«Көсем көкжалдың мәңгілікке сапары» - Адам - қоғам, Дала – табиғат туралы. Атамекен мен Атамұра жөнінде.
Қасқыр мен иттің арғы – бергі сипаттары саналады. Өзара қақтығысы, әрекеттері беріледі. Сыр – сипаттары ашылады.
Тәңір ісі, тағдыр жазуы қатар көрсетіледі. Тағдыр барлық істің басы, болмысы ретінде к өрінеді. Өмір мұраты, мәні айқындалады.
«Баба – жұрат» - тарих тағылымынан сыр қозғайды. Арғы-бергі кезеңдерег назар аударылады. Батыр, билердің өмірі мен ұлағаттары еске алынады. Аға ұрпақ өкілдеріне тағ зым етіледі.
Әке мен бала арасындағы әңгіме – сұхбат – өмір – уақыт – ұрпақтар сабақтастығы төң ірегінде өріс алады. Тарих тағылымдары, кеше – бүгін байланысы, адам өмірі мен еңбегі кең к өлемде қозғалады. Тарих пен тағдыр, таным төңірегінде келелі ойлар да, тағылымды сырлар да бар. Автор айтқандай: «Ғасырлар дегеніміз, ұрпақтардың өмірлері мен өлімдерінен құ ралады екен ғой! Қрпақтар өмір үшін туады, өмір үшін өледі» деген жолдарда тарих сабағы, уақыт таңбасы, өмір тәжірибелері бар // Сонда, 34 бет //.
«Архат» - Шыңғысханның жасы ұлғайған сәтін суреттейді. Өткен өмірін еске алады. Шыңғыс үнді шалын еске түсіреді. Өмір – өлім туралы сөз болады. Ақыл мен қара күш сынға түседі. «Өмір шеңбері қайдан басталды, сонда аяқталуы керек». Туған жер мәні сөз болады. – «Архат» - құдай, шал өзін құдаймын, -» дейді.
«Дала заңы» - қария мен жас ұрпақ арасындағы әңгімеге құрылған. Адамдық пен ә ділдік, жақсы-жаман, ақыл-жүрек, әдептілік пен әдепсіздік, т.б. ел өмірімен, арғы-бергі тарихпен байланысты өріс алады.
Достарыңызбен бөлісу: |