Т.Толқынқызы «Бостандық» өлеңінде:
Құладық, жыладық, сұрадық, біз сені, Бостандық!
Жүректің жасымен құрадық, біз сені, Бостандық!
Күнәсіз ұрпаққа келетін қазақтың жеріне,
Қалдыру үшін де мұра ғып, біз сені, Бостандық!
Бағың нық байлаған тағдырға амалсыз бағындық
Бостандық біз сені расында керемет сағындық, -
деп көне кезең, қилы сәт, талайлы тарихтың беймәлім беттерінен сыр толғап, тебіреністі тұстары мен дүрбелең-шырғалаңға толы бұралаң жолдарын еске алады. Сол арқылы тарих толқындарының танымдық қыры мен тағылымды тұ старын, кеше мен бүгіннің сабақтастық сырларын бейнелі де бедерлі жеткізеді. Тарих пен танымға ден қою, азаттық пен бостандықтың маңыз-мәнін айқындау, қилы кезеңнің бұралаң -шырғалаңдарынан түйінді-тұжырымдар жасау т.с.с. уақыт пен кеңістік аясында өріс алады. Ізденіс арналары, талап деңгейі де жіті танылады.
Қазақ өлеңінің тарихы бай, тағылымы мол. Дара дарынның талант-табиғатынан тумыстан тамыр тартқан қуат-күшпен бірге айнала-әлемді қабылдауда, көркемдік-эстетикалық жүйеде, суреттеу сәттері мен ондағы үлгі-өрнектерінде айтарлықтай белгі-ерекшеліктер мен ө зіндік өзгешеліктердің бары айқын аңғарылады. Осы орайда,айрықша дарын иесі М.Мақ атаевтың ақындық әлемі мен көзқарас- танымынан көптеген түйін-тұжырымдар табуға болады:
« - Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиісті... (3 бет)
Ақын құдіреті - өмірден өзін ,өзінен өмір жасай білуінде (4 бет)
...Поэзия – ғылым. Зерттеу керек...Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол – тек поэзия (17 бет)
Өлең – ең әуелі шығармашылық, қажырлы еңбек. Азапты, жүйкеге салмақ салатын жұ мыс. Оңашалануды және тыныштықты сүйеді (45 бет)
Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне – кәміл сенемін. Адамзат жаны қатігез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қ алады. Ол – ақын. Ақырғы сөз соныкі...
(49 бет)» (Мақатаев М. Күнделік. –Алматы: Қаз Ақпарат, 2009.- 110бет).
Тәуелсіздік кезеңінде – қазақ ақындары поэма жанры арқылы да мол мүмкіндіктерін кө рсетті. Эпик ақындар іргелі ізденіс пен кең ауқымдағы тақырыптарға еркін барды. Қоғамдағы, ел өміріндегі өзекті мәселелер арқауына айналды. Ел тарихындағы азаттық пен бостандықтың маңызы адам өмірі мен еңбегі, тарих пен тағдырдың талайлы тұстары, елесті коммунизм мен з ұлматты социализмнің «сырлы сипаттары», алапат аштық пен қуғын-сүргін көріністері, ақиқат пен жалғандықтың мәңгілік күресі т.с.с. кең көлемде көрініс берді. Бұл бағыт пен тақ ырыптардағы туындылардан тарих пен әдебиеттің арналары да терең иірімдері, танымал тұлғ алардың еңбегі мен ерліктері, ел өмірінің белесті тұстары мен елеулі кезеңдері, өмір-уақыт шындықтары дәйек-дерек көздерімен, мол материалдарымен жүйелі жеткізіліп, одан арғ ы-бергі кезеңнің күрделі де көркем көріністерін терең танытатын танымдық-тағылымдық сипаттармен бірге өрелі екпін, тегеурінді серпін, сергек сезімдер айқын аңғарылады. Қазіргі кезеңнің іргелі де өзекті мәселелері бейнелі бедер, көркем көрініс, сәулелі суреттер арқылы да қалың көпшілік көңіліне тура жол тартқанын айту абзал.
Ақиқатын айтқан жөн, қазақ ақындары ел өміріндегі жаңалық-жетістіктерді, ұлт тарихының белесті тұстарындағы танымал тұлғалардың тағдырлы-тұрлаулы бейнелерін отаншыл, бейбітсүйгіш сипатта, татулық пен туыстықты ту еткен қалыпта, ерлікке толы ә рекет-қимылдарымен қатар көрсетті. Қоғамдық құбылыстар, кезең көріністері, адам әлемінің мың сан иірімдері, тарих пен таным тағылымдары уақыт бедеріне сай көрініс тапты. Басты ерекшелік ретінде бөліп айтар болсақ, қазіргі қазақ поэзиясы тақырып алуандылығымен,оны жырлау мен жеткізу ісінде түрлі қырынан келіп, салыстыру мен салғастыруға, көркемдік пен сабақтастыққа еркін барады. Тарихи тақырыптар мен танымал тұлғалар табиғаты алуан ізденістер жүйесі негізінде беріледі. Халық өмірінде болған оқиғалар мен қилы кезең кө ріністері, адамдар тағдыры мен талайлы тағдырлары, жастық сырлары мен достық арналары, с үйіспеншілік сезімдері жан-жүректен қозғалып, көңіл толқындарымен табиғи үндеседі. Ізденіс арналары алдыңғы кезекке шығады. Шеберлік сырлары, шынайылық үлгілері маңызды мәнге ие болады. Ұлт мұраты мен елдік мүдделер, руханият мәселелері биік бел-белестерге кө теріледі. Қазіргі кезеңнің шындығы да осы.
Жасыратыны жоқ, бұл тұста: «Поэма жанрының әр дәуірдегідей, ең басты көркемдік ерекшелігі бұл жылдарда да айқын көзге шалынды. Ақын атаулының бәрі де өз туындысында өзі өмір сүрген заманның ең үлкен де ауқымды мәселесін жырлауды басты нысана етіп ұ стайтыны аян. Тәуелсіздік жылдарында да қазақ поэмаларында қазақ қоғамындағы ең өзекті, к өкейтесті мәселелердің көркем суретке айналғаны байқалады.
Қазақ халқына тәуелсіздіктің аса жеңіл жолмен, көктен оп-оңай түсе қалмағаны тарихи а қиқат. Тәуелсіздікке ғасырлар бойғы ерлік күреспен, шиеленіскеп, тартыспен халықтың әрең дегенде қолы жетті. Міне, бұл тарихи ақиқатты эпик ақындар өз шығармаларында басты кө ркемдік нысана етіп ұстағаны бірден көрінді.
Орыс империясына қазақ елі ХҮІІІ-ғасырда бағынып, бодан болғаны тарихи шындық.. Ү ш ғасырға жуық уақыт ішінде қазақ халқы отарлау саясатының адам айтқысыз азабын бастан кешті. Сол азапқа мойын сұнбай, көнбей қазақ халқы отаршылыққа қарсы үш ғасырдағы отаршылық саясатқа қарсы үш ғасыр бойы ерлікпен күресті де. Бұған ХҮІІІ ғасырдағы отаршылық саясатқа қарсы Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783-1797), ХІХ-ғасырдағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847), ХХ-ғасыр басындағы Амангелді Иманұ лы бастаған көтеріліс (1916) толық дәлел. Отаршылдыққа қарсы қазақ халқының қаһармандық күресі қазақ әдебиетінде жарқын бейнеленгені мәлім. (М.Әуезов «Қилы заман», С.Мұқанов «Ботагөз», Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов шығармалары, т.б.). Әдебиеттегі осы бір көркемдік дә стүр тәуелсіздік жылдары барлық жанрда да, соның ішінде поэма жанрында да жалғасын тапты» (Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. – Алматы: Қаз Ақпарат.- 312 бет). Осы реттен келгенде, Т.Әбдірахманованың «Елтұтқа»,
К.Салықовтың «Дананың сәтті сапары»,
Қ.Мырза Әлінің «Заман-ай», «Бес жыл өткен соң»,
М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы»,
Ж.Бөдешұлының «Жақия»,
Т.Медетбектің «Махамбет рухының монологы»,
С.Тұрғынбекұлының «Махамбет және Жәңгір хан», «Кейкі батыр»,
К.Ахметованың «Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық»,
Н.Айтұлының «Бәйтерек», «Мұқағали –Желтоқсан»,
А.Егеубайдың «Желтоқсан»
т.т. поэмалар әр алуан тақырыпты қамтығанымен, бәрі-баршасында ел өміріндегі елеулі оқиғ алар, белгілі адамдардың қиын-қыстау кезеңдердегі ерлік істері, ақиқат пен азаттық жолындағ ы мұраттары, сындарлы сәттердегі ұтымды да ұнамды тұстары көркемдік дәстүрге сәйкес жаң а сапа, терең мазмұнға ие болады.Бастысы,әрине қайсібір ақын да елдік мұрат-мүддені терең т үсініп,осының негізінде эпикалық жанрда тарих қойнауларына еркін енеді.Ел тарихының қ илы кезеңдеріне,сындарлы тұстарына сергек қарап,азаттық жолындағы күрестің қандайына да көркемдік Һәм реалистік тұрғыдан ден қояды.Халық азаттығы мен бостандығы болмайынша қ оғам дамуы,өмір-тұрмыс мәні,ақыл-парасат көкжиегі кеңімейтіндігін жан-жақты ашады.Ұлт м ұраты мен тарихы,азаттығы мен бостандығы,келелі келешек көкжиегі- елдік мүдде алдыға шы ғып,сән-салтанат құрғанда ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізуге болатынын кеңінен кө рсетеді.Басты тақырып-азаттық,бостандық,тәуелсіздік мұраттары бар қырынан ашылып,маң ыз-мәні,мәңгілік сипаттары кең көлемде көрініс береді.Біздіңше,тақырыпқа адалдық,ұлт мұ раты мен тарихқа,оның әр кезеңдердегі сыр-сипаттарына шынайылық тұрғысынан қарап,бағ алау тұстарынан тереңдік танылады. Өмір мұраты,уақыт шындығы осы.
Тәуелсіздік жылдары –«Отырар кітапханасы» сериясымен (2001), «Жас ақындар жырларының антологиясы» (2000), «Өлең өлкесі» (қазақ табиғат лирикасының антологиясы-2009), т.т. өлең, жыр жинақтары жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |