Оқу-жұмыс бағдарламасының титул парағы


Құрастырушы: аға оқытушы Баширова А.Н



бет2/79
Дата13.02.2017
өлшемі16,28 Mb.
#9395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79

Құрастырушы: аға оқытушы Баширова А.Н.

5B070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының

студенттеріне арналған AG 1201 – Алгебра және геометрия

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)
Бағдарлама «____»________ 2013 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленген.
Кафедраның отырысында қарастырылған «____»_____2013ж. №__ хаттама

Кафедра меңгерушісі____________ Г.С.Джарасова «__» ______ 2013ж.


Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде құпталған

2013ж. «_____»______________ №____ хаттама

ОӘК төрайымы _______________ А.Б. Искакова «____» ______2013ж.



1. Оқу пәнінің төлқұжаты

Пәннің атауы Алгебра және геометрия

Міндетті компонент пәні



Кредит саны және меңгеру мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2

Аудиториялық сабақтардың барлығы – 45 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 30 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Оның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы - 135 сағат



Бақылау түрі

Емтихан – 2 семестр


Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: мектепте оқыған математика пәнінің негізі, алгебра және анализ бастамалары



Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: математикалық талдау, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, мәліметтер базалар жүйелері, компьютерлік модельдеу негіздері.


2. Оқытушы туралы мәліметтер

Баширова Анар Набиевна, математика магистрі, аға оқытушы, жұмыс стажы – 10 жыл, жұмыс орны - «Математика» кафедрасы, Ломов көшесі 64, А-410 аудитория;

Байланыс телефоны - 8-7182-67-36-46

Электрондық адрес – anar_bashirova@mail.ru


3. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

  • алгебра және геометрия пәнінің негізгі ұғымдарын және оның әртүрлі салаларда қолданылуын оқып білу;

  • алгебра және геометрияның негізгі ұғымдарын, заңдарын теорияларын нақты есептерге қолданып шешу әдістерін меңгеру;

  • алгебра және геометрияның игерілген әдістерін іскерлікпен қолдану;

  • математикалық интуицияны дамыту;

  • математикалық мәдениеттілікті тәрбиелеу;

  • ғылыми көзқарас пен логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.


4. Білім, икем, дағдыларға және құзырларға қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:

  • математиалық модельдерді құра білу;

  • математикалық есептерді қоя білу;

  • қолайлы математикалық әдістерді және есептің шешімінің алгоритмін таңдап алу;

  • есептердің шешімін іздестіру кезінде қазіргі кездегі есептеу техникасын пайдаланып, сандық әдістерді қолдану;

  • сапалы математикалық зерттеулерді іске асыру;

  • жүргізілген математикалық талдау нәтижесінде практикалық ұсыныстар беру.


Пәнді оқыту мазмұны
5. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу



Тақырыптардың атауы

Сабақтардың түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны

СӨЖ

Дәрістер

Тәжірибелік

Бар

лығы


Оның ішінде СОӨЖ

1

Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі

3

6

14

4

2

Векторлық алгебра

2

5

13

3

3

Евклид кеңістігі

1

3

12

2

4

Сызықтық кеңістіктегі сызықты операторлар

2

3

12

3

5

Сызықты геометриялық объектілер

4

7

14

4

6

Екінші ретті қисықтар мен беттер

2

4

13

3,5

7

Квадраттық формалар

1

2

12

3




Барлығы: 135 (3 кредит)

15

30

90

22,5



6 Дәріс сабақтарының мазмұны



1 тақырып. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі

Жоспар:


1.1 Матрицалар. Матрицаларға қолданылатын амалдар

1.2 Анықтауыштар

1.3 Кері матрица. Матрицаның рангі

1.4 Сызықтық теңдеулер жүйесі


1.1. Матрицалар. Матрицаларға қолданылатын амалдар.
Анықтама. сандардан құралған кесте төртбұрышты матрица деп аталады және үлкен әріппен белгіленеді

,

мұндағы n – жол номері, m – баған номері, қысқаша матрицасы түрінде белгіленеді. Егер m=1, n>1 болса, онда матрица жол-матрица немесе жол-вектор, ал егер n=1, m>1, онда матрица – баған-матрица болады.

В=- жол-матрица, М= - баған-матрица.

Егер квадрат матрицаның бас диагональдан басқа элементтердің барлығы нольге тең болса, онда матрица диагональды деп аталады, яғни:



Егер диагональды матрицаның барлық диагональды элементтері бірге тең болса, онда матрица бірлік матрица деп аталады және былайша белгіленеді:



, бұл үшінші ретті бірлік матрица.

Тікбұрышты матрицаның индексі оның өлшемін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет