Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Акедемик Ғ.Есім еңбектерінің



бет36/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Акедемик Ғ.Есім еңбектерінің басында ұлттық ақынымызға арналған- «Хакім Абай» т ұр. Адамдық пен ақындық - Ақыл мен парасат биігіне көтерілген. Ақынның поэтикалық қуаты - ұлттық мұраттан нәр алады. Көркемдік дәрежесі мен рухани сипаттары - елдік мұрат-мү ддеге негізделген. Кітап авторы Абай әлеміне еркін енеді. Өмір-өнер-өлең сынды үштаған ұғ ымдар сырына назар аударады. Көркемдік - рухани құндылықтардың мән- маңызын ашады. Қ азақ сһзінің өзіндік ерекшеліктерін Абай мұрасымен сабақтас көрсетеді. Адамзаттық құндылы қтар, әлемдік құбылыстар, мәдени-рухани игіліктер - Абай мұрасы арқылы танып, талданады. Өйткені:
«Автор-қаламгер Абай барған тақырыптар жайлы зерделеп, Абай суреттеген, Абай бейнелеген өмір көріністерінің бір де бірін қалт жібермейді. Сонау ХІХ ғасырдағы қазақ тұ рмысы мен қазақ қоғамының рухани, әлеуметтік-саяси астарлары Абай поэзиясы, Абай ғақ лиялары арқылы жаңаша пайымдалады, Ғарифолла Есім бірнеше іргелі ғылымның басы қосыл ған жол айырғынан ақынның жан-дүниесінің шындығына, сол тұстағы қоғам болмысының барлық қайшылығының ішкі сырына әдебиетші, философ көзбен үңіледі. Осының барлығын Ғ .Есім құнарлы ғылыми деректермен астастыра, тарихи уақиғаларға табан тірей отырып, кө ркемдік бітім болмысы тұтас жинақтаулар жасайды»// Әбдезұлы Қ. Даналық антологиясы.-«Егемен Қазақстан»,2007, 4 мамыр//. Ғ.Есім еңбектеріне байыппен назар аударса қ, ұлттық мұратпен тәуелсіздік, елдік санамен рухани құндылықтар, адам еңҒ.Есім ең бектеріне байыппен назар аударсақ, ұлттық мұратпен тәуелсіздік, елдік санамен рухани құ ндылықтар, адам еңбегі мен мәңгілігі туралы толғамдар терең танылады: «Қазақ елінің мәң гілігі әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің - кеңістігі. Ол ұрпақтар қамы. Ел болу сонау тү ркі заманынан үзілмей келе жатқан келе жатқан арманы. Ел болу болашаққа, келер ұрпаққа ашылар жол. Ол жолды қадірлеп, таза ұстау бүгінгі тірілердің ұрпақтар алдындағы парызы, ата-бабалар алдындағы - қарыз. Ел болу идеясы парыз бен қарыздың түйіскен жері» // « Егемен Қазақстан»,2005, 28 маусым //. Ғ.Есім еңбектеріндегі басты арқау-қазақ халқы, оның бостандығы мен т әуелсіздігі. Автор бұл тақырыптарды тарих тағылымдарымен, қоғамдық-ә леуметтік ахуал мен елдік мұрат, дүниетаным тұрғысынан саралайды: «Тәуелсіздіктің басты ұғымы - мемлекет. Себебі, тәуелсіздік дегеніміздің өзі этностың ұлттық мемлекет құру туралы қиялынан, арманынан, мақсатынан,мұрат биігінен туындайтын дүниетаным. Осылай болғандықтан тәуелсіздіктің нақтылы саяси жетістігі, биігі-ұлттық мемлекет. Саяси билікке қ олы жетпеген халықта тәуелсіздік туралы тек арман, қиял, утопия ғана болмақ. Тәуелсіздікке жеткен халық, ұлт өз мемлекеттігінің іргетасын құрудан бастап, өзін жаңа сана биігіне көтере бастамақ. Мемлекеттікке ие халықтың тәуесіздік туралы философиясы, мемлекет философиясымен табиғи түрде бірігіп кетуі түсінікті әрі қалыпты жағдай. Біз қазір осы саяси жағдайда өмір сүріп жатырмыз» // Қазақ ренессансы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 3-4 бет//.
Ал, бостандық, еркіндік мәні – тарих пен таным, саясат пен парасат арқылы сабақтастық та өріс алады: «Бостандық саясаттан биік ұғым. Бостандықты тек саясатпен түсіндірсек, оның болмысын бұрмалауға, теріс ұғындыруға мүмкіндіктер ашып аламыз. Мұндай әрекеттер болғ ан, оның атауы – идеология, яғни жалған сана. Бостандықтың шын болмысын ізгілік пен парасат арқылы түсіндірген абзал. Ізгілік адамзаттың мәңгілі асыл қасиеті. Ізгілік жаратушының, жартылыстың, табиғаттың өзегі... Бостандық деген әркімнің бет-бетімен босып кетуі емес, әрбір азаматтың өз еліне деген тәуелділік санасы болса керек. Халқын құрметтеген адам ғана бостандық идеясын қабылдап, оны өзінің өмір салтына айналдыра алады. Бостанды қ деген туған елімен, жұртымен қандай жағдайда бірге болу» // Сонда, 22, 24 беттер//.
Демек, Ғ.Есім еңбектеріндегі тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымдары елдік сана мен еркіндік мұраттары, адам өмірі мен еңбегіне қатысты көзқарастар, кемел келшектің жарқын да жасампаздық сипаттары дәлел-дерегімен, талдау-саралауларымен мәнді, терең көрініс береді. Ұстаз – ғалым арғы-бергі кезеңдерде барлау-саралаулар жасау арқылы ұлт мұраты мен руханият хақында келелі ойлар қозғайды. Елдік пен еркіндікті – халықтың арман-аңсарлаымен байланыстырады. Ұлт пен ұрпақ қамын тәлім-тәрбие ісін де осы бағытта тарата талдап, ә леуметтік-рухани сипаттарын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет