери  дайындықтың  теориялық  тиянақты  білімдері  негізінде, 

практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау; 

–  оқушыларды  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  қызметі 

туралы біртұтас түсінігінің ӛзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру. 

Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 

дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 

тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  


 

300 


 

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері 

бойынша  тараулар,  азаматтық  қорғаныс  және  медициналық  білім  негіздерінен 

тұрады. Оқу орындарын қару және ӛзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу 

құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады. 

11-сынып  оқушыларының  АӘД  пәні  бойынша  нормативтер  мен 

практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының 

соңында  4  сағат  кӛлеміндегі  қорытынды  тексеру  сабақтары  (сынақ) 

қарастырылған.  

11-сыныпта  оқушылар  азаматтық  қорғаныс  және  медициналық  білім 

негіздері сабақтарында бейбіт  уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, 

ірі  кӛлемдегі  зілзалалар  және  жаудың  қазіргі  заманғы  қырып-жою  қаруларын 

қолданған  кезде  Қазақстан  Республикасының  халқын  қорғау  бойынша  іске 

асырылатын  іс-шаралар  үйретіледі.  Сонымен  қатар  тӛтенше  жағдайлар  пайда 

болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын 

жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік кӛмек кӛрсету 

ережелерімен танысады. 

Әрбір  оқу  орнында  меншік  түрі  мен  формасына  қарамастан  АӘД 

бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады: 

1)  қамтамасыз  ету  табеліне  сәйкес  кӛрнекі  құралдар,  АӘД  оқытудың 

кӛрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бӛлмесі; 

2)  алғашқы  әскери  дайындық,  ӛмір  қауіпсіздігінің  негіздері  және 

азаматтық  қорғаныс,  медициналық  білім  бойынша  арнайы  жабдықтарды 

сақтауға арналған бӛлме; 

3) саптық дайындық бойынша сабақ ӛткізу алаңы; 

4)  рота  бойынша  күндізгі  кезекшінің  міндеттерін  іс  жүзінде  үйрететін 

орын; 

5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын



6) тактикалық алаң

7) кедергілерден ӛту жолының кешені; 

8) жабдықталған ату тирі

9) әскери және еңбек даңқының бұрышы. 

Оқу  орындарын  қару  және  ӛзге  де  әскери-техникалық  құралдар 

макеттерімен,  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  ету  оқу  орнының  есебінен  іске 

асырылады. 

Алғашқы  әскери  дайындықты  оқытушы-ұйымдастырушы  әскери  іс 

негіздерін  оқыту  үдерісінде  жастардың  бойында  азаматтық  таным,  Қазақстан 

Республикасының  тәуелсіздігін  қорғау  қажеттілігіне  деген  сенімділік,  әскери 

қызметке  деген  саналы  жауапкершілікті  қалыптастыру  секілді  тәрбиелеу  мен 

оқытудың басты міндеттерін шешеді. Әр сабақ сайын жастардың әскери анттың 

рӛлі  мен  маңызын  түсінулеріне,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштеріне, 

оның  дәстүрлері  мен  әскер  түрлерінде  қызмет  ету  ерекшеліктеріне,  әскери 

мамандыққа  деген  қызығушылықтарын  дамытып,  жастардың  әскери  білім 

алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан 

Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Әскери Күштердің тұрмыс-


 

301 


 

тіршіліктерін реттестіретін құжаттар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау 

– әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.  

Саптық  дайындық  бойынша  сабақтар  арнайы  алаңда  (плацта)  ӛткізіледі. 

Практикалық  сабақтарды  ӛткізу  кезінде  оқушыларды  үйрету  әдістемесіне 

(оқытушының саптық тәсілді тұтас және бӛлшектеп кӛрсетуі мен оқушылардың 

жаттығуы) баса назар аударылады. 

Оқушылардың  бойында  саптық  дайындық  элементтерін  орындау 

дағдыларын  шыңдау  басқа  пәндерді  оқу  кезінде,  сондай-ақ  алғашқы  әскери 

дайындық бойынша сыныптан тыс іс-шаралар кезінде де жалғасады. 

«Ӛмір  қауіпсіздігінің  негіздері»  оқу  курсының  мазмұны  10-11-

сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының  аясында 25 сағаттық 

жылдық  оқу  жүктемесімен  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  оқытушы-

ұйымдастырушысы  жүзеге  асырады.  11-сыныпта  оқушылар  азаматтық 

қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және 

соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі кӛлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі 

заманғы  қырып-жою  қаруларын  қолданған  кезде  Қазақстан  Республикасының 

халқын  қорғау  бойынша  іске  асырылатын  іс-шаралар  үйретіледі.  Сонымен 

қатар  тӛтенше  жағдайлар  пайда  болған  аудандарда  және  зақымдану 

ошақтарында  қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізу,  сондай-ақ  жарақаттанған 

адамдарға алғашқы дәрігерлік кӛмек кӛрсету ережелерімен танысады. 

Ӛмір  қауіпсіздігінің  негіздері  бойынша  сабақтар  міндетті  болып 

табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. 

Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 

мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 

«Алғашқы  әскери  дайындық»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.  

Оқушылардың  алғашқы  әскери  дайындық  бойынша  қорытынды  тексеру 

сынақтарын  орындаулары  оқу  процесінің  қажетті  элементтерінің  бірі  болып 

саналады,  сабақта  алынған  білімді  бекітуге  және  тереңдетуге,  спортқа,  әскери 

істерге қызығушылықтарын қалыптастырады, дене шынықтыруды жетілдіреді. 



«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:  

11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды. 

 

  

Назар аударыңыз! 



 

Орта білім мазмұнын жаңартуға қолдау кӛрсету бойынша жетекші 

мектептердің қызметі 

 

Жетекші мектеп Білім басқармасының бұйрығымен кәсіби ӛзара әрекетті 

ұйымдастырушы ретінде бекітіледі. 


 

302 


 

Кәсіби  қауымдастықтағы  жетекші  мектеп  серіктес  мектептер  болып 

табылатын,  оған  аумақтық  жағынан  бекітілген  мектептерді  біріктіреді.  Кәсіби 

қауымдастыққа кіретін серіктес мектептер тобын жетекші мектепті біріктіретін 

Білім басқармасы мен ӛңірдің әдістемелік қызметтері қалыптастырады. 

Жетекші  мектептер  қызметінің  мақсаты  Қазақстан  Республикасында 

орта  білім  берудің  жаңартылған  мазмұнын  енгізу  және  «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ (бұдан әрі-НЗМ) тәжірибесін тарату бойынша мұғалімдердің 

кәсіби  қауымдастығының  қызметіне  ұйымдастыру-әдістемелік  жағдай  жасау 

болып табылады. 

 

Жетекші мектептер қызметінің міндеттері: 

-  Қазақстан  Республикасында  орта білім  берудің  жаңартылған  мазмұнын 

ойдағыдай  енгізу  мәселелері  бойынша  жұмыс  жүргізу  үшін  білім  беру 

ұйымдары  мұғалімдерінің  кәсіби  қауымдастығын  құру  және  тиімді  жұмыс 

жүргізу; 

- жалпы білім беретін ұйымдар мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуы мен 

ӛздігінен дамуына бағытталған біліктілікті арттырудың тиімді жүйесін құру; 

-  НЗМ  педагогикалық  тәжірибесін  ойдағыдай  тарату  және  түсіндіру,  ол 

тәжірибені  Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беретін  ұйымдарының 

жағдайларына бейімдеу үшін алаң құру; 

-  әдістемелік  тақырыптар  бойынша  зерттеулер  жүргізу,  Қазақстан 

Республикасының  орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  жалпы  білім 

беру  ұйымдары  оқушыларының  тиімді  дайындығын  қамтамасыз  ететін 

оқытудың жаңа тәсілдерін іздестіру. 

Жетекші мектептердің қызметі: 

- Әдістемелік-ұйымдастырушылық.  

- Зерттеушілік.  

- Оқу-әдістемелік..  

- Диагностика - аналитикалық.  

- Ақпараттық-таратушылық.  

Әрбір  жетекші  мектепте  үйлестіруші  –  қызметті  ұйымдастыру

жоспарлау,  бағалау  және  мониторинг  функцияларын  жүзеге  асыруға  уәкілетті 

тұлға анықталады. 

 Үйлестірушінің 

рӛлін  директордың  ғылыми-әдістемелік  жұмыс 

жӛніндегі  орынбасары,  әдістемелік  кеңестің  құрамына  кіретін  мұғалімдер 

атқара алады. 

Жетекші мектеп үйлестірушісінің құзыретіне:

  

-  кәсіби  қауымдастықтар  қызметінің  моделін  талқылауды  және  әзірлеуді 



ұйымдастыру; 

кәсіби  қауымдастық  жұмысын  басқарудың  барлық  циклін 



ұйымдастыруды  қамтамасыз  ету:    жоспарлау,  серіктес  мектептермен  ӛзара  іс-

қимылды ұйымдастыру, жұмыстың нәтижелілігін мониторингілеу және талдау; 

-  "теңдік"  принципі  бойынша  оқыту  үшін  әдістемелік  қызметті 

ұйымдастыру; 

-  кәсіби  қауымдастыққа  кіретін  серіктес  мектептердің  әдістемелік 

активімен ӛзара іс-қимылды үйлестіру; 



 

303 


 

-  жұмыстың  жеке  әдістемелік  бағыттары  бойынша  жұмыс  үшін  кәсіби 

қауымдастық  мұғалімдерінің  уақытша  шығармашылық  тобын  құруға 

бастамашылық ету;

 

  

-  форумдарда,  кеңестерде,  презентациялар  мен  конференцияларда  кәсіби 



қауымдастық қызметінің нәтижелерін ұсыну; 

-  ӛңір  мұғалімдеріне  арналған  оқыту  іс-шараларын  ұйымдастыру  және 

ӛткізу; 

-  жетекші  мектептердің  кәсіби  қауымдастығына  кіретін  мектеп 

басшыларына  тиімді  басқару  және  бірлескен  қызмет  мәселелері  бойынша 

ұсыныстар енгізу кіреді. 

Жетекші  мектептер  базасында  педагог  кадрларды  курстан  кейінгі  қолдау 

келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

-  оқыту  және  бағалау  мәселелерінде  жетекші  мектептің  үйлестірушілерін, 

мектеп  жаттықтырушыларын  және  білім  беру  ұйымының  әкімшілігін 

консультациялық қолдау мақсатында мектептерге бару; 

- мұғалімдердің 

оқытушылық 

тәжірибесін 

жақсарту 

мақсатында 

сабақтарды бақылау; 

- педагог қызметінің менторингі

-  Қазақстан  Республикасының  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  идеясын 

кӛпшілікке  тарату  үшін  ӛңір  мектептері  мұғалімдерінің  тәжірибесін  тарату 

бойынша іс-шараларды ӛткізу. 

Назар  аударыңыздар!  Бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру 

деңгейлеріне  арналған  білім  беру  процесіне  барлық  қатысушыларды  кешенді 

қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге кӛмек 

ретінде сайттың келесі бӛлімдері ұсынылады: 

–  «Білім  беруді  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  ету»  (Әдістемелік-  нұсқау 

хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары (бастауыш, негізгі орта, 

жалпы  орта  білім  беру),  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру 

деңгейлерінің  үлгілік  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламалары,  нормативтік 

құқықтық база); 

–  «Білім  беруді  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету»  (әдістемелік 

құралдар,  ұсынымдамалар  мен  нұсқаулықтар,  Тәрбиенің  тұжырымдамадық 

негіздері,  Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беруді  дамытуға 

арналған тұжырымдамалық тәсілдер); 

–  «Семинарлар,  конференциялар»  (Академияда  ӛткізілген  іс-шаралар 

туралы  ақпараттар:  ғылыми-практикалық  конференциялар,  тақырыптық 

семинарлар және т. б.); 

–  «Журналдар»  (Академияда  басылып  шығатын  ғылыми-әдістемелік 

журналдар туралы ақпарат: «12 жылдық білім беру – 12 – летнее образование», 

«Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана»); 

– «Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиелеудің ӛзекті мәселелерін талқылау, 

Академия мамандарына сұрақ қою мүмкіндігі). 

Жалпы  білім  беру  ұйымдары  басшылыққа  алуға  тиіс  нормативтік 

құқықтық  құжаттар  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  сайтында 

(http://www.adilet.gov.kz) 

«ӘДІЛЕТ» 

Ақпараттық-құқықтық 

жүйе» 


 

304 


 

(http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған. 

 

Жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  оқытуға  кӛшетін  мұғалімдерге 



әдістемелік  кӛмек  кӛрсету  үшін  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  Дербес 

білім  беру  ұйымы  НЗМ  сайтында  жүйелік-әдістемелік  кешен  (ЖӘК)  әзірледі 

(smk.edu.kz сілтемесі). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

305 


 



ЖАЛПЫ 

БІЛІМ 

БЕРУ 

ҦЙЫМДАРЫНДАҒЫ 

ТӘРБИЕ 

ЖҦМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

 



 

 

 

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек  

Тәрбиесіз берген білім - адамзаттың қас жауы 

                                     Әбу Насыр әл-Фараби 

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім берудің 

зайырлы,  гуманистік  және  даму  сипаты,  азаматтық  және  ұлттық 

құндылықтардың  басымдығы,  адамның  ӛмірі  мен  денсаулығы,  жеке  адамның 

еркін  дамуы,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын  құрметтеу,  тұлғаны 

білімділікке ынталандыру және дарындылықты жетілдіру, білім берудің бірлігі, 

тәрбиелеу және дамыту білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі 

қағидалары болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет