ОҚУ курстарының каталогы мамандығы 5В011900- шет тілі: екі шет тілі Шымкент 2010 Құрметті студенттер!



бет7/9
Дата15.09.2017
өлшемі1,85 Mb.
#33479
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3 курс

5,6 семестр

Пәннің аталуы

Шетел тілі (екінші)

Қысқартылған атауы

ШТ

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары(егер бар болса)

Практикалық,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Халмирзаева К.С.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Неміс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Практикалық-60,ОСӨЖ-60,СӨЖ-60.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

4

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер : «Неміс тілінің практикалық мен теориялық фонетикасы», «Неміс тілінің практикалық мен теориялық грамматикасы»

Білім беру мақсаттары/құзыреттілігі

Жалпы білімдік пән ретінде екінші шетел тіліне оқытудың мақсаты студенттердің әлеуметтік- жетерлі қарым-қатынас құзырлығын қалыптастыру болып табылады. Қарым- қатынастық құзырлық – деп, халықаралық деңгейде шетел тілінде сөйлеуге қабілеттілігі мен дайындығын айтамыз.Қарым- қатынастық, мәдени түрде бағытталған оқыту мақсаты лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу) және әлеуметтік – мәдени компоненттерді қамтитын қиын интегративті бүтіндікті білдіреді..

Мазмұны

  1. Практикалық сабақтар: Әлеуметтік- тұрмыстық ая

Адам және оны қоршаған орта. Денсаулық және экология. Спорт және дені сау тұрмыс қалпы.Әлеуметтік-мәдени ая Біздің өміріміздегі әдебиет,өнер, кино. Еліміздегі және тілін үйреніп жатқан елдің қазіріг әдебиеті. Жақсы көретін жазушы. Кино. Жақсы көретін актерлер, фильмдер. Сұңғат. Музыка. Адамды тәрбиелеудегі өнердің рөлі.Кәсіби-оқу қарым-қатынас аясы ( ауқымы) Мамандық таңдау. Мамандық таңдау себептері. Еліміздегі және шетелдегі жоғары оқу орындары. Менің Университетім.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Жалпы мазмұнды түсіну ( брошюраның, проспектінің, каталогтың және т.б. ) ( жалпы сипаттағы сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау және т.б.)

Мәтіннің мазмұнын толық түсіну ( кейбір детальдарға / фактілерге байланысты сұрақтарға жауап беру, негізгіні жанамадан айыра білу және т.б.)



Қойылған мақсатқа сай қажет ақпаратты табу тездігі.



3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Лексикология

Қысқартылған атауы

Л

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары(егер бар болса)

Лекциялар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Гусаковская В.Н.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Профилдік пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Лекциялар-15, ОСӨЖ-15,CӨЖ-15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 45 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Базалық негізгі шет тілі, тіл білімі, теориялық фонетика, теориялық грамматика.

Білім беру мақсаттары/құзыреттілігі

Сөздің дамуының негізгі факторлары мен заңдылықтары, лексиканың жүйелік ұйымдастырылуы, лексикалық бірліктің құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері, сөздіктің әлеуметтік шарттарымен дифференциациясы, баюы туралы ғылыми түсінік қалыптастыру; негізгі лингвистикалық анализ әдістері және олардың шет және ана тілін зерттеуде қолданылуы, оқытылатын тілдің қазіргі заманғы жағдайында оның әлеуметік-мәдени, этнолингвистикалық қалыптсауының шарттары фактілерне негізделе отырып сараптау және жалпылау туралы білімдер жинағын қалыптастыру.

Мазмұны

Лекциялар: Сөз «күрделі және толық тілдік бірлік» ретінде. Тілдің лексикалық құрамын зерттеудің әдістері. Сөздің морфологиялық және деривациондық жасалуы. Қазіргі заманғы сөздің құрылысының морфемдік сөзжасамының принциптері мен әдістері. Сөзжасам тәсілдері. Лексикалық бірліктердің семантикалық құрылысы. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары. Ана және шет тілдеріндегі салыстырмалы сөздердің ұлттық-мәдени ерекшеліктері. Полисимия. Омонимия. Синонимия. Антонимия. Сөз тіркесі мен фразеология. Фразеологиялық бірліктердің әртүрлі квалификациялары. Сөздік құрамның этимологиялық мінездемесі. Оқытылатын ел тілінің сөздік құрамының дифференциациясы. Лексикография.


Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Лингвистиаклық зерттеу мен лингвистикалық терминологиясын енгізу.



3 курс

5,6 семестр


Пәннің аталуы

Арнайы мақсаттарға арналған шет тілі (С1)

Қысқартылған атауы

АМАШТ (С1)

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары(егер бар болса)

практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5,6

Оқытушының Т.А.Ә.

Ефремова Н.Ю.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Профильдік пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Практикалық-105, ОСӨЖ-105, СӨЖ-105.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 315 сағаттар

Кредиттер/сынақ бірліктері

7 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер «Базалық негізгі шет тілі», «Практикалық грамматика», «Практикалық фонетика».

Білім беру мақсаттары/құзыреттілігі

Коммуникативті-этномәдени біліктілік пен студенттердің кәсіби біліктілігінің әрі қарайғы шыңдалуы.Кәсіби-негізделген қатынас стиліне негізделген тапсырмалар шешу арқылы кәсіби-бағытталған қабілеттерді қалыптастыру.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Қарым-қатынастың қоғамдық-саяси саласы. Саясат, азамат және мемлекет. Оқытылатын тіл елі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. Сайлау жүйесі. Саяси партиялар. Оқытылатын тіл елі мен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты. Әлеуметтік мәселелер. Оқытылатын тіл елі мен Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайлар. Миграция мәселереі. Жастар мен жұмыссыздық мәселелері. Адам құқығы. Заң бұзушылық пен жаза. Жалпыкәсіби қатынас саласы. Қазіргі заманғы тәрбие мен жеке тұлғаның дамуының мәселелері. Моралдік және адамгершілік құндылықтар. Отбасы мен мектептегі тәрбиелеу мәселелері. Педагогикалық мамандық. Шет тілі мұғалімі. Қазіргі замандағы шет тілі және оның жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы маңызы. Педагогикалық іс-тәжірибеге дайындық. Сыныппен контакт орнату. Проблемалық жағдайларда өзін өзі ұстау. Аутотренинг.


Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Тілді меңгерудің өзінің стартегиясын анықату, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Тіл тарихы

Қысқартылған атауы

ТТ

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары(егер бар болса)

Лекциялар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Зиннурова А.Р.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Лекциялар-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер


Білім беру мақсаттары/құзыреттілігі

Курс мақсаты оқытылатын тілдердің дамуының проблемалары және интралингвистикалық проблемалар туралы білімдер жинағын кеңейту. Одан бөлек, тіл тарихы курсы байланысы бар лингвистикалық пәндер жайында, және елтану, мәдениеттану жайында қосымша мәлімет береді, бұл болашақ шет тілі мұғаліміне өте қажетті болып табылады. Шет тілін жақсы меңгеруден басқа, шет тілі мұғалімі лингвистикалық дүниетанымы кең, қоғамның дамуы барысында тарихи процестерді жақсы білуі қажет, заманауи тілдің нормаларын, тарихи даму түсінігінен оның ерекшеліктерін түсіндіре алуы тиіс.

Мазмұны

Ағылшын тілі тарихы екі бөлімнен тұрады, олар:

  1. 1. Тілді диахронды тәсілмен меңгеру және герман филологиясы мәліметті қамтитын қысқаша кіріспе;

  1. 2. Негізгі бөлім, бұл ағылшын тілінің қалыптасуына әсер еткен ең негізгі фактілер мен құбылыстарды. Курстың кілт тақырыптары тілдің даму тәртібіне сәйкес хронологиялық тәртәппен берілген, деңгейлер бойынша қарастырылған – лексикалық, фонетикалық және грамматикалық.

Лекциялар тіл эволюциясының фонетикалық, лексикалық сұрақтары мен әдеби ұлттық тілдің қалыптасуы проблемаларын қамтиды.

Студенттердің өзіндік жұмысыӨЖ,, ОСӨЖ) жалпыкәсіби және арнаы кәсіби тапсырмаларды орындай алу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған. Ол оқытылатын тілдің лингвотарихи анализіндегі әртүрлі тарихи кезеңдерге жатқызылатын комментарийлердің, тарихының, оқу, аударма туралы оқу және ғылыми әдебиетімен жұмысты қамтиды.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

- шет тілінің қазіргі жағдай туралы факілеріне негізделіп, оның қалыптасуының әлеуметтік-мәдени, этнолингвистикалық, саяси, экономикалық шарттарына негіздеп фактілерді сараптау;

- Тарихи және этимологиялық сөздіктермен өз бетінше жұмыс ісетй алу;

- сөйлеу узусы, коммуникавтиті-когнитивті және жеке тұлғаға бағытталған функцияларын қамтамасыз ету үшін нормативті әдеби қолдану құбылыстарын түсіндіру;

- тарих тұрғысынан қазіргі ағылшын тілінің ерекшеліктерін түсіндіру;

- сөздердің тілдік өзгерістерін (фонетикалық, грамматикалық) интерпретациялау;

- жалпыиндоеуропалық, германдық, романдық т.б. тілдерден шыққан лексиканы тарихи сөздіктің көмегімен анықтау;



- оқытылатын тілдің тарихи дамуындағы сөздердің мағынасындағы семантикалық өзгерістерді түсіндіру (мағынаның кеңеюі мен тарлануы).



3 курс
5 семестр


Пәннің аталуы

Қоғамдық пайдалы лексика (ағ.т.)

Қысқартылған атауы

ҚПЛ (ағ.т.)

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары(егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Ахмедова Н.А.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Профильдік пән, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Практикалық-45, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер «Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы», «Базалық негізгі шет тілі»

Білім беру мақсаттары/құзыреттілігі

Студенттердің сөздік қорын дамыту, әлемдік қауымдастықтың саяси және мәдени саласы туралы мәліметпен қамтамасыз ету.

Мазмұны

Шет тілін оқытудың мазмұнының компоненттері: 1-жанрлік компонент (тілдік материал – таңдамалы газет лексикасы, газеттерде көп кездесетін сөздер мен сөз тіркестері, тілдік ұғымдар). Әртүрлі күрделіліктің тақырыптары, мәтіндер, сөйлеу үлгілері, ситуациялық жағдайлар. 2-психологиялық компонент – тілдік материалмен жұмыс жасау, сөйлеу, коммуникативті қабілеттер. 3 - әдістемелік компонент – оқу қабілеттері, тілдік материалмен жұмыс кезінде қосымша әдебиетпен жұмыс істей алу , әртүрлі сөздіктерді қолдану. 4 – лингвоелтанымдық компонент – лингвоелтанымдық және елтанымдық білімдер.

Практикалық сабақтар: Political life.Political leaders.Political system of Kazakhstan.Society.Civil society.Man and Society.Sport.Special interview with the sport star.Weird types of sports.Nature.Nature and humanity.Environmental Protection.Air pollution.Water pollution. Human rights.Human rights in KZ.Gender equality.Education.The reforms in education system .The education system of Great britain .Globalization.Global problems.Global warming.Recreation.Reformation.Science.Science and humanity.Health care.Fatal disease .Cardio vascular disease(CVD).

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Газет материалының ерекшеліктерін білу, қоғамдық-саяси мәтіндермен жұмыс істей алу, коммуникативті іс-әрекеттің интерактивті формалары арқылы критикалық ойлау қабілеттерін дамыту.


3 курс
5 семестр


Пәннің аталуы

Үй оқылымы

Қысқартылған атауы

ҮО

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары(егер бар болса)

Практикалық,ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Ахмедова Н.А.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Профильді пән, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Лекциялар-45, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағаттар

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Прекреквизиттер: «Практикалық фонетика», «Практикалық грамматика», «Елтану», «Әдебиет»

Білім беру мақсаттары/құзыреттілігі

Композицияларды анықтауды қамтитын мәтін интерпретациясы процесін, стилистикалық сараптама ерекшеліктерін, мәтін сараптамасын презентациясы ережелерін білу.

Мазмұны

Студенттердің ағылшын тілінде оқуының нақты шарттары мен қажеттіліктерін ескере отырып, тақырыптар мен тақырыпшаларды өту тәртібі кафедралармен бекітіледі. Бағдарламада ағылшын әдебиетіне көбірек көңіл бөлінген. Курстың практикалық тапсырмалары бағдарламаның қызметтік бағыттылығы. Үй оқылымының жүйелік курсын меңгеру оқу жұмысының сөйлеу практикасымен байланыстылығын қажет ететінін дәлелдейді.
‘Red’ S.Maugham

‘Louise’ S.Maugham

‘Jane’ S.Maugham

‘Salvatore’ S.Maugham

‘I’ll never forget you’ R. Bradbury

‘Devoted Friend’ O. Wilde

‘Cat in the rain’ E. Hemingway

‘Gift of the Magi’ O’Henry

‘The Dinner Party’ Monssaratte

‘The Happy man’



Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Оқыту процесінде студенттер әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет