Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


тақырып. Қазіргі қазақ әдебиеті және «Мәдени мұра» мемлекеттік



бет23/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

15 тақырып.
Қазіргі қазақ әдебиеті және «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы: бағыт пен бағдар
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының әлеуметтік-қоғамдық һәм әдеби-рухани маңызы. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің халқымыздың қасиетті құ ндылықтарын қорғау мен оны алдағы уақыттарда қолдау, қалпына келтіру мен жақсартуға қ атысты іс-жұмыстардың бағыт-бағдарлары. Көзқарастар жүйесі.
«Мәдени мұра» бағдарламасының әдеби-рухани салалардағы айрықша мәні. Қоғамдық ө міріміздегі, ел дамуындағы, руханият әлеміндегі орны. Бағдарламаның алғашқы кезеңінде (2004-2006 ж.ж.) 35 сәулет ескерткіші қайта жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілді. 30 археологиялық, 17 қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Көптеген алыс-жақын елдердегі – АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей т.с.с. зерттеу жұ мыстары, саралау-салыстырулар жасалды. Құнды дерек көздері алынып, айналымға түсті. Олардың көшірмелері әкелінді. Ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Көптеген елдермен келісім-шарттар жасалды. Тарихи-мәдени маңызы бар – Ақыртас, Бозоқ, Хуара, Тальхир, Тамғ алы, көне Сығанақ қалаларының орны, ежелгі Сауран т.с.с. археологиялық ескерткіштерді қор ғау мен қалпына келтіру жұмыстары жасалып, өзіндік нәтижесін берді.
Бұдан басқа – ұлттық фольклор, әдебиет пен өнер бағытында қолға алынған игілікті істер де жемісті болды. «Бабалар сөзі» атты жоба арқылы қазақ фольклорының – 100 томы жоспарланып, оның басым бөлігі көпшіліктің қолына тиді.Маңызы мен сыр-сипаттары.
«Бабалар сөзі» ғылыми басылым болғандықтан, арғы-бергі кезеңдердегі көне жә дігерлер байыпты бағалау мен зейінді зерделеу, жүйелеу тұрғысынан сергек сараланды. Маң ызды қырларына, құндылық сипаттарына мән берілді. Бағыт-бағдарлары айқындалды.
«Қазақ әдебиетінің тарихы» жобасы бойынша ұлттық сөз өнерінің көне кезеңнен қазіргі уақытқа дейінгі аралық жаңаша бағалау мен зерттеу тұрғысынан жүзеге асырылды. «Қазақ ә дебиетінің тарихы» - он том көлемінде жарық көрді. Көне миф, аңыз-әңгімелерден бастап қ азіргі әдеби үдеріс мәселелері, әдеби жанрлар мен көркем туындылар, арғы-бергі дәуірлердегі танымал тұлғалар мен олардың өмірі, кезеңдері, шығармашылық мұрасы, алыс-жақын елдерді ң дерек көздері т.с.с. кең көлемде қамтылды. Маңыз-мәні көрсетілді.
«Қазақ әдебиетінің тарихы» табиғаты мен құрылымы жағынан да жүйелі, белгілі бір ма қсат-мүдде тұрғысынан жүзеге асырылды. «Бабалар сөзі», «Әдеби жәдігерлер» - көне кезең шындықтарының мәдени-рухани астарларын ашса, одан кейінгі дәуірлерде (ХҮ-ХХ ғ.ғ.) тарих тағылымдары, «ақтаңдақ әлем» сырлары көрініс береді. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті (1900-1917), 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті жеке томдарды құрайды. Библиографиялық көрсеткіштер қ атар беріледі.
Бұдан басқа – «Қазақ әдебиетінің тарихы»: кеңес дәуірі (1956-1990), тәуелсіздік кезеңі (1991-2001) сынды жеке томдардан да жаңа бағыт, соны көзқарас, танып-талдау мәнерлері бай қалады. Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары, әдеби өмір шежіресі,библиографиялық көрсеткіштерге кең орын беріледі. Еліміздегі демократия бағыттары мен тәуелсіздік тағ ылымдарын басшылыққа алған зерттеу мен зерделеу сипаттарынан дерек көздеріне ден қою, жүйелі қарастыру мен саралаулар, танып-талдау мүмкіндіктері кеңінен көрініс береді. Ұлттық м ұрат, тарихи парыз бен қарыз, жауапкершілік сынды сипаттар да айқын аңғарылады.
Ал, «Қазақ музыкасының антологиясына» ұлттық фольклор мен өнердің үздік үлгілері – ән мен күй мұрасы енген. «Антология» табиғатына ғылымилық, жүйелілік тән екенін ескерсек, халық мұрасының баға жетпес байлығы – әндері мен күйлері дербес, жеке жарық кө рді.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында - «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясының қалың көпшілікке жол тартуы ұлтымыздың ұлық өнерін, он ғасырлық музыкалық мұрасын құрметтеу мен қолдаудың жарқын да жасампаз үлгілерін жан-жақты танытады.
«Антология» табиғаты мен мазмұнынан бағзы замандардағы «әсем ән мен тәтті күйдің» халық қасиеті мен қадірін танытудағы орын-үлесі, күй атасы – Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі желісі мен жүйесі бұзылмаған қобызға арналған күйлер, Сармалай бастаған сыбызғ ыдан өріліп, өрнекті өріс алған өрелі өнердің биік мұраты мен ұлағаты, ұлттық күй мұрасыны ң ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа желісі үзілмей, арналы ағыс құрауына өлшеусіз үлес қ осқан – Байжігіт, Дәулеткерей, Тәттімбет, Құрманғазы, Дина, Сүгір, Н.Тілендиев, Қ .Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Т.Момбеков, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үсенбаева т.б. орындаушылық қырлары халық сүйіспеншілігіне бөленді. Өнердің өміршеңдік қасиетін, ұ лағаттық сипаттарын жарқырата көрсетті.Өнер мен өнерпаз мұраты.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бағыт-бағдарлары мен оның аясында атқ арылатын ауқымды да кәделі істер келешекте де кең өріс алады. Жаңа бағыт, өзгеше жобалар мен тың туындылар қалың жұртшылықтың жан-жүрегін тербеп, көңіл толқындары арқылы алыс-жақынға жететіні анық. Байыпты бағдарлама алдағы кезеңдерде де жан-жақты байытылып, жаңа уақыт талаптары тұрғысынан толығатын болады. Кемел келешек – мәдени м ұралар арқылы да арналы ағыс құрап, кең өрістерге де шығады. Жаңа уақыт талабы да осы.
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ

Тәуелсіздік –ұлт мұраттарының жарқын да жасампаз көріністері болса, ал оның руханият ісіндегі сыр-сипаттары әдебиет әлемінен, тақырып пен идея бірлігінен, жанрлар жү йесі мен көркемдік-эстетикалық құндылықтардан, замана шындығы мен көркемдік шешімнен, уақыт бедері мен тұлға табиғатынан, тілдік-стильдік ерекшеліктерден айқын аңғарылады. Жа ңа уақыт тынысы, ел өмірі мен қоғамдағы азаттық пен еркіндік рухы –ақын-жазушылар шығ армашылығынан жаңашыл бағыт, іргелі ізденістер арқылы кең көлемде көрініс тапты. Алайда, тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттің даму бағыт-бағдарлары, идеялық-эстетикалық қырлары, стильдік сипаттары әлі де жан-жақты айқындалып,қалың көпке қаз-қалпында жетпегені анық. Кезең, құбылыс ретінде де толық қалыптасқан жоқ. Қысқа шегініс жасасақ, әсіресе:


«...ХХ ғасырдың өн бойында қазақ әдебиеті өз даму тарихында үш шоқтықты кезеңді басынан кешті.
Бірінші – кезең ұлы Абай бас болып, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтан-Махмұт Торайғыров секілді ақын, жазушылардың туғ ан әдебиетімізді жазба әдебиеттің классикалық деңгейіне көтерген ширек ғасырлық (1900-1925) өнім-жемісін қамтиды.
Қазақ Кеңес әдебиеті саналатын екінші кезеңі – 1917 жылдың Қазан революциясынан басталып, 1991 жылға дейін созылады. Жиырмасыншы жылдары ол ұлттық-демократияшыл ә дебиетпен бәсекелесе қатар дамыды да, отызыншы жылдардан 1991 жылға дейін жеке дара ө ркендеді. ХХ ғасырдың бас шеніне дейін бірқатар жанрға әлі қол арта қоймаған әдебиетіміз енді көркем сөздің барлық жанрын игеріп, сан сапалы, толымды, толайымды табыстарға қол жеткізді. Қазақ әдебиетінің ең үздік туындылары әлемдік аренаға шықты. Абай, Жамбыл, Мұ хтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Әбдіжамил Нүрпейісов, Ә нуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов есімдерін білмейтін өркениетті ел кемде-кем. «Абай жолы» роман-эпопеясы «басқа әдебиеттерге, оның ішінде шетел әдебиеттеріне әсер тигізе алатын қазіргі заманның ең көрнекті шығармасы деген биік дәрежеге ие болды» (Ғ.Мүсірепов. Суреткер парызы. А, 1970.-391 бет).
Үшінші кезең – қазақ халқының тарихындағы ең бақытты дәуірден, маңдайы жарқырап, тәуелсіздік туын желбіретіп, мерейі үстем болған және елімізді демократиялық жолға түсірген 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталады» (Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. – Алматы: Қаз Ақпарат.-9 бет).
Ақиқатында, ұлттық сөз өнері бастапқы кезеңдерден- ақ ел өмірін,дәстүр салтты,тұ рмыс-тіршілікті кең көлемде көрсетті әр қилы кезең,сындарлы сәттерді адам өмірі мен ең бегін,талайлы тарихты,тағдырлы тұлғаларды т.с.с көркем баяндау,шындыққа сыйымды қ алыпта суреттеу сипаттары басым болды.Өйткені: «Әдебиетте бәрі де адамға-авторлық пайымның дәлдігі мен тереңділігіне,кейіпкердің мінез- құлқы мен әрекет аясының шынайылы ғы мен нанымдылығына, оқырман зердесінің нәзіктігі мен сезімталдығына барып тіреледі. Ал бізде бүгін автор да, кейіпкер де, оқырман да ойсырай жарақаттанған ошарылмалы қоғамның түлектері. Күні кеше ғана олар өздерін қоршаған дүниені жаппай мағынасыздық санап, шың дап түңіліп жүрді. Қоршаған ортадағы құбылыстар енді-енді айқындап келеді. Көбі әлі де бұ лыңғыр, әлі де күңгірт. Тұтаса, сомдала қойған жоқ. Ала-құла, үзік-үзік. Алайда, біз көп сыр сипаты әлі де түсініксіз, әлі де беймәлім, аса орнықсыз ойнамалы дүниеде өмір сүріп жатқ анымызды, тіршіліктің мақсаты да – сондай қарама-қайшылықтар мен екі ұштылықтар ә лемінен жөн-жосықты мән-мағына табуға тырысу екендігін енді-енді ұғынып келеміз. Ә дебиет деген, түптеп келгенде өмірдің жай әншейін көшірмесі ғана емес, оның өзіне міндет жү ктеп, талап қойып, бәрін жіпке тізіп, барлап, талдап, бажайлай бағалап отыратын ымырасыз бә секелесі де екен. Ендеше, мақсат пен әрекеттің, ниет пен нәтиженің, ықпал мен әсердің тепе-те ңдігіне жетіспей тұрып, әдебиет те өмір сияқты ауыспалы ахуалдан арыла қоймайды. Оның кө ркем шығармашылық көсегесін көгертетін үштік – автор, кейіпкер, оқырман да - әртарап қ алпында қалып, соның салдарынан әлеумет ықыласын бірден баурап алар толыққанды эстетикалық ләззатты қамтамасыз ете алмаса керек...
Ендеше, осындай қалтқысыз сұхбаттас, қаяусыз пікірлестің орнын тек кітап қана толтыра алады. Оны оқып отырып, тек өз замандастарың мен отандастарың ғана емес, жалпы адамзаттың бүгінгі және бұрынғы ұрпақтарының өмір тәжірибелері мен көзқарастарымен танысып, өз ойлары мен сезімдеріңді өзгелермен салыстырып, өз жан дүниеңді өзің елеп-екшелей аласың.
Адам жады мен абырой-намысын көздің қарашығындай сақтап, ар-ұжданы мен сезімін аялай сыйлап, ақылы мен тәжірибесін үздіксіз байытып, әдебиет әуел бастан бергі әмбеге орта қ жанашыр, әмбеге ортақ ұстаз маңызын одан әрмен нығайта бермек. Сол арқылы әзелден бергі киелі мерейіне қылау түсірмей, мүлтіксіз сақтап қала алмақ.
Олай болатыны түсінікті. Бүкіл тарих көрсетіп отырғандай: ешбір қоғам мен ешбір кезең тек өңкей ізгіліктер мен жетістіктерден, жаңалықтар мен жақсылықтардан тұрмапты. Ләйім, болашақ та солай болғай. Сөйте тұра, адамзат ізгілік пен жақсылыққа, адамгершілік пен гуманизмге үзбей тырысу арқылы ғана жер бетінде өзін-өзі сақтап қала алып отыр. Әдебиет те тек солай еткен жағдайда ғана адамдар ықыласын ақтай алады.
Әзелден әдебиеттің пешенесіне жазылғаны сол»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет