Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм



бет41/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

«Қорқыт» (VII-IX) – Қорқыт дүниетанымы, «Қорқыт ата кітабы» туралы ойлар мен толғ аныстардан тұрады. Қорқыттың өмірі мен өнегесіне, кезеңі мен көзқарас, ұстанымдарына мән – маңыз беріледі. Қорқыт хақындағы аңыз әңгімелерге, дерек көздеріне назар аударылады. Тү ркі дүниетанымындағы – Тәңір, Тағдыр, Бай, Бек, Кісі, Құт т.т. сыр – сипаттары ашылады (168 бет). Қорқыттың ақыл-парасаты, даналығы мен даралығы, кемеңгерлігі мен кереметтігі турасындағы таным-талдаулардан тереңдік пен дәлдік, нақтылық танылады. Қорқыт дү ниетанымы мен ұстанымы – ғұмыр һәм өмір сүру философиясымен қатар көрсетіледі. Ол – адам табиғаты, болмысы мен тағдыры тқңірегінде көрініс береді. Автор түйін-тұжырымын былай білдірген: «... дана Қорқыт ажалдан қашқан жан емес, ол ажалдың құпиясын, сырын тү сінуге тырысқан – хакім. Оның алдында шешуі жоқ екі проблема тұрған: бірі ғұмыр, екіншісі осы ғұмырда өмір сүру. Яғни, ол өмір философиясы және өмір сүру философиясының мә селелерін сол өз заманында – VIII ғасырда күн тәртібіне қойған» (173 бет). «Қожа Ахмет Иассуи» туралы эсседе Алла ақиқаты, жаратушы мен жарылқаушы жайлы кеңінен сөз етіледі. Адам мұраты, өмір-өлім хақында да дерек көздері мол. Адамзаттық құндылықтар, адам еңбегң мен еркі, өмір өнегелері туралы толғам, көзқарастар кездеседі: «Адам өзін жаратқан Алласын сүюге ерікті. Осы ерікті пайдаланып іске асырғандарды біз тақуалар дейміз. Тақуалар өз жү регімен Алланы танып, оған ғашық болғандар. Тақуалық –нағыз дүниетаным. Олар – мистиктер. Бірақ олар бұл жолға идеологиялық тәсілмен жеткен қолдан жасаған ойшылдар емес, өздері ерікті түрде абсолюттік ақиқатты сезінушілер. Олар сөзсіз ерекше қасиеттерге ие жандар. Бұл адам құпиясы. ...Адамның еркі –қазына. Оны меңгеру, іске асырып пайдалану ә ркімнің қолынан келмейтін іс екенін Иассауи тақуалығының мәнін осылайша түсінуіміз керек. Иассауи өмірі –ғибратты өмір. Ол дүние қызығынан безініп тақуалық жолына түсуі өзгелер ү шін қам жегендігі, солар үшін өзін өнеге еткендігі... Иассауи әрекетінде құрбандық жоқ, қалай адам өзін еркін меңгеру керек деген өнегелік бар» (180-181 бет). Өмір мұраты, адам сапасы мен үлгі-өнегелік қырлары, қымбат қасиеттері де осында жатыр. Адам еңбегімен, құндылық қ ырларымен қымбат. Қ.А.Иассауи дүниетанымы, тағлымы осыған келіп саяды.
Қазақ қаламгерлері (Ж.Аймауытұлы, І. Жансүгіров), алыс-жақын елдердің ақынжазушыларының (Бальзак, Л. Толстой, Фолькнер, Хемингуэй, Камю, Ш. Айтматов т.б.) ерекшеліктері, тақырыптары, басты бағыт –бағдарлары кең көлемде сөз етіледі. Адамдық сапасы мен қаламгерлік келбеттері, жекелеген туындылар табиғаты, өзіндік ерекшеліктері кө рсетіледі. Айқын байқалар жайт: қаламгер қайсібір тақырыптың да әлеуметтік астарларын ашады. Көркемдік-рухани қырларына мән береді. Танымдық-тағылымдық сипаттарына көңіл бөледі. Таныс тақырыпқа әлеуметтік-философиялық талдаулар жасайды. Көркемдік-дү ниетанымдық қырларына, адами-имандылық мәселелеріне жіті үңіледі. Бастысы, әрине белгілі қаламгерлердің танымал туындыларының, ондағы адам мұраты мен өмір шындықтары, қилы кезең көріністері мен еңбек сипаттары терең таным, іргелі ізденіс, байыпты талдау, саралаулар арқылы нанымды сөз болады. Автор ақын –жазушылар шығармашылығын өздігінше таныптаразылаумен бірге, ондағы басты арналарға, туынды табиғатына, өмір шындықтары мен кө ркемдік танымға, дерек көздері мен ондағы дәлдікке, шеберлік пен шешендік сипаттарына көң іл бөледі. Жазушы еңбегі мен шығармашылықтың қыр-сырына, иірімдеріне енеді. Көзқарас пен қолтаңбаның мән-маңызына ден қояды. Маңыздысы, әрине автор қайсібір қаламгерлер ха қындағы ой-сөз жүйелерін нақты, нанымды жеткізеді. Талдау, салыстырулары салмақты да ұ тымды. Тақырыптың әлеуметтік мәніне, көркемдік шындықтың философиялық астарларына назар аударады. Шындық пен шеберлікке айрықша мән береді.
Автор әр алуан қаламгерлер ерекшеліктерін түрліше ашады. Айталық, Ж.Аймауытұ лының артықшылығы – тіл мүмкіндіктерінен танылса (201-202 бет), І.Жансүгіровтің таным де ңгейі – Абай мұрасын тану, зерделеу тұстарынан көрінеді (205-207 бет). Ал, Ш.Аймауытов туындылары – «қош бол, Гүлсары», «Тау мен дала хикаялары», «теңіз жағалаған тарғыл тө бет», «Ақ кеме», «Боранды бекет», «Жан пида», «Тавро Кассандра» т.т. талдап-саралаулармен бірге, ондағы тақырып табиғаты, фольклор мен фантастика сабақтастығы, қоғамдық-ә леуметтік қайшылықтар, адам дүниетанымы мен адамгершілік мұраттар, ақыл-парасат пен дін -діл төңірегіндегі көзқарастар көкжиегіне қатысты баяндалады. Кейде қысқа қайырымдар, қ айсібір тұстарда терең талдау, байыпты саралаулар арқылы адамзаттық құндылықтар, кө ркемдік-рухани мұраттар туралы келелі ойлар қозғалады. Жазушы еңбегін тану мен бағалау, басты тақырыпты, негізгі мәселені тап басып көрсету, көркемдік мұраттарға еркін ену – Ғ. Есім көзқарасы мен қолтаңбасына тән басты белгі, негізгі өлшемдерінің бірі.
Әсіресе, философиялық проза жанрындағы өзіндік өрнек пен ізденіс арналарынан, кө ркемдік мұраттарынан көзқарас пен қолтаңба да, еркіндік пен тереңдік те танылады. Бұл бағ ытта қазақ қаламгерлері мен оқымыстыларының ой-пікірінде шындық сырлары мол.
Жазушы Ә. Кекілбаев: «Өз басым Ғарифолланың әдебиетке келуінде таңғалатын ештеңе жоқ деп есептеймін. Өйткені Ғарифолла – дәрісханалық философ емес, әлеуметтік философ. Ә леуметпен бірге өмір сүретін, әлеумет уайымдайтын проблемаларды бірге уайымдасатын, сондай-ақ уайымынан құпия жасамайтын, керісінше қабырғалы жұртына жайып салатын философ. Философтың негізгі міндеті – әлеуметпен бірге өмір сүру. Ондай философтың ә леуметпен тілдесетін, сқхбат құратын арналары өте санаулы. Сол санаулы арналардың біреуі – әдебиет. Сондықтан Ғарифолланың әдебиеттен қашса құтыла алмайтын жағдайы бар.
Әдебиеттің өзінің заңы да көп, түрі де көп, жанры да көп. Алайда, әдеби тіршілікті де ә леуметтік тіршілік белгілейді. Өлең оқитын кезең болады, роман оқитын кезең болады, ұзақ эпиканың дәурені болады. Театрдың дәурені болады. Жай әлеуметтік өміріміздің өзі – импровизацияның кезеңі. Бүгін басталып жатқан істің ертеңгі жалғасы қалай өрістеп кететіндігін бүгін айта алмаймыз ғой. Себебі ертең оны өзгертіп жібереді. Мұндай дәуренде іргелі беллетристикаға отырып қалу көп жағдайда трактормен газон ойғандай шаруа болады. Сондықтан жанрдың ең қысқа, зергерлік түрлеріне қызмет істеу – уақыттың туындатып отырғ ан шарты. Соны Ғарифолла «Жар жағасы» кітабында жақсы ескерген. Өзінің философтығын пайдаланып, уақыттың сұранысын дөп басып, «ұазіргі қазақ қауымының назарын не аудару керек?» деген мәселеге байланысты өзінің ұстанымдары мен түйіндерін әдебиеттің ең қысқа миниатюралық жанрлары, оның ішінде эссеистикаға, новеллистикаға сыйғызып айтуға тырыс қан».
Академик Р. Нұрғали: «Философиялық прозаның дәстүрі тым алыста жатыр ғой. Анау арғы замандарға барсаңыз. Інжіл мен Құран да философиялық дүниелер. Платондар, тіпті бергі замандағы Жан Поль Сартрлар, орыстың Бердяевтары... Үлкен деңгейдегі философиялы қ романдар өз алдына, ал шағын үлгідегі, қысқа үлгідегі философиялық дүниелер қазақ ә дебиетінде Абай атамыздан басталды. Шәкәрімнің бірер шығармасында аздап төбе көрсетті. Кешегі социалистік реализм заманында философиялық проза жанр ретінде өрістеген жоқ, ө рістеуі мүмкін де емес еді. Өйткені философиялық проза жазу үшін Алла дейтін ұғым, сайтан, ібіліс, жын дейтін сөздер, обал, сауал деген, о дүние, бұ дүние, машһар, пайғамбар деген ұғ ымдар қоса жүруі керек. Ол түгілі социалистік реализм заманында ақындар «Алматының аспанында бұлт ұаптады» деп те жаза алмайтын еді. Ол кездегі поэзияда бұлт та жоқ, боран да жоқ. Қасым Аманжоловтың өзін дауыл туралы айтқаны үшін әбден қудалаған заман еді ғой. Сондықтан философиялық прозаға Ғарифолланың келуі заңды.
Әрине, оның өзіндік қиындықтары да жетіп артылады. Мәселен, белгілі бір салада үлкен ғылыми еңбек жасаған, биңк дәрежеге жеткен адамдар әдебиет пен өнерге келгенде дилетант болып қалуы оп-оңай. Болмаса, әдебиетке оқыстан келген адам үлкен көркемдік жаңалықтар ашуы мүмкін. Тағы бір мәселе, адамның жасы ұлғайғаннан кейін көркем шығарма, жаңадан ә сем дүниелер жасау қиындайды. Бірақ Сервантес «Дон Кихотын» алпыстан кейін жазған. Сондықтан Ғарекеңнің қазір әдебиетке ден қойғанын, философиялық прозаға бой ұруын құ птаймын. Қазақтың қазіргі жарасын жазатын философиялық проза, қазіргі дертін емдейтін хирург керек».
Журналист, әдебиеттанушы С. Абдархманов: «Шын мәнінде қазақ әдебиетінде философиялық проза жанр ретінде қалыптасқан жоқ. Ғарекеңнің жазуымен де қалыптаса қойғ ан жоқ. Философиялық проза жазу енді-енді басталып келе жатыр. Бұл процесс ұзаққа созылады.
Бәзде философиялық проза тұрмақ, интеллектуалдық прозаның өзі толық қалыптасып болған жоқ. Бүгінде орыстарда мәнсіз лингвистикалық прозалар жасалып жатыр. Оның ең негізгі сөлі – орыс тілі қандай комбинацияларға мүмкіндік беретіндігін дәлелдеу. Аталған жазушылардың мақсаты мен міндеті – орыс тілінің құдіретін көрсету. Лингвистикалық прозада қалам тербеп жүргендерге басқа талап қойылмайды, шығармалары өзге өлшемдермен қаралмайды. Осы тұрғыдан алғанда қазақ әдебиетінде әлі игеруді қажет ететін көп сала бар. Соның бір бұрышына Ғарекең түрен салып отыр» («Айқара», 2008, 2-9 сәуір).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет