Оқу құралы Қарағанды 2010 Әож 615. 03 Ббк 52. 81 я 7 К17 Рецензенттер



бет1/6
Дата13.11.2019
өлшемі1,02 Mb.
#51683
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Калиева Ш.Балалар тәжірибесіндегі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІКМЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Ш.С.КАЛИЕВА,Т.М.МӘЖИТОВ, Т.К.САҒАДАТОВА
БАЛАЛАР ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ҰТЫМДЫ ФАРМАКОТЕРАПИЯ
Оқу құралы


Қарағанды 2010

ӘОЖ 615.03

ББК 52.81 я 7

К17



Рецензенттер:

Г.М.Мулдаева - ҚММУ амбулаторлы-емханалық терапия мен шұғыл медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д..

Б.Т. Тукбекова - ҚММУ №2 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор.

М.М.Калиева - С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эндокринология және клиникалық фармакология кафедрасының доценті.

К 17 Калиева Ш.С., Мәжитов Т.М., Сағадатова Т.К. Балалар тәжірибесіндегі ұтымды фармакотерапия.: Оқу құралы. - Қарағанды -2010.- 82 б.

Оқу құралында педиатрияда кездесетін бірқатар аурулардың емінде дәрілік заттарды ұтымды фармакотерапия тұрғысынан алғанда тиімділігі жоғары және қауіпсіз дәрілік заттарды таңдау мен тағайындауға арналған мәселелер қарастырылған.

Оқу құралы медициналық ЖОО педиатрия факультетінің жоғарғы курс студенттері мен тәжірибелік дәрігерлерге арналған.
ҚММУ Әдістемелік кеңесінде талқыланып, ұйғарылды

Хаттама № 6 10.02. 2010ж.

ҚММУ Ғылыми кеңесімен бекітіліп, баспаға ұсынылды

Хаттама № 7 25.02. 2010ж.


© Калиева Ш.С., Мәжитов Т.М., Сағадатова Т.К.



Мазмұны

Қысқартулар …………………………...……...................................................4

Кіріспе ……………………………………...........................………………......5

Педиатрияда дәрілік заттардың клиникалық зерттеулері .... ........................ 6

Клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру және бақылау ….......................…. 8

Клиникалық зерттеулер түрлері ........................... ........................................10

Балаларға клиникалық зертеулер жүргізудің этикалық

мәселелері ...................………………… .....................……………………….17

Педиатриядағы клиникалық зерттеулердің нормативті-құқықтық

базасы ……………………………………....................…………………...... 18

Әртүрлі жас кезеңіндегі фармакокинетикалық

ерекшеліктер ………………....................…………………………………. 23

Тыныс алу жолдары аурулары емінде қолданылатын дәрі-

дәрмектер…………………………………….....................……..................... 29


Зәр шығару жолдарының аурулары емінде қолданылатын дәрі-

дәрмектер ................................................................ ......................................... 61


Қалтырау ........................................................ ................................................. 69
Қорытынды .............................................. ........................................................73
Тестілік сұрақтар ...................................................... ...................................... 74
Жауап эталондары ........................................................... ................................79
Әдебиеттер .................................. .....................................................................80


ҚЫСҚАРТУЛАР
АІЖ - Асқазан ішек жолдары

АҚШ -Америка Құрама Штаттары

БД - Бронх демікпесі

БДҰ - Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы

Б/е - Бұлшық етке

ГКС - Глюкокортикостероидтар

ДЗ - Дәрілік заттар

ТШҰС - Тамыр ішілік шашыранды ұю синдромы

ДШЖ - Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы

ЖИТС - Жүре пайда болған иммундық тапшылық синромы

ЖРА - Жедел респираторлы аурулар

ЖРВИ - Жедел респираторлы-вирусты инфекция

ЖП - Желдеткіштік пневмониялар

ЗШЖ - Зәр шығару жолдары

ИГКС - Ингаляционды глюкокортикостероидтар

КЗ - Клиникалық зерттеулер/сынақтар

ҚР - Қазақстан Республикасы

МАИ - Мөлшерлеуші аэрозольды ингалятор

МRSA - Метициллинрезистентті штамм S.aureus

НС - Нефротикалық синдром

ОЖЖ - Орталық жүйке жүйесі

ӨЖЖ - Өкпенің жасанды желдеткіші

ПЗЖ - Педиатриядағы зерттеулер жоспары

РБЗ - Рандомизирленген бақыланатын зерттеулер

РФ - Ресей Федерациясы

СБЖ - Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

СДҚ - Сыртқы дем қызметі

СЕҚДЗ - Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар

СРА - С-реактивті ақуыз

ТАСҚ - Тыныс алудың сыртқы қызметі

Т/і - Тамыр ішіне

ҰИ - Ұнтақты ингалятор

ШФЖ - Шумақтық фильтрация жылдамдығы

ФДК - Форсирленген дем шығару көлемі

ХАК-10 - Халықаралық статистикалық аурулар классификациясы Оныншы қайта қаралған

ЦОГ-2 - Циклооксигеназа-2


КІРІСПЕ

Дәрігерлерге де, науқастарға да тағайындалған дәрілік заттар тиімді және қауіпсіз екендігіне сенімділік қажет. Әсіресе педиатрияда дәрілік заттарды қолданғанда дұрыс және өте сақ болған жөн. Қазіргі кезде дәрілік заттарды балаларға қолдану жайлы дәлелділігі жоғары дәрежедегі арнайы клиникалық зерттеулер саны шектеулі болып тұр. Бұл мына себептерге байланысты: рандомизирленген бақыланатын клиникалық зерттеулерді жоспарлау және оны өткізу үшін көп мөлшердегі экономикалық шығын және адам ресурстарын қажет етеді, әрі балаларға сынақ жүргізу туралы нормативті-құқықтық базаның жетілдірілмегені, деонтологиялық және этикалық аспектілер. Екінші жағынан, балалардағы жас және физиологиялық ерекшеліктерін дұрыс түсіне білмеу фармакотерапиядағы асқыныстар мен кері әсерлерге әкелуіне себеп болады. Қазіргі кезде педиатрларды балалардағы әр түрлі ауруларды емдеуде тиімді және қауіпсіз дәрілік заттарды қолдану, олардың әр түрлі жас кезеңдеріне сай дәрі-дәрмектерді мөлшерлеу, сондай-ақ оңтайлы күн тәртібін және ем ұзақтығын таңдау сұрақтарына қатысты дәлелді ақпаратпен қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Сондықтан да авторлар оқу құралында осы маңызды мәселеге мән беруді ұйғарды.



ПЕДИАТРИЯДАҒЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Клиникалық зерттеулер (КЗ) – медицинналық зерттеу түрі, онда сыналушы ретінде, адамның қатысуымен медициналық кірісулердің қауіпсіздігі немесе тиімділігі зерттеледі (препаратты қолдану, диагнос-тикалық манипуляция, алдын-алу әдісі). Дәрілік заттардың клиникалық зерттеулерін фармакодинамикалық және фармакокинетикалық көрсеткіштерді анықтау үшін жүргізеді, әрі бір-біріне ұқсас препараттардың әсерін немесе түпнұсқа препарт пен көшірме (генерикалық) препараттардың биожетімділігін/ биоэквиваленттілігін салыстырады.



Педиатриядағы клиникалық зерттеулердің аз болуының негізгі себептеріне: жалпы қоғамның клиникалық зерттеулерге деген келеңсіз көзқарасы; балалар қатысатын зерттеулерге әдістемелік және этикалық тұрғыдан өте қатал талаптардың қойылуы; нормативті-құқықтық базаның жетілдірілмегені; зерттеу құнының жоғарылығы мен ұзақ уақытқа созылуы жатады. Бұл зерттеулердіің қажеттілігін тек балаларда ғана кездесетін ауруларды; жасына байланысты фармакокинетикалық және фармакодинамикалық көрсеткіштердің ерекшеліктерін; балаларға қолдануға бейімделмеген кейбір дәрілердің жақпауы, жайсыз дәмі немесе тұтастай жұта алмауы жайлы мәліметтер алуға болатындығы көрсетеді. Әрі, үлкендердің көптеген ауруларының негізі жастық шақтан бастауын алады, сондықтан жас балалар ауруларын зерттеу болашақтағы аурулардың алдын-алудың стратегиясын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар педиатрияның көптеген салаларында бақыланатын клиникалық зерттеулердің болмауынан тиімділігі төмен, кейде қауіпті медициналық кірісулер қолданылуына әкеледі, ал, дәлелді медицина тұрғысынан емдеу, диагностика мен алдын-алудың тиімді әдістері негізсіз соңына қалдырылып келеді. Еуропа Комиссиясының 2007 жылғы мәліметтеріне сүйенсек, педиатрияда қолданылатын дәрілердің 50%-дан астамы балаларға қолдануға болмайтын препараттар, ал 25% жағдайында көрсеткіштерде тіркелмеген дәрілер қолданғаны, реанимация бөлімдерінде жаңа туған нәрестелердің 90 % - дейін «үлкендердің» препараттарын қабылдайды екен. Бір жағынан, дәрілік заттардың ресми Негізгі тізімінен БДҰ 250 препартты педиатриялық тәжірибеде қолдануға ұсынады. Екінші жағынан, балалар ауруларын емдеуде олар аздық келтіреді, сондықтан дәрігерлер «үлкендер дәрісін» қолдануға мәжбүр болады. Бұл дәрілерді қолдану нұсқауында келесі сілтемелер бар: «(белгілі бір жастан төмен) балаларға қауіпсіздігі дәлелденбеген» немесе «педиатрияда қолдану тәжірибесі жеткіліксіз». Үлкендерге арналған дәрілер балаларда тиімділігі төмен немесе қауіпті кері әсерлер тудыруы мүмкін. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, педиатрияда бейімделмеген бір ғана препарат қабылдаған балаларда кері әсерлер даму жиілігі 1,4 есе жоғарылайды екен. БДҰ мәліметтеріне қарасақ, педиатрияда қолданылатын барлық дәрілердің үштен екі бөлігінің тиімділігі төмен немесе ешқандай пайдасы жоқ екен. Педиатриядағы ұтымды фармакоемдеу бала жасына сай дәріні мөлшерлеу тәртібімен тығыз байланысты бірақ, көптеген препараттардың балаларға арналған түрі шығарылмайды. Барлық дәрілік заттардың жалпы санының бар болғаны 10% ғана балаларға арналған түрінде шығарылады. Мысалы, Қазақстанда арнайы балаларға арналған дәрілік түрлер: глоссеттер (сублингвальды қолданылатын шағын таблеткалар), карамельдер, пастилкалар, бальзамдар, кахеталар (тығыздалған дәрілік түрлер) тіпті қолданылмайды. Негізінде қолданылатыны суспензиялар, шырындар, суппозиторилар, олар фармакологиялық тұрғыдан жоғары белсенді қосылыстардан құралады. Сондықтан, балаларға арналған ыңғайлы және қауіпсіз дәрілерді құрастыру және оларды сынаудың қажеттілігі бар. Сәйкесінше, педиатрияда тиімді және қауіпсіз емдеу әдістерін құрастыру үшін жақсы жоспарланған, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, балалар қатысуын этикалық жағынан ақталған клиникалық зерттеулерді өткізуді қажет етеді.

Еуропа қауымдастығында балаларға қолданылатын дәрілік заттарға клиникалық зерттеу жүргізу мынадай жағдайларда өтеді: егер, медикаментозды терапия құрастырылмаса яғни, жаңа дәрілер немесе ұзақ қолданыстағы, бірақ «балаларда» қолдану көрсеткіші дәлелденбеген препарттарды зерттеу қарастырылады. Дәрілік заттарды клиникалық зерттеудің келесі жолдары бар:

- тек балаларда ғана кездесетін ауру түрлерін емдеуге арналған дәрілік заттар (ДЗ);

- негізінде үлкендерде кездесетін ауруларды емдеуге арналған ДЗ, бұл аурулар өте ауыр ағымда өтеді және даму механизмі балалардағыдан ерекшеленеді (клиникалық құрастырудың ерте кезеңінде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі үлкендерде дәлелденген соң ғана балаларда клиникалық зерттеу жүргізуге болады);

- үлкендер мен балаларда кездесетін ауруларды емдеуге арналған ДЗ, олардың медикаментозды емі қазіргі кезге дейін құрастырылмаған (клиникалық құрастырудың ерте кезеңінде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі үлкендерде дәлелденген соң ғана балаларда клиникалық зерттеу жүргізуге болады);

- үлкендер мен балаларда кездесетін ауруларды емдеуге арналған ДЗ, олардың емі қазіргі кезде құрастырылған (балаларда КЗ тек, үлкендерде клиникалық зерттеулердің III фазасы өткен соң ғана жүргізіледі).


Клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру және бақылау

Дәрілік заттарды құрастырудың алғашқы кезеңдерінде химиялық, физикалық, биологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да зерттеу түрлері тіндерде (in vitro) немесе лабораторлы жануарларда сыналады. Бұлар – клиникаға дейінгі зерттеулер, оның мақсаты ғылыми әдістер көмегімен дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі жайлы дәлелдер алу. Бұл зерттеулер осы препараттардың адамдарда тура осылай әсер ететіндігі туралы толық әрі дәлелді ақпарат бере алмайды. Клиникаға дейінгі кезеңнен алынған дәлелдерді бағалай отырып, фармакологиялық затқа одан әрі клиникалық зерттеу жүргізу административті реттеу шеңберінде шешіледі. Клиникалық зерттеудің басталуы жөніндегі шешімді Демеуші/Тапсырыс беруші қабылдайды, ол осы зерттеуді ұйымдастыруға, бақылауға немесе қаржылай қамтамасыз етуге жауапты болады. Зерттеуді тәжірибеде өткізуге жауапты зерттеуші (жеке адам немесе адамдар тобы). Көп жағдайда демеуші ретінде фармацевтикалық компаниялар – дәрілік заттарды құрастырушылар болады бірақ, демеуші зерттеуші адам да болуы мүмкін егер, зерттеу соның айтуымен басталса, әрі зерттеу жүргізуге толығымен жауаптылығын өзіне алса. Клиникалық зерттеулер ғылыми негізделген, зерттеу хаттамасында толық және анық суреттелген болуы керек. Бұл құжатта клиникалық зерттеудің негізгі міндеттері, көркемделуі мен зерттеу әдістемесі, статистикалық аспектілер мен зерттеуді өткізуді ұйымдастыру толығымен көрсетілуі керек. Хаттама мемлекеттік бақылау мекемелері мен этикалық комитетке тапсырылады. Қазақстан Республикасындағы әрбір клиникалық зерттеу этика сұрақтары бойынша Комиссияда, дәрілік заттарды, медициналық мақсатта қолданатын заттар, медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығының Фармакопея және Фармакологиялық орталықтарында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінде тексеріліп, мақұлдануы қажет. Клиникалық зерттеудің хаттамасын жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелер бекіткен соң, тапсырыс беруші зерттеу өткізуге клиникалық базалармен – зерттеу өткізуге қажетті жағдайлары (қажетті мамандары, материалдық-техникалық жарақтары) бар медициналық мекемелермен келісім шарт жасайды. Зерттеу өткізу барысында тапсырыс беруші мен мемлекеттік өкілетті мекемелердегі сарапшы мамандар тарапынан бақылаулар жүргізіліп отырады. Бақылау мақсаты зерттелушілердің денсаулығын, қауіпсіздігін, құқығын қорғауды қамтамасыз ету; зерттеу барысында алынған мәліметтердің толық және дәл болуын қадағалау; жүргізіліп жатқан клиникалық зерттеудің хаттамада бекітілген нормативті талаптарға сай келуін растау. Зерттеуші тексерілген дәрілік заттың зерттеу барысында байқалған барлық кері әсерлері жайлы толық ақпарат беруге міндетті. Егер зерттеу кезінде зерттелушілер денсаулығына немесе өміріне қауіп төнсе немесе дәрілік заттың тиімділігі жеткіліксіз әлде тиімділік мүлде болмаған жағдайда зерттеу уақытынан бұрын тоқтатылуы мүмкін.


Клиникалық зерттеу түрлері
Дәрілік заттардың медицинада қолданылуына ресми түрде рұқсат берудің алдында клиникалық зертеудің 4 фазасы өткізіледі.

I фаза – дәрілік зат аздаған (80-100 шақты) дені сау еріктілерде сынақтан өтеді, оларда дәрінің қауіпсіздігі, метаболикалық эффектлері мен мүмкін болатын мөлшерлер деңгейлерін анықтайды.

II фаза – нақты аурулары бар саны шектелген науқастарда прерапаттың тиімділігі мен қауіпсіздігі бағаланады. Клиникалық зерттеулердің II фазасын IIа және IIb деп бөледі. IIа фазаның мақсаты дәрілік заттың қысқа мерзімдегі қауіпсіздігін бағалау (IIа),

ІІб фазаның мақсаты дәрілік заттың клиникалық тиімділігінің дәлелдері мен зерттеуде топтағы науқастарда мөлшерлеудің терапевтік деңгейлерін анықтау (IIb).

III фаза – дәрілік зат көптеген науқастарда зерттеледі (мыңдаған зерттелушілер) әр түрлі жастағы, әр түрлі қосымша патологиямен, зерттеу әр түрлі елдердің ғылыми-зертеу орталықтарында жүргізіледі. Бұл көлемді зерттеулер емдеудің барлық мәселелерін қамтиды, оның ішінде қауіп/пайда көрсеткіштері де зерттеледі. Клиникалық зерттеулердің III фазасының қорытындылары нәтижесінде дәрілік затты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту шешімі қабылданады.

IV фаза – маркетингтен кейінгі (тіркеуден өткеннен кейінгі) зерттеулер. Бұл зерттеулердің мақсаты жаңа дәрілік препараттың фармацевтикалық топтағы басқа препараттардан айырмашылығын анықтау, осыған ұқсас препараттардың тиімділігімен салыстыру, нарықта бұрыннан сатылып келе жатқан препараттарға қарағанда артықшылықтарын, экономикалық тиімділігін көрсету, дәрілік заттың бұрын байқалмаған немесе дұрыс айқындалмаған кері әсерлері мен қауіп себептерін анықтау. Нәтижесінде дәрілік заттарды қолданудың жаңа клиникалық мәліметтері негізінде олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі уақыт өткен сайын қайта қаралып отырылады. 1 кестеде КЗ әр фазасының негізгі міндеттері берілген.


1-ші кесте. Клиникалық зерттеудің фазалары


Фаза

Сыналушылар саны

Негізгі міндеттері

I

20-80

Препараттың адамдамға ең алғаш қолданылуы, қауіпсіздігі мен улылығын бағалау, фармакокинетика көрсеткіштерін анықтау

II

100-800

Тиімділігін анықтау, неғұрлым оңтайлы мөлшерлеу тәртібін таңдау, қауіпсіздігін бағалау

III

1000-4000

Тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеу, стандартты препараттармен салыстырмалы зерттеу

IV

Ондаған мың

Тиімділігін әрі қарай зерттеу, препа-раттың одан әрі қолданылуын оңтай-ландыру үшін, сирек байқалатын дәрілік реакциялардың қауіпсіздігін бақылау үшін ұзақ уақытқа арналған зерттеулер

Клиникалық зерттеулерді өткізуден жиналған тәжірибе мен оларды әдістемелік тұрғыдан талдау негізгі ғылыми-медициналық зерттеу қорытындыларын дәлелділік дәрежесі кемуіне қарай бөледі:


  • Рандомизирленген клиникалық зерттеулер – емдеу мен алдын-алудың жаңа әдістерін зерттеуге қолданылады. Рандомизирленген клиникалық зерттеулер үнемі проспективті болады яғни, зерттеу басталған кейінгі жағдайлар, ақыр соңы зерттеледі. Ретроспективті зерттеуде бұрын болған оқиғалар көлемінде ақпарат жинақталады (ақыр соңы зерттеу басталғанға дейін болып кеткен). Мұндай зерттеулер қымбат емес, қысқа уақыт көлемінде көптеген ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс сирек кездесетін ауруларды зерттегенде маңызды. Проспективті зерттеулерде мәлімет жинақтауға көптеген жылдар кетеді. Рандомизирленген клиникалық зерттеулерде науқастар емдеу топтарына кездейсоқтық тәсілі бойынша таратылады және зерттелетін немесе бақылау препаратын бірдей алуға мүмкіндік болады (салыстырушы препарат немесе плацебо). Плацебо (placebo) – бұл белсенді препаратқа сыртынан ұқсас, дәрілер әсерін ғылыми бағалауда қолданылатын бейтарап зат. Плацебо-бақылау технологиясы этикалы болады егер, сыналушы қабылдайтын дәрісіз де денсаулығына едәуір нұсқан келтірілмесе. Тағыда бір жиі қолданылатын бақылау түрі – әсері ұқсас дәрімен салыстыру, клиникалық тәжірибеде бұрыннан бері кең түрде пайдаланылады әрі тиімділігі жақсы зерттелген. Мұндай бақылау плацебо-бақылауды қолдану этикасы жағынан қолайсыз және әр түрлі препараттардың тимділігін салыстыру керек болған жағдайларда қолданады.

Сыналушылар тобы ауру соңына немесе зерттелуші препарат тиімділігіне әсер ету көрсеткіштерін таңдау негізінде топтастырылады. Сыналушылар тобы енгізу белгілері мен шығару белгілері бойынша құралады. Енгізу белгілері зерттеушіні қызықтыратын нақты науқастар тобындағы негізгі көрсеткіштерден тұрады.   Шығару белгілері бойынша зерттеу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағатталған яғни, дәрілік заттардың әсерінен денсаулығында әр түрлі мәселелер туындаған науқастарды сынақтан шығарады. Зерттеуге сыналушылардың жинақталуы емделушілердің немесе оның заңды өкілінің өз еркімен келісім беру негізінде жүргізіледі. Балалардың заңды өкілі ретінде ата-анасы, асырап-алушылары, қамқоршысы (14 жасқа дейінгі балаларда), жанашырлары (14 тен 18 жасқа дейінгі балаларда) бола алады. Зерттеуге балалар үйіндегі және түзету мекемелеріндегі балаларды қатыстыруға болмайды. Мүмкіндігінше әлеуметтік жағдайы нашар жанұялардағы және арнайы емдеу мекемелеріндегі балалардың зерттеуге қатысына шек қойылады. Клиникалық зерттеуге баланың қатысуына рұқсатты жазбаша түрде баланың заңды өкілдері зерттеу материалдарымен танысқан соң береді.

Зерттеу мәліметтерінің ашықтық дәрежесіне байланысты зерттеу ашық және соқыр болуы мүмкін.

Ашық клиникалық зерттеуде барлық қатысушылар (ұйымдастырушы, бақылаушы, дәрігер, емделуші) нақты науқаста қандай препарат қолданылатынын біледі.



Соқыр зерттеулерде әр түрлі дәрежеде зерттеуге қатысушылардың қайсысы қандай препарат қабылдайтыны жөніндегі ақпарат жабық болады. Жай соқыр зерттеулерде емделушілер өздеріне қандай препарат тағайындалатынын білмейді; екі жақты соқыр зерттеуде – мұны емделуші де дәрігер де білмейді; үш жақты соқыр зерттеуде (толық соқыр) – алынған материалды статистикалық өңдеумен айналысатын қызметкерлерге де зерттеу соңына дейін мәліметттер жабық болады. Мәліметтердің жабық дәрежесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым зерттеу қорытындыларын талдау, түсіндіруде іш тарту, әділетсіздік дәрежесі төмен болады.

1 - суретте рандомизирленген бақыланатын зерттеу

(РБЗ) схемасы көрсетілген

 • Когортты зерттеулер – бұл зерттеулерде белгілі уақыт көлемінде мінездемелері ұқсас адамдар тобын - когортасын бақылайды. Когортты зерттеулер проспективті және ретроспективті когортты зерттеулер деп бөлінеді. Проспективті когортты зерттеулер – қауіп себептері мен болжам себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл кезде зерттелушілер тобы ұзақ уақыт көлемінде (бірнеше жылдар) бақыланады, олардан қауіп себебі бар және қауіп себебі жоқ топшалар бөлінеді, содан кейін жаңағы себертердің зерттелетін клиникалық өзгерістерге әсер етуін бағалайды. Мұндай зерттеудің мысалы ретінде калориясы жоғары тағамның гиподинамия жағдайында жасөспірімдерде семіздіктің дамуына әкелуін қарастыруға болады.



Ретроспективті когортты зерттеулер – бұл кезде зерттеуге қатысушылар зерттеудің ақыр соңы өтіп кеткен соң топтастырылады. Зерттеушіні қызықтыратын ауру байқалған топты зерттелетін қауіп себебі бұрын байқалған және бұрын болмаған топшаларға бөліп, когорталардағы ақыр соңының таралуын салыстырады. Мысалы, мұрағаттағы мәліметтер бойынша баланың туғандағы салмағын біле отырып, одан әрі оның интеллектуалды дамуы арасындағы байланысты бағалауға болады.

2 сурет. Когортты зерттеу схемасы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет