/Кекілбайұлы Ә. Әдебиет әзелгі мұратынан айнымақ емес. – «Егемен Қазақстан», 2008, 4 маусым/. Асыл сөздің мұрат-мүддесін көздеу, оның алыс-жақын елдерге кедергісіз жетуін қ амтамасыз етуі, құрмет пен қолдауды да еселеп арттыру қашан да мәнді, кәделі істердің бірі. Жазушы-драматург Ә.Таразидың талғам-толғаныстарынан осыны айқын аңғарар едік: «Тоқ саныншы жылдары егемендікке қолымыз жетті деп бөркімізді аспанға аттық. Содан бері қазақ әдебиетін ағылшын тіліне аударайықшы деген ниет көрінбейді. Бұл бағытта бір қадам жасалғ ан жоқ. Қазір әлемге танылу тек ағылшын тілі арқылы жүзеге асады. Биік мінбелерден солай айтылып та жүр. Бұрын менің қалжың болса да қаны тамған шындыққа келетін- «Орысша шы қпай оңбайсың»дейтін мәтелім бар болатын. Қазір соны -«Ағылшынша шықпай асу аспайсың» деп өзгертуге тура келеді. Ағылшынша шығаруға лайықты шығармалар қазақ әдебиетінде аз емес. Мәдениет пен ақпарат министрлігінен шағын ғана бір бөлім құрып, «қане,бізде аударатын не бар» деп қаржы бөліп жатса қандай ғанибет. Қаржы құдайға шүкір,бар. Соңғы бес-алты жылда халқымыз да еңсе көтеріп қалды. Осы іс қолға алынуы керек, меніңше. Былтыр жылдың аяғында бірнеше министрліктің бөлінген қаржыны игере алмай қалғаны жө нінде ақпарат құралдары жарыса жазды. Сонда мен ішімнен «жымқырудың амалын таба алмай,бойларына сіңбей қалған ақша ғой» деп ойладым. Әйтпесе, жұмсайтын жер неге табылмасын. Сондай босқа шашылып, күйіп жатқан қаржыны әдебиет пен мәдениетке жұ мсап, рухани өреміздің өресін кеңейтіп жатсақ,қане. Мықты аудармашылар тауып, қазақ ә дебиетінің лайықты дүниелерін орыс тіліне аудартсақ,ары қарай ағылшынша оңай болады ғой. Орыстарда ағылшынша аудару жолға қойылған. Егер істі осылай ұйымдастырса, орыс тілі арқ ылы дүниенің біраз елін жаулар едік. Қазақ халқынаң, Қазақстанның беделі өсер еді. Әдебиет арқылы біздің жұртты барша әлем таныр еді. Соны тыңдар құлақ болса, рухани дүниеге жаны ашитын азаматтар мән берсе деп ойлаймын»