АҚМОЛА ОБЛЫСЫ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ «СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ»
2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ОНКҮНДІГІНЕ ӨТКІЗІЛГЕН ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
А.П.Гайдар атындағы №8 орта мектебі
Қазақ әдебиетінің онкүндігінде өткізілген шаралар
жоспары
2015-2016 оқу жылы
Қазақ әдебиетінің онкүндігіне өткізілген шаралар
жоспары
№
|
Іс-шаралар
|
Мерзімі
|
Сынып
|
Жауаптылар
|
1
|
Мектеп газетасы
|
09.03.
|
|
Лябаева А.С.
|
2
|
Мұхтар Әуезов «Абай жолы»-роман-эпопеясы ашық сабақ
|
09.03.
|
9 «А» сынып
|
Кайрсламова М.К.
|
3
|
«Далада» Сәкен Сейфуллин ашық сабақ
|
09.03.
|
7 «Б» сынып
|
Лябаева А.С.
|
4
|
Абай Құнанбаев «Ескендір»-поэмасы ашық сабақ
|
11.03
|
9 «В» сынып
|
Даркенбаева З.К.
|
5
|
«Ұлы тұлға» ашық сабақ
|
12.03.
|
8 «Б»
|
Даркенбаева З.К.
|
6
|
Абай Құнанбаев «Қыс» ашық сабақ
|
12.03
|
5 «Б» сынып
|
Байдельдинова Г.К.
|
7
|
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адалдық боршы»
|
12.03
|
4 «Б» сынып
|
Абенова К.Ж.
|
8
|
«Абай мен Шәкәрім сабақтастығы» ашық сабақ
|
14.03.
|
8 «А»
сынып
|
Абищаева Э.А.
|
9
|
«Данышпан» Абай Құнанбаев
|
15.03
|
3 «Б» сынып
|
Курмангалиева Н.М.
|
10
|
«Көкшетау» Ільяс Жансүгіров ашық сабақ
|
16.03
|
6 «Б»
сынып
|
Алибаева А.Д.
|
11
|
Наурыз мейрамы
|
17.03
|
|
Абенова К.Ж.
|
Қазақ әдебиетінің онкүндігіне өткізілген шаралар
талдауы
07-17 сәуір арадлығында біздің мектепте қазақ әдебиетінің онкүндігі өтті.
Біздің мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі мынадай шаралар өткізді:
Бастауыш мектепте:
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адалдық боршы»
«Данышпан» Абай Құнанбаев
Жоғары сыныптарда:
Мұхтар Әуезов «Абай жолы»-роман-эпопеясы ашық сабақ
«Далада» Сәкен Сейфуллин ашық сабақ
Абай Құнанбаев «Ескендір»-поэмасы ашық сабақ
«Ұлы тұлға» ашық сабақ
Абай Құнанбаев «Қыс» ашық сабақ
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адалдық боршы»
«Абай мен Шәкәрім сабақтастығы» ашық сабақ
«Көкшетау» Ільяс Жансүгіров ашық сабақ
Мектеп мұғалімдері арнайы ашық сабақтарын өткізді.
Өткізілген шаралардың нәтижесі:
Оқушылар өз білімдерін дұрыс қолдана отырып, әдеби сөйлей алатындарын, өлең, тақпақ мәнерлеп айта алатындарын көрсетті.
Бұл шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
«Ұлы тұлға»
Ғабит Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» әңгімесіндегі әйел-ана құдіреті.
8 сынып
Ақмола облысы
Степногорск қаласы
№ 8 орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Даркенбаева З.К.
Сабақтың тақырыбы: «Ұлы тұлға»
Ғабит Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» әңгімесіндегі әйел-ана құдіреті.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ғабит Мүсіреповтің атақты жазушы екенін таныту, әңгімелерімен таныстыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткізу,мәнерлеп оқу,ауызша сөйлеу тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ғ.Мүсіреповтің портреті, шығармалар жинағы, кітаптар, Венн диаграммасы, сызбалар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, интерактівті тақтаны қолдану.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка.
Оқыту формалары: ұжымдық, жеке.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жазушы жазған ең құдіретті тақырыптардың бірі-Ана тақырыбы.
Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушы М.Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М.Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдық рөлі Ғ.Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ер ана», «Ақлима» әңгімелерін жазады.
Ана деген- ардақты ат!
Бүгін, біз Ғабит Мүсіреповтің «Өлімді жеңген ана» әңгімесімен танысамыз. Ғабит Мүсірепов ана бейнесін ашуда өзіндік қолтаңба, өзіндік ерекшелігін, сөздік қорының молдығын, суреттеу шеберлігін танытқан. «Өлімді жеңген ана» М. Горькийден еркін аударған әңгімесі.
әңгімені оқу.
Талдаужұмысы:
1. Ақсақ Темір кім?
2. Ақсақ Темір ажалға неліктен кектенді?
3. Ол ажалдан нені тартып алғысы келді?
4. Ақсақ Темір қай жерде өліммен ұшырасты?
5. Дүниедегі жалғыз күш кімде?
6. Неліктен Темірде, өлім де ананың алдында басын иеді?
7. Ақсақ Темір қай елдерді жаулап алған?
8. Ақсақ Темір қайда сайрандауға шықты?
9. Ол нені көрді?
10. Ол Самарқанды өртеуге неге әмір бермеді?
Қосымша сұрақтар арқылы жоспар жасалынады, дәптерге жазады. )
1тапсырма
Ақсақ Темірдің бейнесін суреттеген жерді мәтіннен тауып, оқу.
Ақсақ Темірге мінездеме беру.
Қанішер
Ақсақ Темір жүзі қан қатқан
қатыгез
ашулы
2тапсырма
Әйел- ананың құдіреті туралы айтылған бөліктерді тауып, оқу.
Әйел- анаға мінездеме беру.
Ақылды
Әйел- ана сүйікті
мейрімді
қаһарлы
барлық қиындықты жеңетін
сарқылмайтын күш
3тапсырма
Анатуралымақал-мәтелдержазу.
1.Ағайын-алтау, ана- біреу.
2.Анаңның сүті- бал,
Баланыңтілі- бал.
3.Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағанбұлақ
Бала-жағасындағықұрақ.
(Венн диаграмманы пайдаланып, әңгімелеу.)
Әйел-ана
АқсақТемір
1. Әйел жоғалған ұлыніз деп жүр. 1. Жалғыз баласы Жәңгір. қаза тапты.
2. Өмірге қызмететеді, өміршашады. 2. Өлімді егеді, у шашады.
3. Дүниеге адам әкеледі. 3. Ажалмен күштеңестіріп,
өмір талқандады.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Ақмола облысы
Степногорск қаласы
№ 8 орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Даркенбаева З.К.
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
Сабақтың мақсаты міндеттері: Білімділік: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру, көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу
Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
Тәрбиелік: Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, тест
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі: (2 минут)
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ Жаңа сабақ - талдау сабағы: "Ескендір"
Абай поэмалары
"Ескендір"
1) Әдебиет теориясы: "Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады. Көлемі
2) Қызықты дерек: "Ескендір" поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып - жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты - жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы тармақты 42 шумақтан тұрады.
3) Мінездемелік салыстырушы карта:
Ескендір
Аристотель
қабілетті
менмен
тапқыр
батыл
4) Түсіндірме сөздік
1. Хакім - ғалым
2. Данышпан -
3. Иман -
4. Ғибрат - үлгі
5. Нәпсі -
6. Араны -
Мазмұндау жоспары:
1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары, әскердің шөл далада қиналуы
2. Бұлаққа кездесуі, жаулап алмақ ниетпен қала қақпасына баруы
3. Ескендірдің бұйрығы
4. Күзетшінің сыйлығы
5. Аристотель шешімі
6. Ақын өсиеті
ІҮ Бекіту:
Ой тұжырымдау:
Шығарма атауы
Жанры, түрі
Тақырыбы, идеясы
Түйінді ой
3-топ: Жоспар құру
1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары
2. Жорықтағы бұлаққа кездесуі
3. Ескендірдің бұйрығы
4. Күзетшінің сыйлығы
5. Аристотель шешімі
6. Ақынөсиеті
2. Топтастыру
Тест тапсырмалары
1. Ескендіртаққаотырғанданешежастаболған?
а) 43
ә) 32
б) 21
2. Ескендірдіңәкесініңесімікім?
а) Филипп
ә) Македония
б) Аристотель
3.Тарихта ол батыл, жүректі, ақылды, қайратты тұлға ретінде қалды:
а) Ескендір
ә) Аристотель
б) Масғұт
4. Әл-Фараби кімді өзіне ұстаз тұтқан?
а) Ескендір
ә) Аристотель
б) Әзім
5. "Тойымсыздық" сөзі не мағынасы жақын сөз
а) қасиетсіздік
ә) ашкөздік
б) мешкейлік
1) б 2) а 3) а 4) ә 5) ә,б
Ү Қорыту: Мешкей деген жақсы ат емес. Абайша айтсақ: ашкөздік, тойымсыздық дерт екен. Дүниеге қанағат ете білу, артық малыңды ысыраптамай, мұқтаж жандарға көмектесуді Алла бізге парыз қылды. Пендеміз деп өзімізді қызық құмарлыққа салынуға жібермеуіміз керек екен.
Достарыңызбен бөлісу: |